DANA (6 жас). Менің әжем дара.
HTML-код
- Опубликовано: 19 дек 2024
- Әні Диана Исмаилованікі
Менің әжем дара,
Ақылы мол дана,
Жақсы көрем әже сені ғана.
Ұқсап туған бала
Ұлданайға ғана,
Біздей бала саған табылар ма?
Ал сен күнсің, күнсің,
Жарық берген үйге.
Сен нұрсың, нұрсың,
Шуақ шашып жүрсің.
Сен гүлсің, гүлсің,
Жайқалып жайнаған.
Қасымда жүрші әже.
Астанада жоқ, жоқ,
Алматыда жоқ, жоқ,
Сендей әже тек бізде ғана.
Түркістанда жоқ, жоқ,
Шымқалада жоқ, жоқ,
Сендей әже тек бізде ғана.
Балажанды өзің,
Бізде ылғи көзің,
Айналайын деген
Жылы сөзің.
Мейлі қартайса да,
Жүз жасқа толса да,
Әжемізде биік ой мен сана.
Ал сен күнсің, күнсің,
Жарық берген үйге.
Сен нұрсың, нұрсың,
Шуақ шашып жүрсің.
Сен гүлсің, гүлсің,
Жайқалып жайнаған.
Қасымда жүрші әже.
Астанада жоқ, жоқ,
Алматыда жоқ, жоқ,
Сендей әже тек бізде ғана.
Түркістанда жоқ, жоқ,
Шымқалада жоқ, жоқ,
Сендей әже тек бізде ғана.