Өрмекшінің торындай шұбатылып жатқан электр сымдарынан үрейленген халық көмек сұрайды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Ақтөбенің Заречный-3 ықшам ауданының тұрғындары жыл он екі ай үреймен өмір сүріп жатырмыз деп шулады. Себебі, жұрт жүретін басты көшенің төбесінде электр бағаналарының сымдары өрмекшінің торындай шұбатылып тұр. Қоршалмай, салбырап жатқан 220 мың вольттық тоқ желілері өмірімізге қауіп төндіреді дейді қараша. Сондықтан оқыс оқиға болмас үшін бұл мәселені шенеуніктерден тезірек шешіп беруді сұрайды.
    Заречный-3 ықшам ауданының тұрғындары қорқынышпен өмір сүріп жатқандарын айтады. Себебі, үйлерінің дәл іргесінде жоғары вольттық тоқ желілері орналасқан. Оған қоса, халық жүретін басты көшенің төбесінде электр бағаналарының сымдары салбырап тұр. Халық осы жолмен жанымызды шүбереккке түйіп өтеміз деп ашынады.
    МЕЙРАМБЕК ҚОЗБАҒАРОВ, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
    - Ол тоқтың астынан қаншама машина өтеміз? Қаншама бала-шаға өтеміз? Өткенде иманымызды айтып өтеміз. Письменный виде обращение бердік қай органға болса да, ешқандай ответ жоқ. Жауынды и көктемгі мезгілде мына жол деген кәдімгідей үлкен тоқ дырылдап, не береді ощущение береді.
    САМАТ ЗҰЛҚАШОВ, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
    - Мынау он мың киловатт қыста аяз болған кезде мынау салбырап түседі төмен қарай, үзіліп кетсе мына жердің бәрі қырылып қалады. Бұл безопасность бойынша 500 метр болуы керек. Мына үйлер салынбау керек.
    Сондай-ақ, электр бағаналары қоршалмай, ашық-шашық жатыр. Бұл жерде қарапайым қауіпсіздік талаптары сақталмаған дейді қараша. Тұрғындар бала-шаға аяқ асты тоққа түссе кім жауап береді деп күйінеді. Оған қоса, аталған көше асфальтталмаған, жаңбыр жауса балшыққа айналады екен. Тұрғындар электр бағаналарын жаңартып, желілерді жер астымен өткізіп беруді сұрайды.
    АЙДАРБЕК ЖҰМАБЕК, Ақтөбе қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы:
    - Электр бағаналары осы күнге дейін жалпы елді мекен бой көтергенге дейін салынған электр бағаналары болып есептеледі. Ол республика көлемінде меншігінде.Тұрғындардың өтініштерін ескеріліп, кегок акционерлік мекемесіне хат жолданатын болады. Тәшенов көшесі екі бағытта орналасқан проезжный часть деп айтамыз төрт метрден жол салу жоспарланған.
    Жергілікті биліктің мәліметінше, бұл электр желісі қаланың жарты бөлігіне жарық таратады. Сондықтан оны ауыстыру оңай шаруа емес деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии •