Мемлекет басшысы «Анаға апарар жол» тарихи драмасының алдын ала көрсетіліміне барды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 18 сен 2024
  • «Анаға апарар жол». Астанада кинорежиссер Ақан Сатаевтың жаңа фильмінің тұсауы кесілді.
    Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Жеңістің 70 жылдығына арналған лента Беларусь пен Әзербайжанда түсірілген. Ал тарихи картинаның соңғы кадрлары Алматы облысындағы «Шамалған» бекетінде жазылған.
    Талғат Уәли, тілші
    -«Анаға апарар жол» фильмі өмірде түрлі қиындықты басынан өткерген адамның тағдыры жайында өрбиді. Жастайынан үйінен кеткен кейіпкер соғысты көріп, тұтқындар лагеріне түседі. Осы жылдар бойы ол үйіне, анасына оралып, ұлын көрем деген үмітін жоғалтпайды. Сюжет ұжымдастыру, халыққа қайғы әкелген жұтты, Ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейінгі Қазақстанның қиын кезеңдерін қамтиды.
    Ақан Сатаев, режиссер
    -Ананың рөлін театр және кино актрисасы Алтынай Нөгербек сомдаған. Сонымен қатар картинада басты рөлдерде Әділ Ахметов, Аружан Жазылбекова және Еркебұлан Дайыров сынды актерлер сомдайды. «Анаға апарар жол» картинасының сценарийін Тимур Жақсылықов жазса, музыкасымен Ренат Гайсин айналысқан.
    Авторлары: Талғат Уәли, Қанат Әбілдин

Комментарии • 2

  • @jadiramusaeva7237
    @jadiramusaeva7237 8 лет назад +1

    Өте керемет сапалы əрі шынайы.Ақан аға сізге мың алғыс сізді туған Анаңыздан айналдым.Фильм көзге еріксіз жас келтіреді.Осындай əсерлі шынайы сапалы бағалы тамаша фильмдеріңіз көп болсын.

  • @rustemturginbaev1043
    @rustemturginbaev1043 8 лет назад

    толык нускасын кайдан коруге болады