Дәмді тефтели тағамы🔥🔥 қазақша рецепт
HTML-код
- Опубликовано: 10 фев 2025
- Дәмді тефтели тағамы🔥🔥қазақша рецепт
Керекті заттары:
200гр тартылған ет
2 жуа
100гр күріш (тазалап жібітіп алуымыз қажет)
1чай қасық тұз
1чай қасық бұрыш
Жарты чай қасық әмбебап дәмдеуіш
1жуа
1балғын сәбіз
Соусына:
1ас қасық томат
1ас қасық кетчуп
1ас қасық тола ұн
Дайындалуы:
Бір ыдысымызға тартылған ет, майдалап тұралған жуаны, суда жібіген күрішті салып араластырамыз үстінен 1жұмыртқа шақып дәміне қарай тұз, қара бұрыш, әмбебап дәмдеуіш қосып жақсылап араластырып астынан үстіне қарай видеодағыдай ұрып шығамыз. Енді дайын массамызды домалақтап ұнға батырып қызып тұрған майда екі бетін қызартып қуырып аламыз. Енді басқа бір таза табамызды қызытып май құйып туралған жуаны салып сарғылт түс болғанша қуырамыз үстінен үккіштен өткізілген сәбіз салып 1минуттай қуырып дәміне қарай тұз қара бұрыш әмбебап дәмдеуіш қосып үстінен дайын тефтелиларымызды орналастырып үстінен қуйу үшін соусын дайындаймыз. Қайнап суыған 1кесе суымызға 1ас қасық томат, 1ас қасық кетчуп, 1ас қасық ұн қосып араластырып үстінен құйып, қайнап шыққанша орташа отта ал қайнап шыққасын баяу отта 20минутқа дымдап қоямыз. Тамағымыз дайын болды, енді ыдысқа салып дастарханға ұсынаберсеңіздер болады, Ас болсын))
#тефтелирецепт #тефтели #тефтеливдуховке #тефтелисрисом #вкусныерецепты #вкусныйужин #тефтели #cooking #food #recipe #домашняяеда #дәмдіас