Талдықорғандық тұрғын белгілі журналист Б.Құранбектің құрметіне 49 түп ағаш отырғызыпты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 май 2024
  • Ертең 18 мамыр - белгілі тележүргізуші,«Жетісу» арнасының басшысы болған Бейсен Құранбектің қайтқан күні. Тірі болса 53 жасқа аяқ басар еді. Ол ең өзекті тақырыптарды көтерген тележобалармен ел есінде мәңгі қалды. Жаны мен тәні үйлесім тапқан жүргізушіні халқы жақсы көрді. Тіпті, талдықорғандық Нұртай Шыңғожанова Бейсен Абайұлы 49 жасында дүниеден өтті деп, ауласына 49 түп ағаш отырғызыпты. Халқын үнемі қарекет етуге шақырған тұлғаға деген құрметін осындай әрекетімен білдірсе керек.

Комментарии •