Сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әншілер енді жазаланбақ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 май 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Мәдениет және ақпарат министрлігі сахнада бейәдеп сөз айтып, ерсі қылық танытқан әншілерді жауапкершілікке тартуды ұсынады. Бұндай шешімге соңғы екі жылда отандық және шетелдік әртістердің қатысуымен даулы оқиғалардың қоғамда көп резонанс тудыруы түрткі болыпты. Енді өздерін ерсі ұстаған өнер адамдары мен концерттік шараның ұйымдастырушыларға 553 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін айыппұл салынбақ. Бұған өнер иелерінің пікірі қандай? Толығырақ Диана Тұрлыбек айтады.
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:,
    Мәдениет және ақпарат министрлігі ойын-сауық, мәдени іс-шараларды өткізу тәртібін бұзғаны үшін ұйымдастырушылар мен әншілерге қатысты заңнамалық жауапкершілік енгізуді ұсынып отыр. Яғни, сахнада өнер көрсету кезінде былапыт сөздер айтып, ішімдік ішкен немесе халық алдына мас не есірткі шеккен күйде шыққан әртістер әкімшілік жазаға тартылады. Бұл үшін өнер иелері кемі 553 800 теңге айыппұл арқалайды. Егер жағдай тағы қайталанса, жеке тұлғалар 738 400 теңге, заңды тұлғалар 2 215 200 теңге қаражат төлейді. Аталған заң жобасымен әнші Болатбек Досыбаев та келіседі. Ол қазіргі жас буынның сахнадағы өзін ұстауына көңілі толмайтынын айтады. Сол себепті, концертте "концерт" қоятындар жазасын өтеуі тиіс дейді.
    БОЛАТБЕК ДОСЫБАЕВ, "ЖІГЕР" ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ:
    - Сахна киелі, кез келген адам оны ластай беруге болмайды. Ішімдікпен шығу деген өте орынсыз нәрсе. Ішімдік ішкен адам әнді де дұрыс айтпайды, сөзі де дұрыс болмайды. Қазір жастар одан кейін киім жағынан да өте нашар болып кетті. Сахнаға спортивкамен шыға салады, кроссовки кие салады. Дұрыс емес. Сахнаның өзіндік мәдениеті бар. Соны сақтаған дұрыс.
    Қолданыстағы "Мәдениет туралы" заңда шығармашылық ұжым мен өнер иелерінің концертке дейін де, шара кезінде де ішімдік ішіп, зиянды әрекеттерін көрсетуге тыйым салынған. Алайда бұл талаптарды бұзғаны үшін ешқандай жаза бекітілмеген екен. Салдарынан қоғамдық наразылық туған. Енді министрлік бұл олқылықтың орнын толтырмақ.
    ДИАНА ТҰРЛЫБЕК, тілші:
    - Арнайы қаулы ашық үкімет порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды. Бұдан кейін, Мәжіліске жолдану жоспарланып отыр. Ал, заңға қол қою мерзімі 2024 жылдың желтоқсанына белгіленген.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/channel/0029VaDm...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31?...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 16

  • @user-ui7mo1yo6f
    @user-ui7mo1yo6f 28 дней назад +11

    Осы әншілерді сахнаға 5 жыл шығармаиақ қойыңдаршы көргім келмеиді

  • @user-un7vz2cb7w
    @user-un7vz2cb7w 28 дней назад +10

    Барлығына топырақ шашпаиын,ұятсыз әншілер өте көп көріп жүрміз.
    Дұрыс заңды қолдаимын.!

  • @user-ui7mo1yo6f
    @user-ui7mo1yo6f 28 дней назад +6

    30 жылда ешқандай дұрыс заң қабылданбаған екен ғой, жағымпаздықтан бірінші орындамыз

  • @user-ci9tl8bu6n
    @user-ci9tl8bu6n 27 дней назад +1

    Мәдениетті, тәрбиелі, қарапайым,салмақты болу әр әншінің қолынан келмейді! Димаш Құдайберген, әлі жас болса талай әншіге үлгі, керемет азамат!

  • @user-zo9nb1mr8w
    @user-zo9nb1mr8w 28 дней назад +8

    Жалпы ТВ, бір болайық шоу, қалаулым шоу, мма шоу, арзан күлкіге шоу қатаң тыйым салу керек. Себебі өсек, өтірік, интрига, ұрыс, төбелес.
    Қазақтың жастарын бір біріне қарсы қойып сындырып жатыр ТВ арқылы.
    Қазақша бағдарламада орысша араластырып сөйлеп отырады санасыздар.
    сатқын биліктің солақай саясаты ТВ арқылы жастардың санасын улап, мәңүрттендіру саясатын жүргізіп жатыр.
    Себебі әділетсіз, ұры билікке мәңгүрт халықты басқару оңай.
    Саясатты білмеу, әділетсіздікпен күреспеу, ұрпақты аяқ, қолын жіпсіз байлап жауға бергенмен бірдей. Оян қазақтар. АЛЛАҺУ АКБАР.

  • @user-rq2xs8im9i
    @user-rq2xs8im9i 26 дней назад

    Осы.шығатын заңға мынаны кіргізу керек .Сахна мәдениетін сақтау керек .Біз Қазақстанда тұратын қазақ деген елміз ! Біз ҰЛЫ ХАЛЫҚПЫЗ ҚАЗАҚ ДЕГЕН.Сондықтан , біздің қазақ елінің үлгісіне қарай , әдеп -- ғұрыпына сай болып , ашық - шашық киінбей қазақ халқының алдына өз абыройымен шығу керек ! Әншілердің киім кию жағы өте қатал болу керек , сонда ғана біздің сахна мәдениетіміз сақталады ! Мына шет елдерден келген әншілергеде осындай бізге келген кезде ДӘЛ ОСЫ ШЕКТЕУДІ ҚОЮ керек , қасиетьі сахна тәртібі ретінде??Ал біз жазамыз ғой , бірақ сол ән айту көркемдік жағы , киім - киіс жағы ҚАШАН ТӘРТІПКЕ САЛЫНАДЫ , ҚАДАҒАЛАНАДЫ ???

  • @user-qp7gj7mo1m
    @user-qp7gj7mo1m 27 дней назад +1

    Онда бірталай әнші айыппұл дайындай беруі керек қой !

  • @nurranpagnurlanov2752
    @nurranpagnurlanov2752 26 дней назад +1

    Бұл дұрыс,боқ ауыз айтатындар,мақтанып сөйлейтіндер көп, пантарездер көп. Ашық шашық шықпауы керек.

  • @user-kv9sw2hs3g
    @user-kv9sw2hs3g 26 дней назад +1

    Асабаларға да сондай шектеу керек. Қайдағы бір керексіз , біздің қазағымыздың дәстүріне жат жайттарды шығарып алады. Налог төлейме солар , ақшаны күреп табады?

  • @user-bj3wp6zj7z
    @user-bj3wp6zj7z 27 дней назад +4

    Сакна киели нарсе емес онын неси киели

  • @user-xu9lq7gp1c
    @user-xu9lq7gp1c 26 дней назад +1

    Киімдеріне де мән беру керек қой,жартылай жалаңаш,емшектерін көрсетіп шығатындар көбейіп кеткен

  • @Aman.12.09A.S.A
    @Aman.12.09A.S.A 26 дней назад

    Тек штраф салу Қазақстанда, басқа дым ойлап таппайды. Бюджет тапшылығын осылай жапқысы келеді.

  • @user-rx3xs2ou9q
    @user-rx3xs2ou9q 27 дней назад +2

    Менде қосыламын.Мүлде шықпая қосынды.Бәрі ұятсыз немесе өтірік имам болып кетті

  • @user-nf6uq4cw7l
    @user-nf6uq4cw7l 27 дней назад +1

    Басынан қатал тәртіп болу керек еді

  • @user-je8ow8vm6b
    @user-je8ow8vm6b 26 дней назад

    Сахнада көтін ашып шығатын қыздарға көтіне қызыл шоқ басып сахнағадан шығарып жіберу керек деген заң неге шығармайды.

  • @user-ue6sh1md9l
    @user-ue6sh1md9l 26 дней назад

    Баска талапларыныз жокба деймен.Бишембаевтыда болдыныз камап.Енди усыган коштинизба