«Кәусар» қазақтың «Қыз Жібегін» шақырды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 1 окт 2024
  • Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көпшіліктің көкейінен шыққан тағы бір керемет кеш өтті. Бұл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Кенжеғали Мыржықбай жетекшілік ететін «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің кезекті іс-шарасы.
    «Кәусардың» бұл жолғы қонағы - ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері, қазақтың «Қыз Жібегі» Меруерт Өтекешова болды. Басты ерекшелік - айтылған әңгімелердің шынайы әрі табиғилығында. Тағылымды кешті әдеттегідей бірлестік жетекшісі өзі жүргізіп, әрбір айтылған әңгімеге өзі араласып, кинолардан үзінділер келтіріп отырды. Көрермендермен тығыз байланыс орнап, деректі фильм өнері араласқан мәнді де сәнді кеш сұрақ-жауап түрінде өрбіді. Жиналған жұрт осы бір жанға ләззат, көңілге көтеріңкі күй сыйлаған басқосудан рахаттанып шықты. Кеш соңында ел ағалары сөз алып, халықтың сүйікті «Қыз Жібегіне» қошеметтерін білдірді.
    www.enu.kz/info...

Комментарии • 43