Бұл подкастан соң өмір бойы әкеме қарсы қойғаны үшін нағашы апамды да, әкемнің ащы таяғына шыдап, бәрін ішіне бұққан анамды да, қызғаныштың соңына түсіп анамды ұрған әкемді де, туыстардың қас-қабағына қарап, жалтақтап өскен өзімді де ақтап алдым... Өткен күнге өкіну ешнәрсе бермейді, жүрекке салмақ болған ащы бір өксік шықты көз жастарыммен 😢 Терапиялық эффект алдым. Ұйықтап жүрген жерімнен оянып кеткендеймін. 32 жыл бойы арқалаған жүкті түсіріп, өзімнің ең әуелі адам, сосын барып жар екенім, екі баланың анасы екенім есіме түсті... Маған қарап екі қызым бойтүзеп келеді. Сондықтан, менің қу тіршіліктен жеңілуге хақым жоқ. Жүрек таза болса, тұрмыс-тіршіліктің түйіткілі өз-өзінен шешіліп кетеді екен ғой. Бастысы, жүрегімізді кірлетіп алмасақ болғаны екен ғой... Жазған сайын экран көз жасымнан суланып, қолдарым дірілдеп кетті. Ең бастысы, құндылықтарымды таптым❤ Рахмеееет, сіздерге сол үшін. Бақытты болыңыздаршы ❤🙏
1. Семья должна создаваться по взаимной любви . 2. Материнство должно быть осознанным. 3. Семья -это он, она, дети. Спасибо за подкаст. Нынешнему поколению очень повезло, что сейчас много информации на эту тему.
Перизаттың: "Балам құлап бара жатқан сияқты болатын" дегенін естіп, анамды түсіне бастағандаймын. Менің анам сіңлімді босанған соң қатты өзгерді, мені итеретін, маған мүлде назар аудармай игнор жасап, сіңлімді ғана құшақтап отыратын😢 Ол маған қатты травма болды, себебі, мен анам мені жақсы көрмейді, тастап кетті деп талай жылағаным есімде 😢 Ол кезде мен 4-5тер шамасындамын. Анам сіңлімлі алып,төркініне кетіп қалды, мені қалдырып. Ал, мен ата-апамның үйінде әркімнің түртпегінде болдым. Сол кезде әлемде шешесі барлар қандай бақытты деп ойлаушы едім❤😢 Мамамды көргім келетін, ұзақ уақыт көрмегеннен ішқұса болып бір күні ауылдың шетіндегі көлшікке келіп қағаздан қайық жасап, сонымен жүзіп барамын деп ойлағаным есімде кетіп бара жатқанымды ауыл адамдары көріп қалып, мені үйге әкелгені есімде... Қатты шу болды. Көөөөп адамнан мен өзім қорұып кеткенім есімде. Есесіне, сол күні түнделетіп атам мені анама жеткізді. "Бұл бала анасы мен сіңлісін сағынып, ішқұса болған. Бұлай біз өлтіріп аламыз. Анасына апарайық деген атамның көрегенділігі❤😢 шіркін. Анама әкелгенде қатты қуанғаным есімде. Бірақ, қуанышым ұзаққа созылмады, себебі, атам: "Ал, біз кеттік, таңда, осында қаласың да бізбен кетесің бе" дегенде өмірімдегі ең қиыыыын таңдауды жасадым. Көптен көрмеген соң, әрине анаммен қалдым. Бірақ, күндер өте атамды қатты сағынатынмын ❤❤❤ Қанша ішіп, анамды ұрса да әкемді сағындым, ауылдағы бүкіл достарымды сағынып, не оны ешкімге айта алмай қиналатын едім. Нағашыларым "әкең құрсын", сендерді іздемецді, керек емессіңдер сендер" дегенде қатты жүрегім ауыратын 😢 Қазір ойлап отырсам, мұнда ешкім кінәлі емес. Қазір ойлап отырсам, анамда послеродовая депрессия болған сияқты. Себебі, сіңлімді қүгақтаған күйі адамнан қашатын, ацтатын сөзі: "Бермеймін баламды😢". Менің алдымда ағам Дидар болған. Ол баланы атам мен апам өз баласы деп бағып алған екен. Бірақ, абайсызда өлтіріп алған. Содан кейін бұл анама қатты соққы болған😢 Кішкентай кезімде анамның біртүрлі қылықтарына қатты ұялатынмын, балалар "жынды" деп шұқып көрсететін. Қазір өзім де ккі баланың анасымын ғой, анам өмірде жоқ. Менің анамның ешқандай да есі ауыспаған, бұл послеррдовая депрессия. Тем более баласын жоғалтқан ананың қасіреті😢 Подкаст үшін рахмет😢 Бұл нәрсені жүрегімнің түкпіріне тығып тастаған едім. Шығарып, бір жеңілдеп қалдым. Дұрыс айтасыздар, әйел адамға босанған соң ерекше қолдау керек. Сөзбен. Іспен. Ниетпен. Шын көңілмен ❤ Сонда ғана әйел бақытты, әйел бақытты болса, бүкіл отбасы бақытты болары сөзсіз. Әрбір әйел бақытты болуға лайық❤ Женская солидарность сондай ғажап дүние. Осы нәрсені насихаттап жүргеніңізге рахмет❤
сізді оқып 4 жасар қызымның неге қорқа беретінін түсінгендеймін🥹 3інші қызымды босанып келгенімде ортаншы қызым өзгеріп бастады. көзі мөлдіреп қарап тұратынды шығарды. Бір күні қонақтыққа асығып жүріп (3 қызым бар) ортаншы қызым құлақ етімді жеп жіберді,одан қалса ата-ене,күйеу бәрі мойныма ілініп көтере алмай тұрған мен … жанымдағы “менде барам,барамын ба,шашымды жинап берші” деп тұрған ортаншы қызымды итеріп жібергенмін … әлі өкінем,сол кезде маған қараған көзқарасы..🥹 кешіремін ғой дегендей қарады әрі сол күні ортаншы қызымның туған күні болатын 🥹🥹🥹
@@Reimshugaөзіңізді кінәлі сезінбегеніңіз дұрыс болады деп ойлаймын. Өйткені, өткен іс өтіп кетті, қайтара алмайсыз. Бала барлығын да түсінеді, қызыңызбен отырып ашық сөйлесіп көріңіз ❤ Бала барлығын да түсінеді, қорықпаңыз. Бастысы, балаңызбен қарым-қатынаста сызат түспеу үшін ашық сөйлесу маңызды. Оны жақсы көретініңізді, әдейі жасамағаныңызды айтсаңыз барлығы дұрыс болады ❤ Солай боларына кәміл сенемін 🙏
@@Reimshugaшынымды айтсам, мен жүрегімді ашып, сырымды жайып салудағы мақсатым біреу болмасын біреуге ой салар болған. Мақсатыма жеткен сияқтымын. Сіз оқып, ой түйдіңіз. Соған қуанып отырмын және жазудағы мақсат мені біреу аясын емес, менің оқиғам басқаларға сабақ болса екен деген ниет болған еді ❤ Кері байланысыңызбен мені қатты қуанттыңыз. Ана ретінде мен сізді жақсы түсінемін және ешқандай ана баласын жек көрмейтінін де түсінемін. Егер сіз өзіңізді кінәлі сезіне берсеңіз, өзіңізге де қыздарға да зиян. Себебі, кінәлі сезінген адам не істейді? Жазасын алады емес пе? Өз-өзіңізді кешіре алсаңыз, басқаларды да кешіре аласыз және жазалаудан азат боласыз. Өйткені, кінәлі адам жазаланады ғой. Кінә сезімі жазалау программасына әкеледі бейсаналы түрде. Ең қиыны, көбінде адам өзін-өзі жазалап жүреді, іштей жеп... Ешкім идеалный емес екенін ешқашан ұмытпаңызшы 🙏 Бақыт тілеймін ❤
Айнұр мен командаға көп рахмет. Мен үшін өте жайлы, жылы әңгіме болды. Барлық пікірлерді оқып шықтым, жеңімпазды таңдадым. Қиындау болды. Өйткені барлықтарыңыз жеке тәжірибелеріңізді ашып айтып, ақтарылғансыздар. Көп рахмет. Бір-бірімізге демеу бола білейік. Маған тілегендеріңіз бастарыңызға келсін, бақытты ғұмыр кешіңіздер.
Бір деммен көріп шықтым, білімді,парасатты ҚАЗАҚ ҚЫЗдарының сұхбатын ұйып тыңдадым, бүгінгі әңгіме басқаша еді ұққанға,ұғынғанға. Рахмет,сіңілдерім! Көп нәрсе жазғым келіп еді, ойымды жүйелей алмай отырғаным.. ҚАЗАҚ ӘЙЕЛ- АНАларына алыстан құшақ толы сәлем 🌷🌷 🌷
Тындап журип калай битип калганын байкамай калыппын. Керемет подкаст. Букил айтылган создердин астында жаткан сезимди бойымнан жургиздим. Менин окигам да сиздинкине уксас… олай айту себебим, оку битирер сатимде мени де алып кашкан, бирак сол баягы « идеалды казак кызы» болу ушин калуга тура келди. Ата- анам окыган адамдар, бул дурыс емес дегенмен, сол уйдеги улкен апалардын ангимеси, жерге жата калып токтау айтатын создери асер етти ме, билмедим, калдым. Ата- анамды ренжиткениме сол кезде катты ренжимин озиме. Арада зорлык-зомбылык, жокшылыкпен 4 жыл отти. 2 балам дуниеге келди. Бурынгы жаркырап журген «мен» жокпын. Омирдин мани кетсе де, сол жердин отынан кирип, кулинен шыгып журген келин едим. Оны да аздык корип, еки улыммен коса апарып тастады торкиниме. Мен дал сол саттерде, озимнен кина издеп, кай жерде карсы шыктым екен деп журсем, ол аулетте жана 17 жасар келин тусирип улгереди. Сол кезде, мен ол отбасын жибердим, букил улкендерин алдынан оттим. Кинам болса айтыныздар деп. Бирак мин такпаган олар ун катпады. Содан арым таза енди деп, озимди бостандыкка шыкканымды сезиндим. Зорлык- зомбылыкка талай тозип келген кыз келиншектер тусинеди. Мен ауанын тазалыгын, балаларымнын дени сау, касымда екенин тусиндим. Аллага шукиршилик айтып , бурынгымды жибердим. Женилдедим. Рахаттандым. Бирак ол киындыктардан мен махаббатка сенбей койган жокпын. Тек озиме уакыт арнадым. Даму ушин, калпыма келу ушин. Солай конилим орнына тусип, омирдин керемет екенине куанып жургенимде , бир академияда окыган, озим кезинде унаткан болашак жарымды жолыктырдым. Арамыз оте коп шакырым болса да, ол баска елде , мен осында, биз араластык, гашык болдык, жаксы кордик. Тилим куйген мен арине корыктым. Бирак 4 жылдан астам уакыттан сон, елге оралып , биз шанырак курдык. Казир тагы кызымыз туылды. Шукир айтам кунде. Балаларыма огей акеси екенин бир билдиртпеген, менин аягымды жерге тигизбей алып журген, мени жане менин ата анамды , туган туыстарымды кемситпей томендетпей курметтеген адамды жолыктырдым. Осындай саналы ер адамды тарбиелеген ата анасына шукир етем. Берилип ангимени узак жазып кеттим ау) тунде жаксы кетеди екен😁. Бастысы айтарым, ар адамнын тени бар. Откенге окинбеймин. Сабак болды. Бирак кыздарга айтарым. Сиздер бакытты болмасаныздар, ешким бакытты болмайды. « уят болады» дегеннин де оз орны бар. Сиздер жеке тулгасыздар, сизди колдайтын ата-ана , достарыныз бар. Ешкашан озинизди корлауга жол бермениздер! Сиздер бакытты болуга лайыксыздар. Жасым келип калды деп те асыкпаныздар! Барлыгы оз уакытысымен. Менин откеним казыр коркынышты тус сиякты отти. Бирак мен ондай ортаны ешкимге де тилемеймин! Оздеринизди суйип уйрениниздер, сонда сиздерди де суйеди айналаныз. Осымен битти) Бакытты болыныздар кыздар! ❤
Очень многое переняла себе! Какой Прекрасный и сильный Духом Человек - Перизат! Слушала на одном дыхании! Правда жизни о которой умалчивают! У нас Жизнь одна, поэтому надо жить Красиво! Айнур спасибо за подкаст!
Мықты подкасттың бірі болды. Шынында да Перизат өзіңіздің ашық жарқындылығыңызбен, басқалар үлгі тұтарлықтай 21 ғасырдың бетке ұстар тұлғаларының бірісіз!
Кітапты оқып алғаннан кейін бұл сұқбат тек қайталау сияқты болды. Кітапты 1күнде оқып бітірдім. Өте қызықты, сюжет әдемі, сізге рахмет осындай кітап үшін… подкастты тағы жылап көрдім…❤❤❤❤
подкаст өте керемет болды) Перизатты жайдарманда көргенмін бірінші рет, одан кейін 3-4 жылдар бұрын сұхбаттар, подкасттардан көріп келе жатырмын. Әр әңгімеден Перизаттың ерекше көзқарасымен, ерекше ойлау жүйесі арқылы мен өзіме көппп инсайт алғанмын Перизаттың кітабын аламын деп отырған күні каспиде таусылып қалды деді:(( менің қалама (туркестан) келетін күні мен басқа қалада болып қалдым:(( Кармамыз бар ау біздің де( өкінішті) Мен махаббаттан жеңілгім келмейді, осы керемет сөзге риза болдым. Рахмет саған Перизат, менің көзқарастарымды өзгерткен сенсің)
Шыныменде Керемет подкасттардың бірі, біраз болды осы кісіні қарап, оқып жүргеніме еш өкінбеймін. Бүгінгі подкасттан кейін кітап оқығым келіпкетті😄😄😄 оқыған,интеллекті адам екен көрінеді. Сіздей адамдар көбейе берсін!❤
Перизат ханымды қазақша КВН - нен бері білемін. Өте ақылды, тілге шебер, оқыған қазақтың Мен дейтін қызы. Рахмет подкаст өте қызықты және жақсы тақырыптар көтерілді.
На одном дыхание көріп шықтым. Өте шынайы, ақылды, бастысы бақытты және өз жанын қалауын орындап жүрген жансыз. Менде де екі қызым бар , көп нәрсеге ойландырып қойдыныз! Рахмет сізге
Дауысы сондай жағымды әрі биязы болғасында өте жақсы сұхбат болды деп ойладым. Перизат бағың жансын !!! Әйел қырық шырақты дейді шырағың сөнбесін ,қызыңның соңынан іні -сіңілдері ере берсін !!!
Шын мәненде жыладық күлдік әдемі подкаст болды. Мен өмір сұріп жатқан қоғамда сіздердей өз ойларын айта алатын қыздардың болуғанына қуанамын. Сіздің тарихыңызды естіп өз тарихыма өзгеріс еңгізе аламын деп ойлаймын. Рахмет үлкен❤
Обожаю Айнур Илиясову❤ она очень грамотный ведущий, все выпуски всегда получаются самыми искренними. Она умеет правильно подобрать слова так чтоб не задеть чувства и в то же время спрашивать о том что будет интересно публике👍 Изначально меня заинтересовала эта программа только потому что я сама на декрете и мне хотелось занять себя чем нибуть но теперь, просмотрев несколько выпусков я понимаю что это действительно полезная программа, особенно для нас женщин котоые находятся в декрете. Важно понимать что мы не одни сталкиваемся с этими трудностями
Керемет сұхбат болды.. Перизат ханым әйелдің жанын түсінетін шырылдап жүрген қазақ қызы аман болыңыз, өтімді сөздеріңіз көп болсын Аллам сүйгеніңізге қоссын бақытты болуға лайықсыз❤
Махаббаттан жеңілген жанның қатарынан болмауға ұмтылу керек әрбір адам, мықты инсайт алдым. Өте әсерлі сұхбат болды. Женская солидарность туралы айтқаныңыз ұнады. Менің ішімдегіні айтып жатқандай болдыңыздар. Өмірдің мәні Махаббат екенін, шын жақсы көрген адам ғана түсінеді. Сол бақытты сезінудің өзі бақыт. Өте мықты, сөздік қоры бай жан Перизатқа риза болып отырмын.
Керемет подкаст болды! Әкесіз өскен қыздардың бірі мен едім. Алғашқы махаббатым сәтсіз болды, мені бағаламайтын адамға сеніп қалдым 17 жасымда. Жаным жаралы болды, көңілім қалды. Сосын жақсы жігіт деп ойлап басқа адамға тұрмысқа шығып балалы болдым. Қазір екі қызым бар. Бірақ жолдасымдай адам қыздарыма кездеспесе екен деп тілеймін… өкінішке орай, жолдасымнан шынайы махаббатты көрмедім. Үнемі ойымда ажырассам ба екен деген ой тұрады. Қазір ғана ойланып жатырмын әкесіз өскесін өзім шынайы махаббатымды кездестірмедім бе деп…
Қателесесіз. Ия, әкесіз өмір әсер етеді. Бірақ, ұрыс керіспен, әкенің тарапынан көретін жауыздықтан әкесіз өскенде дұрыс. Келесісі, сіз бақытсыз болсаңыз қыздарыңыз бақытты әйелдің моделін қайдан алады?
Сіздегі сезім, как раз сол ғой, әкенің махаббатын көрмеген қыз, ешқашан толық бақытты сезіне алмайды ау мүмкін, то есть көп жағдайда. Қандай еркек болса да жетпей тұрған сияқты сезіне бересіз. Психологтар солай айтқан. Әкесінің махаббатына тойып өскен қыздар басқа жігіттерден күтіп жүрмейді махаббат деп айтқан көп психологтар. Әкесі бар болса да сол 90жылдарда өскен қыздарда әке тарапынан керемет бір махаббат болмады көбісінде. Себебі суық еді олар, әкелер балалармен, әсіресе қыздармен жақын болмады.
Дұрыс айтасыз, жаралы ұрпақпыз. Осы цепочканы үзуге тырысу керекпіз,жетілу,өзіңді тану, қарым-қатынаста ашық болу(жан дүниеңде не болып жатқанын жақыныңа айту,ішімдегіні таны деп отырмай)балаларымыз бақытты ұрпақ болу керек. Қазақ деген ұлт жақсы,білімді,жігерлі,иманды,жан-жақты,ЕРКІН болу керек. Өте керемет сұхбаттардың бірі. Жарайсыз Перизат ханым! Өміріңіз өзіңіз қалағандай өзгерсін.тілекшіміз!
Классный подкаст получился, спасибо Айнур за чудесную гостью. Перизат одна из немногих, которая освещает проблемы казахстанских женщин и не боится отстаивать свои права. Рада, что у нас есть такие грамотные, смелые, свободные от предрассудков девушки❤ Я живу в Шымкенте, очень часто сталкивалась с хамским отношением мужчин к женской половине. Хотела бы рассказать случай из моей жизни. У меня работала техничкой пожилая женщина, очень хорошо справлялась со своими обязанностями, казалась очень милой женщиной. Потом она попросила заменить ее снохой. От снохи узнала, что свекровь ее эксплуатирует как рабыню, перед сном тесто на хлеб замешивает, готовит на всю семью на следующий день, утром в 5 встает, чтобы испечь хлеб, всех кормит завтраком, дочь отправляет в сад, едет с 2 пересадками на работу, вечером моет грязную посуду за целый день и опять по кругу. Самое интересное з.п. отдает свекрови, а та платит кредит за неудачную попытку эко своей дочери, т.е. золовки. Я ей объяснила, что они по сути воруют ее жизнь, какая цель вообще у нее по жизни, почему она не может просто быть счастлива, тратить заработанное на своего ребенка. В итоге свекровь еще и избила сноху, ей пришлось съехать на квартиру. Этот случай на курсах ораторского мастерства мы обсуждали с сокурсниками, один взрослый мужчина, современный бизнесмен, обвинил меня, что я разрушительница их семьи😅 вот такой менталитет у казахов, уят болады...
Перизат ханымды тек подкасттан коретинмин, как личность билмедим. Аса унамагандай болган , бугинги подкасттан корип оте журегим жылып, кандай керемет жан деп калдым. Жан-дуниеси бай , журеги таза .
Осындай өмірден кейін сүйе алғанын, сүйетінін және сүйгенімен бірге болғысы келетінін ашық айтқаны ұнады. Ажырасқан соң еркек атаулыдан безіп, өз өмірін мүлдем жауып қоятын қыздарға керемет сабақ болды. Өзімді ешнәрсеге лайық емеспін, болдым бітті деп жүргенім қателік екен. Перизатпен сұхбат деген подкастка барғым кеп кетті. Батылдықты үйрену үшін... Бақытты болыңыз!
Сұхбаттың шығарылымына атсалысқан барша ұжымға рақметімді айтқым келеді ең алдымен💜💜💜💜Перизат ханыммен бір заманда өмір сүріп жүргенім үшін бақыттымын)))🌹🌹🌹Әр подкастында ойшылдығы, дара пікірі, өткір ойы ойландырып қояды. Кітапты да бір күнде оқып тастадым.Бұл сұхбат сол кітапқа керемет толықтыру болды😍😍😍Біршама қалып қойған сұрақтарымның жауабын алдым🥰🥰🥰Айнұр ханымның да керемет дайындығы сезіліп тұрды, әңгімені бөлмей әр шақырған қонақтың жан дүниесі түсіне алатыны қатты ұнайды♥️♥️♥️Экрандағы жылтыраған жұлдыздардың да ана болғандағы күйін естіп, мидағы біраз ақпараттарды теріске шығарады. 4 жыл бойына декретте отырған мен үшін Мамский әңгіменің әр шығарылымы терапия сынды тыңдай бергің келеді. Әр сұхбатта әр түрлі тағдыр, әр түрлі қабылдау, кейбірінде мида жарылыс, жүректе үміт, жүзімізге езу тартқызып жылылық береді👍👍👍Міне сондай Жып-жылы сұхбат үшін рақмееет💜💜💜💜
Подкастты тыңдап отырып көп жерінде автормен бірге сезімдерді бірге өткергендей болдым. Тағдырымыздың көп жері ұқсас екен.Менің де ата-анам ажырасқан. Менің де нағашы апам көп араласты. Нағашы жұртым, әкемді жек көргеннен бір нәрсе болса бітті, әкесіне тартқан, әкең құрсын" деп жиі айтатын. Ал, мен іштей әкемді жақтап, оны сырттай көрсете алмай "ішқұса" болатынмын... Сондай кезде, неге бізде ғана осындай туысқан болды екен деп талай көз жасымды сығып алатын едім. Ол кезде басқалардың туыстары бір-біріне жанашыр, қатты қолдайтындар болып көрінетін... Жалғыздық сезімі жеп қоятын еді. Тіпті, осы күнге дейін осы подкасттан соң жалғыз емес екенімді түсіндім😢 Бәрі сырт көзге ғана солай көрінеді екен ғой. Жабулы есіктің ішінде не болып жатқанын біз біле де бермейді екенбіз. Мына подкастан соң мені де адамдар түсінеді екен ғой деп ойладым. Иәәәә, басынан өткендер түсінеді. Біреудің түсінгенін күтіп, біреуге бірдеңе дәлелдейін деп ғұмыр кешкенінімді түсіндім. Бұдан былай, барымды бағалап, быть жеп тастаған баяғы махаббат сезімімен жұмыс істеймін деп шештім. Дер кезінде тыңдағаныма шүкір, игіліктің ерте кеші жоқ дегендей, әлі де кеш емес екенін түсіндіргендеріңізге мың алғыс ❤🙌
Бір неше рет тындадым подкастты, мен де сол махаббатка сеніп, сезініп жүрген адаммын, тағы да көзім жетті, ия махаббат үшін өмір сүру және күресу ол тұрарлықтай нәрсе, өмірдің мәні де, сәні де! Ойыңызға рақмет, шын бақытты болыңыз❤
Шыныменде эпопея көргендей жүрегім ауырып қарадым❤ Барлық нәзік жандылар бақытты болсыншы🥺🫶 Бас кейіпкерді осы күнге дейін білмейтінмін, кітапты алып тез тез оқығым келіп кетті😅 Үлкееееен рахмет осындай эмоция сыйлағандарыңыз үшін🥰
Маған қатты әсерлі болды осы подкаст. Махаббат деген нәрсені түсінгендей болдым, осы уақытқа дейін махаббат деп жүргенім басқа нәрсе екен. Жылағым келді, жүрегім ауырды. Перизаттың өмірімен менің мамам сүрді. Оны да жас кезінде алып қашты. Жасы 23 те, ол кезде отырып қалды деген кез. Сонымен сол үйде қалды. Есімді білгелі екеуінде махаббат болып бір- бірін құшактамақ түгілі, мақтау сөз айта алмайтын. Көп ұрысатын, біз туылдық. Мамамның папама әрдайым өкпе-реніші көп еді, бізге де айтатын. Ажырасыпта кетпеді, папамды да қабылдай алмады. Сонымен мамамды женский жақтан көп ауырды. Климакс ерте басталды, кейін маткасын алып тастады. Семья деген сол екен деп менде мамамның өмірін қайталадым. Тура солай өзім жаксы көрмейтін адамға күйеуге щықтым 23 жасымда. Бірақ мен сездім уже семья бола алмайтынымызды көп ұзамай ажырасып кеттім. Ойлап қарасам менде махаббатты сезінбеппін осы уақытка дейін ата-анадан, жігіттен.
Өте ұнады.Көп нәрсе ұғынуға болады екен.Сұхбатты көре отырып қандай бақытты жанмын деп тәуба еттім.Махаббатқа толы отбасында дүниеге келгеніме, басқа адамдарға махаббат бере алатын мың шүкір.Аман болыңыз, мәңгі махаббат тіледім❤
Өте әсерлі,әңгіме болды ащы шындық әр әйелдің басында болатын тарихи дәлел,ғаламат тыңдай бергім келеді. Жарайсың кішкене балапаныңның қызығын көр.🙏🥰😍😘👏👌
Мен үшін мамский әңгімедегі ең мықты сұқбат. Терапиядан өткен сияқты боласың. Қателіктеріңді көресің бұрынғы, неге сол кезде тупить еткенмін деп ойлайсың😂. Перизаттың өзін твдан квннен көретінмін, ұл сияқты қыз деп ойлаушы едім, бүгін міне қандай керемет ақылды, білімді адам екенін көрдім❤
Жасым 37 де. Менде 90 шы жылдардың баласы. Анама рахмет айтқым келеді ❤️ Мені әжем бер, өзім бағамын дегенде, мені бермеген🙏 Әжеме махаббатым шексіз❤ бірақ Анамның орны бөлек ғой❤
Керемет сұхбат болды! Рахмет! Перизаттың біздің қоғамымыз туралы айтқан ойларымен толық келісемін. Шынайылықты көп адамдар құптамайды, өкінішке орай. Әрине, отбасыда шынайы сүйіспеншіліктің болуы шарт. Сүйіспеншілігі бар отбасыда ғана балалар бақытты болып өседі.
Перизат сізге келгеніңіз үшін рахмет! Сіздің барыңызға шүкір! Әйелдердің жағдайын айтқаныңыз үшін рахмет! Басымнан өткен оқиға болған, соны айтып берейін. Маған көп жігіттер сөз салады. Солардың бірінен сұраймын ғой, не үшін үйленгін келеді маған деп? Ол болса, анама келін болатын қызсын, үйдің шаруасын жақсы жасайсын дейді. Сол сөзінен соң оған тек үй қызметшісі болатын қыз керек екенің түсіндім. Бірақ ол балаға деген сүйіспеншілік болды. Бірақ бірінші орынға өзімді қойдым. Және оны ұмыту үшін жұмысқа басым мен кіріп кеттім. Бірақ уақыт өте келе бұл махаббат емес балалық өткінші сезім болғаның түсіндім. Бірінші өте жас болдым 17 жаста. Және оның сезімі маған деген шынайы емес екенің түсіндім. Сол үшінде ұмыту тез болды 😉 Енді жалпы қыздарға айтарым, тұрмысқа шықпас бұрын жігіттерінен сұраңыздар, принциптері қандай екен біліп алыңыздар... Өзіңізді әрқашанда бірінші орынға қойыңыздар!
Өте мәнді сұхпатыңызға рахмет! Алла әділетті ғой, үмітіңізді үзбеңіз, әр адам бақытты болуға лайықты! Творчестваңыз тоқырау көрмей жаңа, тың идеялармен толықсын! Алар асуларыңыз биік болғай! Мен үшін жаңалық болдыңыз, дәл бүгін!
Сұхбатты толық тыңдап шықтым. Перизатпен жаным егіз, ойым үндес күй кештім. Соңғы жағында: "Махаббаттан жеңілгім келмейді. Жақсы көремін. Оның да солай екеніне сенемін" деген сөздерін естіп, жылап қалдым. Біз жақынымызбен іштегі бұғып жатқан ойларымызды бөлісуге қорқамыз. Ал Перизаттың санасындағы арпалысып жатқан зіл батпан ойларынан арылып, кітапқа төгуі, жалтармай, жалпақ жұрттың алдында осылай сырын төгуі - БАТЫЛДЫҚ. Оның миссиясы - бәлкім, жүректерді ояту болған шығар. Менің жүрегім оянды. Мен сияқты қаншама жүректер басқаша соға бастады екен? Кейбір кісілер: "Онда неге 9 жыл тұрдың? Махаббаты несі, күйеуің тым тәуір" деп жазып жатыр екен. 9 жыл - сананың күресі, 9 жыл - төзімнің шегі, 9 жыл - өзіңді де, өзгені де алдауға тосқауыл , 9 жыл - жүрек пен ақылдың таразысы. Әркім махаббатты әрқалай ұғар. Біз автордың шешіміне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмірдің мәні - сүю және сүйікті болуда. Шын махаббат, шынайы сезім бар жерде - қиял аттан құласаң да, қиянаттан жыласаң да жеңіл. Махаббат бар жерде жан сарайың - гүлзар бақ. Сондықтан да шығар, М.Шахановтың: "Ешкімнің де уысына түспейтін, ешкімнің де бақшасында піспейтін зор махаббат" тілегені? Сондықтан да шығар, "Махаббат дегеніміз - екі пайымды адамның сана биігінде жолығуы" дегені? Күйеуім жақсы еді, жуас, қарапайым дегеннен махаббат лаулап кетсе жақсы ғой. Мен сүюді үйрету үшін жазып отырғаным жоқ, махаббат туралы көзқарасым Перизаттың пікірімен дөп болғасын жазып отырмын. Перизаттың қазақ қоғамы, әйел тағдыры жайлы ащы шындықтары - "ЖАРЫЛЫС". Мидағы ЖАРЫЛЫС. Оянайық!
Жалпы осы подкасттың үзінділерін Instagram желісінде көріп аса онша мән бермейтін едім. Алайда Перизатпен түсірілген подкастты үзбей қарадым. Расыменде әйел адамның басына қаншама қиындық келсе де, Феникс құсы сияқты қайтадан жаңарып, дамып, қайтадан махааббатқа сенуі. Бір ерекше Алланың құдыреті секілді. Әр адам біздің өмірімізге сабақ беру үшін немесе сынақ үшін келеді деп ойлаймын. Көп көп рахмет 😘😍 Енді сіздің покасттарды үзбей қарайтын боламын. Ал Перизат ханымға әйел бақытын тілеймін ❤❤
Өте керемет подкаст болды. Өмірдің шынайы айнасын ашып берді. Сол айнаға қарап, талай адам өзін көреді деген ойдамын. Әрбір қыз, әйел, ана бақытты болуға лайық. Өте өткір,шынайы , мәдени түрде жеткізе білді. Әркім өзіне алатын сабағы бар. Қаламыңыңыз ұштала берсін.💐💐💐
Рахмет сіздерге . Өте риза болдым. Тыңдай отырп 1 минутта өзіңе өткеніңе көз жугіртет екенсің жане казіргі кезеңге . Брак казір тындаган подкастты санама салсам өзімнің ойлап 7рет өлшеп бір рет кес деген адемі сөзбен токталып ойларымның алға койган максат , армандарымның дұрыс екеніне тагы бир көз жеткіздім. Кітап туралы естісем жетуге асығам , интернеттен тапсам міндетті турде окимын !!!
Спасибо подкасту , что даёте возможность узнать о таких интересных личностях и их историях👏👏👏 Очень понравилось высказывание Перизат « Любовь для сильных людей» ❤
Осындай адамдар қоғамды жақсы өзгертеді. Өте күшті сұхбат болды. Жараларым көп екен, мен жалғыз емес екенмін. 7 жыл жүрдік, некеде 6 жыл болды, соңғы кездері мен өзімді оның тек қолдаушы, көмекші ретінде сезінем. Махаббат сезімі туысқандық сезімге айналған.
Мен 1-курс оқып жүргенімде Перизат ханым 4-курста оқитын. 1 курс студенттерін қабылдау кешіне жүргізушілікке өтуге Перизат т.б 4-курс қыздарының алдына бір топ қыздар келіп тұрдық. Іріктеп мені және тағы бір қызды таңдап алды. Екі қыздан 1 қызды таңдау керек болғанда қасымдағы қыз менен мықтырақ болып, сол қыз кешті жүргізетін болды. Менің көңіл-күйім әрине, түсіп қалды. Барлығы қуанып, жаңағы қызды құттықтап, улап-шулап жатты. Сол кезде Перизат қана мені түсініп, менің күйіме түсіп, ойланыыып, ойлы көзбен қарап тұрды. Сол бір әрекетінен қандай жақсы адам екендігі, басқаларша ойламайтындығы, түсінігі мол, адамның жан дүниесін түсіне алатындығы көрініп тұрды. Осы оқиғаға санап отырсам 15 жыл өтіпті. Ал сол көзқарас Перизат ханымды көрген сайын менің көз алдыма күні кеше болғандай келеді. Қазіргі таңда мұғаліммін. Кез-келген мектіпішілік үлкен іс-шараларды жүргізуді басшылар әрдайым өзіме тапсырады. Түк те қысымлмай жүргіземін, себебі мен Перизаттай мықты маманның іріктеуінен өткенмін. Перизат ханым, сізге шын жүрегімнен әйел бақытын тілеймін. Түріңіз ғана емес, барлық жан дүнинңіз бақыттың күйін кешіп жүргуіңізге тілекшімін🤲
"Құдай бізге жақсы көреуге мың себеп бергенде, жек көретін 1 чебеп тауып аламыз-ау" деген фразасы қатты ойлантты. Расымен де, неге біз адамдарды жек көруге құмармыз? Осы жеккөрініш адамды құртатын. Ал, махаббат пен мейірім бүкіл әлемді құтқаратын секілді... "Сұлулық емес, расымен де осы махаббат пен мейірім мына әлемді ұстап тұрғандай... Махаббат - алапат күш ❤
Рахмет көп-көп. Бұл сұхбат маған қатты ұнады, тіпті көзіме жас келді. Мүмкін өміріміз ұқсағандықтан шығар. Шынайы әңгіме болды, Перизатты басқа қырынан таныдым. Алдағы уақытта сүйген адамына қосылып, бақытты болсын.
Талғамың тосын жан екенсің Бауырым❤❤❤, Алла тағала баянды ғұмыр берсін🤲🤲🤲. Әйел жанын тек әйел ғана түсіне алады, сол еш нәрсемен өлшенбейтін керемет сезімталдықты жүрекпен сезіне білу де кез келген пендеге бұйырмаған қасиет… Қызылды жасылды киім киіп, ішіп-жегендерін әнгіме қылатын көп пендеге қарап, Алла тағалама мың шүкір айтамын мені дәл осындай қиялилау ғып жаратқаны үшін🤲🤲🤲❤. Бала тоңбас жүрегінің оты бар, тас қабір ғой сәулесі жоқ көкірек дегендей, жүрегіңнің оты сөнбесін ешқашан, Алла берерін тауыспасын, не нәрсе берсе де қайырымен берсін🤲🤲🤲. Менің тағдырымды қайталаған екенсін, мен сенің кітабыңды оқымасым да .., не туралы жазғаныңды барлық жан дүниеммен түсініп отырмын❤. Менің де жалғыз қызым бар, жақында Әже деген статусқа ие болдым.. 50 ден ассам да әлі күнге шын жүрегіммен бір жанды жақсы көргім келеді..😊, кім біледі ол кун де бір күні орындалар.. Бақытты бол жаным, менен бір ерекшелігің ана бақытын да, әйел бақытын да сезініпсің.., демек сен уже бақытты жансын❤❤❤, ал мен біреуін әлі кутудемін😊😔
Перизат қызым өте керемет әңгіме болды ❤өз бақытыңды табуға тілектеспін бақыты болуға лайықтысың және балапаның да бақытты болсын өз әкесіндей әке кездесіп өмірлерің әрі қарай тамаша болсын бақытты бол қызым шын жүректен бақыт тілеймін😘🤲💐
Перизаттың ойы әйел тағдыры туралы бізге айтып жеткізуі маған көңілімнен шықты. Осындай көзқарастары дұрыс ішіндегі ойын жеткізу арқылы және кітап жазу арқылы қазақ әйелдерінің үнін сезіндіруде ол -көркем өнер👍 ең бастысы осы сұқбатта қарапайымдылық тіл маған өте жақын болды🙏❤️🙋🏻♀️💐
Кайырлы кеш!!! Интересное интервью!!! Понравилась смелость Перизат ханым в оголении практически своей души, чувств, пережитых эмоций. Ее книга думаю будет для многих открытием, да столько семей живут в придуманных сценариях, не позволяют быть себе счастливыми, на глазах шоры условностей:"уят болады", "сол уйден суегин шыксын". О чувствах и переживаниях женщин закрывают глаза, обесценивают, в нашем менталитете иметь "удобную" жену ,мать своих детей, смотрительницу за родителями, но никак не любимую женщину. То как Перизат рассказывала о своей настоящей любви😢, все еще по живому, ей сложно совладать с эмоциями, наше общество порицает связь женщины с младше себя мужчиной, но поддерживает мужчину, даже если он в дедушки годится жене. Желаю Перизат обрести внутренний гомеостаз, чтобы границы ее сознания раскрылись с еще большей амплитудой и она обрела истинное счастье с самой собой и с миром!!!
Сызге коп коп рахмет осы жерге келып озыныздын отбасынызда болган жагдаилармен болыскенызге ❤ мен озым турмыс курмасамда папам мен мамамнын арасындагы болып жаткан маселе мен каз озымымнын алдагы арекеттерымнын жауабын алгандай болдым 😢сыз аиткан кытаптарды окып жане оны мамага да окытамын 🙏осындаи подкастардын аркасында коп нарсены тузеуге тырысып журмын❤Перизат ханым сызге коп рахмет осылаи келып оз бастан откерген окиганызбен болыскенызге , коп нарсе угындым❤Айнур ханым га да алгысым шексыз коп жас кыздарды улкен омырге жаксы баруына коп улес косып жатыр💕💕❤️❤️❤️🥹🙏
Өте керемет подкаст. Перизат ханымның басынан кешкендерін тыңдап отырып,менің өмірім сізге қатты ұқсайды екенін түсіндім . Менде 8жыл болды бала көтермедім. Және қазір мен өзіммен жұмыс жасағаннан бері күйеуімді сүймеймін.Арамыз суып бара жатыр. Ол маған сүйемін, кетпеші деп жалость жасайды. Мен оны сыйлаймын, бірақ сүймеймін. Қазір мен өзімнен 8жас кіші жігітке ғашықпын. Кеңес беріңізші Перизат ханым?! Әр әйел бақытты болуға лайықты ғой.
Перизат ханым, рақмет сізге. Осы подкасттан кейін мен жолдасымды сүйетінімді тағы есіме түсірдіңіз.❤❤❤ Шыны керек феминистпін деп, кейде я всё могу и сама деп, құтырып ажырасам деп кететініміз бар. Бірақ шын сүйіп тұрсаң, сені де жолдасың сүйіп тұрса ортақ балалар болса оның бәрі бос сөз екен. Послеродовая депрессиядан жүрген маған күшті көмек бердіңіз! ❤❤❤
Сәлеметсізбе Перизат ханым подкастті көріп сізді өмірдің басқа жағынан таныдым , өте пайдалы ақпарат болды , менім басымнанда послеродовая депрессия өтті соны ер кісілер білгені дұрыс қолдау беріп күшті әсерлі шынайы подкаст болды
Перизатты мен анау twitter кезінен білемін. Сол кезде қатты арық болатын және өте арық формада жүретін. Твиттерде жазғаны маған қызық болып, бүкіл әлеуметтік желіден тауып алдым. Юморы өз алдына, қайсарлығы мен ойлылыға тәнті ететін. Әлі күнге дейін сол, ӘБ хештегін іздеп жүріп оқимын. Жәніііім, кітабын оқып отырып ағыл-тегіл жылағаным есімде... Менің оқиғам сәл басқаша болды. Біз сүйіп қосылдық, бірақ сүйгеніме қосылғаныммен сол басында конфетно-букетно периодты ыдыс-аяққа араластырып жібергенімді түсіндім... Жалпы, өмірде анау дейміз, мынау дейміз, инстаграмнан мимимишныц картиналарды көріп, реалдан алыстап кеткендейміз. Кітаптан соң өкіріп тұрып жылағаным, жүрек қылын шертіп өткендігінен, бір кездері ыстықта да, суықта та бірге боламыз деп уәделескен біздер қай кезде бір-бірімізге "жат" болып кеттік деп ойландым... Менің ата-анам да ажырасқан. Мен әке-шешесінің бірге жүргенін, бір-бірімен әдемі уақыт өткізгенін көрмегенмін. Көргенім, әкем мас болып анамды ұрғаны, біздің көше-көше, көрші-қолаңды паналап қашып жүргеніміз, өзімнің туған әкемнен өлердей қорыққаным🥺 Тұрмысқа шыққаныма 10 жылдың жүзі болыпты. Өзім әкесіз өскен соң балаларым әкесіз өспесе екен деп "бәріне шыдап келіппін". Себеп, шешем бәріне шыдады ғой... Соңында не болды? Менің анам да алып қашудың құрбаны. Әкем анама дейін 2-рет үйленген. Анамды қыздай алып қашқан. Бірақ, қызғаныш деген қызыл ит бір отбасының ойранынын шығарды. Анам өте көрікті еді, жас кезінде. Сұр тіршілік анамды ерте қажытты. Қазір анам өмірде жоқ. Жатыр мойыны ісінен қайтыс болғалы 4 жыл. Анам қайтқан соң қатты ойландым. Мен "бәрін ішіме тықпаймвн", "Мен балаларымның есінде бақытты ана" ретінде қалғым келеді деп қатты ойландым. Бірақ, мына сұхбаттан соң ана рөлін көбірек алып, жар ретіндегі миссиямды қаншалықты орындап жатырмын деп ойландым 😢 Перизаттың: "Әйел бақыты сүйген адамымен бақытты болу" дегенін естіп бір жылап алдым. Мен жолдасыма қаншалықты құрмет көрсетіп жүрмін, қаншалықты оны бағалап жүрмін деп өзіме сұрақ қойдым. "Құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат, қызық мол жылдар" деген сөздер ойыма оралды. Құндылықтарымды ауыстырып алғанымды түсіндім😢 Осы нәрсені ұғынуға үлес қосқандарыңызға рахмет ❤ Сіздің сарғайған жапырағыңыздан деп білерсіз
Сәлеметсіздер! Перизат ханымды КВН нен танушы едім. Өзгеше, ерекше, білімді, жан жақты, тәрбиелі және заманауи екенің осы подкаст арқылы танып білдім. Аллаһым әлемдегі бар жақсылықты нәсіп етсің.
Перизат, сұхбатыңыз өте шынайы, көзіңіз күліп тұрса да, жүзіңде мұң бар, аз уақытта қыздарға, әйелдерге сабақ болатын көптеген маңызды нәрселерді айтып өттің. Шынайы махаббатты іздеп, шырғалаңға түскенің, сүймеген жанмен отау құрғаның тағдырдың сынағы. Махаббатты күткен, махаббатсыз өткен сонша жылдарың ұмыт болсын, сен нағыз әйел бақытына лайық сұлу да сүйкімді перизатсың. Отбасы болып, ерлі-зайыптының, ата-ананың рөлін сомдап жүрген адамдар қаншама?! Бақытсыз махаббат күйзеліске әкеп соғады. Өтірікке құрылған отбасынан жақсы ұрпақ тәрбиеленбейді. Тексіз адамдар махаббатсыз өмір сүріп жүргендер.( Б.Шоу).Сен сияқты қыз балалар ерте ме кеш пе,өз махаббаттарын тауып бақытты болсыншы тек. Жаныңды түсінетін, қадіріңді білетін ер азамат бағыңа тап келсін!
Ия толык келісем 21 жаста тұрмысқа шыктым Аллаға шүкір бала шағамыз бар алайда нерв болатын жайлар өтте коп 😅 кейде өзімді жалғыз өмір сүріп жатқандай сезінемін
Өте әдемі әңгіме🎉 😢жылапта көрдім қуанып та 😊 көрдім. Иа, заманда әйел әйелге жау , сол солидарность сақтау керек . Өз акеммен проблема түсіндім. Махаббат шынайы болу керекке сенемін ❤
Мой отец про таких как Перизат Мырзахмет говорит: "Я бы с такой и дня не прожил."🤭🤭🤭 И на самом деле, это прям знак качества современной женщины. Потому что мой отец из тех, кто считает: " еш нәрсеге қарамастан әйел еркектен төмен жүру керек, бәрін шыдау керек, керек, керек, керек"( список очень длинный) И я очень рада, что в нашем обществе всё больше и больше девушек и женщин, которых мой отец гипотетически не взял бы в жены(к счастью, я одна из них)😁
@@EDBsmom так о том и речь, что если женщина растет с внушением, что она должна всегда быть удобной и хорошей для всех, не высовываться и потакать во всем обществу, то она оказывается в ловушке стереотипов и потом просто доживает свой век больная и несчастная. А ведь мы живём один раз и можем быть в партнёрских отношениях в браке, выстраивать личные границы в отношениях с қайынжұрт, развиваться, как личность, уделять внимание детям, а не бесконечным приёмам гостей. Многие из поколения наших мам даже не знают, а что бы им хотелось для себя. Быть удобной, но несчастной - вот ловушка!
@@aidafrost7557 Аида...7557. Отец твой,...не понимает👈 скорее забыл, что патомок САҚ- KASSAK👊🦄🤺🇰🇿 ...,,,ВОЙНЫ"" И нам чуждое 👈 понятие ,,,пакорность" или послушный 👈 И ген.код....просыпается у патомков, у нас... свами👈 Пакорность присуща оседлым народам👈☝ Вспомните , наших .... CАҚСКИХ ЦАРИЦЫ ВОИТЕЛЬНИЦЫ : Тамирис , Рәзия,Зарина...!!! . НаЗым , Гүлайым , Гаухар, Бопай , Қорлан, Бұлан, Айбике, Аруназ , Айсұлу, Гүлсара, Күнсұлу...и.т.д. защишали земли Сақские и честь своего народа. Мужчины могли только мечтать о Сақских воительницах. Понятие пакорность.... пришло к нам позже ... от других этносов и Исламский мир в том числе. Наши девушки и женщины участвовали во всех.... войнах издревле с Персами и теми кто угрожали ,... джунгар- ойраты, Калмыкии , Китай, Россия. Вторая мир.война: Әлия, Мәншүк, Хиуаз,...единственный танковый экипаж из наших девушек 4- ро ихбыло. Воевали оч.много девушек из КЗ. идеялогия СОВКА, была против Тюрк САҚ-ҚАСАҚ переписали в Руських. Дальше идем в 1986г... студентки Қазашки всех вузов и училищ и техникумов вышли против Советской власти и погибли сотни и тысячи девушек , запретили говарить об этом в СМИ ...досихпор запретная тема для ҚАЗАҚОВ. Дальше идем, в 2022г... қаңтарский геноцит ... наши девушки и женщины погибли , постродали в тюрмах.
Керемет сұқпат. Кітап жазуға шабытым оянып кетті. Менің өмірім одан да қызық. Перизат керемет тұлға. “Ең бірінші махаббат жеңіп алған тумен тең, Ал екінші махаббат сурап алған сумен тең”- демекші Перизат мойыма, бәрін жеңесін.❤
Барлык айел бакытын,букил омирин,тагдырын,эмоциясын,киындыгын бир озинин тагдырымен- ак айтып тастады,китап окыганмен бирдей болдым,оте шынайы,боямасыз,терен жане ауырлау подкаст шыгыпты.Кашан да шындыкка карау онай емес кой,сондай тагдырына карамай озин жогалтпаганына,юморына тан калдым,мен бул кисини тек инстадан анда- санда карап коямын,бирак омирин билмейди екем,когамдагы казак айелдеринин проблемаларын, ащы да болса шындыкты керемет жеткизди,улкен рахмет❤Айел бакытын тилеймин❤
Она меня зацепила ,своей искренностью и правдой , жить в правде и быть честной с самой собой это большая смелость ❤
Бұл подкастан соң өмір бойы әкеме қарсы қойғаны үшін нағашы апамды да, әкемнің ащы таяғына шыдап, бәрін ішіне бұққан анамды да, қызғаныштың соңына түсіп анамды ұрған әкемді де, туыстардың қас-қабағына қарап, жалтақтап өскен өзімді де ақтап алдым... Өткен күнге өкіну ешнәрсе бермейді, жүрекке салмақ болған ащы бір өксік шықты көз жастарыммен 😢 Терапиялық эффект алдым. Ұйықтап жүрген жерімнен оянып кеткендеймін. 32 жыл бойы арқалаған жүкті түсіріп, өзімнің ең әуелі адам, сосын барып жар екенім, екі баланың анасы екенім есіме түсті... Маған қарап екі қызым бойтүзеп келеді. Сондықтан, менің қу тіршіліктен жеңілуге хақым жоқ. Жүрек таза болса, тұрмыс-тіршіліктің түйіткілі өз-өзінен шешіліп кетеді екен ғой. Бастысы, жүрегімізді кірлетіп алмасақ болғаны екен ғой... Жазған сайын экран көз жасымнан суланып, қолдарым дірілдеп кетті. Ең бастысы, құндылықтарымды таптым❤ Рахмеееет, сіздерге сол үшін. Бақытты болыңыздаршы ❤🙏
❤Жаным❤️ жаныңызды түсінем....
Жаным, бақытты болыңызшы ❤❤❤
Жаным Бақытты бол ❤❤❤
@@miramukasheva37рахмет, жаным сол ❤ Әйелді әйелдің қолдауы қандай күшті ❤
@@gulzhainat8727сіз де бақытты болыңызшы ❤ рахмет ❤
1. Семья должна создаваться по взаимной любви .
2. Материнство должно быть осознанным.
3. Семья -это он, она, дети.
Спасибо за подкаст. Нынешнему поколению очень повезло, что сейчас много информации на эту тему.
Бағы ашылсын! Шынайы, мықты, сүйкімді қазақтың тәрбиелі қызы екен! Өзі де, баласы да бақытты болсыншы
Перизаттың: "Балам құлап бара жатқан сияқты болатын" дегенін естіп, анамды түсіне бастағандаймын. Менің анам сіңлімді босанған соң қатты өзгерді, мені итеретін, маған мүлде назар аудармай игнор жасап, сіңлімді ғана құшақтап отыратын😢 Ол маған қатты травма болды, себебі, мен анам мені жақсы көрмейді, тастап кетті деп талай жылағаным есімде 😢 Ол кезде мен 4-5тер шамасындамын. Анам сіңлімлі алып,төркініне кетіп қалды, мені қалдырып. Ал, мен ата-апамның үйінде әркімнің түртпегінде болдым. Сол кезде әлемде шешесі барлар қандай бақытты деп ойлаушы едім❤😢 Мамамды көргім келетін, ұзақ уақыт көрмегеннен ішқұса болып бір күні ауылдың шетіндегі көлшікке келіп қағаздан қайық жасап, сонымен жүзіп барамын деп ойлағаным есімде кетіп бара жатқанымды ауыл адамдары көріп қалып, мені үйге әкелгені есімде... Қатты шу болды. Көөөөп адамнан мен өзім қорұып кеткенім есімде. Есесіне, сол күні түнделетіп атам мені анама жеткізді. "Бұл бала анасы мен сіңлісін сағынып, ішқұса болған. Бұлай біз өлтіріп аламыз. Анасына апарайық деген атамның көрегенділігі❤😢 шіркін. Анама әкелгенде қатты қуанғаным есімде. Бірақ, қуанышым ұзаққа созылмады, себебі, атам: "Ал, біз кеттік, таңда, осында қаласың да бізбен кетесің бе" дегенде өмірімдегі ең қиыыыын таңдауды жасадым. Көптен көрмеген соң, әрине анаммен қалдым. Бірақ, күндер өте атамды қатты сағынатынмын ❤❤❤ Қанша ішіп, анамды ұрса да әкемді сағындым, ауылдағы бүкіл достарымды сағынып, не оны ешкімге айта алмай қиналатын едім. Нағашыларым "әкең құрсын", сендерді іздемецді, керек емессіңдер сендер" дегенде қатты жүрегім ауыратын 😢 Қазір ойлап отырсам, мұнда ешкім кінәлі емес. Қазір ойлап отырсам, анамда послеродовая депрессия болған сияқты. Себебі, сіңлімді қүгақтаған күйі адамнан қашатын, ацтатын сөзі: "Бермеймін баламды😢". Менің алдымда ағам Дидар болған. Ол баланы атам мен апам өз баласы деп бағып алған екен. Бірақ, абайсызда өлтіріп алған. Содан кейін бұл анама қатты соққы болған😢 Кішкентай кезімде анамның біртүрлі қылықтарына қатты ұялатынмын, балалар "жынды" деп шұқып көрсететін. Қазір өзім де ккі баланың анасымын ғой, анам өмірде жоқ. Менің анамның ешқандай да есі ауыспаған, бұл послеррдовая депрессия. Тем более баласын жоғалтқан ананың қасіреті😢 Подкаст үшін рахмет😢 Бұл нәрсені жүрегімнің түкпіріне тығып тастаған едім. Шығарып, бір жеңілдеп қалдым. Дұрыс айтасыздар, әйел адамға босанған соң ерекше қолдау керек. Сөзбен. Іспен. Ниетпен. Шын көңілмен ❤ Сонда ғана әйел бақытты, әйел бақытты болса, бүкіл отбасы бақытты болары сөзсіз. Әрбір әйел бақытты болуға лайық❤ Женская солидарность сондай ғажап дүние. Осы нәрсені насихаттап жүргеніңізге рахмет❤
🥺🥺🥺
сізді оқып 4 жасар қызымның неге қорқа беретінін түсінгендеймін🥹
3інші қызымды босанып келгенімде ортаншы қызым өзгеріп бастады. көзі мөлдіреп қарап тұратынды шығарды.
Бір күні қонақтыққа асығып жүріп (3 қызым бар) ортаншы қызым құлақ етімді жеп жіберді,одан қалса ата-ене,күйеу бәрі мойныма ілініп көтере алмай тұрған мен … жанымдағы “менде барам,барамын ба,шашымды жинап берші” деп тұрған ортаншы қызымды итеріп жібергенмін … әлі өкінем,сол кезде маған қараған көзқарасы..🥹
кешіремін ғой дегендей қарады
әрі сол күні ортаншы қызымның туған күні болатын
🥹🥹🥹
@@Reimshugaөзіңізді кінәлі сезінбегеніңіз дұрыс болады деп ойлаймын. Өйткені, өткен іс өтіп кетті, қайтара алмайсыз. Бала барлығын да түсінеді, қызыңызбен отырып ашық сөйлесіп көріңіз ❤ Бала барлығын да түсінеді, қорықпаңыз. Бастысы, балаңызбен қарым-қатынаста сызат түспеу үшін ашық сөйлесу маңызды. Оны жақсы көретініңізді, әдейі жасамағаныңызды айтсаңыз барлығы дұрыс болады ❤ Солай боларына кәміл сенемін 🙏
@@Reimshugaшынымды айтсам, мен жүрегімді ашып, сырымды жайып салудағы мақсатым біреу болмасын біреуге ой салар болған. Мақсатыма жеткен сияқтымын. Сіз оқып, ой түйдіңіз. Соған қуанып отырмын және жазудағы мақсат мені біреу аясын емес, менің оқиғам басқаларға сабақ болса екен деген ниет болған еді ❤ Кері байланысыңызбен мені қатты қуанттыңыз. Ана ретінде мен сізді жақсы түсінемін және ешқандай ана баласын жек көрмейтінін де түсінемін. Егер сіз өзіңізді кінәлі сезіне берсеңіз, өзіңізге де қыздарға да зиян. Себебі, кінәлі сезінген адам не істейді? Жазасын алады емес пе? Өз-өзіңізді кешіре алсаңыз, басқаларды да кешіре аласыз және жазалаудан азат боласыз. Өйткені, кінәлі адам жазаланады ғой. Кінә сезімі жазалау программасына әкеледі бейсаналы түрде. Ең қиыны, көбінде адам өзін-өзі жазалап жүреді, іштей жеп... Ешкім идеалный емес екенін ешқашан ұмытпаңызшы 🙏 Бақыт тілеймін ❤
😢😘
Айнұр мен командаға көп рахмет. Мен үшін өте жайлы, жылы әңгіме болды. Барлық пікірлерді оқып шықтым, жеңімпазды таңдадым. Қиындау болды. Өйткені барлықтарыңыз жеке тәжірибелеріңізді ашып айтып, ақтарылғансыздар. Көп рахмет. Бір-бірімізге демеу бола білейік. Маған тілегендеріңіз бастарыңызға келсін, бақытты ғұмыр кешіңіздер.
Сізбен бетпе бет отырып сөйлескім келеді
Кеш жарық, сіздің кітабыңыз қалай аталады?
@@gulzhanadibayeva өмірдің аты М
"Биз жаралы урпакпыз" деген сози катты унады😢😢😢. 100 %шындык
Маасссаган дурыс айтасыз
Перизаттың әңгімесі құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиеді, бір құрбыңмен сөйлесіп отырған сияқты сезінесің өзіңді❤
Өте сауатты келіншек екен. Ешқандай жасандылық жоқ, қалай бар солай айтады. Мықты қыз!
Келген қонақтардың көбісі қазақша орысша араластырып ыңғайсыз сөйлейді! Перизат ханым даусы қазақша таза сөзі құлаққа жағымды❤
Бір деммен көріп шықтым, білімді,парасатты ҚАЗАҚ ҚЫЗдарының сұхбатын ұйып тыңдадым, бүгінгі әңгіме басқаша еді ұққанға,ұғынғанға. Рахмет,сіңілдерім! Көп нәрсе жазғым келіп еді, ойымды жүйелей алмай отырғаным..
ҚАЗАҚ ӘЙЕЛ- АНАларына алыстан құшақ толы сәлем 🌷🌷 🌷
Бітпесе екен деп отырған сұхбаттарымның бірі болды👍
Тындап журип калай битип калганын байкамай калыппын. Керемет подкаст. Букил айтылган создердин астында жаткан сезимди бойымнан жургиздим. Менин окигам да сиздинкине уксас… олай айту себебим, оку битирер сатимде мени де алып кашкан, бирак сол баягы « идеалды казак кызы» болу ушин калуга тура келди. Ата- анам окыган адамдар, бул дурыс емес дегенмен, сол уйдеги улкен апалардын ангимеси, жерге жата калып токтау айтатын создери асер етти ме, билмедим, калдым. Ата- анамды ренжиткениме сол кезде катты ренжимин озиме. Арада зорлык-зомбылык, жокшылыкпен 4 жыл отти. 2 балам дуниеге келди. Бурынгы жаркырап журген «мен» жокпын. Омирдин мани кетсе де, сол жердин отынан кирип, кулинен шыгып журген келин едим. Оны да аздык корип, еки улыммен коса апарып тастады торкиниме. Мен дал сол саттерде, озимнен кина издеп, кай жерде карсы шыктым екен деп журсем, ол аулетте жана 17 жасар келин тусирип улгереди. Сол кезде, мен ол отбасын жибердим, букил улкендерин алдынан оттим. Кинам болса айтыныздар деп. Бирак мин такпаган олар ун катпады. Содан арым таза енди деп, озимди бостандыкка шыкканымды сезиндим. Зорлык- зомбылыкка талай тозип келген кыз келиншектер тусинеди. Мен ауанын тазалыгын, балаларымнын дени сау, касымда екенин тусиндим. Аллага шукиршилик айтып , бурынгымды жибердим. Женилдедим. Рахаттандым. Бирак ол киындыктардан мен махаббатка сенбей койган жокпын. Тек озиме уакыт арнадым. Даму ушин, калпыма келу ушин. Солай конилим орнына тусип, омирдин керемет екенине куанып жургенимде , бир академияда окыган, озим кезинде унаткан болашак жарымды жолыктырдым. Арамыз оте коп шакырым болса да, ол баска елде , мен осында, биз араластык, гашык болдык, жаксы кордик. Тилим куйген мен арине корыктым. Бирак 4 жылдан астам уакыттан сон, елге оралып , биз шанырак курдык. Казир тагы кызымыз туылды. Шукир айтам кунде. Балаларыма огей акеси екенин бир билдиртпеген, менин аягымды жерге тигизбей алып журген, мени жане менин ата анамды , туган туыстарымды кемситпей томендетпей курметтеген адамды жолыктырдым. Осындай саналы ер адамды тарбиелеген ата анасына шукир етем. Берилип ангимени узак жазып кеттим ау) тунде жаксы кетеди екен😁. Бастысы айтарым, ар адамнын тени бар. Откенге окинбеймин. Сабак болды. Бирак кыздарга айтарым. Сиздер бакытты болмасаныздар, ешким бакытты болмайды. « уят болады» дегеннин де оз орны бар. Сиздер жеке тулгасыздар, сизди колдайтын ата-ана , достарыныз бар. Ешкашан озинизди корлауга жол бермениздер! Сиздер бакытты болуга лайыксыздар. Жасым келип калды деп те асыкпаныздар! Барлыгы оз уакытысымен. Менин откеним казыр коркынышты тус сиякты отти. Бирак мен ондай ортаны ешкимге де тилемеймин! Оздеринизди суйип уйрениниздер, сонда сиздерди де суйеди айналаныз. Осымен битти) Бакытты болыныздар кыздар! ❤
Және де бақытты бола түсіңізші. Шын көңілден тілекшімін 😘😘
46:54 Қазақтың иісі шығатын,миға қонымды,сүйсініп тыңдайтын ащы шындығы бар,сапалы әңгіме үшін Перизат қызға үлкен рақмет!
“Сурет - бір сәтте қатып қалған өмір ғой” Пико💜🙏 Өмірді осылай сезіне алатын адам - бақытты ❤️🔥🫠
Очень многое переняла себе! Какой Прекрасный и сильный Духом Человек - Перизат! Слушала на одном дыхании! Правда жизни о которой умалчивают!
У нас Жизнь одна, поэтому надо жить Красиво! Айнур спасибо за подкаст!
Мықты подкасттың бірі болды. Шынында да Перизат өзіңіздің ашық жарқындылығыңызбен, басқалар үлгі тұтарлықтай 21 ғасырдың бетке ұстар тұлғаларының бірісіз!
Кітапты оқып алғаннан кейін бұл сұқбат тек қайталау сияқты болды. Кітапты 1күнде оқып бітірдім. Өте қызықты, сюжет әдемі, сізге рахмет осындай кітап үшін… подкастты тағы жылап көрдім…❤❤❤❤
подкаст өте керемет болды) Перизатты жайдарманда көргенмін бірінші рет, одан кейін 3-4 жылдар бұрын сұхбаттар, подкасттардан көріп келе жатырмын. Әр әңгімеден Перизаттың ерекше көзқарасымен, ерекше ойлау жүйесі арқылы мен өзіме көппп инсайт алғанмын Перизаттың кітабын аламын деп отырған күні каспиде таусылып қалды деді:((
менің қалама (туркестан) келетін күні мен басқа қалада болып қалдым:(( Кармамыз бар ау біздің де(
өкінішті)
Мен махаббаттан жеңілгім келмейді, осы керемет сөзге риза болдым.
Рахмет саған Перизат, менің көзқарастарымды өзгерткен сенсің)
Шыныменде Керемет подкасттардың бірі, біраз болды осы кісіні қарап, оқып жүргеніме еш өкінбеймін. Бүгінгі подкасттан кейін кітап оқығым келіпкетті😄😄😄 оқыған,интеллекті адам екен көрінеді. Сіздей адамдар көбейе берсін!❤
Мықты Перизаттың даусының дірілі жүректі елжіретіп жіберді🥺
Мықты сұхбат! Көп әйелдердің тұрмыстық санада қалмай көздерін ашқаныңызға рахмееет❤
почитала комментарии сперва, многие написали свои истории, за это огромное уважение, что смогли затронуть души зрителей, подкаст прослушаю позже
Перизат ханымды қазақша КВН - нен бері білемін. Өте ақылды, тілге шебер, оқыған қазақтың Мен дейтін қызы. Рахмет подкаст өте қызықты және жақсы тақырыптар көтерілді.
На одном дыхание көріп шықтым. Өте шынайы, ақылды, бастысы бақытты және өз жанын қалауын орындап жүрген жансыз. Менде де екі қызым бар , көп нәрсеге ойландырып қойдыныз! Рахмет сізге
Перизат ханымның барлық подкастарын көріп шыққанмын, сторисында подкаст мамырда шығады дегенді естіп алып күтіп жүрдім 👏 Наконец-то!👏 Рахмет 😘 Керемет сұхбат болды! 🤗
Дауысы сондай жағымды әрі биязы болғасында өте жақсы сұхбат болды деп ойладым. Перизат бағың жансын !!! Әйел қырық шырақты дейді шырағың сөнбесін ,қызыңның соңынан іні -сіңілдері ере берсін !!!
Шын мәненде жыладық күлдік әдемі подкаст болды. Мен өмір сұріп жатқан қоғамда сіздердей өз ойларын айта алатын қыздардың болуғанына қуанамын. Сіздің тарихыңызды естіп өз тарихыма өзгеріс еңгізе аламын деп ойлаймын. Рахмет үлкен❤
Өте керемет сұхбат болды, душевно. Әрбір жанның қолынан келе бермейтін, табандық пен қайсарлыққа толы тұлғаны көргенімен қуаныштымын
Обожаю Айнур Илиясову❤ она очень грамотный ведущий, все выпуски всегда получаются самыми искренними. Она умеет правильно подобрать слова так чтоб не задеть чувства и в то же время спрашивать о том что будет интересно публике👍 Изначально меня заинтересовала эта программа только потому что я сама на декрете и мне хотелось занять себя чем нибуть но теперь, просмотрев несколько выпусков я понимаю что это действительно полезная программа, особенно для нас женщин котоые находятся в декрете. Важно понимать что мы не одни сталкиваемся с этими трудностями
Керемет сұхбат болды.. Перизат ханым әйелдің жанын түсінетін шырылдап жүрген қазақ қызы аман болыңыз, өтімді сөздеріңіз көп болсын Аллам сүйгеніңізге қоссын бақытты болуға лайықсыз❤
Уау!!! Очень крутая!!! Лидер мнения, нағыз Тұлға, қыздарымызға үлгі !!!
Махаббаттан жеңілген жанның қатарынан болмауға ұмтылу керек әрбір адам, мықты инсайт алдым. Өте әсерлі сұхбат болды. Женская солидарность туралы айтқаныңыз ұнады. Менің ішімдегіні айтып жатқандай болдыңыздар. Өмірдің мәні Махаббат екенін, шын жақсы көрген адам ғана түсінеді. Сол бақытты сезінудің өзі бақыт. Өте мықты, сөздік қоры бай жан Перизатқа риза болып отырмын.
Менин жасым 57ге кетти,алып кашудын курбаны болгам,басында кухыгынды бузган киси,омиринди бузады деген сози оте акикат☝️Ендиги иги тилек балаларымнын бакыты,биздин боларымыз болды,бояуымыз синди.
Керемет подкаст болды! Әкесіз өскен қыздардың бірі мен едім. Алғашқы махаббатым сәтсіз болды, мені бағаламайтын адамға сеніп қалдым 17 жасымда. Жаным жаралы болды, көңілім қалды. Сосын жақсы жігіт деп ойлап басқа адамға тұрмысқа шығып балалы болдым. Қазір екі қызым бар. Бірақ жолдасымдай адам қыздарыма кездеспесе екен деп тілеймін… өкінішке орай, жолдасымнан шынайы махаббатты көрмедім. Үнемі ойымда ажырассам ба екен деген ой тұрады. Қазір ғана ойланып жатырмын әкесіз өскесін өзім шынайы махаббатымды кездестірмедім бе деп…
Қателесесіз. Ия, әкесіз өмір әсер етеді. Бірақ, ұрыс керіспен, әкенің тарапынан көретін жауыздықтан әкесіз өскенде дұрыс. Келесісі, сіз бақытсыз болсаңыз қыздарыңыз бақытты әйелдің моделін қайдан алады?
Сіздегі сезім, как раз сол ғой, әкенің махаббатын көрмеген қыз, ешқашан толық бақытты сезіне алмайды ау мүмкін, то есть көп жағдайда. Қандай еркек болса да жетпей тұрған сияқты сезіне бересіз. Психологтар солай айтқан. Әкесінің махаббатына тойып өскен қыздар басқа жігіттерден күтіп жүрмейді махаббат деп айтқан көп психологтар. Әкесі бар болса да сол 90жылдарда өскен қыздарда әке тарапынан керемет бір махаббат болмады көбісінде. Себебі суық еді олар, әкелер балалармен, әсіресе қыздармен жақын болмады.
Дұрыс айтасыз, жаралы ұрпақпыз. Осы цепочканы үзуге тырысу керекпіз,жетілу,өзіңді тану, қарым-қатынаста ашық болу(жан дүниеңде не болып жатқанын жақыныңа айту,ішімдегіні таны деп отырмай)балаларымыз бақытты ұрпақ болу керек. Қазақ деген ұлт жақсы,білімді,жігерлі,иманды,жан-жақты,ЕРКІН болу керек. Өте керемет сұхбаттардың бірі. Жарайсыз Перизат ханым! Өміріңіз өзіңіз қалағандай өзгерсін.тілекшіміз!
Классный подкаст получился, спасибо Айнур за чудесную гостью. Перизат одна из немногих, которая освещает проблемы казахстанских женщин и не боится отстаивать свои права. Рада, что у нас есть такие грамотные, смелые, свободные от предрассудков девушки❤ Я живу в Шымкенте, очень часто сталкивалась с хамским отношением мужчин к женской половине. Хотела бы рассказать случай из моей жизни.
У меня работала техничкой пожилая женщина, очень хорошо справлялась со своими обязанностями, казалась очень милой женщиной. Потом она попросила заменить ее снохой. От снохи узнала, что свекровь ее эксплуатирует как рабыню, перед сном тесто на хлеб замешивает, готовит на всю семью на следующий день, утром в 5 встает, чтобы испечь хлеб, всех кормит завтраком, дочь отправляет в сад, едет с 2 пересадками на работу, вечером моет грязную посуду за целый день и опять по кругу. Самое интересное з.п. отдает свекрови, а та платит кредит за неудачную попытку эко своей дочери, т.е. золовки. Я ей объяснила, что они по сути воруют ее жизнь, какая цель вообще у нее по жизни, почему она не может просто быть счастлива, тратить заработанное на своего ребенка. В итоге свекровь еще и избила сноху, ей пришлось съехать на квартиру. Этот случай на курсах ораторского мастерства мы обсуждали с сокурсниками, один взрослый мужчина, современный бизнесмен, обвинил меня, что я разрушительница их семьи😅 вот такой менталитет у казахов, уят болады...
Ужас
единственный подкаст, не в обиду всем остальным, который я посмотрела от и до, ни разу не прокручивая👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻👏🏻
😅😅мой тоже,она искренне говорила все,такой глубокий был разговор,по душам!)Боль многих женщин😢
Далададпдащщаща
Перизат ханымды тек подкасттан коретинмин, как личность билмедим. Аса унамагандай болган , бугинги подкасттан корип оте журегим жылып, кандай керемет жан деп калдым. Жан-дуниеси бай , журеги таза .
Единственная гостья которая после подкаста захотелось найти в Инстаграм и подписаться, по крайней мере на сегодняшний день🥲 и книгу почитать)
Осындай өмірден кейін сүйе алғанын, сүйетінін және сүйгенімен бірге болғысы келетінін ашық айтқаны ұнады. Ажырасқан соң еркек атаулыдан безіп, өз өмірін мүлдем жауып қоятын қыздарға керемет сабақ болды. Өзімді ешнәрсеге лайық емеспін, болдым бітті деп жүргенім қателік екен. Перизатпен сұхбат деген подкастка барғым кеп кетті. Батылдықты үйрену үшін... Бақытты болыңыз!
Сұхбаттың шығарылымына атсалысқан барша ұжымға рақметімді айтқым келеді ең алдымен💜💜💜💜Перизат ханыммен бір заманда өмір сүріп жүргенім үшін бақыттымын)))🌹🌹🌹Әр подкастында ойшылдығы, дара пікірі, өткір ойы ойландырып қояды. Кітапты да бір күнде оқып тастадым.Бұл сұхбат сол кітапқа керемет толықтыру болды😍😍😍Біршама қалып қойған сұрақтарымның жауабын алдым🥰🥰🥰Айнұр ханымның да керемет дайындығы сезіліп тұрды, әңгімені бөлмей әр шақырған қонақтың жан дүниесі түсіне алатыны қатты ұнайды♥️♥️♥️Экрандағы жылтыраған жұлдыздардың да ана болғандағы күйін естіп, мидағы біраз ақпараттарды теріске шығарады. 4 жыл бойына декретте отырған мен үшін Мамский әңгіменің әр шығарылымы терапия сынды тыңдай бергің келеді. Әр сұхбатта әр түрлі тағдыр, әр түрлі қабылдау, кейбірінде мида жарылыс, жүректе үміт, жүзімізге езу тартқызып жылылық береді👍👍👍Міне сондай Жып-жылы сұхбат үшін рақмееет💜💜💜💜
Керемет сұқбат😘Перизат ханымның әңгімелерін 24/7 тыңдауға дайынмын ғой❤️
Подкастты тыңдап отырып көп жерінде автормен бірге сезімдерді бірге өткергендей болдым. Тағдырымыздың көп жері ұқсас екен.Менің де ата-анам ажырасқан. Менің де нағашы апам көп араласты. Нағашы жұртым, әкемді жек көргеннен бір нәрсе болса бітті, әкесіне тартқан, әкең құрсын" деп жиі айтатын. Ал, мен іштей әкемді жақтап, оны сырттай көрсете алмай "ішқұса" болатынмын... Сондай кезде, неге бізде ғана осындай туысқан болды екен деп талай көз жасымды сығып алатын едім. Ол кезде басқалардың туыстары бір-біріне жанашыр, қатты қолдайтындар болып көрінетін... Жалғыздық сезімі жеп қоятын еді. Тіпті, осы күнге дейін осы подкасттан соң жалғыз емес екенімді түсіндім😢 Бәрі сырт көзге ғана солай көрінеді екен ғой. Жабулы есіктің ішінде не болып жатқанын біз біле де бермейді екенбіз. Мына подкастан соң мені де адамдар түсінеді екен ғой деп ойладым. Иәәәә, басынан өткендер түсінеді. Біреудің түсінгенін күтіп, біреуге бірдеңе дәлелдейін деп ғұмыр кешкенінімді түсіндім. Бұдан былай, барымды бағалап, быть жеп тастаған баяғы махаббат сезімімен жұмыс істеймін деп шештім. Дер кезінде тыңдағаныма шүкір, игіліктің ерте кеші жоқ дегендей, әлі де кеш емес екенін түсіндіргендеріңізге мың алғыс ❤🙌
Бакытты болыныз❤Сиз жалгыз емессиз!
Бір неше рет тындадым подкастты, мен де сол махаббатка сеніп, сезініп жүрген адаммын, тағы да көзім жетті, ия махаббат үшін өмір сүру және күресу ол тұрарлықтай нәрсе, өмірдің мәні де, сәні де! Ойыңызға рақмет, шын бақытты болыңыз❤
Шыныменде эпопея көргендей жүрегім ауырып қарадым❤ Барлық нәзік жандылар бақытты болсыншы🥺🫶 Бас кейіпкерді осы күнге дейін білмейтінмін, кітапты алып тез тез оқығым келіп кетті😅 Үлкееееен рахмет осындай эмоция сыйлағандарыңыз үшін🥰
Кереме подкаст 😍👍🏻Жылулык сезіледі.Бакытты болыныз
Алла жар болсын🌺🌷💐осы подкасттан кейін кітабыңызды оқығым келіп кетті😍
Маған қатты әсерлі болды осы подкаст. Махаббат деген нәрсені түсінгендей болдым, осы уақытқа дейін махаббат деп жүргенім басқа нәрсе екен. Жылағым келді, жүрегім ауырды. Перизаттың өмірімен менің мамам сүрді. Оны да жас кезінде алып қашты. Жасы 23 те, ол кезде отырып қалды деген кез. Сонымен сол үйде қалды. Есімді білгелі екеуінде махаббат болып бір- бірін құшактамақ түгілі, мақтау сөз айта алмайтын. Көп ұрысатын, біз туылдық. Мамамның папама әрдайым өкпе-реніші көп еді, бізге де айтатын. Ажырасыпта кетпеді, папамды да қабылдай алмады. Сонымен мамамды женский жақтан көп ауырды. Климакс ерте басталды, кейін маткасын алып тастады. Семья деген сол екен деп менде мамамның өмірін қайталадым. Тура солай өзім жаксы көрмейтін адамға күйеуге щықтым 23 жасымда. Бірақ мен сездім уже семья бола алмайтынымызды көп ұзамай ажырасып кеттім. Ойлап қарасам менде махаббатты сезінбеппін осы уақытка дейін ата-анадан, жігіттен.
Е Аллам жолдасым екеуміздің арамыз тура ата анаңыздың ара қатынасы сияқты 😢менің де балаларым бақытсыз болар ма екен😢
Алла бизди махаббатпен жаратқан, алдағы уақытта бұл сезімін сездирсинши
@@АйнамкозДавлетова олай ойламаңыз, балаларыңыздың өзіне деген сенімділігін бекіте түсіңіз. Әрдайым Аллаға тәуекел етуің сіңіріңіз
Өте ұнады.Көп нәрсе ұғынуға болады екен.Сұхбатты көре отырып қандай бақытты жанмын деп тәуба еттім.Махаббатқа толы отбасында дүниеге келгеніме, басқа адамдарға махаббат бере алатын мың шүкір.Аман болыңыз, мәңгі махаббат тіледім❤
Өте әсерлі,әңгіме болды ащы шындық әр әйелдің басында болатын тарихи дәлел,ғаламат тыңдай бергім келеді. Жарайсың кішкене балапаныңның қызығын көр.🙏🥰😍😘👏👌
Мен үшін мамский әңгімедегі ең мықты сұқбат. Терапиядан өткен сияқты боласың. Қателіктеріңді көресің бұрынғы, неге сол кезде тупить еткенмін деп ойлайсың😂. Перизаттың өзін твдан квннен көретінмін, ұл сияқты қыз деп ойлаушы едім, бүгін міне қандай керемет ақылды, білімді адам екенін көрдім❤
Жасым 37 де. Менде 90 шы жылдардың баласы. Анама рахмет айтқым келеді ❤️ Мені әжем бер, өзім бағамын дегенде, мені бермеген🙏 Әжеме махаббатым шексіз❤ бірақ Анамның орны бөлек ғой❤
Оте керемет подкаст болды, тамак истеп журип мукият тындадым. Перизаттың көзқарасы өте ерекше, заманауи тұлға, өзін дамытқан қыз екен! Ризамын!
Перизат шынайы болғаныңыз үшін сізді жақсы көремін! Рахмет ! Подкаст өтті ! Кітабыңыз жарыққа шыққанын білмей , осы подкастта біліп отырмын ❤
Керемет сұхбат болды! Рахмет! Перизаттың біздің қоғамымыз туралы айтқан ойларымен толық келісемін. Шынайылықты көп адамдар құптамайды, өкінішке орай. Әрине, отбасыда шынайы сүйіспеншіліктің болуы шарт. Сүйіспеншілігі бар отбасыда ғана балалар бақытты болып өседі.
Перизат сізге келгеніңіз үшін рахмет!
Сіздің барыңызға шүкір! Әйелдердің жағдайын айтқаныңыз үшін рахмет! Басымнан өткен оқиға болған, соны айтып берейін. Маған көп жігіттер сөз салады. Солардың бірінен сұраймын ғой, не үшін үйленгін келеді маған деп? Ол болса, анама келін болатын қызсын, үйдің шаруасын жақсы жасайсын дейді. Сол сөзінен соң оған тек үй қызметшісі болатын қыз керек екенің түсіндім. Бірақ ол балаға деген сүйіспеншілік болды. Бірақ бірінші орынға өзімді қойдым. Және оны ұмыту үшін жұмысқа басым мен кіріп кеттім. Бірақ уақыт өте келе бұл махаббат емес балалық өткінші сезім болғаның түсіндім. Бірінші өте жас болдым 17 жаста. Және оның сезімі маған деген шынайы емес екенің түсіндім. Сол үшінде ұмыту тез болды 😉 Енді жалпы қыздарға айтарым, тұрмысқа шықпас бұрын жігіттерінен сұраңыздар, принциптері қандай екен біліп алыңыздар... Өзіңізді әрқашанда бірінші орынға қойыңыздар!
Өте мәнді сұхпатыңызға рахмет! Алла әділетті ғой, үмітіңізді үзбеңіз, әр адам бақытты болуға лайықты! Творчестваңыз тоқырау көрмей жаңа, тың идеялармен толықсын! Алар асуларыңыз биік болғай! Мен үшін жаңалық болдыңыз, дәл бүгін!
Сұхбатты толық тыңдап шықтым. Перизатпен жаным егіз, ойым үндес күй кештім. Соңғы жағында: "Махаббаттан жеңілгім келмейді. Жақсы көремін. Оның да солай екеніне сенемін" деген сөздерін естіп, жылап қалдым. Біз жақынымызбен іштегі бұғып жатқан ойларымызды бөлісуге қорқамыз. Ал Перизаттың санасындағы арпалысып жатқан зіл батпан ойларынан арылып, кітапқа төгуі, жалтармай, жалпақ жұрттың алдында осылай сырын төгуі - БАТЫЛДЫҚ. Оның миссиясы - бәлкім, жүректерді ояту болған шығар. Менің жүрегім оянды. Мен сияқты қаншама жүректер басқаша соға бастады екен?
Кейбір кісілер: "Онда неге 9 жыл тұрдың? Махаббаты несі, күйеуің тым тәуір" деп жазып жатыр екен. 9 жыл - сананың күресі, 9 жыл - төзімнің шегі, 9 жыл - өзіңді де, өзгені де алдауға тосқауыл , 9 жыл - жүрек пен ақылдың таразысы. Әркім махаббатты әрқалай ұғар. Біз автордың шешіміне сыйластықпен, түсіністікпен қарауға тиіспіз. Өйткені өмірдің мәні - сүю және сүйікті болуда. Шын махаббат, шынайы сезім бар жерде - қиял аттан құласаң да, қиянаттан жыласаң да жеңіл. Махаббат бар жерде жан сарайың - гүлзар бақ. Сондықтан да шығар, М.Шахановтың: "Ешкімнің де уысына түспейтін, ешкімнің де бақшасында піспейтін зор махаббат" тілегені? Сондықтан да шығар, "Махаббат дегеніміз - екі пайымды адамның сана биігінде жолығуы" дегені? Күйеуім жақсы еді, жуас, қарапайым дегеннен махаббат лаулап кетсе жақсы ғой. Мен сүюді үйрету үшін жазып отырғаным жоқ, махаббат туралы көзқарасым Перизаттың пікірімен дөп болғасын жазып отырмын. Перизаттың қазақ қоғамы, әйел тағдыры жайлы ащы шындықтары - "ЖАРЫЛЫС". Мидағы ЖАРЫЛЫС. Оянайық!
Сауатты пiкiр
Керемет жеткіздіңіз
Өте әдемі жаздыңыз!
Кандай керемет пикир, битпесе екен деген оймен окып шыктым, типти сизге инстаграмда жазылгым келип кетти😊
Здравствуйте! Вы выиграли приз от Перизат, свяжитесь с нами по номеру 87064282380🎉
Жалпы осы подкасттың үзінділерін Instagram желісінде көріп аса онша мән бермейтін едім. Алайда Перизатпен түсірілген подкастты үзбей қарадым. Расыменде әйел адамның басына қаншама қиындық келсе де, Феникс құсы сияқты қайтадан жаңарып, дамып, қайтадан махааббатқа сенуі. Бір ерекше Алланың құдыреті секілді. Әр адам біздің өмірімізге сабақ беру үшін немесе сынақ үшін келеді деп ойлаймын. Көп көп рахмет 😘😍 Енді сіздің покасттарды үзбей қарайтын боламын. Ал Перизат ханымға әйел бақытын тілеймін ❤❤
Өте керемет подкаст болды. Өмірдің шынайы айнасын ашып берді. Сол айнаға қарап, талай адам өзін көреді деген ойдамын. Әрбір қыз, әйел, ана бақытты болуға лайық. Өте өткір,шынайы , мәдени түрде жеткізе білді. Әркім өзіне алатын сабағы бар. Қаламыңыңыз ұштала берсін.💐💐💐
Рахмет сіздерге . Өте риза болдым. Тыңдай отырп 1 минутта өзіңе өткеніңе көз жугіртет екенсің жане казіргі кезеңге . Брак казір тындаган подкастты санама салсам өзімнің ойлап 7рет өлшеп бір рет кес деген адемі сөзбен токталып ойларымның алға койган максат , армандарымның дұрыс екеніне тагы бир көз жеткіздім. Кітап туралы естісем жетуге асығам , интернеттен тапсам міндетті турде окимын !!!
Спасибо подкасту , что даёте возможность узнать о таких интересных личностях и их историях👏👏👏 Очень понравилось высказывание Перизат « Любовь для сильных людей» ❤
Осындай адамдар қоғамды жақсы өзгертеді. Өте күшті сұхбат болды. Жараларым көп екен, мен жалғыз емес екенмін. 7 жыл жүрдік, некеде 6 жыл болды, соңғы кездері мен өзімді оның тек қолдаушы, көмекші ретінде сезінем. Махаббат сезімі туысқандық сезімге айналған.
Мен 1-курс оқып жүргенімде Перизат ханым 4-курста оқитын. 1 курс студенттерін қабылдау кешіне жүргізушілікке өтуге Перизат т.б 4-курс қыздарының алдына бір топ қыздар келіп тұрдық. Іріктеп мені және тағы бір қызды таңдап алды. Екі қыздан 1 қызды таңдау керек болғанда қасымдағы қыз менен мықтырақ болып, сол қыз кешті жүргізетін болды. Менің көңіл-күйім әрине, түсіп қалды. Барлығы қуанып, жаңағы қызды құттықтап, улап-шулап жатты. Сол кезде Перизат қана мені түсініп, менің күйіме түсіп, ойланыыып, ойлы көзбен қарап тұрды.
Сол бір әрекетінен қандай жақсы адам екендігі, басқаларша ойламайтындығы, түсінігі мол, адамның жан дүниесін түсіне алатындығы көрініп тұрды. Осы оқиғаға санап отырсам 15 жыл өтіпті. Ал сол көзқарас Перизат ханымды көрген сайын менің көз алдыма күні кеше болғандай келеді. Қазіргі таңда мұғаліммін. Кез-келген мектіпішілік үлкен іс-шараларды жүргізуді басшылар әрдайым өзіме тапсырады. Түк те қысымлмай жүргіземін, себебі мен Перизаттай мықты маманның іріктеуінен өткенмін.
Перизат ханым, сізге шын жүрегімнен әйел бақытын тілеймін. Түріңіз ғана емес, барлық жан дүнинңіз бақыттың күйін кешіп жүргуіңізге тілекшімін🤲
Керемет сұхпат.Еріксіз жыладым.Барлық сұхбаттырыңызды көрдім,Бірақ Перизат ханымның сұхпаты өте тамаша.Шынайы рахмет Көзім ашылып жатыр❤
Әрбір тұлғаны үлгі деп алуға болмайды, жүрген жолынан сабақ алып жай ғана бақыт тіледім❤
"Құдай бізге жақсы көреуге мың себеп бергенде, жек көретін 1 чебеп тауып аламыз-ау" деген фразасы қатты ойлантты. Расымен де, неге біз адамдарды жек көруге құмармыз? Осы жеккөрініш адамды құртатын. Ал, махаббат пен мейірім бүкіл әлемді құтқаратын секілді... "Сұлулық емес, расымен де осы махаббат пен мейірім мына әлемді ұстап тұрғандай... Махаббат - алапат күш ❤
Перизат әңгіменің майын тамызып тұрып айтады екен. Мәнді, мағыналы сұхбат болды.👍👍🌷🌷 Бақытты болыңыз!!!
Ең ең ең душевный подкаст болды. Тыңдап отырып өмірім көз алдымнан өтті❤
Рахмет көп-көп. Бұл сұхбат маған қатты ұнады, тіпті көзіме жас келді. Мүмкін өміріміз ұқсағандықтан шығар. Шынайы әңгіме болды, Перизатты басқа қырынан таныдым. Алдағы уақытта сүйген адамына қосылып, бақытты болсын.
Талғамың тосын жан екенсің Бауырым❤❤❤, Алла тағала баянды ғұмыр берсін🤲🤲🤲. Әйел жанын тек әйел ғана түсіне алады, сол еш нәрсемен өлшенбейтін керемет сезімталдықты жүрекпен сезіне білу де кез келген пендеге бұйырмаған қасиет…
Қызылды жасылды киім киіп, ішіп-жегендерін әнгіме қылатын көп пендеге қарап, Алла тағалама мың шүкір айтамын мені дәл осындай қиялилау ғып жаратқаны үшін🤲🤲🤲❤.
Бала тоңбас жүрегінің оты бар, тас қабір ғой сәулесі жоқ көкірек дегендей, жүрегіңнің оты сөнбесін ешқашан, Алла берерін тауыспасын, не нәрсе берсе де қайырымен берсін🤲🤲🤲.
Менің тағдырымды қайталаған екенсін, мен сенің кітабыңды оқымасым да .., не туралы жазғаныңды барлық жан дүниеммен түсініп отырмын❤. Менің де жалғыз қызым бар, жақында Әже деген статусқа ие болдым..
50 ден ассам да әлі күнге шын жүрегіммен бір жанды жақсы көргім келеді..😊, кім біледі ол кун де бір күні орындалар..
Бақытты бол жаным, менен бір ерекшелігің ана бақытын да, әйел бақытын да сезініпсің.., демек сен уже бақытты жансын❤❤❤, ал мен біреуін әлі кутудемін😊😔
Перизат қызым өте керемет әңгіме болды ❤өз бақытыңды табуға тілектеспін бақыты болуға лайықтысың және балапаның да бақытты болсын өз әкесіндей әке кездесіп өмірлерің әрі қарай тамаша болсын бақытты бол қызым шын жүректен бақыт тілеймін😘🤲💐
Перизат ханым, козиниз ашык, когирегиниз ояу казактын кызы екенсиз! Казак кыздарынын эмоциональный куйын, намысын, багын, курметин, жактап, абыройлы, оздерин таптатпай, оз калауымен, адеми омир сурулерин, оз кукыктарын жактау керектигин насихаттап жатканынызга рахмет! Сизди бурын архаичных взглядов деп ойлайтынмын, осы подкасттан кейын козкарасым озгерди! Багыныз жансын!
Мәнді, нағыз жанашыр жан. Перизат апайдың арқасында жүрегім тынышталып, көп сұрақтарыма жауап таптым. ❤
Қайырлы күн.Бұл әңгіме өте ұнады.Өмір бумеранг ,бұл тағдыр.Толық отбасында өскен біз ол туралы ешқашан ойламаймыз екен.Шүкір.Сізге бақыт тіледім.
Перизат, менің бастауыштағы оқушым😊 өте ширақ қыз болатын, әр қызымыз бақытты болуға лайықты❤
Перизат ханым гашыгына косылганын шын журектен тилеймин!!!! Шынайы айел бакытын омир баки сезинип отсе екен…… Подкаст топ болды Айнур ханым👍👍👍👍👍👍
Дөп сөзде де осы мәселелер қозғалды. Қайта-қайта жаралы жүректі сыздатып, бір тақырыпты қозғау Перизат ханымға ауыр сияқты ❤
Перизаттың ойы әйел тағдыры туралы бізге айтып жеткізуі маған көңілімнен шықты. Осындай көзқарастары дұрыс ішіндегі ойын жеткізу арқылы және кітап жазу арқылы қазақ әйелдерінің үнін сезіндіруде ол -көркем өнер👍 ең бастысы осы сұқбатта қарапайымдылық тіл маған өте жақын болды🙏❤️🙋🏻♀️💐
Сонына дейин тындайтын , коретин ен керемет подкаст
Кайырлы кеш!!! Интересное интервью!!! Понравилась смелость Перизат ханым в оголении практически своей души, чувств, пережитых эмоций. Ее книга думаю будет для многих открытием, да столько семей живут в придуманных сценариях, не позволяют быть себе счастливыми, на глазах шоры условностей:"уят болады", "сол уйден суегин шыксын". О чувствах и переживаниях женщин закрывают глаза, обесценивают, в нашем менталитете иметь "удобную" жену ,мать своих детей, смотрительницу за родителями, но никак не любимую женщину. То как Перизат рассказывала о своей настоящей любви😢, все еще по живому, ей сложно совладать с эмоциями, наше общество порицает связь женщины с младше себя мужчиной, но поддерживает мужчину, даже если он в дедушки годится жене. Желаю Перизат обрести внутренний гомеостаз, чтобы границы ее сознания раскрылись с еще большей амплитудой и она обрела истинное счастье с самой собой и с миром!!!
Сызге коп коп рахмет осы жерге келып озыныздын отбасынызда болган жагдаилармен болыскенызге ❤ мен озым турмыс курмасамда папам мен мамамнын арасындагы болып жаткан маселе мен каз озымымнын алдагы арекеттерымнын жауабын алгандай болдым 😢сыз аиткан кытаптарды окып жане оны мамага да окытамын 🙏осындаи подкастардын аркасында коп нарсены тузеуге тырысып журмын❤Перизат ханым сызге коп рахмет осылаи келып оз бастан откерген окиганызбен болыскенызге , коп нарсе угындым❤Айнур ханым га да алгысым шексыз коп жас кыздарды улкен омырге жаксы баруына коп улес косып жатыр💕💕❤️❤️❤️🥹🙏
Айнура, қонақтарды жақсы ашасыз, тыңдайсыз! Рахмет сізге❤
Жылап қалдым көріп отырып🥺оте кушті подкаст барлык выпусктан👍
Өте керемет подкаст. Перизат ханымның басынан кешкендерін тыңдап отырып,менің өмірім сізге қатты ұқсайды екенін түсіндім . Менде 8жыл болды бала көтермедім. Және қазір мен өзіммен жұмыс жасағаннан бері күйеуімді сүймеймін.Арамыз суып бара жатыр. Ол маған сүйемін, кетпеші деп жалость жасайды. Мен оны сыйлаймын, бірақ сүймеймін. Қазір мен өзімнен 8жас кіші жігітке ғашықпын. Кеңес беріңізші Перизат ханым?!
Әр әйел бақытты болуға лайықты ғой.
Перизат ханым, рақмет сізге. Осы подкасттан кейін мен жолдасымды сүйетінімді тағы есіме түсірдіңіз.❤❤❤ Шыны керек феминистпін деп, кейде я всё могу и сама деп, құтырып ажырасам деп кететініміз бар. Бірақ шын сүйіп тұрсаң, сені де жолдасың сүйіп тұрса ортақ балалар болса оның бәрі бос сөз екен. Послеродовая депрессиядан жүрген маған күшті көмек бердіңіз! ❤❤❤
Сәлеметсізбе Перизат ханым подкастті көріп сізді өмірдің басқа жағынан таныдым , өте пайдалы ақпарат болды , менім басымнанда послеродовая депрессия өтті соны ер кісілер білгені дұрыс қолдау беріп күшті әсерлі шынайы подкаст болды
Керемет сұхбат! Душевно, жүрекке жетті! Ой салды көп.
Перизатты мен анау twitter кезінен білемін. Сол кезде қатты арық болатын және өте арық формада жүретін. Твиттерде жазғаны маған қызық болып, бүкіл әлеуметтік желіден тауып алдым. Юморы өз алдына, қайсарлығы мен ойлылыға тәнті ететін. Әлі күнге дейін сол, ӘБ хештегін іздеп жүріп оқимын. Жәніііім, кітабын оқып отырып ағыл-тегіл жылағаным есімде... Менің оқиғам сәл басқаша болды. Біз сүйіп қосылдық, бірақ сүйгеніме қосылғаныммен сол басында конфетно-букетно периодты ыдыс-аяққа араластырып жібергенімді түсіндім... Жалпы, өмірде анау дейміз, мынау дейміз, инстаграмнан мимимишныц картиналарды көріп, реалдан алыстап кеткендейміз. Кітаптан соң өкіріп тұрып жылағаным, жүрек қылын шертіп өткендігінен, бір кездері ыстықта да, суықта та бірге боламыз деп уәделескен біздер қай кезде бір-бірімізге "жат" болып кеттік деп ойландым... Менің ата-анам да ажырасқан. Мен әке-шешесінің бірге жүргенін, бір-бірімен әдемі уақыт өткізгенін көрмегенмін. Көргенім, әкем мас болып анамды ұрғаны, біздің көше-көше, көрші-қолаңды паналап қашып жүргеніміз, өзімнің туған әкемнен өлердей қорыққаным🥺 Тұрмысқа шыққаныма 10 жылдың жүзі болыпты. Өзім әкесіз өскен соң балаларым әкесіз өспесе екен деп "бәріне шыдап келіппін". Себеп, шешем бәріне шыдады ғой... Соңында не болды? Менің анам да алып қашудың құрбаны. Әкем анама дейін 2-рет үйленген. Анамды қыздай алып қашқан. Бірақ, қызғаныш деген қызыл ит бір отбасының ойранынын шығарды. Анам өте көрікті еді, жас кезінде. Сұр тіршілік анамды ерте қажытты. Қазір анам өмірде жоқ. Жатыр мойыны ісінен қайтыс болғалы 4 жыл. Анам қайтқан соң қатты ойландым. Мен "бәрін ішіме тықпаймвн", "Мен балаларымның есінде бақытты ана" ретінде қалғым келеді деп қатты ойландым. Бірақ, мына сұхбаттан соң ана рөлін көбірек алып, жар ретіндегі миссиямды қаншалықты орындап жатырмын деп ойландым 😢 Перизаттың: "Әйел бақыты сүйген адамымен бақытты болу" дегенін естіп бір жылап алдым. Мен жолдасыма қаншалықты құрмет көрсетіп жүрмін, қаншалықты оны бағалап жүрмін деп өзіме сұрақ қойдым. "Құдай-ау, қайда сол жылдар, махаббат, қызық мол жылдар" деген сөздер ойыма оралды. Құндылықтарымды ауыстырып алғанымды түсіндім😢 Осы нәрсені ұғынуға үлес қосқандарыңызға рахмет ❤ Сіздің сарғайған жапырағыңыздан деп білерсіз
Рахмет Айнұр, керемет жанды шақырғаныңыз үшін! Перизат ханым one ❤️ love. Махаббатыңызға қосылуыңызды күтемін🥹
Оте керемет мамски ангиме болды, орынды, сабак алатындай. Озимди таныгандай болдым. Оте керемет!
Сәлеметсіздер! Перизат ханымды КВН нен танушы едім. Өзгеше, ерекше, білімді, жан жақты, тәрбиелі және заманауи екенің осы подкаст арқылы танып білдім. Аллаһым әлемдегі бар жақсылықты нәсіп етсің.
Қазақтан осындай батыр қыздар,ойын ашық айтатын,қазақ қоғамына жаңа леп беретін,жас қыздарға үлгі болатын қыздар көп болса екен.
Перизат, сұхбатыңыз өте шынайы, көзіңіз күліп тұрса да, жүзіңде мұң бар, аз уақытта қыздарға, әйелдерге сабақ болатын көптеген маңызды нәрселерді айтып өттің. Шынайы махаббатты іздеп, шырғалаңға түскенің, сүймеген жанмен отау құрғаның тағдырдың сынағы. Махаббатты күткен, махаббатсыз өткен сонша жылдарың ұмыт болсын, сен нағыз әйел бақытына лайық сұлу да сүйкімді перизатсың. Отбасы болып, ерлі-зайыптының, ата-ананың рөлін сомдап жүрген адамдар қаншама?! Бақытсыз махаббат күйзеліске әкеп соғады. Өтірікке құрылған отбасынан жақсы ұрпақ тәрбиеленбейді. Тексіз адамдар махаббатсыз өмір сүріп жүргендер.( Б.Шоу).Сен сияқты қыз балалар ерте ме кеш пе,өз махаббаттарын тауып бақытты болсыншы тек. Жаныңды түсінетін, қадіріңді білетін ер азамат бағыңа тап келсін!
Махабатпен куйеуге шыксакта ❤ бірге тұру қиын.Сколько энергий уходит ....
Айтпаңыз(( Жүріп жүргенде бәрі керемет сияқты, ьірақ күнде бірге вообще басқаша болады екее
Ия толык келісем 21 жаста тұрмысқа шыктым Аллаға шүкір бала шағамыз бар алайда нерв болатын жайлар өтте коп 😅 кейде өзімді жалғыз өмір сүріп жатқандай сезінемін
Өте әдемі әңгіме🎉 😢жылапта көрдім қуанып та 😊 көрдім. Иа, заманда әйел әйелге жау , сол солидарность сақтау керек . Өз акеммен проблема түсіндім. Махаббат шынайы болу керекке сенемін ❤
Мой отец про таких как Перизат Мырзахмет говорит: "Я бы с такой и дня не прожил."🤭🤭🤭
И на самом деле, это прям знак качества современной женщины. Потому что мой отец из тех, кто считает: " еш нәрсеге қарамастан әйел еркектен төмен жүру керек, бәрін шыдау керек, керек, керек, керек"( список очень длинный)
И я очень рада, что в нашем обществе всё больше и больше девушек и женщин, которых мой отец гипотетически не взял бы в жены(к счастью, я одна из них)😁
Главное чтобы в итоге мы были счастливы, а не оказались в ловушке
@@EDBsmom так о том и речь, что если женщина растет с внушением, что она должна всегда быть удобной и хорошей для всех, не высовываться и потакать во всем обществу, то она оказывается в ловушке стереотипов и потом просто доживает свой век больная и несчастная. А ведь мы живём один раз и можем быть в партнёрских отношениях в браке, выстраивать личные границы в отношениях с қайынжұрт, развиваться, как личность, уделять внимание детям, а не бесконечным приёмам гостей. Многие из поколения наших мам даже не знают, а что бы им хотелось для себя. Быть удобной, но несчастной - вот ловушка!
@@aidafrost7557
Аида...7557.
Отец твой,...не понимает👈 скорее забыл, что патомок САҚ- KASSAK👊🦄🤺🇰🇿
...,,,ВОЙНЫ""
И нам чуждое 👈 понятие ,,,пакорность"
или послушный 👈
И ген.код....просыпается
у патомков, у нас... свами👈
Пакорность присуща
оседлым народам👈☝
Вспомните , наших ....
CАҚСКИХ ЦАРИЦЫ ВОИТЕЛЬНИЦЫ :
Тамирис , Рәзия,Зарина...!!! .
НаЗым , Гүлайым , Гаухар, Бопай , Қорлан, Бұлан, Айбике, Аруназ ,
Айсұлу, Гүлсара, Күнсұлу...и.т.д. защишали земли Сақские и честь
своего народа.
Мужчины могли только
мечтать о Сақских воительницах.
Понятие пакорность....
пришло к нам позже ... от других
этносов и Исламский мир в том числе.
Наши девушки и женщины участвовали
во всех....
войнах издревле с Персами и теми кто угрожали ,... джунгар- ойраты, Калмыкии , Китай, Россия. Вторая мир.война: Әлия, Мәншүк, Хиуаз,...единственный
танковый экипаж из наших девушек 4- ро ихбыло.
Воевали оч.много девушек из КЗ. идеялогия СОВКА, была против Тюрк САҚ-ҚАСАҚ переписали
в Руських.
Дальше идем в 1986г...
студентки Қазашки всех вузов и училищ и техникумов вышли против Советской власти и погибли сотни и тысячи девушек , запретили говарить об этом в СМИ ...досихпор запретная тема для ҚАЗАҚОВ.
Дальше идем, в 2022г...
қаңтарский геноцит ...
наши девушки и женщины погибли , постродали в тюрмах.
Керемет сұқпат. Кітап жазуға шабытым оянып кетті. Менің өмірім одан да қызық.
Перизат керемет тұлға.
“Ең бірінші махаббат жеңіп алған тумен тең,
Ал екінші махаббат сурап алған сумен тең”- демекші Перизат мойыма, бәрін жеңесін.❤
Барлык айел бакытын,букил омирин,тагдырын,эмоциясын,киындыгын бир озинин тагдырымен- ак айтып тастады,китап окыганмен бирдей болдым,оте шынайы,боямасыз,терен жане ауырлау подкаст шыгыпты.Кашан да шындыкка карау онай емес кой,сондай тагдырына карамай озин жогалтпаганына,юморына тан калдым,мен бул кисини тек инстадан анда- санда карап коямын,бирак омирин билмейди екем,когамдагы казак айелдеринин проблемаларын, ащы да болса шындыкты керемет жеткизди,улкен рахмет❤Айел бакытын тилеймин❤
ПЕРИЗАТ СІЗДІҢ ОСЫ ЖҮРЕКЖАРДЫ АШЫҚ СҰҚБАТЫҢЫЗДАН СОҢ СІЗДІ ЖАҚЫН ТАНЫП ПАРАҚШАҢЫЗҒА ЖАЗЫЛДЫМ.Бақытты әйел болыңыз!❤❤❤❤😘😘😘😘🌹🌹🌹🌹