Орманшының жанайқайы: төмен жалақы, ескі техника, өлім мен өмірдің арасындағы жұмыс |ЕҢБЕК АДАМЫ #38

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 26 апр 2024
  • #НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #nartaynews #Еңбекадамы
    🔹Спикер: ҚАЙРАТ ХАЛЫҚОВ - орманшы.
    «Бір тал ағаштан мың тал шыршы шығады, сол бір тал шырпы мың тал ағашты өртеп жіберуге қауқарлы». Солай болып та жатыр. Былтыр елімізде 810 орман өрті тіркелген. Олардың жалпы ауданы 116,8 мың гектар болды. Жалпы, мемлекеттік орман қорының ауданы 30,9 млн гектар, оның ішінде 13,7 млн гектар орманмен көмкерілген. Ел аумағының ормандылығы - 5-ақ пайыз. Абай облысы орман қорының аумағында екі ірі апат болғанын білесіздер. Өкінішке қарай адам шығыны бар. 14 орманшы қаза тапты. Тағы бір ірі оқиға Қостанай облысында болды. Бұл өңірден барлығы 2091 адам эвакуацияланып, 12 адам жеңіл және орташа ауырлықтағы жарақаттар, күйік шалып, уланған. 1935 жылы туған қария қаза тапты. 107,2 мың гектар жер өртенді. Сонымен қатар екі елді мекенді шарпыған от салдарынан 91 тұрғын үй жанып кетті. Айта берсек, орман өртіне қатысты ірілі-ұсақты апаттар аз емес. Бірақ, сол орманды тілсіз жаудан да, адамдардан да қызғыштай қорғап, күн-түн күзетін жүретін мамандық иелері бар. Бүгін біз сол орманшылар жайлы баяндамақпыз. Бүгінгі кейіпкеріміз - орман шаруашылығының басшысы - Қайрат Халықов.
    Еліміздегі ормандардағы соңғы ірі апаттардан кейін билік пен бұқара да орманшы деген мамандыққа және осы салаға мән берді. Жасыратыны жоқ, бұл шындық. Оған дейін сол қалың ағаштың арасында бұйығып жатқан қызмет түрі еді. Негізі орманшының атқаратын жұмысы көп әрі күрделі. Ол әуелі табиғатты қорғайды. Ормандағы жан-жануарларды қорғап ғана қоймай, қыста солардың жем-шөбін де реттестіреді, өзен-көлдердегі балықтардың да қырылып қалмауын қадағалайды. Жаз басталса демалысқа келген адамдарды күзетумен болады. Өйткені, өкінішке қарай, бізде әлі күнге дейін жауапкершілікпен табиғат аясында демалу мәдениеті қалыспаған. Жұмысы көп, жауапкершілігі одан ауыр орманшылар осындай.
    Қостанай облысындағы Аманқарағайда аман қарағай қалмаған кез де болды. Ағаштың бәрі өртеніп, құламағандары жалаңаштанып, орманды күйік кезді. Бірақ, қарағайдың басын өрт шалғанымен шортан шалған жоқ. Ғалымдардың айтуынша, күл басқан жерді гүл жарып шығады әлі. Оған шамамен жарты ғасыр уақыт керек. Бір ғана өрттің салдарын бағамдаған боларсыз. Сондықтан, орманшыларға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап үйренсек игі. Табиғат жалғыз. Оны аялау да, аямау да адамзаттың қолындағы аманат.
    “Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Басты қолдаушымыз AMANAT партиясы. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 40 фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!
    Интаграм: nartay_aralbayu...
    Фейсбук: / nartai.sarsengaliyev

Комментарии • 42

  • @NartayAralbyuli
    @NartayAralbyuli  3 месяца назад +11

    Көріңіздер, таратыңыздар!
    Қарапайым еңбек адамдарын қолдайық!

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +2

    Барша қазақ елі тазалыққа көңіл бөлейік

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +3

    Аман жүріңдер табиғат сақшылары

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +2

    Қазақ жері асты үсті толыған байлық бағалайық өз елімізді алтындарым

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +4

    Жаз мезгілі келе жатыр барша ел тұрғындары табиғатқа демалуға шығады артымызды жинап табиғатқа зиян келтірмей демалайық

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Тамаша табиғат байлығын қорғап кейінгі ұрпаққа осындай байлықты тазылығымен тапсыру әр азаматтың жауапкершілігі

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Еңбектері бағалану керек жалақылары өте төмен екенЕліміз

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +4

    Орманшылармықты жандар өз жұмысын сүйіп істейтін

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Міне еңбек адамы адал жандар

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Еңбектері бағалану керек жалақылары өте төмен екен

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Еңбек адамы фильмі осы саланы әдемі көрсеттіңдер жарайсыңдар

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Ой қандай тамаша болды жалақылары өсе екен

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +3

    Демалушылар сақтық шараларын сақтап жүру керек

  • @ErdauletSmaknov
    @ErdauletSmaknov 3 месяца назад +3

    Орманының еңбегі зор

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Орманшылар аман болсын

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +3

    Отбасылары да азаматтары үшін уайымдап отырады ғо

  • @user-pc1dz4vb1u
    @user-pc1dz4vb1u 3 месяца назад +5

    Басшыларға халық жаны 5тиын

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +3

    Орман өртінен сақтасын

  • @user-wr8lf2er6l
    @user-wr8lf2er6l 3 месяца назад +3

    Осындай күнделікті көріністер 30 жылдағы ескі Қазақстанның жемқорлығының, ат төбеліндей санасыздардың кесірі! Сосын әкімдер!

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +3

    Еңбек адамы фильмінде тегін көтеріліп отырған жоқ сондықтан әр демалушы мен осы елдің азаматымын бұл жерді аялайық деп ойлау керек

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Орманшыларға көлік берілуі керек онсыз қиын

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Жануарларға қыста қиын оларға тамақты қолмен дайындаймыз

  • @user-gn3xf2om6q
    @user-gn3xf2om6q 3 месяца назад +3

    Жемқорлар бәле болды айлықты ала алмайтын болдық.

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Айлық уақытында беріліп отырса екен

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +2

    Осындай адал еңбекті бағалай білейік

  • @user-hw9lw3ew8e
    @user-hw9lw3ew8e 3 месяца назад

    Тамаша ағатай! Осындай еңбек адамдары көп және еліміз аман, табиғатымыз әсем болғай!!!🤲🤲🤲🇰🇿🇰🇿🇰🇿

  • @user-mx1nd9lc8h
    @user-mx1nd9lc8h 3 месяца назад +3

    Бәрін істеп отырған жемқорлар , ақшаны жеу үшін .

  • @user-rb4jw3hi9m
    @user-rb4jw3hi9m 3 месяца назад

    Еңбектері бағаланып, жемісін көріңіздерші🤲 Жалақылары аз олардың қаншама еңбек жасайды көзбен көріп жүрміз✊🏼🇰🇿🇰🇿🇰🇿💪

  • @abylai9050
    @abylai9050 3 месяца назад +2

    Орман шаруашылығы еліміз дің табиғат байлығы

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Табиғаты тамылжыған Қазақстан елі көркейе берсін

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +2

    Бұл салада азаматтар үйін бала шағасын көрместен біршама күндеп жүреді ауыр жұмыс

  • @Askar-no9dp
    @Askar-no9dp 2 месяца назад

    Кайрат деген казакка сай,кайратты жигитер елимизди осылай жандары ашып табигатымызды коргап журген жигитеримиздин жумысы зор!Укиметимиз багалап соган сай жалакысын котеру керек деп есептеймин! Ози карапайым, казакша таза солейтин СКО азаматтары коп болсын,жарайсын Кайреке

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Орман өртенбей халықты қинамай тамашалығын

  • @user-eu9pj7vl8n
    @user-eu9pj7vl8n 3 месяца назад +3

    Еліміз аман жұртым тыныш болғай

  • @Ruskanay
    @Ruskanay 3 месяца назад

    Қарапайым мықты жігіт екен✊🏻✊🏻✊🏻

  • @ErdauletSmaknov
    @ErdauletSmaknov 3 месяца назад +1

    Орманшылаардың еңбегі зор қысы жазы оңай емес еңбектері ақталсын

  • @daniyaumbetova7630
    @daniyaumbetova7630 3 месяца назад

    Жазда демалатын орындарды неге бекітіп қоймайды, сол жерді қадағалап, қалған орманды бақылауға болады. Және демалуға рұқсат бермеген жерге тыйым салып қою керек және штафты көтеру керек.

  • @robertoelvio9466
    @robertoelvio9466 3 месяца назад

    No comprendo el idioma...podrán transmitir en español

  • @user-kb1jk5zs4k
    @user-kb1jk5zs4k 2 месяца назад

    Қайрат секілді еңбегіне адал, қайратты адамдар көп болғай

  • @user-lk5me8bq3i
    @user-lk5me8bq3i 3 месяца назад

    Орманды күтуді үйрену керек баршамызға.

  • @user-bm8fw4ep2j
    @user-bm8fw4ep2j 2 месяца назад

    Бір орманшыны білуші едім