Хантарес және оның пигі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 27 сен 2024
  • Counter-Strike-та префаермен шығып, шанс қалдырмай атып өлтіретін стильді қалай атайтынын білесіз бе? Тіптен осы атаумен біраз клантегте ашылды. Осы стильдің шығуы бір адамның арқасы десем сенесіз бе? Ия, бүгін аты шулы Хантарес және оның пигі туралы сөз қозғайтын боламыз! Alash Esports, ал ендеше кеттік!
    Хантарестің шын аты - Исмаилкан Дёрткардеш, 1995 жылы Түркияның Фатих қаласында дүниеге келген. Интервью беруді ұнатпайтын Исмаилканның кіші кезі туралы ақпарат аз. Бірақ та бізге Хантарестің Counter-Strike-ты 13 жасынан бастап ойнағаны, тіпті 17 жасында өзінің командасын құрғаны мәлім. 2 жыл бойы ішкі турнирлердің бірін қалдырмай қатысып, барлығын дерлік жеңіп шығады. Осылайша, Исмаилкан Түрік жастарының арасында жас талант атанып, жарық жұлдызға айналатынына бәрі сенді. Хантаресті 2013 жылы өткен European Championship турниріне ұлттық құрама қатарына шақырып, көрсеткен өте керемет өнері үшін, барлығы Түркияның ең мықты жастарынан команда құрау керек деп жарысты. Әрине, онда бірінші Исмаилкан шақырылды.
    Барлық ойыншылардың басты проблемасы ол - ата аналары. Хантарестің ата анасы, оның ойын ойнағанына қарсы болмасада, нақты жұмыс ретінде қарамады. Олардың ойында Counter-Strike жай ғана хобби еді. Команда ашылған уақытта “Хантарес команда қосылсыншы” деп барлық ойыншалар, Исмаилканның үйіне барып, ата анасын көндірген екен. Бұл жігіттер өздерін Space Soldiers деп атап, тир-3 турнирлерге қатысып, үлкен тәжірибе жинайды. Еңбек 2016 жылы ақталды, себебі команда HLTV тізімі бойынша үздік топ-30 ға кіріп, бірнеше тир-2 турнирді жеңді. Осы кездің өзінде-ақ, Хантаресті әлемнің ең мықты аимері деп, жанкүйерлерінің саны күн сайын артып жатты. Өзінің санулы интервьюінің бірінде Исмаилкан командалық жаттығулардан бөлек, жеке өзі 8 сағат дайындалатынын айтты. Расыменде, Хантарестің ойынды сүйіп ойнайтынын, үлкен жетістіктерге жеткісі келетінін осыдан-ақ көре аламыз. Жеңіске қатты жеткісі келген Хантарес, Түркияда пинг жоғары болғандықтан, 1 күн бойы Польшаға көлікпен барып, минорға іріктеуден өткен екен.
    Исмаилкан Хантарес Дёрткардешді әлемнің мықты командалары өз қатарында көргісі келді, бірақ та түрік бауырымыз, өз мемлекетінен мықты команда шығатынына сенді, және ол командадан өзін көре алды. Әйтпесе, BIG, Faze және Mouzsport командалары бірнеше рет Хантаресті өздеріне шақырған болатын тұғын. Бірнеше айлар бойы Хантарес келген ұсыныстарды қайтарып отырды, алайда, бұл ұзпқа созылмауы тиіс еді. Түрік CS-ын қолдайтын жан табылмады, Турнирлерді Польшаға дейін 1 күн көлікпен жүріп, жақсы пингпен ойнау Исмаилканның жұлдыз болуын біраз тежейтін еді. Медальдің екі жағы бар, бір жағында Хантаресті жарқын болашақ күтсе, медальдің арғы жағында түркиялық командасы тұр еді. Командадағы кейбір ойыншылар Space Soldiers Хантарес кесірінен тарап кетті деп айыптап ренжіді. Space Soldiers ұйымы ойыншыларға аз айлық төлеп, турнирден жеңген ақшаның 50%-на дейін алып отырған. Еңбегі ақталмай, осыған ашынған ойыншылар ұйымнан өздерін команда ретінде трансферге қоюын өтінген. BIG командасынан келген ұсыныс, Исмаилкан үшін дәл келді. Хантарес осылайша, Space Soldiers командасынан немістің BIG командасына ауысты. Команданың ең мықты ойыншысы Хантарес ростерде болмағандықтан, әлемдік ұйымдар еш қызуғышылық танытпады. Осылайша, арадағы түсініспеушіліктің кесірінен, нашар, әрі жауапкершіліктен жүрдай ұйым кесірінен Түркия елі өз командасынан айырылып қалды. Бірақ та, CS командалық ойын, ойын тек бір адамның айналасында жүзеге аспайды. Исмаилканның ескі командаластары жауапкершілік алып, өсе алмағаны өкінішті ақ!
    2019 жыл, түрік ойыншысы үшін жаңа парақтан басталды, тіпті 2020 жылы BIG командасы HLTV тізімі бойынша әлемнің үздік топ-1 командасы атанды. Хантарес карьерасындағы мықты статистиканы көрсетті. Бірақ, Исмаилканның өз елін сағынғанын түрінен ақ көруге болатын еді, BIG-пен жеңіске жетіп жүрседе, команда ағылшын-неміс тілінде сөйлескендіктен, тіптен стратегияларды ақылдасу Хантарес үшін қиынға соқты. Түркияда өнер көрсетіп жүрген woxic және calyx секілді мықты ойыншылар, Хантаресті барынша Түркиялық команда ашуға көндіріп жүрді.
    Eternal Fire ұйымы осыдан 3 жыл бұрын 2021-де ашылып, ПРО-сахнада өнер көрсете бастады. BIG өзінің жұлдызды ойыншысын жедел түрде контрактіден босатып, Eternal Fire командасына жіберді. Түрік командасынан күткен үміт ақталды десек көп айтқан боламыз, бірақ, мықты тир-2 команда деп айтуға болады. Үлкен ПРО-сахнада Eternal Fire үшін алар асу әлі алда! Қорытындылай келе, неге Хантарес мықты аимына қарамастан Тир-1 турнирде жеңіске жетпеді? Оның 2 себебі бар: Хантарес +w жүгіріп, өзіне ғана ойнайтын ойыншы. Оның стилі, килл жасауға деген құштарлығы кейде оған қарсы жұмыс жасайды. Енді бір себебі оның париоттылығы, бұл елі үшін жақсы болғанымен, Түркияда бәсекелусеге жарайтын ойыншылар аз еді. Кім біледі, бәлкім осы Eternal Fire командасы Түркия мемлекетін ПРО-сахнадағы алпауыт аренаға айналдырар!

Комментарии • 1