Жантөре - Шалқыма. Орындаған: Күй қағаны Рысбай Ғабдиев

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 фев 2021

Комментарии • 47

  • @kalifornya6486
    @kalifornya6486 3 года назад +41

    Рысбай Ғабдиев - барлық күйді жұмсақ буынмен төгілтіп ойнайды. Домбыраның шанағын ретсіз қаға бермейді. Керемет!👏

  • @user-rs6un1yl2t
    @user-rs6un1yl2t Месяц назад +1

    Абыз күйші осы заманның Құрманғазысы ТАТТІМБЕТІ

  • @sunny_life6244
    @sunny_life6244 Год назад +13

    Шіркін! Шалқыма десе шалқыма екен мына күй! Не деген орындаушылық шеберлік! Не деген техника! Оң қолы мен сол қолы бір-біріне тең екен. Еш қиналмастан жорғалатып ойнап шықты. Бір өзі бір оркестрге пара-пар. Шіркін! Қазаққа күй деген құдіретті Жаратқан аямай бере салған екен. Рухыңды асқақтатып жібереді. Мұндайды түн батқанда естіп алған соң қайдағы ұйқы? ❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-ke8eo8ug4o
    @user-ke8eo8ug4o 11 месяцев назад +10

    Осындай күйлерді тыңдағанда мына кең далаға самай кетем!!!

    • @user-rr9mz1es5r
      @user-rr9mz1es5r 7 месяцев назад

      Ал мен осы күйді тыңдасам шайқаста жүрген дей боп сезінемін😊

  • @user-kh9ki2zl5o
    @user-kh9ki2zl5o 3 года назад +34

    Осы ағамыздың ізін қуған, ізбасарлары көп болғаи.

  • @user-hr6bp7nb7w
    @user-hr6bp7nb7w 2 года назад +16

    Не деген шеберлік, тума талант, табиғатынан берілген дарындылық.

  • @kisasamurat1148
    @kisasamurat1148 3 года назад +33

    Алпыс неше жаска келип мындай шеберликпен Тарту деген сумдык ,алпыс жаска жакындаганда коптеген куйшилер шеберлик денгейин томендейди деп естушедик,дегенмен кудай берген таланыт,он колындагы екинши саусакпен ,басбармакта бир табигый куш бар ,еркеше енди,

    • @beksultan5192
      @beksultan5192 3 года назад +3

      өте дұрыс айтасыз

  • @user-fd2um9oq1m
    @user-fd2um9oq1m 2 года назад +11

    батыстын арыстан куишісі рысбай ага жаныныз жаннатта болсын

    • @user-by8bh3um5f
      @user-by8bh3um5f Год назад

      Бұл кісі қашан қайтты?

    • @payda_online
      @payda_online 3 месяца назад

      @@user-by8bh3um5f 2004 жылы

  • @user-jg3ne3zp9i
    @user-jg3ne3zp9i 3 года назад +18

    Нағыз шебер орындау!

  • @Comingwings
    @Comingwings Год назад +5

    Па шіркін, қандай шеберлік, керемет күй.

  • @user-zk1dl8xd6w
    @user-zk1dl8xd6w Год назад +4

    Кайран дүлділім ай орның жәнната болғай

  • @bahttiar996avld5
    @bahttiar996avld5 2 года назад +15

    тап осы калыпта шалкыманы ешким тартпайды ау, коби баскаша тартады

    • @user-rs6un1yl2t
      @user-rs6un1yl2t Месяц назад

      Басқа күйшілер домбыраны сабалай береді

  • @user-ke7xb6ts4f
    @user-ke7xb6ts4f 3 года назад +21

    Пах шіркін недеген тартыс!

  • @Halykuni
    @Halykuni 2 года назад +7

    Пах шіркін.Рухты шарықтатып жібереді екен.Күйде тылсым бір сыр бар.Пай,пай күйші қандай,күйі қандай десеңізші.

  • @lionspqr1613
    @lionspqr1613 3 года назад +13

    Өте жоғары дәрежеде домбыра шертеді

  • @user-oy2ji6nd7m
    @user-oy2ji6nd7m 2 года назад +7

    Мықты,мықты.👍👏👏👏

  • @user-zk1dl8xd6w
    @user-zk1dl8xd6w Год назад +2

    Қайранж дүлділ рсысб
    Каййран дүлділ Рысбек бауырым ай жатқан жерің жәннатта болсын

  • @bahafestivall6333
    @bahafestivall6333 2 года назад +6

    керемет, куй қағаны деген атаққа лайық кісіғой

  • @bahttiar996avld5
    @bahttiar996avld5 2 года назад +7

    куй тартқыштардын ишиндегы ең улысы!

  • @Zz-xw4ih
    @Zz-xw4ih 3 года назад +8

    Керемет

  • @armanzhanabaev9071
    @armanzhanabaev9071 3 года назад +18

    Күй қағаны Рысбай аға күй тартқанда домбыра өзі сөйлей жөнеледі

  • @user-pk7wu5tz1c
    @user-pk7wu5tz1c 3 года назад +8

    Керемет куу экен

  • @mdimkaaa476
    @mdimkaaa476 3 года назад +30

    Шыны керек дәл осылай ешкім қайталай алған жоқ

    • @letsplay7436
      @letsplay7436 3 года назад +3

      Иә,қосыламын,мықты ғой шіркін!

    • @rasulmusa5879
      @rasulmusa5879 3 года назад +4

      Батыржан Мықтыбаев деген күйші келеді Рысбай ағамызға қол алысы!

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 года назад +2

      @@rasulmusa5879 шәкірті ғой ағаның

  • @user-be4ph7zb4g
    @user-be4ph7zb4g 3 года назад +10

    Оң қолдағы 2ші саусақтын күшін айтсаншы мықты

  • @user-ui7gw9kd6c
    @user-ui7gw9kd6c 2 года назад +3

    Айтатын сөз жокко, керемет👍👍👍

  • @aigerimatauova2435
    @aigerimatauova2435 2 года назад +19

    Сауырынан су төгілмес жорғадай былқылдатып келіп, сәйгүліктей арындап төгіп-төгіп жібереді, нағыз шыңына жеткен шебер, домбырамен біте қайнасқан маэстро.

  • @user-ip2zx4ni4n
    @user-ip2zx4ni4n Год назад +3

    Пах шіркін не деген техника

  • @9galimova
    @9galimova 2 года назад +3

    Тамаша💐💐💐

  • @user-rd7bj3fc6v
    @user-rd7bj3fc6v Год назад +2

    ГЕНИЙ!!!

  • @magabey4635
    @magabey4635 3 года назад +4

    Тамаша😍

  • @armanzhanabaev9071
    @armanzhanabaev9071 3 года назад +13

    Рысбай ағаның ойнауы бөлек

    • @user-nt7kn8jw4g
      @user-nt7kn8jw4g 3 года назад +4

      Үні жұмсақ...🌷🌿🌹 Құлаққа бір Керемет боп естіледі...💜🇰🇿❣

    • @user-nt7kn8jw4g
      @user-nt7kn8jw4g 3 года назад +4

      Кім дизлайк қойған ?😳

    • @kalifornya6486
      @kalifornya6486 2 года назад +2

      @@user-nt7kn8jw4g орысқұл иттер шығар

  • @tbe58
    @tbe58 2 года назад +5

    Пай-пай!

  • @user-se7pn7xn9z
    @user-se7pn7xn9z Год назад +2

    не деген керемет домбыраның үні Қазіргі Домлалар үні бұлаи емес

  • @user-yq6gm3id3q
    @user-yq6gm3id3q 5 месяцев назад +1

    Бұл кісіні 1986жылы көргем Құрманғазының 180жылдығы деген шақыртумен арнайы Орал пединститутына Гурьевтен (ол кезде Гурьев)келді.
    Лектор Құрманғазының өмірбаянын айта келіп оның күйлеріне кезек бергенде осы кісі шығып күй тартты.Сұмдық болды.Теледидардан радиодан естіген бір басқа,"тірілей" көріп тыңдаған бір басқа.Теледидар,телефон,
    радио дегендер музыка әсерін толық бере алмайды,бірдеңесін "жеп" қояды. Мына кісі домбыра тарта жөнелгенде зал сілтідей тынды,бәріміз есімізден тандық.Күй ойналып біткен соң жұрт сұрақ қоя бастады,көбінің сұрағандары домбыраны қашаннан тарттыңыз ,кімнен үйрендіңіз деген сияқты жеке басына қойылған сұрақтар болды,Құрманғазы мүлде жайына қалды,әңгіме тек осы кісінің жеке өзінің орындаушылығы жөнінде ғана болды.Домбыра ойнауымен жұртты арбап тастады.Бұл кісі тартқанда домбыра кәдімгідей сөйлей жөнеледі десе болғандай,тартысында бір мін жоқ.Екі шекті кезек сөйлетеді.
    Дәл мұндай домбырашыны содан кейін көрмедім.
    Өзінің айтқан әңгімесінде домбыраны қашан ұстағаным есімде жоқ шамасы 4жаста болсам керек деп айтты.Сол есін білер білмес кішкентай кезінде нағашысы домбыра ойнаған,сол нағашымның тартқан күйлерінің бір ырғақтарын келтіре алмай жүрмін дегені есімде.
    Оқушы кезінде бұл кісінің домбыра тартқанын Дина Нұрпейісова радиодан естіп "мына баланы маған алып келіңдерші" депті. Бірақ мен барғанша Дина шешеміз қайтыс боп кетіпті деп айтты.Ол кезде Дина Алматыда,бұл кісі ауылында Атырау жақта болса керек сірә.

    • @user-yq6gm3id3q
      @user-yq6gm3id3q 5 месяцев назад

      Қазір Құрманғазы 1823 ж.туған десіп жүр ғой ,ол кезде 1806ж туған дейтін,сондықтан 180жасы деп атап өтілді.1986ж.бірінші курс студенті едім ,содан бұл дата есімде қалды.
      Құрманғазының Төремұратын тартқаны анық есімде,одан басқа да бірнеше күй тартты.Домбыра шынында да ғажап аспап екен деген ой келді сонда.Нағыз мықты виртуоз орындаушы осы кісі.Бұл кісі ойнағанда екі ішек анық "сөйлейді" екен.Сол кездегі бала мен түгілі залдағы үлкендер есі кетіп қалды .
      Нұрғисаның күй тартқанын да көрдім, одан басқа да домбырашылардың орындағандарын көріп тыңдадым,бірақ әлі күнге дейін дәл мына кісі тартқандағыдай әсер ала алмадым.