Қысқа сақталатын шие мен сары өрік компоты!! Өте дәмді әрі пайдалы!👍
HTML-код
- Опубликовано: 9 фев 2025
- Қысқа дайындық басталды! Банка жабу сезоны ашық😁 Бүгін сіздерге керемет дәмді әрі пайдалы иммунитетті күшті көтеретін компоттың бірін ұсынамын!
Рецепт:
Мен 3 литрлік банка қолдандым!!!
Шие
Сары өрік
Құмшекер 300 гр әр банкаға
(егер 2 литр банка болса 200 гр құмшекер)
Қайнап тұрған ыстық су
Дайындалу жолы:
Алдымен банкаларды жақсылап жуып, буға қойып стерильдеп аламыз! Бұл маңызды☝Одан кейн банканы жабатын қақпақтарды да 10-15 мин қайнатамыз! міндетті түрде!!! Және де жемістерді де жуып, бұзылғандарын алып тастаймыз!
Суды көп мөлшерде қайнатып қойыңыз! Стерильденген банкаларды біртіндеп алып, ішіне жесістерден саламыз 3 литрлік банка үшін 350 гр жеміс жеткілікті! Осы жемістің үстіне қайнап тұрған ыстық суды құйып, қақпағын бетіне қойып 10-15 мин қалдырамыз да, банкаларды қайтадан суын улкен ыдысқа аударып құйып аламыз! Суын қайта қайнатамыз! осы аралықта әр банкаға 300 гр құмшекер салып қойыңыз!!! Суы қайта қайнаған соң банкаларға қайта толтырып құйып қақпақтарын мықты етіп жауып тастайсыз да банкаларды әрі бері аунатып көріңіз! Себебі суы ақпай тұрғанын тексересіз☝ Осымен қысқа жабылған банкаларымыз дайын! Банкаларды суреттегідей төңкеріп бір күнге бетін жауып жылы жерге қалдырыңыз да одан кейн салқын жерге апарып жинай беріңіз!!! Ас болсын!!!👍🤗