Қырық хадис. 1-дәріс. Кіріспе 1. Ұстаз: Омар Теміртас

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 21 апр 2023
  • Ән-Нәуәуидің алғы сөзі
    Бисмилләһир-Роһманир-Роһим
    Әлемдердің Раббысы, көктер мен жердің сақтаушысы, барлық жаратылыстарды басқарушы болған, сондай-ақ, адамдарды тура жолға бастау, оларға анық дәлелдер мен айғақтар көмегімен дін қағидаларын түсіндіру міндеті жүктелген елшілерді жіберуші Алла Тағалаға мадақ! Бізге берген барлық нығметтері үшін Оған мақтау айтып, Өзінің кеңшілігі және жомарттығымен бізге үсті-үстіне арттыра түсуін сұраймын.
    Еш серігі болмаған жалғыз басқарушы, жомарт, кешіруші бір Алладан басқа құлшылыққа лайық еш тәңір жоқ екеніне куәлік етемін. Жаратылыстардың абзалы ұлылығы мен мұғжизасы жылдан жылға жалғасушы, Құран мен тура жол іздеушілерді нұрландыратын сүннетпен құрметтелген, сөзді мазмұндау және дінді жеңілдету қасиетімен жекеленген пайғамбарымыз Мухаммад Алланың құлы әрі елшісі, сүйіктісі әрі халилі екеніне куәлік етемін. Пайғамбарымызға, өзге де пайғамбарлар мен елшілерге, олардың барлығының отбасына және барша игі кісілерге Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі болсын!
    Бізге Али ибн Әбу Талиб, Абдулла ибн Масғуд, Муғаз ибн Жәбәл, Әбу Дәрда, Ибн Омар, Ибн Аббас, Әнәс ибн Мәлик, Әбу Һурайра және Әбу Сағид әл-Худриден (Алла оларға разы болсын) әртүрлі риуаяттармен Пайғамбарымыздың ﷺосындай сөздері жеткен:
    "Кімде-кім үмметім үшін дін ісіне қатысты қырық хадисті жатқа білсе, Алла Тағала оны Қиямет күні фақиһтер мен ғалымдар арасында тірілтеді".
    Бір риуаятта: "Алла Тағала оны фақиһ, ғалым етіп тірілтеді".
    Әбу Дәрда риуаятында: "Мен оған Қиямет күні шапағат етуші және куәлік беруші боламын".
    Ибн Масғуд риуаятында: "Оған: «Жаннаттың қалаған есіктерінен кір» деп айтылады".
    Ибн Омар риуаятында: "Ғалымдар тобынан деп жазылып, шәһидтермен бірге тіріледі".
    Хадис ілімінің ғұламалары осы мағынадағы риуаяттардың көптігіне қарамастан бұл хадистің әлсіз екеніне бірауыздан келіскен. Алайда олар (Алла оларға рақым етсін) қырық хадис мәселесінде көптеген еңбектер жазған.
    Менің білуімше, мұндай еңбекті алғашқы Абдулла ибн әл-Мубарак жазып бастаған. Содан соң бұл тақырыпта тақуа ғалым Мухаммад ибн Әсләм ат-Туси, Хасан ибн Суфьян ән-Нәсәуи, Әбу Бәкір әл-Ажурри, Әбу Бәкір Мухаммад ибн Ибраһим әл-Асфаһани, әд-Дәрақутни, әл-Хаким, Әбу Нуғайм, Әбу Абдур-Рахман әс-Суләми, Әбу Сағд әл-Мәлини, Әбу Осман әс-Сабуни, Абдулла ибн Мухаммад әл-Ансари және Әбу Бәкір әл-Бәйһақи сияқты бұрын және кейінгі өмір сүрген көптеген ғалымдар өз еңбектерін жазған. Мен де сол көрнекі ғұлама имамдардың үлгісімен қырық хадис жинақтауыма қолдау көрсетуін сұрап, Алла Тағалаға жалбарындым.

Комментарии • 31

  • @user-gh4xl5gt9b
    @user-gh4xl5gt9b Год назад +4

    Ма шаа Аллаһ осы 40 хадис сабақ болса екен деп күтіп жүр едім الحمد لله

  • @atyrauatyrau2902
    @atyrauatyrau2902 Год назад +2

    Бұл қаналға көтеріліп барлық алемге таралуын нәсип етсін Алла Тағала

  • @muslimbrofromkz
    @muslimbrofromkz Год назад

    Ма щаа Алла. Күтіп жүр едім. Осы сабақты

  • @AppleFlow-ee4wn
    @AppleFlow-ee4wn Год назад +2

    Ассаламугалеикум уа рахматуллахи уа баракату кашфу шубухат отши ахи

  • @waltermitty1916
    @waltermitty1916 Год назад

    БарокалЛаху фикум. Аллах Тагала бiлiмдеpiндi apmmырсын

  • @user-gp9ih9nb2w
    @user-gp9ih9nb2w Год назад

    بارك الله فيكم

  • @erwts100
    @erwts100 Год назад

    Аллаhумма барик аляйх

  • @user-bc2sq2zq2l
    @user-bc2sq2zq2l Год назад

    Аллах разы болсын устаз

  • @atyrauatyrau2902
    @atyrauatyrau2902 Год назад

    ❤Аллахымм ғұмырын ұзақ қыл

  • @serikzhanburi3813
    @serikzhanburi3813 Год назад

    Субхан Аллаһ,Әлхамдулиллях, Аллаһу Акбар!

  • @user-hj8ej6lm3p
    @user-hj8ej6lm3p 26 дней назад

    Асыл аналар деген китап бар айелдерге окуга жаксы

  • @user-fy3hj1ic5g
    @user-fy3hj1ic5g Год назад

    Маша Аллаһ БарокаАллаһу фикум

  • @user-hd5jx1cv5r
    @user-hd5jx1cv5r Год назад

    Ма шаа Аллаһ

  • @Atyrau84
    @Atyrau84 Год назад

    Ма ша Аллах

  • @user-rf5jl1hz8c
    @user-rf5jl1hz8c Год назад

    Ма ша Аллаһ

  • @muhammadahmad50
    @muhammadahmad50 Год назад

    Ма шаа Аллаһ Аллаһу Акбар Альхамдуллилаһ

  • @user-re6of4cn8u
    @user-re6of4cn8u Год назад

    СубханалЛах. АльхамдулилЛях. Аллаху Акбар.

  • @xhani887
    @xhani887 10 месяцев назад +1

    Ассаләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу Омар бауырым. Тәңір сөзі мағынасына қатысты жеке зерттеу жүргізгенмін. Махмуд қашғаридің еңбегін оқыдым және де милләди жетінші ғасырда тасқа жазылған орхон енисей ескерткіші жазбаларын оқып мынадай тұжырымға келдім. Ертеде тәңір сөзін жалғыз қолданбаған, былай айтқан: "Көктің Тәңірі" деп, ал құранда "роббус-самауат" деп көп келеді. Содан менің ойым көктің тәңірі деген аспанның раббысы деген сөз. Кейін адасуларына байланысты тәңір сөзінің мағынасын аспан деп түсініп кеткен бұл туралы махмуд қашғари жазып кетті. Ал иләһ сөзі мағынасын қазақшада құдай сөз береді. Қазіргі таңда Құдайдың иләһтан басқа мағынасы жоқ. Аллаһ қаласа десек аталарымыз құдай қаласа деген екен. Аллаһ жақсығырақ білуші

  • @user-vb6sl2zd2r
    @user-vb6sl2zd2r Год назад

    Кіріспесінің өзінде қаншама білім жатыр
    Ма шаа Аллаһ
    Аллаһ біздің білімізді арттырсын

  • @user-gm8ge6kh5n
    @user-gm8ge6kh5n Год назад

    Ма шаа Алла

  • @dasheddear-ei8pz
    @dasheddear-ei8pz Год назад

    جميل جدا

  • @nurgisa-89
    @nurgisa-89 Год назад

    Альхамдулиллях

  • @user-bz3wc2tt4e
    @user-bz3wc2tt4e Год назад

    Ма ша Аллах 🎉

  • @Duytrrfghjuy
    @Duytrrfghjuy Год назад

    Амин 🤲🏻

  • @user-pu4vc3bz4c
    @user-pu4vc3bz4c Год назад

    لا حول ولا قوة إلا بالله

  • @user-ne7ne4eu2d
    @user-ne7ne4eu2d Год назад +1

    Робби, зидниль ъилман

  • @312sss.
    @312sss. Год назад +2

    Әссаламу алейкум шарх сунна ал-Барбахари өткізіңізші ұстаз. 40 хадистен кейін.

  • @user-fs4fy3ij3v
    @user-fs4fy3ij3v Год назад

    أحسن الله اليكم، ما في مجموعة في تليجرام؟

  • @bauyrzhangaineshov6762
    @bauyrzhangaineshov6762 Год назад

    Ассаляму алейкум уа рохматуллахи уа барокатуху. Барокаллаху фикум Омар бауырым. Әйелдерге арналған қырық хадис, әйел сахабалар кітабын қайдан табуға болады?

  • @user-kn4cl6wx5i
    @user-kn4cl6wx5i Год назад

    Айел адамдар намазды барлык намазды иштей оку керек па.Нактылап айтынызшы

  • @muslimbrofromkz
    @muslimbrofromkz Год назад

    Админ, тегиға 40 хадис деп санмен жазасыз ба ? Себебі санмен жазсам поискта шықпайды тек әріппен жазғанда ғана шығады.