Қазы айналдыру

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Қазақ халқының дастарқанын қазысыз елестету мүмкiн емес. Қазақ десе, алдымен қазы-қарта, жал-жая секiлдi ұлттық тағам түрлерi көз алдыңа елестейді. Бұның адам ағзасына пайдалы тұстары да көп. Қазыны қазiр тек қазақтар ғана емес, елiмiздi мекен еткен өзге ұлттар да сүйіп жейді. Ендi осы қазы айналдырудың әдiс-тәсiлдерiне тоқталайық.
    Қазыға арналған етті өткір пышақпен ішекке сыятындай етіп тіліп, түзу қалыпқа келтіріп салқын жерге шығарып қойған дұрыс. Оған дейін ішекті жуып тазалап алу керек.
    Ол үшін үлкен ыдысқа ішекті салып үстіне 3-4 уыс тұз салып ішектің ішін тұзбен ысып жуу қажет. 4-5 қайтара салқын сумен шаю керек.
    Қазының дәмі ерекше болуы үшін дәмдеуіш дайындап алу керек ол үшін: тұз, сарымсақ, қара бұрыш керек, сарымсақты майдалап турайды да үшеуін араластырады.
    Ішектің екі жағын байлау үшін жіп дайындап қою керек.
    Қазы айналдыру тәсілі:
    Ішектің майы сыртына қарап тұруы керек, мұны шатастырып алмаңыз.
    Салқын жерден етті алып келіп қалауыңызша тұздаңыз, еттің қалың жерлерін аздап тіліп-тіліп алдында дайындап қойған дәмдеуішті тегістеп жағып, ішекке етті жаймен тығу қажет. Майы бір бөлек, еті бір бөлек болып қалмас үшін етпен майы қатар тұруын қадағалау қажет. Ішекке тығып болғаннан соң екі жағын жіппен байлаңыз. Қазыны дайындап алған соң, салқын жерге шығарып кептіру керек.
    Сонымен қоса, қазы семiз, арықтығына қарай түрлiше аталады. Оны елi, бармақ, шынашақпен өлшейдi. Қазының кере қазы, тең қазы, сере қазы, табалдырық қазы, би қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы сияқты атаулары бар.
    #дәмдітағам #қазақшарецепт #қазы #дәмді #дәмдітағам #жылқы

Комментарии •