Құран мұғжизалары 98: Вавилон құпиясы ᴴᴰ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 авг 2024
  • Біздің парақшаларымызға тіркеліңіздер ⤵️⤵️⤵️
    Вконтакте: namystv...
    Instagram: / namystv_official
    RUclips: / namystv_official
    Facebook: / namystv
    Telegram: t.me/namystv_o...
    Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың. Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. (Абай)
    Бауырлар, бейнероликтерге "лайк"-ты көп басып, репост жасап отырыңыздар. Егер көп таралса, көп адамдар көреді. Ин шә Алла, Алланың қалауымен хидаятқа келеді. Сауапты істен құр қалмаңыздар. Өйткені Алла елшісі (ﷺ) былай деп айтқан: «Аллаға ант етейін, сенің себепкерлігіңмен бір кісінің болса да тура жолға келуі жер беті толған қызыл түйені Алла жолында беруіңнен де артық». (Бұхари, Муслим)

Комментарии • 227

  • @NamysTV_official
    @NamysTV_official  3 года назад +51

    ҚҰРАН МҰҒЖИЗАЛАРЫ 98: ВАВИЛОН ҚҰПИЯСЫ
    Ибраһим пайғамбар - бұл Иудаизм, Христиан және Ислам діндеріндегі негізгі тұлға. Құран мен Библиядағы Ибраһим туралы әңгімелерде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ тек Құранда соңғы уақытқа дейін адамзаттан жасырылған, уақыт өте келе жоғалған ежелгі Вавилон туралы білім бар.
    Құран және Вавилон құпиялары. Ежелгі Вавилон.
    Иудейлік, христиандық және исламдық дереккөздер Ибраһимнің ежелгі Вавилонда дүниеге келген дейді. Бүгінде ол жерде Ирак орналасқан. Бұл аймақта ер және әйел жынысты әртүрлі құдайларға табынған. Құдайлардың пантеонында аспан денелері де болды: жұлдыздар мен планеталар. Әр қаланың мәртебелі құдайы болды, оған бас көмекші және қорғаушы ретінде ғибадат етілді.
    Айдың құдайы Нана, символы - ай, оған Ур және Харан қалаларында ғибадат етілген. Шамаш - күн құдайы, оның символы күн дискісі болған, оған Ларс пен Сипарда ғибадат етілген. Шолпан Иштар құдайында бейнеленген, оның символы - сегіз бұрышты жұлдыз, оған Урукта ғибадат етілген. Месопотамиялық мифологияға сәйкес бұл үш аспан денесі: Күн, Ай және Шолпан астрономиялық торапты құрайды.
    Жақында археологтар осы үш Құдайдың арасындағы қатынасты түсіндіретін суретті тапты. Қабір үстіндегі Урнаму ескерткішінде ай мен күн қосылған. Мели-Шипак шекара тасында барлық астроторап жиналған. Навуходоносор шекара тасында тағы да бүкіл астроторап жиналған. Қабір үстіндегі Набонидо ескерткішінде де астроторап бар. Астротораптардың кеңінен географиялық таралуы оның бүкіл аймақта ерекше ғұрып болғанын көрсетеді.
    Құранда Алла бізге Ибраһим халқы ғибадат еткен пұттар туралы ерекше нақтылап айтады:
    Әл-Анғам сүресі, 76-78 аят: «Түн болғанда Ибраһим (көп жұлдыздың ішінен ерекше) бір жұлдызды көріп: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) шамасы менің Раббым осы», - деді. Алайда жұлдыз сөніп, көзден ғайып болғанда, ол: «Мен сөніп, ғайып болатындарды ұнатпаймын», - деп айтты. Басқа бір түні толған айды көргенде: «Міне, (айтқандарыңа қарағанда) менің Раббым осы болар», - деді. Ол да сөніп, көзден ғайып болғанда: «Егер мені Раббымның өзі тура жолға салмаса, шүбәсіз, адасқандардың бірі болар едім», - деп айтты. Басқа бір күні шығып келе жатқан Күнді көріп бірден: «(Айтқандарыңа қарағанда) менің Раббым осы шығар, бұл бәрінен де зор екен», - деді. Кейін ол да батып, көзден ғайып болғанда: «Уа, қауымым, мен сендердің Аллаға серік етіп қосқандарыңнан (яғни жұлдызға, айға, күнге, пұттарға және солар сияқты басқа да жаратылыс атаулыға табынудан) аулақпын», - деді». (6:76-78)
    Қараңызшы, Құранда Алла біздің назарымызды күн, ай және үшінші пұтқа аударады. Алла оның қандай жұлдыз екендігін нақты айтпайды. «Оны түн қаптаған сәтте, бір жұлдыз көрді. Жұлдыз батқан кезде: «Бататындарды жақсы көрмеймін» деді. Жұлдыз деп аударылатын сөз - арабша «аспан денесі» дегенді білдіретін «кәукәб» сөзі, бұл сөз жұлдыз немесе планета дегенді білдіреді. Құранда Алла бізге: «Оны түн қаптаған сәтте, аспанда аз уақытқа аспан денесі пайда болды» дейді. Үшінші пұттың бұл сипаттамасы Иштар Құдайының сипаттамаларына сәйкес келеді, оны кешкі жұлдыз деп те атайды, өйткені ол Шолпанды, кешке аспанда қысқа уақытқа пайда болған ғаламшарды бейнелеген. Біз Құранда Алла Тағаланың Ибраһим халқының пұтқа табынушылығы туралы нақты айтқанын көреміз. Біз астротораптардың ғұрпындағы тарихи дәлелді көреміз.

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  3 года назад +5

      Талдау
      Бір таңқаларлығы, Месопотамиялық дін туралы бұл білім 1000 жылға жоғалған еді. Жақында ғана «Ур Зиккурат» ғибадатханасы ашылды. Ол ұзақ уақыт бойы құмдардың астына көмілген еді. Бұл ғибадатхана тек ХХ ғасырдың басында, оның ішінде археолог Сэр Леонард Вуллидің қазба жұмыстарының арқасында табылды. Ежелгі артефактілер жазылған шумер тілі белгісіз еді. Ол шамамен 0 ғасырдан 19 ғасырға дейін ұмытылған өлі тіл болған.
      Осы фактілерді және Мұхаммед пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) 7 ғасырда өмір сүргенін ескерсек, мұндай білімге қалайша қол жеткізе алды? Ибраһим туралы бірден-бір қол жетімді дереккөзі иудейлік аңыз-әңгімелерге негізделген Библия болды. Егер біз Библияны зерттейтін болсақ, онда мұндай мәліметтер жоқ екенін көреміз. «Ежелден сендердің әкелерің өзеннің артында өмір сүрген, Фарра, Авраамның әкесі мен Нахордың әкесі, және басқа құдайларға ғибадат еткен» (Joshua 24:2). Қараңыз, ғибадат етілген құдайлар нақты айтылмаған. Жай ғана басқа құдайларға делінген.
      Құранға дейін болған иудей аңыздарына сәйкес, міне, осындай оқиғалардың бірі: «Оның жүрегіне дауыс жетті, жұлдыздардың барлық белгілері, Жаратушымыздың иелігіндегі Күн мен Айдың белгісі». Мұнда Күн мен Ай туралы айтылғанымен, назар салсаңыз, жұлдыздарды көпше түрде айтқан. Иудейлердің аңыздарынан адамдар аспан денелеріне табыну туралы жалпы түсінікке ие болғанын көреміз, бірақ Құрандағыдай астроторап туралы нақты ақпарат жоқ.
      Ибраһим туралы басқа бір иудей аңызында табиғат күштеріне табыну жайында айтылады: «Меніңше, от - бұл ең асыл элемент, өйткені оған тәкаппардың өзі бағынады, бірақ мен оны Құдай деп айтпас едім, себебі су оны жеңеді, дегенмен мен оны да Құдай деп атамас едім, өйткені ол жерге тәуелді, оның астында жүгіреді». Құранда Ибраһим халқы отқа, суға және жерге табынғаны туралы еш жерде айтылмаған. Егер Құран осы дереккөздерден көшірілген болса, онда бұл туралы да айтылар еді, бірақ ол айтылмаған.
      Бұл мысалдар иудейлердің аңыздары Құранның дереккөзі болуы мүмкін еместігін көрсетеді, баса айта кету керек, кейбір құдайлар аймақтан тыс таралған. Мысалы, Иштар құдайына Арабияда да ғибадат етілген, бірақ ол мүлдем басқа сипаттамаларға ие болып, еркек жынысты Афтар, антилопаның символы астындағы найзағай құдайы болған. Египетте ол аттар мен күймелердің символымен соғыс құдайы Астартаға айналған. Бұл инкарнациялар түпнұсқа Иштар, кешкі жұлдыздан түбегейлі ерекшеленеді. Біз Иштарда Хамелеонның қасиеттерін көреміз, оның жеке басы атрибуттарда, символизмде және тіпті жыныс жағынан аймақтан аймаққа дейін үнемі өзгеріп отырған. Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үшін оның жеке басын Ибраһим контекстінде дәлме-дәл анықтау қиын болар еді.
      Қорытындылай келе, Құран ертедегі халықтар туралы тарихқа толы. Алла бізге әрдайым Құранда әртүрлі кезеңдерде әртүрлі жерлерде не болғандығы туралы нақты білімі бар екенін көрсетеді. Бұл адамға емес тек Аллаға ғана тән. Құранда Құдіреті шексіз Алланың өзі бұл білімді жібергені айтылған:
      Худ сүресі, 49-аят: «(Уа, Мұхаммед!) Міне, бұлар - ғайыптан хабарлар, Біз саған оны уахи арқылы жеткізудеміз. Өзің де, қауымың да бұдан бұрын олар жайлы еш нәрсе білмейтін едіңдер. Ендеше, (Алла жолында басыңа түскен ауыртпалықтарға мойымай) сабырлылық таныт. Шүбәсіз, жеңіс Алладан шын именетін тақуаларға тән». (11:49)

    • @user-lg7uh9dt3x
      @user-lg7uh9dt3x 3 года назад +3

      @@NamysTV_official келесіде бабилон мұнарасы неге салынғаны, кісілердің тілдерін тәңір өзгерткені жайлы айтшы. Бұл библияда жазылған. Құранда бұл жайлы жазылған шығар.

    • @dindondandelion
      @dindondandelion 3 года назад

      @@NamysTV_official "i goat i pet 3"разбор жасайсыздар ма

    • @user-zw6wq5gv4g
      @user-zw6wq5gv4g 3 года назад +1

      @@NamysTV_official рахмет!
      Сіздің видеоларыңыздың арқасында мен Атеист болдым ( Құдайға сен бейтін адам )
      ӨТРІГІҢЗДІ ЖАЛҒАСТЫРА БЕРІҢІЗ ӘМИН

    • @NamysTV_official
      @NamysTV_official  3 года назад +3

      @@user-zw6wq5gv4g атыңыз өзіңізге сай екен. "Тупой Киргиз" десе "тупой" :))

  • @user-zx6ji6gu1r
    @user-zx6ji6gu1r 3 года назад +52

    *Білмеймін басқа видеоларда коммент жазбаймын бірақ осы қаналдағы видеоларда лайк басып коммент жазғым келіп тұрады
    Өте керемет еңбек Аллаһ сізге сауаптан жазсын
    Лайк басып таратайық*

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +1

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @Nuri.zhaksylykova
    @Nuri.zhaksylykova 3 года назад +109

    Намыс тв кашан видео салады екенн деп ойлап отыр едим сразу уведомления кеп тургой 😍

    • @APPLEKZ-if8xr
      @APPLEKZ-if8xr 3 года назад +2

      Ия дұрыс айтасыз

    • @miketyson1360
      @miketyson1360 3 года назад +2

      Сизбен танссам болама нури

    • @Azathamidolla
      @Azathamidolla 3 года назад +3

      @@miketyson1360 біреудің қатынында нең бар??

    • @user-qe2rk9zk2h
      @user-qe2rk9zk2h 3 года назад

      Иа қазір ғана менің ойыма келіп тел.қолыма алып қарасам келіп тұр екен Алла разы болсын мұсылман бауырлар апа қарындастар

    • @user-bt5wp8pj4g
      @user-bt5wp8pj4g 3 года назад +5

      @@miketyson1360 Тормызсыңба плассамассанын артынан отырып қызбен танысып! Еркекше көзбе көз таныс қыздармен

  • @allanynquly437
    @allanynquly437 3 года назад +24

    Құран мұғжизаға толы кітап Алла разы болсын сіздерге! Істеріңізге береке берсін Аллаһ!

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +3

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-jg8vl8sh5c
    @user-jg8vl8sh5c 3 года назад +58

    Сіздердің видеоларыңызды қатты сағындым арқашан бізбен бірге болыңыздаршы

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +4

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

    • @kultegin644
      @kultegin644 3 года назад

      Әмин

  • @user-cd4hs8ie1d
    @user-cd4hs8ie1d 2 года назад +5

    "Ғылым дамыған сайын 'Құранның' құпыялары ашыла түседі".
    "Алланың өзі де рас, сөзі де рас".

  • @user-qe7pf8oz8g
    @user-qe7pf8oz8g 2 года назад +6

    Құдіретті күшті Аллаға сансыз мақтаулар болсын пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа с а у салауаттар болсын

  • @sake447
    @sake447 3 года назад +5

    Аллаһ разы болсын

  • @user-bx1ti8ll1i
    @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +17

    Ассалаумағалейкүм уə рохмəтуллəһи уə бəрокəтуһу айт құтты болсын

  • @azekesake3782
    @azekesake3782 3 года назад +3

    Керемет

  • @user-ii6sc7rq1j
    @user-ii6sc7rq1j 3 года назад +16

    Сіздің видеоларыңыздый күтіп отырамыз. Қазақ ютубында осындай каналдар миллион подписчик жинау керек.

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +1

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

    • @user-ii6sc7rq1j
      @user-ii6sc7rq1j 3 года назад

      @@user-bx1ti8ll1i дұрыс айтасыз

  • @user-gy1fd7ze8e
    @user-gy1fd7ze8e Год назад +1

    Ең күшті Көш басшы Канал Жарайсың. Звугы да күшті 👍🕌👏👍 ерекшелігі Қасиетті Құран аят тарымен негізделеді

  • @user-cx2uu9tc7m
    @user-cx2uu9tc7m 3 года назад +5

    Ма ша Аллах!!!

  • @beketkhozhaev4221
    @beketkhozhaev4221 3 года назад +15

    Өте керемет!
    Аллаһ разы болсын!
    Жаңа видеолар күтеміз

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @Nurmanov_Orken
    @Nurmanov_Orken 3 года назад +4

    Ассалаумағалейкум

  • @Iman_-sd9um
    @Iman_-sd9um 3 года назад +2

    СубханАллаһ...

  • @_erejeep
    @_erejeep 3 года назад +5

    Намыс тв алға

  • @user-ov8cw9pl6r
    @user-ov8cw9pl6r 3 года назад +7

    Көзімді ашқан намыс тв 👍👍

  • @akoshyoutube8058
    @akoshyoutube8058 3 года назад +2

    Алла разы болсын

  • @mokenpaidalykanal8870
    @mokenpaidalykanal8870 3 года назад +6

    Рахмет еңбектеріңізге!

  • @nbamuseke1595
    @nbamuseke1595 3 года назад +1

    Күшті

  • @user-to4qv6dj3e
    @user-to4qv6dj3e 3 года назад +5

    Ақпараттарда, сөйлеу мәнеріде керемет

  • @user-zr6lq4mf6n
    @user-zr6lq4mf6n 3 года назад +5

    Аллаһ Тағала разы болсын сізге

  • @allanynquly437
    @allanynquly437 3 года назад +9

    Алла тағала разы болсын! Намыс тв.

  • @moonnoor46
    @moonnoor46 3 года назад +5

    Көп күттік 👍🏻

  • @user-oq1pr6nk1b
    @user-oq1pr6nk1b 3 года назад +5

    Алла істеріңізге Береке берсін әмин әмин әмин 🤲🏼

  • @user-bx1ti8ll1i
    @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +6

    Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-dx3nd9fp8o
    @user-dx3nd9fp8o 2 года назад

    АЛЛАХУ АКБАР!!! АЛЛАХТАН Басқа Құдай жоқ және Мұхаммед АЛЛАХТЫҢ елшісі әрі құлы!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

  • @user-xg1qy1gy1u
    @user-xg1qy1gy1u 3 года назад +26

    Апта сайын салынызшыыы Куран Муғжизаларын!сиздин видеоларынызды аркасында коп нарселерерди билип жатырмыз!

    • @AkzholMakedon
      @AkzholMakedon 3 года назад +1

      Олар сонда демалмайды ма?

    • @user-xg1qy1gy1u
      @user-xg1qy1gy1u 3 года назад +2

      @@AkzholMakedon 1 апта 1 саг емес кой

    • @AkzholMakedon
      @AkzholMakedon 3 года назад +1

      @@user-xg1qy1gy1u олардың уақыттары көп деп ойлайсын ба?

    • @user-xg1qy1gy1u
      @user-xg1qy1gy1u 3 года назад +1

      @@AkzholMakedon бурын апта сайын шыгатын!

    • @user-to7my6zn8q
      @user-to7my6zn8q 3 года назад +2

      @@user-xg1qy1gy1u Танысуга болама

  • @user-wm2hs1gm1e
    @user-wm2hs1gm1e 3 года назад +5

    Жұмыстарыңыз берекелі болсын)) неге просмотр аз жақсы видеоны неге көрмейді екен кісілер

  • @dulat3776
    @dulat3776 3 года назад +35

    Намыс Тв сіздерге көп рахмет. Видео ай сайын емес апта сайын шықса деп өтінеміз

    • @aligatorr129
      @aligatorr129 3 года назад +1

      +++

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +2

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

    • @user-qk9vn6qs6q
      @user-qk9vn6qs6q 3 года назад

      Йяя

    • @202one7
      @202one7 3 года назад

      Оңай емесқои

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +1

      @@202one7 қалай оңай емес басқалары сағат сайын шығарады
      ғой

  • @atajurtkazakhhumanrights-u3864
    @atajurtkazakhhumanrights-u3864 3 года назад

    Alla razy bolsyn!!!

  • @erekeqq-kz3512
    @erekeqq-kz3512 3 года назад +3

    Алла разы болсын сіздерге! Осындай видеоларды көптеп шығарсаңыздар, яғни Құрандағы мұғжазалар мен казіргі ғылымдағы жаңалықтар, тарихи деректер т.с.с.

  • @user-jx6sp7lq9l
    @user-jx6sp7lq9l 3 года назад +3

    Алла разы болып исинизге береке берсин.каналыныз дами берсин🤲🤲🤲

  • @adilaliev1684
    @adilaliev1684 3 года назад +4

    Намыс тв. Кутип отырмын кунде кашан шыгад деп жана видиолар

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-ce9rw8pn6w
    @user-ce9rw8pn6w 3 года назад +1

    Шүкір

  • @user-jw5gh3nf4n
    @user-jw5gh3nf4n 3 года назад +3

    Алла разы болуына тілектесбін сіздерге NAMIS TY

  • @user-tc5xd4yz8o
    @user-tc5xd4yz8o 3 года назад +1

    Керемет канал

  • @moonnoor46
    @moonnoor46 3 года назад +3

    👍🏻

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @STU_DKOMEK
    @STU_DKOMEK 3 года назад +1

    АЛЛАҺУ АКБАР

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-mg8bq6nf2c
    @user-mg8bq6nf2c 2 года назад

    Аллаху Әкбар 👆

  • @askolife5751
    @askolife5751 3 года назад +2

    Аллаға серік косу деген нің мағынасын аитыңыздаршы алла разы болсын

  • @azekesake3782
    @azekesake3782 3 года назад +2

    ✊🏻✊🏻✊🏻

  • @rsl4242
    @rsl4242 2 года назад +1

    Намыс тв қайда жоқ болып кеттіңіздер
    Мағыналы видеолар күтемін

  • @BerikbolKhatpa
    @BerikbolKhatpa 2 года назад +2

    Ассаламейкум, аман боларсыңдар.... НАМЫС ТВ - ден жаңа видеолар күтіп жүр едік....

  • @abekeyt79
    @abekeyt79 3 года назад +1

    Аллаху Акбар❤

  • @user-yq6nm5jn1t
    @user-yq6nm5jn1t 3 года назад +5

    1сағатта 1мың адам караган

  • @akmalergeshbayev475
    @akmalergeshbayev475 3 года назад +1

    Машалла супер

  • @user-xi8jf8ft2b
    @user-xi8jf8ft2b Год назад

    Ма шааЛла

  • @smartid3125
    @smartid3125 3 года назад +1

    مشالله

  • @ЮсуфНесіпбек
    @ЮсуфНесіпбек Месяц назад

    Йә Алла

  • @user-qh9wi1xj6p
    @user-qh9wi1xj6p 2 месяца назад

    Намыс тв керемет канал

  • @saga7697
    @saga7697 3 года назад +4

    ақиқатқа көз жеткізу керек

  • @user-lf5zr4ce5o
    @user-lf5zr4ce5o 3 года назад +2

    В натури сағынып қалыптық

  • @user-ze9xw6ed2i
    @user-ze9xw6ed2i 2 года назад

    Әлхамдулиллаһ

  • @zhanaidar2946
    @zhanaidar2946 3 года назад +1

    Ура видео шықты

  • @user-ki3it4yx9n
    @user-ki3it4yx9n 3 года назад

    Ла Илаха Иллаллах

  • @user-ze9xw6ed2i
    @user-ze9xw6ed2i 2 года назад

    Алхамдулиллах

  • @user-we4dv7xq1b
    @user-we4dv7xq1b 3 года назад

    Баракаллахуфикум

  • @beksultann07
    @beksultann07 Год назад

    Әссаламу'алейкум уа раһматуаллаһи уа баракатуһ
    Намыс тв ұжымы видеоларың өте сапалы Ма Ша Аллаһ
    Тоқтап қалманыздар !
    Просмотр 1М болсын

  • @murattucunmuratov8513
    @murattucunmuratov8513 5 месяцев назад

    Қайдағы шегиртке жаланаштардин алаяқтардын вийдеосына қолдау көрсеткенен осындай шынайы ызденып жатқан арналарға қолдау көрсету керекпыз

  • @nurlanzhumabaev1337
    @nurlanzhumabaev1337 3 года назад +2

    👍

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-es4sp4hz2h
    @user-es4sp4hz2h 3 года назад +2

    👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @NURtube
    @NURtube 3 года назад +5

    6 просмотр, 21 лайк

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +1

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-us7vn4lc4j
    @user-us7vn4lc4j 3 года назад +1

    Әльхамдулильлях

  • @jankakhyzyrbek2673
    @jankakhyzyrbek2673 3 года назад

    Жана видео кутемиз

  • @user-tu4ob8vr9b
    @user-tu4ob8vr9b 3 года назад +1

    🔥

  • @user-fk9wr6mp6x
    @user-fk9wr6mp6x Год назад

    Намыс ТV ны жақсы көремін .дамыйбер

  • @yerzhanov_01
    @yerzhanov_01 3 года назад +1

    👍🏻👍🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻🤲🏻

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 200000 тіркелушісі бар намыс.тв-ға 6500 қаралым өте аз сондықтан таратайық!

  • @tagabay95
    @tagabay95 3 года назад +4

    *ассаламуалейкум Даке қалайсыздар аман есенсіздер ма*

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +1

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @Mergen_egisbek
    @Mergen_egisbek 3 года назад +4

    Неге осы Качевниктер жайлы хадистер аз ,древни кезіндегі

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-lg7uh9dt3x
    @user-lg7uh9dt3x 3 года назад +5

    Бауырым. Библияда бабилон мұнарасы жайлы жазылған. Сол жайлы Құранда жазылса, осыған арнап бір видио шығаршы

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @farabbiermekbai7724
    @farabbiermekbai7724 3 года назад +2

    Неге жоғалып кеттіңіз??? Сізді сағындық қой

  • @merskile_2339
    @merskile_2339 3 года назад +3

    Мен бірінші

  • @user-bv5ll6un3o
    @user-bv5ll6un3o 3 года назад +1

    Құраннан бұрын Вавилон туралы Библияда айтылған. Иерусалимнен кейін көп айтылатын да осы Вавилон қаласы. Және оның құдайлары.

  • @QushtarQassiyet1230
    @QushtarQassiyet1230 2 года назад

    Намыс тв каналы, құранның тарихтан бері ешбір өзгерместен жақсы сақталғандығы, тарихтағы әр халықтағы монотейзм т. б. тақырыптарда видео шығарыңызшы.

  • @nurlanzhumabaev1337
    @nurlanzhumabaev1337 3 года назад +1

    👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍👍

  • @nurlanzhumabaev1337
    @nurlanzhumabaev1337 3 года назад +1

    👍👍👍👍

  • @user-nm5pn9ve9e
    @user-nm5pn9ve9e 3 года назад +2

    Мен 1

  • @user-bx1ti8ll1i
    @user-bx1ti8ll1i 3 года назад +5

    Осылай тірі екендеріңді білдіртіп қойсаңдаршы!!

  • @user-rw3ut1jp2j
    @user-rw3ut1jp2j 2 года назад +1

    Құранды Алла түсірген болса өзі оқитын кітап қылып түсірген ба?
    Неге адамға түсінікті етпеген.

  • @akylvideo8946
    @akylvideo8946 3 года назад

    🤚👍👍👍

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 10 сағатта 3,7 К қаралым намыс.тв үшін аз сондықтан таратайық!

  • @user-jg8vl8sh5c
    @user-jg8vl8sh5c 3 года назад +4

    Вакцина жайлы мәлімет беріңіздерші

    • @orxayt6658
      @orxayt6658 3 года назад +2

      Ол туралы видео бар
      "Вакцинация Намыс тв"деп іздеп көріңіз

    • @user-jg8vl8sh5c
      @user-jg8vl8sh5c 3 года назад +1

      @@orxayt6658 қазыргы туралы жоққой

  • @qoishibaidauletkhan2583
    @qoishibaidauletkhan2583 3 года назад

    👍👍

  • @Nur-cu8dl
    @Nur-cu8dl 3 года назад +2

    Уа ағайын, сіздер шынымен осы ютубтағы каналдардан жаңа видеолар қашан шығады екен деп күтіп жүресіздерме.?! Ол қалай болғаны.?!

  • @b.qadiruly
    @b.qadiruly 3 года назад +1

    🇰🇿👍

  • @Alligator72545
    @Alligator72545 Год назад

    Жалпы осы апталық күнтізбені яғни 7 күндік аптаны Вавилондар шығарған деген дерек көздер бар мысалға алсақ
    Monday-moon(ай) айтпағым келгені ай құдайына арнап қойылған дегендерде бар.Вавилондықтар басқада ғаламшарды құдай қылып табынып күндер атауына қосқанында көреміз.

  • @grapesmusic03
    @grapesmusic03 2 года назад

    Ассалаумағалейкум, бауырлар видио шықпай кетті ғой

  • @user-ry6wr7nn4d
    @user-ry6wr7nn4d Год назад

    Мұрат Аджи білімінде көп ұксастық айтылған

  • @user-vh6nl7bv7g
    @user-vh6nl7bv7g 3 года назад

    Ассаламу’алейкум ! намыс тв ұжымы, мына тәңіршілдердің жалаларына жауап жазуларыңызды сұраймын, тәңіршілдік тұралы көп видео шығаруларыңызды сұраймын !

  • @user-zu5no5sd1o
    @user-zu5no5sd1o 3 года назад

    Ассалаумағалейкум . Сәлем сошиал медиа туралы макала жазасыз ба . Казирги кезде жастардың миын улап жатыр .

  • @zhanys
    @zhanys 3 года назад +1

    Орел востока на андроид приходят деп аталатын арнайы білім деп атайды және ішкі бақылау қызметі

  • @wolftotem5280
    @wolftotem5280 2 года назад

    Ассалаумагаликум намыс тв Аннунаки дегенге коз карастарыныз калай ?

  • @user-no8df4yr1c
    @user-no8df4yr1c 3 года назад

    🙌🙌🙌

    • @user-bx1ti8ll1i
      @user-bx1ti8ll1i 3 года назад

      Бауырлар ассалаумағалейкүм 200000 тіркелушісі бар намыс.тв-ға 6500 қаралым өте аз сондықтан таратайық!

  • @mr.yereke
    @mr.yereke 3 года назад

    Алла разы болсын еңбектеріңізге✊🏻
    Қазіргі вакцинация туралы ақпарат шығарсаңыздар.Халық саның қысқарту саясаты деп ойлайсыздар ма? ))

    • @user-es4sp4hz2h
      @user-es4sp4hz2h 3 года назад +1

      каналдың ішінде бар.оны бұрында айтып кеткен Намыс тв

    • @foreverarmy4059
      @foreverarmy4059 3 года назад

      Каналдың бұрынғы видеоларында бар вакцина туралы

  • @user-iu8ej5ww7t
    @user-iu8ej5ww7t 2 месяца назад

    Намыс.тв Кёльенски сабор туралы түсіріңізші жақын арада өтініш оны расында дияволдың қатысы барма расында оның соңғы кірпіші қаланған кезде тылсым дүниелер орын алама сол жайлы

  • @sitikz1845
    @sitikz1845 3 года назад +1

    Жоқ болып кеттіңдерғой жігіттер?

  • @mihrab_design
    @mihrab_design 3 года назад

    👏👏👏

  • @TekkazahSH
    @TekkazahSH 3 года назад

    НҰРДУЛЛИН АЙСУЛТАН

  • @QushtarQassiyet1230
    @QushtarQassiyet1230 2 года назад

    Намыс тв видео шығармайтын болып кеттіңіз ғой.