Әдемі әңгіме // ӘЙЕЛ НЕДЕН ШАРШАЙДЫ?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 фев 2025
  • Тек Әдемі, жақсы, әңімелер!!!

Комментарии • 418

  • @aliasylbek3895
    @aliasylbek3895 4 месяца назад +18

    Осындай ормалды қыздардың сауатты, қарапайым халыққа түсінікті етіп ақпарат жеткізіп отырғаны, халқымыздың, қыздарымыздың дамығаны деп ойлаймын! Осындай қоғамға пайдалы қыздардың саны көбейе берсін! Көп рақмет ақпараттарға!

  • @mekkahmedine4964
    @mekkahmedine4964 5 месяцев назад +37

    Мына подкасты көрсеткен , ешбір аппараттың көмегінсіз өз құлағыммен естірткен Бір Аллаға мадақ болсын!!!!❤

  • @BonesesBones
    @BonesesBones 3 месяца назад +3

    Алла разы болсын
    Кушті подкаст, журекке жетті
    Алган инсайттарым өте көп
    Айда ханымның чек апп-ын утып алғым келеді , муктажбын
    Алладан буйырсын

  • @Щолпантурабаева
    @Щолпантурабаева 5 месяцев назад +9

    Бүгінгі подкаси тұнып турған білім мен ілімге толы инсайт болды мен үшін.Жаңадан босанған жас аналарға әсіресе Алладан келіп турған ескерту секілді.Денсаулығыңа қара,өзіңді кут дегендей.Өзіме керектіні алдым.Рахмет көп көп.Подкасттың өзінде қаншама керекті дүниелерді тыңдадым.Сабақтары бомба шығар.Балаға ең бірінші сау ана керек.Туған соң денсаулықта сыр бере бастайды екен.Сылтауратып журе беремізгой.Зиян нарселерді көп пайдаланамыз.Айда ханымның марафонын аламын деп ниеттеніп журмін Алла қаласа.Осындай подкасттар көбейе берсін.Қазақтың келіншектеріне айтарым дамыңыздар,денсаулықтарыңызды күтіңіздір,Өздеріңізді жақсы көріңіздер.Сонда балада куйеуде бақытты болады

  • @Поэзияалаңы
    @Поэзияалаңы 5 месяцев назад +11

    Лаура Сейітбек- қазіргі әйелдер қоғамындағы ең мықты тұлға👍❤️өте білімді, иманды, іскер әйел❤

  • @muslima_zara
    @muslima_zara 5 месяцев назад +13

    Қандай керемет сұхбат!Алла разы болсын!Біраз терең ой түйдім😇Біраз мазалаған мәселелердің шешімін тапқандаймын.Қонақтардың кәде сыйын ұтып алған жан “жолы болды “😍 дер едім..өйткені баға жетпес байлық ол жан саулығы мен тән саулығы демекші осы құндылықтарға әсер ететін білім мен біліктілікті меңгеру-ол үлкен Жеңіс,үлкен Бақыт!Әйел Бақыты-Жан тыныштығы мен Тән саулығында!🥰Барша қазақ әйелдеріне баянды БАҚЫТ тілеймін!Осындай сауатты әпке-сіңлілеріміз аман болсын,көп болсын!💖

  • @Жансая-ф8ь
    @Жансая-ф8ь 5 месяцев назад +6

    Керемет подкасьт болды, адамның тәні мен жанының дұрыс болуының түсіндірмесі. Алла тағала осы қазақ қыздарының білімін бізге жеткізуге нәсіп еткен сансыз мақтаулар болсын!!! Менің өзіммен жұмыс жасап, қоғамның бір бөлшегі болған осындай әпкелеріміздің ортасында отырып , сұхбат берсем. Лайықты құлдардан болсам ИншАлла!!! Менің осы мүмкіндіктерді ұтып алуды жазсын!

  • @КамшатЕрадилова-в5у
    @КамшатЕрадилова-в5у 5 месяцев назад +9

    Сіздердің подкасттарыңызға аяқасты тап болдым. Және де өте қуаныштымын тап болғаныма. Сіздердің айтқандарыңыздың барлығы басымнан өтіп жатыр. Дәл өзімді сипаттағандай болдыңыздар. Үйренерім, білмегенім көп екен. Рахмет сіздерге. Ұйымдастырушыларға, келген қонақ сіздерге, және де бар білімдеріңізді аямай шын жүректен жандарыңыз ашып бөліскендеріңізге алғысым шексіз. Тақырыпқа келетін болсақ соңғы 10 жылым шынымен шаршаумен өтіп жатыр екен😢😢😢😢. Оның соңғы 4жылы денсаулығыма яғни анемия, т.б аурулар сипатында көрініп жатыр екен. Оның да себебін осы сұхбаттан білдім.😢 . Көзімді ашқандарыңызға рахмет көп көп. Өзіме барлық жағынан өзгеріс керек екенін түсіндім.

  • @AisuluOrazbayeva
    @AisuluOrazbayeva 5 месяцев назад +11

    Өзімді құнсыздандырып еңсемді көтере алмай жүргенде керемет демеу болды бұл эфир.😢😢Бала туып бағып ағайынға отымен кіріп күлімен шыққан жағам деп 15жылым өтті .Быйыл шекемнен томар таспен ұрғандай сыйсыз құрмет сіз екенімді сезіп бәріне қол сілтеп.Өзімді зерттеуге өзімді түсінуге бел будым.Ин ша Аллаһ ❤❤❤❤❤ Сіздерге рақмет Пайдалы дүниені тегін беріп алтын уақыттарыңызды бөлгендеріңізге алғысым шексіз.Аллаһ көпке берсін!

  • @АлияЗакарьянова-в5я
    @АлияЗакарьянова-в5я 5 месяцев назад +21

    Осындай оте грамотный казак ханымдар коп болса екен ,Алла тагала комектесе кор

  • @ТаноТано-х7н
    @ТаноТано-х7н 5 месяцев назад +7

    Қыздарым жақсы айтты,білімді,алғыс айтамыз,, Тек шіркін-ай,қазақша тілдерін дамытса,шұбар тілде аса түсінбейтіндер көпқой, түбі ана тілімізді байытайық,жоғалтқан сөздіктерімізді жинап алайық,сонда жарасып тұрады,, Рахымет сіздерге ,,

  • @Нурганым-к8м
    @Нурганым-к8м 4 месяца назад +3

    Айда , Лаура ,Меруерт ханымдардың мынау жақсы сұхбаты әйел жандарға жақсы ем болды сұхбаттарыңызға рахмет еңбектеріңіз жана берсін

  • @БалзияБалқыбек
    @БалзияБалқыбек 5 месяцев назад +2

    МашАллаһ,қанша жерден оқып,дамып жүрміз десек те керемет ақпараттар болды.Өміріміздегі көптеген мәселелерді орнына қоюға,кездесіп жатқан қиыншылықтарға басқа көзқараста қарауға,рухани да,физиологиялық тұрғыда да біліміміздің көтерілуіне ақпараттар алдық.
    Себепші болған жандарға,тегін іліммен сусындауға барын салған қазақтың баға жетпес алтын қыздарына Аллаһ ниеттеріне еселеп сауаптан жазсын.Алған білімдерінің садақасының сауабын екі дүниеде берсін.❤❤❤

  • @zarinabaimurat9179
    @zarinabaimurat9179 5 месяцев назад +2

    МашАлла керемет подкаст болды! Алла разы болсын сіздерден! Алғаш рет көруім бұл әдемі әңгіме подкастын, аяқ асты көріп қалып едім, ұнап қалды! Менде де теріммен үнемі проблема бар, асқазан, бауыр, өт, кислотность проблемалары да бар менде. Бәрінің терімен байланыс бар екенін білсем де, ферритин, магний туралы, ақуыздың ферритинді тасымалдаушысы екенін білмеппін. Тіпті информационный детокс та осылармен байланысты екенін енді біліп отырмын. Лаура ханым, Аида ханым, және осы сұхбатты ұйымдастырып отырған Меруерт ханым сіздерден Алла разы болсын! Әрі діни сауаттылығы бар, әрі кәсіп меңгеріп айналасына, қоғамға, үмбетке пайдалы болған сіздердей келіншектер дами берсін, көбейе берсін!

  • @saltanatmuslim2916
    @saltanatmuslim2916 5 месяцев назад +6

    Подкаст өте пайдалы болды мен үшін. Осындай ақпараттармен бөләскеніңіз үшін Алла разы болсын. Менде Лаура ханым сияқты келген проблеманы паникасыз шешуге тырысып жүрмін. Өте дұрыс айтты выгорание түсіп кетпей жүрген жақсы. Қылықты айел курсын алғанмен жілітің майын шағып беріп айтадығой жүрекке жеткізіп. Осындай қазақтың маңдайына нәсіп еткен сауатты әйелдер қазақстанымда көп болсын. Өзімізді дамыта берейік.❤❤❤❤❤

  • @АИдрисова
    @АИдрисова 5 месяцев назад +3

    Уааау менім көзім ашылып жатыр 😍 осындай керемет подкаст , түсінікті, нақты👏🏻👏🏻👏🏻
    Мен бұл кісілермен танысып керемет болдым 🎉🎉🎉
    Алла разы болсын🤲🏻🤲🏻🤲🏻
    Тегін емес дүниелер айтылды көп көп рахмет😊

  • @БактыгульТыныбекова-е6у
    @БактыгульТыныбекова-е6у 5 месяцев назад +4

    Бали азаматсыздар🎉эң керектүү маанилүү маек болуптур, эң башкысы чын дил м.н аялдарга айтылган акыл кеңешиңиздерге рахмат 🎉 өнүгөлү өсөлү аял заты 🎉

  • @РайханЖунисбекова
    @РайханЖунисбекова 5 месяцев назад +3

    Керемет сұхбат болды. Алла разы болсын.Өзімді мазалаған ойлардың шешімін тапқан дайын.Осындай сауатты әпке сіңлілерім көбейе берсін.Сіздерге мың алғыс..Амандык тілеймін.

  • @БотаМуханбеткалиева
    @БотаМуханбеткалиева 5 месяцев назад +2

    Ооо керемет❤ алғаш рет осындай әдемі әңгіме бар екенін білмеппін. Мен прям балқып тыңдап отырдым😊 миымды бір сілкіп алдым..😮

  • @ЖұпарБекмұратова
    @ЖұпарБекмұратова 5 месяцев назад +5

    Керемет сұхбат болды,осы кешті ұйымдастырған Меруерт ханымға рахмет,Лаура,Айда ханымдардың сыйлығы мұқтаж жанға бұйырсын❤❤❤

  • @men_ustazbyn
    @men_ustazbyn 4 месяца назад +1

    Керемет кеңестер.керемет ой ,керемет өмірге қажетті ,әйелге қажетті кеңестер. Тыңдап отырып біліммен рухани демалыс болды. Қайта қайта көріп, өзім жақсы көретін жандарға осы ақпаратты жібердім. Көп рақмет.

  • @ВталсьВислаьа
    @ВталсьВислаьа 5 месяцев назад +2

    Машаллаһ керемет, осы прдкасты түсірген және өз кеңестерімен бөліскен Лаура, Айда ханымдарға мың алғыс! Алла баршаңыздың істеріңізге берекет берсін, дендеріңіз сау болсын. Әр бір тұлға сіздерден керегін алып пайдаға асырсын😊

  • @МадинаКузембаева-л7м
    @МадинаКузембаева-л7м 5 месяцев назад +3

    Магыналы,оте пайдалы сухбат болды. Казактын мыкты ,билимди келиншектери ❤❤. Алла разы болсын шынайы ,адеми ангимелеринизге

  • @Гулбахрам-п5р
    @Гулбахрам-п5р 4 месяца назад +1

    Амансыздрма қыздар, мынау керемет сабақ болды, адам мен бәрін білем деп емес мен нені білмеймін әрдәйім ізденіс ұстінде болу керек сияқты
    Еңбектерің жемісті болсын. Аллам сендерге өмір берсін

  • @jadrautegenova1439
    @jadrautegenova1439 4 месяца назад +1

    Өті күшті сұқпат болды. Сөз құдыреті мықты ғой, жақсы боп қалдым, өз басым денсаулықпен быраз сыналдым, рухымда әлсіреп жүр еді, сіздерді тыңдап күш аламын, алда тағыда осындай сұқпаттар көп болсын Ин Ша Аллаһ ❤

  • @НазираСейдуалиева-ы3о
    @НазираСейдуалиева-ы3о 5 месяцев назад +2

    Рақмет.
    Керемет ауылда ешқандай тренинг ,ешқандай оқуға қатыспаяқ керемет көптеген кеңестер алдым Рақмет алғысым шексіз Руһани байыдым,жаныма жақын жандарыммен бөлістім Осы әңгімені ұзақ демей қойып қойып тыңдап жүріп тірліктеріңді істеңлер деп бөлістім Маған қатты ұнады.Рақмет.

  • @ЭмилияТилегеновна
    @ЭмилияТилегеновна 5 месяцев назад +6

    Неге осындай әңгімелер бұрында шықпаған енді сауыттанып жатырмызгой осындайларды көріп 😂❤

  • @Ulpan-k4k
    @Ulpan-k4k 4 месяца назад +2

    Подкаст оте керемет шыккан.Мен озиме коп инсайттар алдым.Лаура ханымнын тусиндиру шеберлиги,соз саптауы озине ерек.Кыздарга нагыз осындай мамандардын кенеси керек.

  • @МерекеЕсекеева
    @МерекеЕсекеева 5 месяцев назад +4

    Қазақтың осындай қыз. келіншектері көп болсын.Керемет мен білмитін мәселелер айтылды.Іске асыруға тырысамын.Лаура ханымның Сен жалғыз емессің кітабында екі күн болды бастап оқып жатырмын.Ол жерденде жаксы өзіме пайдалы зайырлы білім аламын деген ойдамын.Меруерт ханым сізге де Алла разы болсын.

  • @ГульзинаАбдуллаева
    @ГульзинаАбдуллаева 5 месяцев назад +1

    Бүгінгі әдемі әңгімені жүргізген ханымдар сендердің әңгімелерің маған өте өте қатты ұнады бұрын бұл әдемі әңгіме сұхбатын көрмеген естімеген екенмін мен жасым жетпіске жакындап калған әжелеріңмін қазіргі заманда сендердей білімді сауатты, тәрбиелі, иманды қазақтың қыздарын көріп өте таңғалып, қуанып отырмын біздің қазақтарда да осындай қыздар бар екен ғой деп сендердің айткан әңгімелеріңді өз қыздарыма, келіндеріме насихат ретінде айтпакшымын тағы да бар қазақ қыз келіншектеріне әдемі әңгіме сұхбатын көруді ұсынамын осы сұхбат маған өте қатты ұнады. Сендерге мыкты денсаулык кәсіптеріңе еңбектеріңе отбасыларыңа береке тілеймін осы ютуб каналдарың дами берсін

  • @АйгеримАлдабергенова-л8ч
    @АйгеримАлдабергенова-л8ч 5 месяцев назад +2

    Күштііі, қандай керемет подкаст, мен де сол кругтан шыға алмай жүрмін!
    💯 Пайыз барлығына пайдалы ақпарат, күйеуіме де жібердім көріңіз деп, осы подкастты көріп күйеуім менің жағдайымды түсінер деген ниетте, себебі менің айтқаным ол кісіге өтпейді 😢
    Алла разы болсын сіздерге, ИншаАллах өмірімді жақсы жаққа өзгертуге тырысамын ӨЗІМ үшін, сіздердің айтқан ақылдарыңызбен❤

  • @МадинаМахаш
    @МадинаМахаш 5 месяцев назад +1

    Алла разы болсын❤❤❤ өте керемет подкаст болды. Көптеген жаңа ақпараттармен таныс болдым. Барша атсалысқан жандарға рақметімді айтамын❤❤❤

  • @moldirtokkozha3674
    @moldirtokkozha3674 5 месяцев назад +1

    Өте күшті подкаст болды Алла разы болсын❤Өте күшті инсайттар алдым және өзіме жазып алдым
    Денсаулыққа көңіл бөлмей жататынымыз өкінішті алдағы уақытта осы кеңестерді өз өмірімде қолданамын бұйырса

  • @АктотыХаным
    @АктотыХаным 5 месяцев назад +1

    Просто ең супер, ең керемет, ең құнды подкаст❤❤❤❤❤❤❤❤
    Өте білімді, сауатты мамандар. Молодец осындай мамандарымыз көп болсын. Меруерт ханым керемет жүргізесіз. Рахмет сізге осындай подкаст үшін. Өте пайдалы подкаст болды. Бәрін дұрыс айттыңыз. Әттең кеш біліп жатырк. Тіс туралы. Қыздарыма қақсайм да отырамын шекеме тигесін. Қазақпызғо шекеміз тигесін барып кірісеміз бәріне. Тіс емдету қымбат. Бәрі ақшаға келіп тіреледіғо. Но кымбат болса да стойт соған. Тамак жесем де ұзақ шайнайм озиме сурак коям не жеп отырм деп тез тойып калам. Коремиз астарлы акикат бирболайык қослайык кормеуге тырысамын. Тек подкаст корем пайдалы. Пайдасыз подкаст деген жоққо. Бари пайдалы. Тик ток жок екен менде кормеймин

  • @ГульжанЕркинбаевна5
    @ГульжанЕркинбаевна5 5 месяцев назад +1

    Мен бір жақсы тыныш тыңдап отырып, өзіме біраз + тер миыма сіңіріп алдым. Рахмет осындай пайдалы сұхбаттар көбейсе жақсы болар еді, бәрі өте дұрыс. Мен өзімді түгел тексеріс жасап қәтеліктерімді байқап өзіме керегін алдым. Алла разы болсын

  • @СалтанатСакановна
    @СалтанатСакановна 5 месяцев назад +1

    Қандай керемет,Үйде отқан әйелге көп ақпарат бердініздер.👍Жан тыныштығы әйел денсаулығы өте керемет инсайт алдым Рахмет.Әр жаңа шыққандарды ютубтан көріп отырамын .Алла разы ❤болсын.

  • @shynaryma
    @shynaryma 4 месяца назад +1

    Өте пайдалы, қулаққа жағымды сұхбат болды деп ойлаймын! Пайдалы кеңемтіріңіз үшін рахмет!

  • @ТаншолпанБакытжан
    @ТаншолпанБакытжан 4 месяца назад +2

    Қыздар өз өздеріңізді жаксы көріңіздер! Өз өздеріңізді күтіңіздер денсаулықты тексертіңіздер! Өте пайдалы подкаст болды , Алла разы болсын! Өз басым бала күннен анимия едім, бирак жасым 30ға келгенше оның емі кандай екенін білмей ман бермей келдім! Суйтип ол анемия кіші ұлыма берілді казир алсиз өзім сияқты кеш түсинсемде казир емин іздеуге кіоістім! Алла өзі жар болғай ауырмайық, ізденейік көзімізді ашайық, сонда бари жаксы болады!❤

  • @ЖансулуМережепова
    @ЖансулуМережепова 5 месяцев назад +1

    Керемет әдемі әңгіме болды👍түсіндіріп айтудасыздар 👏👏👏 Саллаллаһу алейхи уә сәллам деп дәптерлерді толтырамын осы сәтте тыңдап жазып отырдым. Алдағы уақытта тісімді емдетуім керек еді. Теңгені күтіп жүрмін алла бұйыртса емдетім алуым керек🥹

  • @кенжебек-л4г
    @кенжебек-л4г 5 месяцев назад +1

    Көп көп рахмет ,Алла разы болсын.Осындай пайдалы видеоларды көргіміз келеді,миымыз ашып не көретінымізді,кімге сенерімізді білмей қалдық,Пайдалы ақпараттардан инсайт алып өмірімізді саналы,сапалы өткізуге тырысайық

  • @Асель-е2о
    @Асель-е2о 5 месяцев назад +1

    Құнды білім болды, Алла разы болсын! Қолдары ашық, жомарт жандар екен, тегін пайдалы біліммен ғана бөлісіп қоймай, тегін курс, өнімдерімен бөлісіп отыр❤ Мұқтаж, қадірін білетін нәзік жанға бұйырсын. 25 ке келіп, емізулі болсам да check up тан өтіп, денсаулығыма қарау ойымда болмапты, тек баланың денсаулығына мән беріп жүр екенмін. Сау ана-сау бала! Декретте отырған аналарға онлайн курс өте керемет❤

  • @Ailinrg-t5n
    @Ailinrg-t5n 5 месяцев назад +1

    Оте керемет ангиме коп сабак алдым.билмеген нарсени билдим оте керемет ангиме осындай айелдер кобейе берсин дами берейк денсаулыкты карайык дурыс тамактанайык журегимиз иманга толы болсын ИншАлла арине буйырган айелге берилсин.Аллам кимге буйырады муктаж жанга буйырсын.

  • @СалтанатЕрежепова-с7у
    @СалтанатЕрежепова-с7у 4 месяца назад +1

    Альхамдулиллах. Барлык мактау Аллага тан. Екинши рет тагы тындайын деп отырмын. Алла каласа нагыз керек кезде алдымнан шыгып такырып унап карадым. Алладан сау карым катынас денсаулык омирим бир жуйеге келсе екен деп тилеп жур едим. Жумыстарын алга бассын. Керемет сукбат болды

  • @ФаридаАйткулова-ы6ъ
    @ФаридаАйткулова-ы6ъ 5 месяцев назад +1

    Әдемі әңгіме өрбіткен иманды ибалы жандарға алғысым шексіз Шын ықластарыңызбен нәзік әиелге керек жақсы оиларыңыз өте әсерлі мәнді жеткізгендеріңізге рахмет ПАИДАЛАРЫЗ ҚАЗАҚ ӘИЕЕЛДЕРІН ОЯТЫП ҚҰНДЫЛЫҒЫН СЕЗІНДІРУ ДЕП ТҮСІНДІМ Алланың нұры жаусын ❤

  • @ГулзадаСулейменова-т7ж
    @ГулзадаСулейменова-т7ж 5 месяцев назад +1

    Мәә нағыз әйел әңгімесі, эмоциямды жеткізеалмаймын. Керемет білікті эксперттер екен машАлла❤алтын әңгіме болды🎉

  • @Aktau10
    @Aktau10 5 месяцев назад +1

    Өте пайдалы канал! Бұл сұхбат өмірімізге керек рухани азық ! Меруерт ханым керемет жургізуші! Лаура ханым мен Айда ханым жас болса да өз ісінің мамандары. Халқына жаны ашитын, болсын деген адамдар ғана бар білгенін үйретеді. Осы каналдың ұжымдарына Алла разы болсын!

  • @zhans9444
    @zhans9444 5 месяцев назад +1

    Алла разы болсын сіздерге. Керемет тың ақпараттар алдым. Лаура ханым Аида ханым айтқан нәрселер менің бойымда бар үнемі шаршау ұйқтап тұрсам да шаршап жүрем. ИншаАллах пайдалы ақпараттар болды енді іске асыруға тырысамын. Сіздерге көп рахмет қуанып отырмын ❤

  • @kurak_korpe_ulbolsin1658
    @kurak_korpe_ulbolsin1658 5 месяцев назад +1

    Керемет кыздар осындай казактың оқыған ,дамыған қыздарына риза болдым 56 жасыма дейін естімеген акпараттар алдым Аллахым разы болсын сіздерге

  • @АкеркеСакбаева-з9ч
    @АкеркеСакбаева-з9ч 4 месяца назад +1

    Сұхбат өте керемет болды. Көп мағлұмат алдым. Лаура ханым, Айда ханым көп рахмет. Алла разы болсын. Алғысым шексіз. ❤❤❤

  • @ДиляраАдылханова
    @ДиляраАдылханова 5 месяцев назад +1

    Сиздерге рахмет! Оте коп пайдалы дуниелер естидим ! Сонгы кезде мазалап журген маселелер, осында айтылып жаткан кунды дуние. Аллах тагала ози алдыма алып келгендей болды сиздин подкасты, шынымен аурудын бари уайымнан негизи😢☝🏻

  • @ГулзияСаттаркызы
    @ГулзияСаттаркызы 5 месяцев назад +1

    Керемет подкаст. Білімді қазақ әйелдері көбейе берсін. Аллахым осындай мамандарға көрінуді нәсіп етсін ол менің үлкен арманым. Өте пайдалы болды.

  • @АйкоБолатбек-г9л
    @АйкоБолатбек-г9л 5 месяцев назад +1

    Дәл осы подкастты аяқ асты көріп қалып соңына дейін тыңдап шықтым. Көптен бері Алладан сұрап жүргенім алдымнан шықты десем болады. Өте жақсы инстайттар алдым. Миымда қайта- қайта қорытып жатырмын. Әсіресе жолдасыммен қарым қатынас жағы дөп тиді. Пазлдар орнына отырды десем де болады. Магний туралы да өте жақсы ақпарат болды. Дәл қазіргі уақытта сондай шарлау жағдайында жүр едім. Ілім алуда тоқтамай келемін Аллаға шүкір. Декретте отырған анамын. Толық нәтижеге аз қадам қалды. Бұл сұхбат та тағы бір талчок болды. Алла разы болсын. Әйелді әйел ғана түсінеді. Ең жақсы ақылды да қолдауды осындай мықты әйелдер бере алады деп ойлаймын. Еңбектеріңіз жана берсін,тоқтамаңыздар . Сіздер Қазақстан әйелдер қауымына керексіздер. Сіздерден шыққан шәкірттер де көп болуы керек. Тек қана алға ханымдар!

  • @banzaibanzai7276
    @banzaibanzai7276 5 месяцев назад +6

    Осы ханымдардың көмегіне нағыз мұхтаж жанға бұйырсын ИншаАлла

  • @ArsenBoranbay
    @ArsenBoranbay 5 месяцев назад +1

    Аллаға шүкір. Қыздар өте керемет подкастты көріп жаным тыныштанғандай әсер алдым. Шыныменде қай жеріміз ауырса мынау болады деп соны қолдана саламыз. Айда ханым оның жанындағы ханымда дұрыс айтты . Қазақттың осындай қыздары көп болсын.Менің қыздарымда осы қыздар сияқты болса екен. Мен бақыттымын балаларым денсаулықтары мықты болсын. Қазағым ауырмасын аман болсын. Еліміз тыныш болсын. Кім үтсада бақытты. Алла разы болсын. Ішіміз қайнап жатыр ғой😂.❤

  • @НазгульБелянбекова
    @НазгульБелянбекова 5 месяцев назад +1

    Оте керемет подкаст оте сауатты мамандар карапайым кеңестер сол нәрселерге ман бермейді казактын айелдери жалпы казир тренд дени сау болу салауатты омир салтын устану денсаулық оте манызды ныгмет екенин жаксы тусиндирди❤❤❤❤

  • @sandugashkuralbaeva
    @sandugashkuralbaeva 5 месяцев назад +2

    Аллаға сансыз шукір осындай ханымдардың білімін алуды нәсіп еткеніне. Әр қазақтың әйелі сіздерден болсын әр әйелге жандарыңыз ашып қолдап отырсыздар. Керемет ой туйдім рахмет сіздерге❤❤.Меруерт ханым дер кезінде кушті сұрақтар қояды ал Лаура мен Айда ханымдар білімділік пен даналықпен сондай сауатты журекке жеткізіп жауап береді. Айда ханымның сыйлығы керемет. Маған да бұйырсыншы. Ұ ұтқан жанда сіздер ушін қуаныштымын🎉🎉🎉

  • @СаулеМолдасанова-п7б
    @СаулеМолдасанова-п7б 5 месяцев назад +1

    Алла разы болсын пікір леріңізбен керемет әсер алдым өте орынды әңгімелер айтылды үйде отырып алып ызыңдай беретін әйелдердің тыңдайтын кеңес екен

  • @АкботаСарыбаева-п5ж
    @АкботаСарыбаева-п5ж 5 месяцев назад +2

    Салеметсиз бе😊 Бугинги подкасттан оте багалы инсайттар алдым! Озим декретте отырган анамын! Оте алыс жерге келин болдым, агайыным, туыстарым,курбыларым ешкимим жок болып еки жыл катарынан босанып катты куйзелиске тустим! Тускен отбасым оте сал дастурди катан устанатын отбасы секилди маган коринди ма билмим енеммен келгеннен басымыз бир казанга сыймады. Амал жок жолдасым жалгыз ул болсада болек шыгатын болдык! Екеумиз болек шыксакта урысымыз догармады. Екеумизде лидерлик касиеттеримиз болгандыктан бир такка таласкан сынды бир биримизге дес бермедик!Бирак екеумиздин айырмашылыгымыз ол тулгалык жагынан оскендей, ал мен керисинше стреске тусип, жолдасымнан зависимая болып бастадым!Кайда кетседе андып, неге маган конил болмейсин деп тиисуди бастадым! Жан жарым тек ундемей женеди!Аягында мен гана озимен озим жылап сыктап калатын болдым! Сонгы урысымыздан кейн осы бир аптада катты озгерип кеттим!Себеби озгеремин, фокусты озиме гана кою керек екендигин тусиндим!Кунделикти спорт, китап оку, уйкыны, тамакты дурыстау секилди заттарымды колга ала бастадым! Калай фокусты озиме бурдым жолдасымды издемейтинде болды 😂м. Енди ен кызыгы алга максаттар койып бастап едим, бирак ол максаттарым сиздин подкастыныздан кейн озгеретин сиякты енди...Себеби мен озимди далелдегим келетинимди, баринин маган мойынсуна караайтынын калайтынымды осы подкастан кейн гана тусиндим!Сондыктан мен кез келген жерде биринши ара катынасымды реттеуим кеерек екенин тусиндим!Ол ушин мен тузелуим керек екен!Рахмет сиздерге бакытым деген менин балаларым мен жан жарым екен гой олардын аман есен жургендери!Неге буны мен байкамаганмын! РАХМЕТ Сиздерге! Алла сиздерге еки дуниенин бакытын насип етсин!

    • @АсельБаскараева
      @АсельБаскараева 5 месяцев назад

      Аида ханым😊🌹болсам , сізге беретін едім жобадан 1орын

    • @АкботаСарыбаева-п5ж
      @АкботаСарыбаева-п5ж 5 месяцев назад

      Алла разы болсын!Рахмет!Жай гана болиским келди)​@@АсельБаскараева

  • @darkfeni45
    @darkfeni45 5 месяцев назад +1

    Подкаст өте керемет,түсінікті,бар сұрақтың жауабын табасың,қазақ әйел затының жанашырлары көбейе берсін.Еңбектеріңіз жемісті,берген білімдеріңіз қайырлы болсын

  • @Sujaja_toka
    @Sujaja_toka 5 месяцев назад +2

    Ма аа маған айтылған екен.өте пайдалы болды .рахмет подкастарды үзбей қараймын берері көп❤істерің алға бассын

  • @bibiaishadjandosova8559
    @bibiaishadjandosova8559 3 месяца назад +1

    Өте пайдалы кеңестер алдым.Алла разы болсын

  • @Акнур-д5р
    @Акнур-д5р 4 месяца назад +3

    Аллахым разы болсын, керемет сұхбат. Жасымыз биразга келди ески устаныммен калып койганбыз. Аида ханымнын командасына немесе шәкірті болсам. Дәл қазір медицинадан выгораниеде жумыстан шыгып алган бала позициясындагы дәрігер.

  • @organik_choco8586
    @organik_choco8586 5 месяцев назад +1

    Подкаст үшін үлкен рахмет, Алла разы болсын, істеріңізге, отбасыда берекет болсын.
    Өзім 7баланың анасымын, көп стрессте өмір сүріп жүрдім, ішкі жан дүнием дұрыс емес жолда екенімді әрдайым іштей сезініп жүретінмін, ізденіп, кітаптар оқып, подкастар тыңдап, курс, марафондарға қатысып, денсаулығымды, жеп жатқан тамағымызды, ішіп жатқан суымызды, жаттығу т. б өмірлік салаларды реттеуге тырысып жүрмін. Әрине, қте қиын, айналаң сеніі ішіңді түсінбейді, іштей Аллаһым, Раббым деп жалбарынып, әлсіз екенімді әрдайым Аллаға ғана айтып, үйден ұзап ешқайда шыға алмайм да, соның өзіне қарамаё баланың пособиесіне өзімді дамытуға ізденуге құштарланып жүрем. Міне, бүгін тұлғалық Распаковка істейм деп онлайн жазылдым. Бар пррблемалар, соны шешемін деп өзіме сенімдімін, өйткені мен жалғыз емесмін, менімен Құдіретті Ұлы Мәңгі Аллам бар. Алласы бар адам ешқашан төменде қалмайды, дәрежемді көтереді деген сенімдемін. Әрине, оффлайн саьақтарға қатысқан өте жақсы, алайды мен үшін ол мүмкін емес әзірше, Торғай өңіріненмін, Алматы, Астана деген қалалар алыс әрі бөпем кішкентай. Сондықатан, қыз келіншектер, әсіресе бала туып отқан аналарымыз, өздеріңізді жегілей жемеңіздер, денсалуқтарыңызға анализ тапсырып, қажетті БАДТАР ішіңіздер, хотябы минимум 1жвлттоқтатпай, жүйелі түрде, мамандармен кеңесе отыра. Мен бұрын просто так витаминдер іще беретінмін, оказывается олай вообще болмацды екен, өзінің реттілігі бар, ағзада воспалениелер болуы мүмкін, соларды емдеп алып, бадтарды реттілікпен өз орнымен ішу керек екен. Соған көщім жетті, білім алуыд тоқтатпаңыздар. Өщім үшін сіздер үшін де Алладан жәрдем, берекет сұраймын. Өміріміз мәнге толы болсын. Әумин рахмет❤

  • @ЭльмираЕсенова-и8ц
    @ЭльмираЕсенова-и8ц 5 месяцев назад +1

    Керемет подкаст болды,көп нәрсені білмеген екен азда болса құнарлы информация алдым.Алла разы болсын 🤲 Еңбектеріңіз жана берсін.Осындай пайдалы подкастар көбейе берсін.🎉

  • @ШынарКожахметова
    @ШынарКожахметова 5 месяцев назад +1

    Молодец қыздар. Біздін қазақтын қыздары осылай дамиберсіңші. Бәрімізге пайдасы тиіп. Біз оларды мақтан тутамыз

  • @FeruzaShanti
    @FeruzaShanti 5 месяцев назад +1

    Маған деп кезінде келген подкаст болды. Жолдасым бәрін жасасын деп үйде отырамба деген ойды ойлап жүрген едім. Әйелде өз қажетін табу керек екенін түсіндім. Подкаст катты унады. Әр әйел дені сау болса, урпакта сау болады

  • @sjshyraijaparova4624
    @sjshyraijaparova4624 5 месяцев назад +1

    Алла разы болсын сіздерге… әдемі әңгіме подкастына Алғысым шексіз, пайдалы сұхбат әрдайым, сіздің подкастыңыздан кейін уақытым бекер кетті деп өкіну жоқ ең бастысы🥲❤️
    Алла уақыттарыңызға береке берсін…

  • @НуржамалАбдиева-з2ч
    @НуржамалАбдиева-з2ч 5 месяцев назад +1

    Ақылына көркі сай , тамаша қазақтың ару қыздарысыздар.😍😍😍Керекмет миымызға инсайдтар алдық. Жалпы әйел адамның нағыз негізгі проблемаларын айтып жеткізіп, шешу жолына дейін түсіндіргендеріңізге көп рахмет.❤❤❤ Алла разы болсын сіздерге. 🤲

  • @TolkinKabilbay-ir7nq
    @TolkinKabilbay-ir7nq 5 месяцев назад +3

    Дінмен медицина ұштасып әдемі сұқбат болды “ бақыт деген жүрек тыныштығы “ керемет айтылды🔥🔥🔥

  • @ДинараУмуткан
    @ДинараУмуткан 5 месяцев назад +3

    Ассалаумағалейкум баршаңызға❤ өте бір керемет,қайталап тыңдалуы керек подкаст болды. Осыншама құнды білімді тегін айтып жатқанда ақылы курстарында қандай ақпараттар айтылатынын даже представить не могу😅 подкаст соңында Аида ханым айтқандай чекаптан өту керегін естіп білсек те, бағасынан-ақ қашып білмейтін адам құсап 50-60 жасымызға шейін жүре беретін сияқтымыз,Астағфирулла😅 Хотя мен жаспын,жасым 23-те, екі ұлдың анасымын. Осы күзде төркініме барып қайтамын деп пландап(төркінге бармағалы 2,5жыл болды),кейін ауырып, сол кеткен ақшама лучше денсаулығымды қолыма алып,емделем деп ниет еткенім кеше еді осы подкасттың алдымнан шыққаны тегін емес деймін🙏 Ханымдардың берген ақпараттарынан өзіме 1.ферритинге тапсыру,2. Тісті емдеу,3. Гинекологқа қаралу деп түртіп қойдым. Кеше бір момент балаларыңның денсаулығына қарамайсың ба лучше деген ой келді. Бірақ ең алдымен өзімді бірінші орынға қоямын, денім сау,бақытты болсам, балаларымның да денсаулығына қарауға шамам жетеді,бүкіл отбасым бақытты болатынына сенімдімін. Алла баршамызға жәрдем берсін❤ подкаст әйелдердің шаршауы туралы болғандықтан шаршап жүрген әйелдер қарайды деп ойлаймын,өзім сияқты. Сіздерге айтарым сіз жалғыз емессіз,бірақ әрбіріміздің өміріміз өз қолымызда. Барлығымыз бақытты, жүрегі Құдаймен тыныштық тапқан, махаббатқа толы, дана әйелдерден болайық. Подкастты міндетті түрде жақындармен бөлісемін😙

  • @МейрамкулАдамбекова
    @МейрамкулАдамбекова 4 месяца назад +3

    Алла сіздерден емделуді нәсіп етсін ауырганға шипа берсін

  • @NazymTaubai
    @NazymTaubai 4 месяца назад +1

    Рахмет пайдалы болсын❤

  • @КарлыгашНуражиева
    @КарлыгашНуражиева 5 месяцев назад +1

    Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракятух!
    Ар Бир айел осы подкасттан кейын озине пайдалы билим, алып, омирине пайдалы озгерис енгизсе екен ин ша Аллах!
    Чек ап Деген не Ол деп журсем.бугин оны тусину буйырыпты.
    Ал озиме келсем чек ап ты Аллах тагалам Маган да буйырса екен! 2 ханымнын да сыйлыгын алгым келип турганай
    Амин!❤

  • @ГульфаризатАбдрахманова-э5ь

    Өте білімді адамдар, керемет подкаст болды 👏👏👏

  • @АяулымБаймахан
    @АяулымБаймахан 5 месяцев назад +12

    Эксперттердің әр сөзіне лайк басқым келіп отыр. Бір рет қанала саналатыны барда лайктың. Ризашылықтан әр инсайтыма лайк басар едім 😍❤️❤️

    • @ayaukaaa1803
      @ayaukaaa1803 4 месяца назад

      Аттас екенбіз, фамилиямызға дейн бірдей😊

  • @ЛайлаТанрбергенова-и1з
    @ЛайлаТанрбергенова-и1з 5 месяцев назад +1

    Керемет падкаст, көп ақпарат алдым. Тыңдағаннан түйгенімді жазайын. Шаршаудың екі түрі бар - себептітжәне себепсіз. Адам өзін жан-жағындағы адамдармен салыстырып, өзіне бір идеялар ойластырып, сол идеялары жүзеге аспаған кезде, адамдардан күткен ойлары болмай қалған кезде өзін сай емеспін деген ойдан шаршайды. Ағзадағы гармондық фонда дизбаланс болған кезде ас қорыту жүйесінің жұмысы нашарлап, барлық ағза катастрофаға ұшырайды. Соның салдарынан ресурс болмағандықтан ми тек қана жат, дем ал деген сигнал береді. Щитавитканың жұмысы әлсіреп, гипотериоз дамуы мүмкін. Ішкен ас энергияға айналмай, май болып жинала береді. Осыдан ми стресс алып, адам шаршай береді және өзін жазғыру, қолымнан түк келмейді деген ойға келеді. Барлығы бір-бірімен тығыз байланыста. Жеген асымыз сіңу үшін ең алдымен дұрыс құнарлы, пайдалы тамақ болу керек және тісіміз сау болу керек, тамақты дұрыстап асықпай шайнап, дәмін сезіну керек. Теледидар, телефон көріп тамақ жеген кезде ми екі функцияны бірдей қабылдай алмайды, сондықтан жеген асымызды дұрыс қорытып, ферменттерді бөле алмайды. Түсінгенім осы. Керемет құлаққа жағымды, пайдалы, әсерлі сұхбат. Уақыттың қалай өткенін білмей қалдым. Осындай Лаура, Аида ханымдардай қазақтың қыз-келіншектері барда, біз білімімізді артты берейік."Болмасаңда ұқсап бақ" демекші, сіздерден аларымыз көп. Сіздерге мықты денсаулық, отбасылық бақыт тілеймін. Аллаһ разы болсын! Сауабы мол болсын! Меруерт ханым, сізге осы подкаст үшін мың алғыс!

  • @ГульжанатСеркешбаева
    @ГульжанатСеркешбаева 5 месяцев назад +1

    Керемет подкаст болды. Алла разы болсын. Жан сарайымызға денсаулық, бақыт, байлықтардың қазынасын төгіп, ізгілік нұрын шашып жібердіңіздер. Әрбір жанның жан дүниесін жасартыңыздар. Пайымды сөздеріңізбен білікті де, білгір маман екендеріңізді таныттыңыздар. Әрқашан игі істеріңіздің жемісін көріп, әйел бақытының зор үлгісін көрсете беріңіздер.

  • @janelk5445
    @janelk5445 5 месяцев назад +1

    Аида ханым:" Бақыт-ол жүрегімнің тыныштығы және жаныма жақын адамдарымның денінің саулығы" деп айтты. Мен бұл сөздерге толықтай қосыламын. Себебі, таңертең ауырмай тұру ең керемет сезім. Кушті әңгімелер айтылды! Рақмет сіздерге! Аида ханыммен Лаура ханым өте білімді, бірі қазақтың денінің саулығы ушін барын салса, екіншісі жанының саулығы ушін барын салып жур!

  • @МадинаБасан
    @МадинаБасан 5 месяцев назад +1

    Өте пайдалы подкаст болды. Өзім туралы естіп, денсалағың мен жан дүниенді ретке келтір дегендей белгі алғандай болдым. Шынымен де тістің қадірі жайлы айтылғап потолок болды. Алған инсайтты өмірде қолдануға тырысамын ❤

  • @АбдыкадырИслам
    @АбдыкадырИслам 5 месяцев назад +1

    Керемет, рахмет, Алла разы болсын сіздерге, көптеген ақпараттар алдым, осындай сұхпаттар көп болса, көзімізді ашатың ❤

  • @jakatate4972
    @jakatate4972 5 месяцев назад +1

    Өте пайдалы подкаст болды, Алла разы болсын! Осындай сұлу да білімді қыздарымыз көп болсын ❤

  • @lailahailallohmuhammadurra8400
    @lailahailallohmuhammadurra8400 3 месяца назад +1

    Ассалаумағалейкум.Осы подкастқа үлестерін қосқан әр бір жаннан Раббым екі дүниеде де разы болсын🤲🏻.

    • @Ademi_Angime
      @Ademi_Angime  3 месяца назад

      @@lailahailallohmuhammadurra8400 әмин әмин

  • @Жаныл-ш3к
    @Жаныл-ш3к 5 месяцев назад +2

    Бұл подкасты бірінші рет тыңдауым, тегін емес болар мүмкін❤.Денсаулықты қалай күтіп, қалай емделу керек жайында жақсы айтып өттіңіздер.Рахмет! Нағыз әйелдерге қажетті настхаттар мен ұсыныстар,керемет! Сөз құдірет!, амалдар ниетке байлансыты екені рас, жақсылық көрсем АЛЛАдан,жамандық көрсем өзімнен.Тағы да бір дәлелдедіңіздер,РАХМЕЕТ!

  • @quralaymustafina7994
    @quralaymustafina7994 5 месяцев назад +1

    Ма шаа Аллаһ шынымен "Әдемі әңгіме" болды👍🏻 өте пайдалы, құнды ақпараттар айтылды! Баршаңызға Алла разы болсын ханымдар❤ Алла білімдеріңізді арттырсын🤲🏻
    Әдетте подкасттарды на ходу, тез-тез қарап бітейін деп өткізіп-өткізіп қарайтынмын🤭 бұл жолы табжылмай бастан аяқ мұқият қарап отырдым🥰
    Лаура ханымның
    50:10минуттағы сөзі нәпсіме өте өте ұнады😅өзімді таптым🤭 Алла берген тағдырыма ризамын🥰
    ЖҮРЕГІМ ТЫНЫШ😌Әлһәмдулилләһ❤

  • @jaziraamandaikyzy6635
    @jaziraamandaikyzy6635 4 месяца назад +1

    Керемет подкаст болды🎉 МашАллах 👏 Просто супер.Аллах разы болсын

  • @AygerimSerikkalikyzy
    @AygerimSerikkalikyzy 5 месяцев назад +1

    Оте пайдалы подкаст ,кудиретти кушти ауели Алла,,екинши осы ханымдардын аркасында бираз пайдалы акпарат алдым.Аллам буйырып маган буйырып жатса,анама усынар едим🥰

  • @АйгеримМекебаева-ь7т
    @АйгеримМекебаева-ь7т 5 месяцев назад +1

    Уаау мен сіздерді тыңдап өмірде ең бастысы өзіңнен барлығы басталып, өзіңмен жұмыс жасау өзіңнің денсаулығын мен рухани жане физиалогияга көңіл бөлу Яғни ауырмаудың алдын алу бірінші өмірің өзіңдікі соны качественно өткізші деген жан айкайды жеткізу болды. Соны жеткізе алды журекпен. Яғни Алла берген аманат шашымыздан башпайыңызға дейін денеміздің эмоцияны калай сезінетінін жане біреумен алысқанша яғни энергиялык тургыда сонымен жумыс жасау . Ато ол денсаулыкка калай асер ететінін керемет тусіндім . Алла разы болсын
    Өзімнің де кай жерде кателесіп калай тузеп алуга болатынын көрдім. Сәті түссе екеуіңіздіңде курстарыңызға бару ❤

  • @Gulerke98
    @Gulerke98 5 месяцев назад +20

    Ал, Аида ханымнан ұнаған сөз, өзіме инсаит болған: ЗЕКЕТ -ӘЙЕЛГЕ ДЕ ПАРЫЗ ДЕГЕН СӨЗ! Мені бұл сөз біраз ойға қалдырды.....

  • @aidana.s91
    @aidana.s91 5 месяцев назад +1

    Не деген керемет подкаст, денем түршігіп отырып тыңдадым😢😢😢жалғыз мен ғана сондаймын ба деп ойласам😢проблемаларырық ортақ екен ғой(мен сияқты қаншама әйел бар екен ғой, Аллах сан мәрте разы болсын сіздерге🥹🤲🏻✊🏻💯👍👍👍👍өте керемет инсайт, мықты ақпараттар алдым, өмірге жаңа көзқараспен қарадым🥹әйел тыныштығы-әлем тыныштығы ол рас😊

  • @ГулнараБизнеследи
    @ГулнараБизнеследи 3 месяца назад +1

    Я благодарю вас, спасибо вам большое!❤

  • @Dinka0101
    @Dinka0101 5 месяцев назад +2

    Нағыз мұқтаж жанға бұйрсын🙏🏻 Алла ұлық❤

  • @АйгеримНысанова-в4ч
    @АйгеримНысанова-в4ч 5 месяцев назад +2

    Асия Әбілқасым үшін бақыт деген жүректің тыныштығы. Жанындағы жақындарының амандығы. Керемет подкаст

  • @БлогерАйбар-т2о
    @БлогерАйбар-т2о 5 месяцев назад +3

    Тамаша әңгіме болған!
    Аида ханымның тек Аллаға тапсырамын деп, ешкімнен ештеңе күтпеймін дегені әсер етті! Ке-ре-мееет!

  • @КаламкасАхметова-у6д
    @КаламкасАхметова-у6д 5 месяцев назад +1

    Өте пайдалы подкаст❤ Қыздар денсаулығымызға көңіл бөлейік, тән мен жанның сұлулығы біздің қолымызда❤❤❤ Алла абырой мен берекет берсін ❤❤❤

  • @ТемирланСерик-и1э
    @ТемирланСерик-и1э 5 месяцев назад +2

    Ма ша Алла керемет Алла разы болсын .Айда ханымның курстарын алғым келеді бұйырса екен маған

  • @ЭлеонораКалмурзаева
    @ЭлеонораКалмурзаева 5 месяцев назад +2

    Сәлеметсіздер ме !!! Мә мен үйде отырып өте қатты сауатсызданып кетіппін тіс менде мүлде жоқ десемде болады ден саулыққа мүлде көңіл бөлмейміз не бір өмірге өзімізге менің өсіп келе жатқан қыздарыма пайдалы күшті супер инсайт айтыңыздар даже күйеуімнің асқазаны не үшін ауырады тамақтану кезінде телефон көріп отырады отбасы бан екенінен мүлде хабарсыздай😢 енді тамақтану кезінде қыздапыма тиым саламын телефон көруге шынымен аузы жабалып отса екен деп ьеріп қоямызғой бүгін өте керемет подеаст болды рахмет ханымдар😘😘😘

  • @АйнакуловаФариза
    @АйнакуловаФариза 5 месяцев назад +1

    Сыйлықтар шын керек шын пайда алатын жандарға бұйырсын, жүректен шыққан сөздер жүрекке жетеді, әр спикерге, жүргізуші ханымға Алланың нұры жаусын, әрдайым пайдалылардан болайық 🤲🏻🌷

  • @feruzaasataeva
    @feruzaasataeva 5 месяцев назад +1

    Өте керемет подкаст болды. Көп инсайт алдым. Лаура ханым 1ші орында тістерінді жөңде дегені өтті. Өзім 24те , 4қызым бар. Жылма жыл босанып, қазір өзімді 40тағы әйелдей сезінемін. Ес білген шақтан стамотологияда өскем десемде болады. 16 керамикам бар. Тіс туғаннан не то, ішкі құрылысым не боп жатр, бір Аллаға аян. ИншаАлла денсаулығымды қолға алсам деп ниеттендім. Тағы Лаура әпкенің куйеу беру керек бала позициясында екенімді түсіндім. Ешкімге жалтақтамай, өз бизнесімді ашып дамысам деген алға мақсат қоюыма түрткі болды осы подкаст. Алла разы болсын❤❤❤

  • @кенжебек-л4г
    @кенжебек-л4г 5 месяцев назад +1

    Қандай күшті,өзіме керек ақпаратты өз уақытында алдым.Жасым 53 те таңғы жаттығуларды ,қинап ,қолымды зорға көтеріп жасап жүрсемде шаршаймын,соның жауабын алдым.Рахмет көп к 1:10:43

  • @РозаКантуреева-с8е
    @РозаКантуреева-с8е 4 месяца назад +5

    Осындай эфирді ұйымдастырып отырған Меруерт ханымға өз тарапымнан алғыс айтамын.
    Мендегі болған инсайттар:
    -Өсуді бастамас бұрын ниетті,ойды дұрыстау.Басында қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білу.Ия әрине оның ар жағында эмоция тұр,эмоцияның аржағында гармондар тұр,гармондардың ар жағында химиялық процесстер.Қышқылдардың бөлінуі, ағзадағы дисбаланстың болмауына,яғни қорытынды өз-өзіңмен жұмыс жасау.
    -Мықты әйелдің нақты анықтамасы жоқ,мықтылықты әр әйел әр түрлі қабылдайды.
    -Ауыр,қиын жағдайларды әр адам әр түрлі пішінде қабылдайды ауыр жағдайды.Осы жерде эмоцияның өзін проживать етіп,тұңғиығына батып кетпей,содан кейін шығу жолдарын іздестіру керек сияқты.Эмоция бізге не үшін берілген,оны бастан кешіру үшін берілген.Менің жеке ойым.
    -Ас қорыту тістен басталады,қабыну ошақтардың болуына жол бермеу
    -Телевизордың алдында отырып тамақ жемеу,назарды тек тамаққа аудару,тамақ жеудің өзінен ләззат алу
    -Магни тұзын пайдаланып ванна қабылдау
    -Анемия жайындағы пайдалы әңгімелер
    -Ағзаның дәрілерді қабылдамау себептері немесе жағымды нәтиженің болмау себептері жайында айтылан әңгімелердің көбісі маған инсайт болды.Қазақстанда сіздер сияқты әйелдер қауымына,сонымен қатар жалпы қоғамға пайдалы қызметтеріңіз үшін Алланың да,адамның да алғысына бөленіп жүре берулеріңізге тілектеспін.Процветания вашей команде и вашему проекту.Пусть вокруг вас все процветает.🌻🌼🌸💮🏵🌺🌼🌻Халыққа беретін шапағат пен шарапаттарыңыз көп болуына тілектеспін.Көрсеткен қызметтеріңіздің барлығы сауаптарыңызға жазыла беруіне нәсіп етсін.Мұраттарыңыз асыл,ниеттеріңіз қабыл болсын.