БҰЛ ЖІГІТ ПИНГВИНДЕРДІ АСЫРАУ ҮШІН,ЖҰМЫСҚА БАРМАЙ ҚОЯДЫ |Пингвины Мистера Поппера 2011 фильм

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 окт 2024
  • Әссәләму әлейкум достар.Бүгін біз 2011 жылы шыққан "Пингвины мистера Поппера" деген комедиялық киноға шолу жасаймыз.Алдыменен каналға
    тіркеліп қойыңыз.Достар,бейнені аяғына дейін көрейік.Ал ендеше кеттік...
    Кино басында Том Поппер деген кішкентай балақайды көрсетеді.Ол әкесімен хабарлама арқылы сөйлесуде.Әкесі болса,суда мұхитты кезіп жүреді екен.
    Кеменің капитаны.Күндердің бір күнінде Томның әкесі алыс сапарға шығамын деп,отбасына кешірім сұрап хабарласады.Осылай жоғалып кетеді.30
    жыл уақыт өтеді.Том Поппер кәсіпкер болып үлкен компанияда жұмыс істейді.Оның қасында Пиппи деген көмекші қыз болады.Поппер өзі,жұмыс
    белгілі бай кәсіпкерлерден олардың ғимараттарын сатып алады екен.Осылайша олар мистер Гремминс деген кісіге келеді.Греминс болса,сендерге
    айтарым осы.Мен бұл жерді сата алмаймын дейді.Бұны сатсам не болады дейді.Сонда Поппер,егер сатсаңыз қолыңыз босайды.Сіз сол бос уақыттан
    қорқасыз дейді.Маңайдан кеменің парусын көріп қалып,сіз биыл бардыңыз ба дейді.Гремминс болса,қайдағы,уақыт жоқ қой дейді.Сонда Поппер,менің
    әкем барды.Үлкен ашық мұхитта парусты жайып қойып жүрді.Су деген жан жақтан шашылып жатты.Не деген табиғат деп Греминсті қызықтыра
    бастайды.Греминс тіпті көз алдына елестетіп кетеді.Поппер енді кетпекші еді,әлгі Гремминс оны тоқтатады.Қайда кеттіңіз,мен сататын болдым дейді.
    Мистер Поппердің әріптестері болса,оны мақтай бастайды.Недеген керемет шебер едің дейді.Поппер болса,бұл менің жұмысым,кез келген клиентті
    көндіремін дейді.Енді келесі сатып алатын орын,су жағасындағы таверна еді.Бұны естіген Поппердің түрі өзгеріп кетеді.Себебі балалық шағында сол
    жерде отбасыммен болып еді.Кейін Поппер Рик деген жігіттің үйіне барады.Ол үйде Поппердің бала шағасы әйелі тұрады.Поппер әйеліммен
    ажырасып еді.Осылай анда санда балаларын көріп кетуге келеді екен.Үлкен қызы бар.Есімі Дженни.Кейін Поппер әкесін жақсы танитын бір кәрі шалға
    барады.Сөйтсе,әкесі көз жұмыпты.Бірақ оның алдында әкесі Попперге сыйлық қалдырып кетіпті.Бірнеше күннен кейін келеді дейді.Ақыры сол сыйлық
    келеді.Үлкен ағаштан жасалған қорап еді.,Ішін ашса,қатып тұрған пингвин.Бір кезде Попперге қоңырау шалынады.Сол кезде пингвин тіріліп оянады.
    Поппер пингвинді көріп таңғалып,тұтқаны қоя салады.Осыдан кейін Поппер пингвинді көтеріп көреді.Сосын өзінің шомылатын ваннасына апарып
    мұз толтырып,өзі жұмысқа кетіп қалады.Осылайша су жағасындағы тавернаның иесі Миссис Ван Гандимен сөйлеспекші болады.Өзінше бұны да
    көндіремін деп ойлайды.Гремминске жасағандай әдістер бұл кемпірге өте қоймайды.Ол кемпір болса,Попперге қарап,бұл таверна маған өте қымбат.
    Мына жұмыскерлер маған отбасым сияқты.Қашан сіз өзіңізді жақсы жақтан көрсетесіз,мүмкін сонда осы тақырыпқа оралатын шығармыз дейді.
    Әссәләму алейкум достар! Менің каналыма қош келдіңіз! Осы каналыма әр түрлі фильмдерге обзор жасап салып отырамын! Каналымның дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Ол үшін каналыма тіркеліп қойыңыз! Әр шыққан бейнеге лайк басып және коммент қалдырып кетіңіз!
    #КиноШолу #ОбзорФильмов

Комментарии • 34