ДӘРЕТ АЛУ ҮЛГІСІ.ЕҢ ОҢАЙ ӘРІ ТЕЗ.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 янв 2025
  • Дәрет алу үлгісі
    1. Ниет.
    Балақты түріп, екі қолды шынтаққа дейін сыбанып, «Ә’узу» мен «бисмиллаһты» айтып дәрет алуға іштей ниет етеді.
    2. Қолды жуу.
    Қолды білекке дейін саусақтардың арасын және саусақтардағы сақина, жүзіктердің астына да су тигізіп жуу керек.
    3. Ауызды шаю.
    Оң қолмен үш рет су алып ауыз шайылады.
    4. Мұрынды шаю.
    Үш рет оң қолымен мұрынға су тартылып, сол қолымен сіңбіріледі.
    5. Бетті жуу.
    Маңдай мен қоса құлақ басталған тұс пен иек астына дейін үш рет бет жуылады.
    6. Оң қолды жуу.
    Оң қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.
    7. Сол қолды жуу.
    Сол қол шынтақпен қосыла үш рет жуылады.
    8. Басқа мәсіх тарту.
    Шынашақпен бірге үш саусақ ұшпа-ұш келтіріліп, маңдайынан желкеге дейін осы үш саусақпен мәсіх етіледі.
    9. Құлаққа мәсіх тарту.
    Сұқ саусақпен құлақтың ішіне, бас бармақпен құлақтың сыртына мәсіх тартылады.
    10. Мойынға мәсіх тарту.
    Екі қолдың сыртымен мойынға мәсіх тартылады.
    11. Аяқты жуу.
    Оң аяқтан бастап саусақтарының арасын, тобықтарымен бірге үш мәрте жуады. Осылайша сол аяқты да жуады. Әсіресе өкше мен тобықтардың жуылуын мұқият қадағалау қажет.
    12. Қолды қайта шайып дәретін тәмәмдайды.
    Дəреттiң сүннеттерi
    Дəреттiң сүннеттерi он сегiз:
    1. Дəретті “Бисмиллаһ” деп бастау.
    2. Əуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.
    3. Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны Мазмаза деп атайды.
    4. Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны
    Истиншақ деп атайды.
    5. Беттi жуғанда қас, сақал жəне мұрттың астындағы
    көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.
    6. Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау.
    7. Сақалды мəсих ету.
    8. Сақалдың арасын саусақтарымен тарамдау.
    9. Тiстерiн тазалау. (мисуакпен тазалау маңызды сүннет).
    10. Бастың барлық бөлігіне мəсих тарту.
    11. Құлаққа бiр рет мəсих тарту.
    12. Желкені үш саусақпен бiр рет мəсих ету.
    13. Қол, аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу.
    14. Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу.
    15. Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет ету
    Дəреттiң əдептерi
    Дəреттiң əдептерi жиырма сегiз:
    Əдеп - орындалған жағдайда сауап, орындалмаған жағдайда
    күнə болмаған амалдар. Ал сүннеттi орындаған жағдайда сауап,
    орындамаған жағдайда тəнзихан мəкрух болады. Əдепті мəндуб
    жəне мустаһаб деп те атайды. Дəреттiң əдептерi:
    1. Уақыт кiрместен бұрын дəрет алып намазға дайындалу.
    (Үзірлі болғандар уақыт кірген соң алады)
    2. Іш дəрет алғанда қыблаға оң немесе сол жағымен қарап
    отыру. Дəрет сындырғанда қыблаға қарай алдымен немесе артымен
    отыру тахримəн мəкрух болады.
    3. Нəжiс тимесе де сумен іш дəрет алу.
    4. Іш дəрет алғаннан кейiн сүлгімен құрғату.
    5. Іш дəрет алғаннан кейiн əурет жерiн дереу жабу.
    6. Басқа бiреудiң жəрдемiн алмай дəретті өзi алу.
    7. Дəретті қыблаға қарап алу.
    8. Əрбiр мүшенi жуған кезде кəлима-и шаһадат айту.
    9. Дəрет дұғаларын оқу.
    10. Аузына оң қолымен су алу.
    11. Мұрнына оң қолымен су алу.
    12. Мұрнын сол қолымен тазалау.
    13. Ауызды жуғанда тiстерiн мисуакпен тазалау. Мисуак болма-
    са тiс щеткасымен де тазалауға болады.
    14. Ауызды жуғанда ораза тұтпаған болса, тамағын сумен
    шайқау, дəретте де ғұсылда да сүннет. Ораза тұтқан болса, бұлай жа-
    сау мəкрух.
    15. Мұрынды жуғанда суды сүйекке дейiн тарту.
    16. Құлақты мəсих еткенде бiр саусағын құлақ тесiгіне кіргізу.
    17. Аяқтың саусақтарын тарамдағанда сол қолдың кiшкене
    бармағымен тарамдау.
    18. Қолды жуған кезде жүзiгi кең болса қозғап жуу. Ал тар бол-
    са мiндеттi түрде қозғап жуу парыз.
    19. Су көп болса да ысырап етпей жуу.
    20. Суды май жаққандай аз қолданбау қажет. (Үш рет жуылған
    мүшеден кемінде екі тамшы су тамуы керек.)
    Бiр құманмен дəрет 21. алғаннан кейiн, сол құманның суын тол-
    тырып қою.
    22. Дəрет алып болған соң (немесе ортасында) Аллаһуммаж-
    ални минаттəууабин... дұғасын оқу.
    23. Дəрет алғаннан соң Субха намазын, яғни екi рəкат намаз
    оқу.
    24. Дəретi болса да кейiнгi намаз үшiн қайта дəрет алу.
    25. Беттi жуғанда көздi былшықтардан тазалау.
    26. Беттi, қолды, аяқты жуғанда парыз болған жерлерден
    асырып жуу. (Қолды жуарда уысқа су алып білекке қарай ағытып
    шынтақпен қоса жуу)
    27. Дəрет алып жатқанда қолданылған суды үстіне шашырат-
    пау.
    28. Өз мазһабында мəкрух болмаған бір амал басқа мазһабта па-
    рыз болса, мұны орындау мустаһаб болады.
    #дәреталуүлгісі #дәреталуүлгісіәйелдерге #дәреталу #әйелдергедәреталуүлгісі #ерлергедәреталу #қыздарғадәреталуүлгісі #дәретжәненамаз #дареталуайелдерге #омовениепосунне #дәреталубалаларға #дареталуайелдергеулгисивидео #дәреталуәдебі #дәреталутүрлері #дәреталудыңпайдасы #дареталуганиетету

Комментарии •