Эхх, 2008 жылдары, мектеп оқып жүргенімізде блютузбен бір бірімізге жіберіп тыңдаушы едік осы жырды... Жыл өткен сайын мағынасын терең түсіне береді екенсің...
Осы олен менин исламды танытып намазга жыгылуыма себеп болган !Коменттеги кобисине осы олен асер етипти намазга жыгылуга алхамдулиллах Мухамеджан ага алла риза болсын иншаллах жантта жуздесейк сизбен !!
Мухамеджан Аллахым ыраазы болсун сизден. Мен буну 2006 жылы Казахстанда уккам , таппай жүргөм. Казакта эле ушундай эмес , бизде да бар. Ачыгын айткан . Жүрөктөн чыккан сөздөр , жүрөккө тиет .
Ассалаумағалейкум! Керемет! Жүректі шымырландырады! Иә Алла бізді азғындармен, адасқандардын жолмен емес! Өз өзіне жақсылық жасағандардын жолмен жүргізе гөр! Бироһматика арһама роһһим! Әуми-и-ин! Аллаһу акбар!🤲❤️🙏🤝
Дін Ислам - Діңгегім Өлеңді жазған: Мұхамеджан Тазабеков Жігітті жастық шақта еркі жеңер Сеніммен ұсталмаса сертің егер Аллаға құл адамға ұл болу ғой Намазға кеп түйіссе тең тізелер Ақын намаз оқыса хақты танып Алдымен аузындағы сөз түзелер Он күнәнің тоғызы тілден екен Сөз түзелсе иншалла ел түзелер Қазаққа иман, иба қайтып келер Табансыз емес елім тайқып берер Иманды елге жұртымыз айналар ма Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер Құдайдан қорықпайтын болды көп ел Жаратса да құлым деп артық көрер Алла діні ұстаның заты емес қой Ұнамаса өзіне қайтып берер Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық Түбім түрік, ал дінім хақ ислам Солай қарай сеніммен аттанайық Харам менен халалды ажыратпай Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар Бүгінгінің ұраны ап қояйық Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз Адасып айдалада жүрген көшпіз Арабтың тіліндегі дінмен емес Арақтың түбіндегі жынмен доспыз Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр Ұрылардың үлкені мінбеде жүр Байланысып шекпенді шенеунікпен Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес Ібілістің үлкені іргеде жүр. Өмірде аз болған соң иманды шақ Қазағым қай кезде де қиналғыш - ақ Исламға иіс алмас болса дағы Иегова, кришнаидке иланғыш - ақ Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп Исаны құдай көрген Иван құсап Өзге дінге көбейсе өтушілер Сол болар тамырыңды қиған пышақ Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып Екі дінге бөлінген Ливан құсап Ислам дін емес қой қорек қылмас Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер Оны ойлап өз халқына себеп қылмас Қазанның қайнағанын аңдитындар Азанның айдағанын керек қылмас Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр Пайдасы өз басынан аспайтындар Халықтың көз жасынан сескенбей жүр Бесіктен текті болып өспегендер Бес күндік екеніне дес бермей жүр Құранды сыйға тартсаң алмайтындар Құдайдың бар екенін ескермей жүр Өзгелер көп жүргізер үстемді елге Аллаға ғибадат аз істелгенде Бұл қазаққа ислам, имам керек Кісі өлгенде немесе түс көргенде Неге ілім білімге талпынбайды Бәрін біліп туғандай іштен пенде Ертең бірақ өкініп қаламыз -ау Қарттық келіп қасыңа түстенгенде Ажардан нұр базардан құның кетіп Ажалдан адуынды күш келгенде Адамның таза болса ой дәптері Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі Бір кезде Тұрғыт Өзал намазға кеп Тұрғанда ел кө&a
Жанылыспасам бул олен 2007 де шыкты. Оте керемет айтылган. Мен осы оленди коооп тындаушы едим. Ширкин каншама жылдар отип кетипти. Мухаммеджан ага ар казак жалгызым ар мусылман бауырым деген адал ,байсалды иманды жан.
Қазақ қоғамын...дәл сүреттеп беру үшін де өте сезімтал және білімді болу керек...Алла разы болсын...🤲 Ал біздер әлі күнге дейін жанымыздағы бауырларымызды түсіне алатын дәрежеге жетпедік...сүрінсе болды құлатуға дайынбыз , сонда Иманымыз төмен болғаны ма...🥺🥹
Я казактар кім кателеспейды, мен бұл кісімен жақын таныс емпспын дұрыс тусыныздер, январда қашып кетті деп бұл кісіге жала жапканымызга мәзбіз, бұл кісі біраз адамды дінге алып келді, қазақтын кім екенін әдемі айтып отыргой, кояйык жамандау ды, Алла разы болсын Мухамеджан ағамыз ға,
АДАМДАРДЫ АДАСТЫРУШЫ, АРАПҚҰЛДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ. БҰЛ ТАЗАБОҚ БЕЙБІТ ШЕРУГЕ ШЫҚҚАН ЗЕЙНЕТКЕР АТА, ӘЖЕЛЕРІМІЗДІ ҚҰЙЫМШАҒЫНАН ТЕУІП, ҚИРАТЫП ТАСТАҢДАР, -ДЕП АЙТҚАН ІБІЛІС, АЗҒЫНДАП БІТКЕН, УӘХАБ, СӘЛӘФ ИТТЕРДІҢ ҰСТАЗЫ
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Өте керемет! Алла разыболсын! Аллам тура жолмен құлшылық етуге жәнеде Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаху ғалейкум уәссәләм Пайғамбарымыздың лайқты үмметі болып құлшылық етумізге Аллам нәсіп етсін. Әмин!
Ерекше қорғалатын өзге бір жануардан айырмашылығы неде екенін көрсетеді де өз әсерін тигізді да бар еді бір бөлігі болған қ ол әр әр түрлі астық пен. Жолдыбек. Сәлем. Қаланың 🤲🤲🤲🤲🤲
АЛЛАҺ еліме тыныштық бер,ұрпағымызға жарқын болашақ бер,соғыстан сақта ,әр бір адам баласына мейлі ол қазақ болсын өзбек немесе орыс болсын жүректеріне иман берші,жер бетіне жақсы мейрімді адамдарды көбейтші.
Осындай Мұхамеджандай замандасымыз барына тәубәшылық жасайық, Алла жар болсын дейік. Иә ала-құла халқымыз бар, бірі олай, бірі бұлай, Бірі қазақ, бірі орыс, бірі дұрыс дінде, бірі бұрыс дінде, бірі дұрыс, бірі бұрыс, яғни әрқайсының көксегені әртүрлі. Егер біз іргелі жұртпен терезесі тең ел болғымыз келсе, біздің көксегеніміз бір болу керек, діннің де, тілдің де, саясаттың да, тәрбиенің де мақсаты бір арнаға тоғысу керек сонда мүддемізге тез жетеміз деп ойлаймын.
АЛЛАГА ШУКУР САНСЫЗ АЛЛАГА САНСЫЗ МАДАКТАР БОЛСЫН АЛЛА УЛЛЫК АЛЛАДАН БАСКА ЖОК ТАНЫР МУХАММЕД АЛЛАНЫН ЕЛШЫСЫ 18ГАЛАМДЫ ЖАРАТУШЫ БИР АЛЛА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН АЛЛА АЛЕМДЕРДЫН АЛЕМНЫН РАБЫСЫ БИР АЛЛА КУДЫРЕТЫ КУШТЫ ШЕКСЫЗ БИР АЛЛА АЛЛАГА ШУКУР САНСЫЗ
Адалдың аспанында бұлт болмайды Арамның ауласына құт қонбайды Жүрегінде иманы жоқ адамның Жүрген кезде табаны нық болмайды Аллада адамдарды алалау жоқ Сауап қылсаң, тәубә қылсаң Күнәңнан түк қалмайды Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен Пейіштің есігінде құлып болмайды Қай қазақ өз иманын тірнектемес Қай мұсылман өз дінін құрметтемес Шапаның қырық жамау болса дағы Ибалы ел иманыңды кірлетпе еш Адамдар пейіш баққа бару үшін Меккеде өмір сүру міндетті емес Желісін ғасырларда жел үзбеген Тарих пен тағылымды егіз көрем Кешегі Кенесары тұлпарына Доңыздың басқан шөбін жегізбеген Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз Құнанбайды дәретсіз емізбеген Атаның бойындағы тазалықтан Абай туды тектілік негізбенен Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін Торқа киіп мінсе де семіз дөнен Былғанған бұлақтар кеп құйғанменен Кінә артпаймын халықтай теңізге мен Осынау аурудан айықса деп Пайғамбардың баршасы ем іздеген Туыңды түсірмесін Тәңір қолдан Тарихқа көз салайық сағымданған Қараханид дәуірінде һақ ислам Мемлекеттік дін болып қабылданған Сол иманды кезеңде кең даламыз Күркіреп тұрды емес пе дарындардан Фараби, Баласағұн, Игінүки Құраннан қуат алып тамырланған Ибн - Сина, Хорезми, Бухарилар Шариғаттан нәр алып шамың жанған Ғылымының негізін діннен тауып Сақтаныпты сан тарау ағымдардан Бейбарыс бекер намаз оқымапты Көне Мысыр елінде әмір болған. Самарқанды салдырған Жалаңтөс те Намаз үсті қаза боп дамылдаған Солардың барлығы да шариғатпен Жұртты бастап жолынан жаңылмаған Солардың ұрпағы-ек деп мақтанамыз Парыз бен сүннетің жоқ орындалған Аталарға тартып туған ұрпақ болып Тілегің көп болса екен қабыл болған Кешегі Құнанбайлар бұрқасындай Салмақты болған екен кір тасындай Арсызға қатал қатты болғанменен Халқына болған құстың ұлпасындай Қазыналы қарттарым бар ма қазір Қасиеті сақталған құлпы ашылмай Ақсақалдық өнегесі болса егер де Қалмас еді қыз қысылмай, ұл тосылмай Ермегі елге бөліп, жерге бөліп Жүзшілдігін және де жүр жасырмай Сауап емес іздегені сауна болып Алла емес арақ-шарап шын досындай. Балық өстіп басынан шіріп жатса Қала ма ұлт басылмай, жұрт жасымай Үлкенге үлгі, кішіге демеу болар Бүгінгі кей қарияның сиқы осындай Даналар даламыздың кемесі еді Еліктейтін ел-жұрттың ересегі Алланың өзі сөзі рас деген Ұлы Абай үлкен сенім егесі еді Дін исламды діңгегім деп білмесе Қара сөз жазып қайғы жемес еді Алтынсарин сиынып бір Аллаға Кел балалар оқылық демес еді Ал Шәкәрім құрбан боп құдай үшін Кітап боп қалған артта берешегі Исламға таң қалған Толстоймен Талай мәрте хат жазып кеңеседі. Жәкең де Кремльде намаз оқып, Ысқырған Сталинмен егеседі Жұмысын иншалласыз бастамаған Әлкей Марғұлан ғалымның төресі еді Жұма намаз оқыған Қонаев та Дін дегенде езілген емешегі. Дін ғылымның атасы деп жырлаған Мұқағали ақылсыз емес еді. Солардың да барлығын толғандырған Соңындағы ұрпақтың келешегі. Тарихтан алар болсақ тағылымды Қашан да құдай деген ел өседі. Ата діннен ақиқат тапсақ қана Терезе өзге жұртпен теңеседі Алланың һақ жолымен жүрсе ғана Халықтың айдарынан жел еседі Жалқаулық жаратқанға ұнамайды Қамсыз қазақ қартайтқан Ұлы Абайды Балақ түріп қарекет қылғандардың Бақыт келіп есігінен сығалайды Еріншектің етігі көлеңкеде Соқасы күн астында тұралайды Көршіңіз байып жатса қуаныңыз Қуанғаннан намысың құламайды Өйткені сізге бөліп бермесе де Қол жайып ештеңкеңді сұрамайды Әріден түсінейік әрбір жайды Ешкім келіп шамыңды жандырмайды Аузыңа әкеп ақ майды салмаса да Өкімет өзегіңді талдырмайды Пейілің мен ниетің тарылмасын Сабырлы адам ашуға алдырмайды Адамдарға ауызды берген құдай Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды Көбейіп күнә менен күпіріміз Азайды тәуба менен шүкіріміз Ертеңгі нанды қалай табамыз деп Күрт кеміп кетті кейде күтіміміз Сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен Рухани жағынан жұпынымыз Барыс болам деп жатыр кейбір жандар Оған біз ой қосуға құқылымыз Азғындықтан халықты құтқармайды Азайса ар - ұят, қытығымыз Намысқа тырыспасақ түк өнбейді Барысқа ұқсаса да бітіміміз Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма Іште өлсе иман менен пікіріміз Өмірде өшу оңай, өсу қиын Аллаға айтылмаса зікіріміз Тауда жүріп таусылған барыс құсап Кеміп кетіп жүрмесін тұқымымыз...
Уақыт өткен сайын мағынасын да түсінеді екенсің😢😢😢😢
2024 те тындап откандар 🫂
Эхх бала күнімде күніне бірнеше рет тыңдайтын едім. Мағынасын жетік түсінбесекте жүректі толқытатын еді. Мұхамбетжан ағамызға Алла разы болсын
керемет жазылған, АЛЛА сізге разы болсын
Эхх, 2008 жылдары, мектеп оқып жүргенімізде блютузбен бір бірімізге жіберіп тыңдаушы едік осы жырды... Жыл өткен сайын мағынасын терең түсіне береді екенсің...
Иа
Я
🥺
Расымен ия солай болып еди
Оны дәптерге жазып алатын едік
18.04.2023 жылы тындап отырган жандар дуга тилектериниз кабыл болсын!
Осы өлең ді көп тыңдап, ғибрат алған едім. Намаз бастауға бірден-бір себеп болды осы өлең. Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
АЛЬХАМДУЛЛЯ АЛЛАҺ АКБАР ! АМИН
АССАЛАМ АЛЕКУМ
😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😁😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀😀
Ассаляму алейкум. Мен де осы термені тыңдап түзелген едін, Альхамдулиллах, қазір көзге жас алып еске аламын...
Аллага шукир ❤️
керемет! Мен әлі тыңдаймын 2024
Мен де...
Осы олен менин исламды танытып намазга жыгылуыма себеп болган !Коменттеги кобисине осы олен асер етипти намазга жыгылуга алхамдулиллах Мухамеджан ага алла риза болсын иншаллах жантта жуздесейк сизбен !!
Мен Исламға бауыр басқаныма осы Өлең себепші, Аллаһ разы болсын !
Ассаламу алйкумм! Менде да солай болган.оте коп тындайтугынмын.2008.жыллары
Ассалаумагалейкум ия себепши болдыгой
@@ravilqwerty3531 уə ьалəйкум əссəлəм. Менде 2008 жылы осыны көп тыңдап намазға келіп едім. Көп тыңдағаным сонша жаттап алдым. Өте керемет айтылған.
Бәрекелді Қабыл болсын Шынымен Жүрекке тиеді
@@ЛаураМедет-д6г əминь əминь
Я Алла мусылмандардын иманын бериктей гор.
Менің де Исламға деген осы өлең арқылы жүрегім ашылды 🤗🤲
Шыркын мен Алматыда Тындагам 20 жаста болтым 😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢😢
Қазір 2020 жыл бірақ та бұл өлеңді әлі күнге дейін таңдап келеміз. Қанша жыл болса да әлі таңдай бергім келеді.
Міне осыны тыңдағаныма 20 жыл болды . Мухамеджан Тазабек 👍🤲🙏
Мухамеджан Аллахым ыраазы болсун сизден. Мен буну 2006 жылы Казахстанда уккам , таппай жүргөм. Казакта эле ушундай эмес , бизде да бар. Ачыгын айткан . Жүрөктөн чыккан сөздөр , жүрөккө тиет .
Мұхамеджан ағамызға Аллаһ разы болсын қандаи керемет олең.
Ассалаумағалейкум! Керемет! Жүректі шымырландырады! Иә Алла бізді азғындармен, адасқандардын жолмен емес! Өз өзіне жақсылық жасағандардын жолмен жүргізе гөр! Бироһматика арһама роһһим! Әуми-и-ин! Аллаһу акбар!🤲❤️🙏🤝
мынадай керемет дуниени екинин бири жазалмайды маке рахмет сизге
Беимбет Аширалиов ия
Денем жымырлап көзиме жас келди өте мәнерлі 😔😔😔🤲🤲🤲🤲
АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН БАУЫРЫ !!! БАУЫРЛАРЫМЫЗДЫ, БАР КЕЗДЕ КҮРМЕТТЕП , СӨЗДЕРІНЕН ҒІБРАТ АЛАП , ИМАН КЕЛТІРІП ,ЖАНА ӨМІР БАСТАІҚ ҚАЗАҒЫМ.
Дін Ислам - Діңгегім
Өлеңді жазған: Мұхамеджан Тазабеков
Жігітті жастық шақта еркі жеңер
Сеніммен ұсталмаса сертің егер
Аллаға құл адамға ұл болу ғой
Намазға кеп түйіссе тең тізелер
Ақын намаз оқыса хақты танып
Алдымен аузындағы сөз түзелер
Он күнәнің тоғызы тілден екен
Сөз түзелсе иншалла ел түзелер
Қазаққа иман, иба қайтып келер
Табансыз емес елім тайқып берер
Иманды елге жұртымыз айналар ма
Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел
Жаратса да құлым деп артық көрер
Алла діні ұстаның заты емес қой
Ұнамаса өзіне қайтып берер
Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық
Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық
Түбім түрік, ал дінім хақ ислам
Солай қарай сеніммен аттанайық
Харам менен халалды ажыратпай
Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық
Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар
Бүгінгінің ұраны ап қояйық
Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз
Адасып айдалада жүрген көшпіз
Арабтың тіліндегі дінмен емес
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр
Ұрылардың үлкені мінбеде жүр
Байланысып шекпенді шенеунікпен
Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр
Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес
Ібілістің үлкені іргеде жүр.
Өмірде аз болған соң иманды шақ
Қазағым қай кезде де қиналғыш - ақ
Исламға иіс алмас болса дағы
Иегова, кришнаидке иланғыш - ақ
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп
Исаны құдай көрген Иван құсап
Өзге дінге көбейсе өтушілер
Сол болар тамырыңды қиған пышақ
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге бөлінген Ливан құсап
Ислам дін емес қой қорек қылмас
Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас
Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер
Оны ойлап өз халқына себеп қылмас
Қазанның қайнағанын аңдитындар
Азанның айдағанын керек қылмас
Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр
Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр
Пайдасы өз басынан аспайтындар
Халықтың көз жасынан сескенбей жүр
Бесіктен текті болып өспегендер
Бес күндік екеніне дес бермей жүр
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар
Құдайдың бар екенін ескермей жүр
Өзгелер көп жүргізер үстемді елге
Аллаға ғибадат аз істелгенде
Бұл қазаққа ислам, имам керек
Кісі өлгенде немесе түс көргенде
Неге ілім білімге талпынбайды
Бәрін біліп туғандай іштен пенде
Ертең бірақ өкініп қаламыз -ау
Қарттық келіп қасыңа түстенгенде
Ажардан нұр базардан құның кетіп
Ажалдан адуынды күш келгенде
Адамның таза болса ой дәптері
Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі
Бір кезде Тұрғыт Өзал намазға кеп
Тұрғанда ел кө&a
жалғасы болса жариялаңызшы жазбаша нұсқасын
❤
Жазбаған бұл кезіндегі әр айтыстағы шұмақтарының жиынтығы
Алла Тағала разы болсын сізге.
Оте керемет айтылган Акешим маркум тындаушы еди 😪Кадир тунине тындап отрмын ниет кабыл болсын Мусылман бауырларым🙏🙋♀️
Иәә өте дұрыс
Өте керемет айтылған екен журегіміз елжіреп кетті. Ашулы келе жатыр едім сабырға салды... Аллаһ разы болсын!
СубханАллах уакыт кандай тез един е Аллам барлыгымыздыды кеширши
Мен осыны тындап намаз бастагам 2007 жылдан бастап тындайм осы кунге дейн тындап турамын шыны керек жаттап алгамын басынан айягына дейн
Мен де
Дин ислам гана,байсалдылыкка ,жан тазалыгына акелетин бирде бир жол.
Жанылыспасам бул олен 2007 де шыкты. Оте керемет айтылган. Мен осы оленди коооп тындаушы едим. Ширкин каншама жылдар отип кетипти. Мухаммеджан ага ар казак жалгызым ар мусылман бауырым деген адал ,байсалды иманды жан.
2006
Дұрыс сол жылдары шыққан
Assel Kojabekova , 1998 жылы сегиз сери айтысында , Бекжанмен айтыскан сол айтыста айтылган
Иа менда көп тыңдаушы едім.сол себепті намазга келдім.Альхамдуллилх
@@АлиаскарЖумабеков келисемин, ол айтыс осы ютубта бар. Басында борки бар болатын Мұхаммеджан агамызда.
Тауда журип таусылган барыс кусап кемип кетип журмесин тукымымыз 👆👆👍👍
🍦🍦🎂🎂🍰🍫🍬🍭🍮🍯🍼☕🍵🍶😚😚😚😆😁
Келіп кетіп жүрмесін тұқымымыз!
Қазақ қоғамын...дәл сүреттеп беру үшін де өте сезімтал және білімді болу керек...Алла разы болсын...🤲 Ал біздер әлі күнге дейін жанымыздағы бауырларымызды түсіне алатын дәрежеге жетпедік...сүрінсе болды құлатуға дайынбыз , сонда Иманымыз төмен болғаны ма...🥺🥹
Алла разы болсын, осы өлеңді алғаш тыңдаганда бала едім
Машадлаһ.Аллаһ разы болсын.
Халқымызға Аллаһ Тағала сабыр мен иман нəсіп етсін
Уақыт өте мән маңынасын түсініп келеміз
Мен дагы 2021 жылы угуп журом. Кыргызстан
Керемет, нағыз Алланың жолына шақырған өте ақылды өлең екен, Рахмет оқыған, жазған адамға Алланың нұры жаусын сізге
2006/2009жылдары тыңдаушы едім ол кезде 15жаста едім каз 27 дем , каз отбасым бар балам бар аллаға шүкір мама папам аман есен уакыт тез өтті го шіркін
керемет казактын тилине ештене жетпидау мен ше тилге ауыстырмаймын казак тилин👍👍👍👍
Адалдың аспанында бұлт болмайды,
Арамның ауласына құт конбайды,
Жүрегінде иманы жок адамның,
Жүрген кезде табаны нық болмайды.!!! 👍
алла ға сансыз сүкр мұсылмандарды аллам өзі қолдап өзі қорғағай
МҰХАМЕДЖАН ТАЗАБЕКОВТЕЙ ЕШКІМ АЙТА АЛМАҒАН БІЗДІҢ ҚОҒАМДЫ😢. МЫҚТЫ,ЗИЯЛЫ АҚЫН
аллахым сизге жане ислам динине куш куат берсин сиз акикатты аиттыныз алла разы болсын сиз каншама адамннын иманга келуне себепкер болдыныз амин
Мұхамеджан алла разы болсын сізге!
Салеметсыз,Бул оленды Бекболат Тылеуханов окыппеды, мен быр кысымен осы жонынде басекелесып калып едым.
Мария Шаймуран жоқ, Мұхамеджан Тазабековтің өлеңі өзі оқыған
84
Керемет 👍🏻👍🏻👍🏻🇰🇿Алла разы болсын сізге
Мухаммеджан ага Алла сизге разы болсын. Оте даналы создер. Сиз секилди мусылман бауырлар коп болсын.
21.04.2024 тағы тыңдап отырм. 2008 жылы 2 курс едик, уақыт өткен айын мағыналары терек тусине береди екенсин
Осы өлеңнің авторы, сізге Аллах разы болсын!!! Калай нақты, керемет айтылған, калай көкірегі ояу, ойы терең, журекке жеткизип жазылган.
Жігітті жастық шақта еркі жеңер, Сеніммен ұсталмаса серті егер.
Эхх кезінде қанша тыңдасақта осы сөздердің мағынасын терең түсіне алмаппыз....
Я казактар кім кателеспейды, мен бұл кісімен жақын таныс емпспын дұрыс тусыныздер, январда қашып кетті деп бұл кісіге жала жапканымызга мәзбіз, бұл кісі біраз адамды дінге алып келді, қазақтын кім екенін әдемі айтып отыргой, кояйык жамандау ды, Алла разы болсын Мухамеджан ағамыз ға,
АДАМДАРДЫ АДАСТЫРУШЫ, АРАПҚҰЛДАРДЫҢ ҰСТАЗЫ. БҰЛ ТАЗАБОҚ БЕЙБІТ ШЕРУГЕ ШЫҚҚАН ЗЕЙНЕТКЕР АТА, ӘЖЕЛЕРІМІЗДІ ҚҰЙЫМШАҒЫНАН ТЕУІП, ҚИРАТЫП ТАСТАҢДАР, -ДЕП АЙТҚАН ІБІЛІС, АЗҒЫНДАП БІТКЕН, УӘХАБ, СӘЛӘФ ИТТЕРДІҢ ҰСТАЗЫ
Мүмкін
Дұрыс айтасыз молданың айтқанын істе,істегенін істеме деген гой әркімнің өз проблемасы өзінде
Кереметтттт Алларазы болсыннн
Ассалаумағалейкум уа рахматуллахи уа баракатуһ! Өте керемет! Алла разыболсын! Аллам тура жолмен құлшылық етуге жәнеде Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа саллаллаху ғалейкум уәссәләм Пайғамбарымыздың лайқты үмметі болып құлшылық етумізге Аллам нәсіп етсін. Әмин!
Қазаққа жаны ашып жазған өте мағыналы өлең
Маш Аллах.. Керемеm қара сөздер, денеңдi mimipкендipiп жiбередi екен.. Алла тағала разы қылсын бауырым..
Нне
Мұхаммеджан агамыз Осы олеңді жазган адамга ұқсамай қалды гой қазір.
Машааллаһ Алла разы болсын
Дүниеде не жақын?
- Тату болса - ағайын жақын,
- Ақылшы болса - апайың жақын.
- Бауырмал болса - інің жақын,
- Инабатты болса - келінің жақын.
- Алдыңа тартқан адал асың,
- Қимас жақын қарындасың.
Дүниеде не қымбат?
- Алтын ұяң - Отан қымбат,
- Құт берекең атаң қымбат.
- Аймалайтын - анаң қымбат,
- Мейрімді - апаң қымбат.
- Асқар тауың - әкең қымбат,
- Бәрінен де ар мен ұят қымбат.
Дүниде не қиын?
- Арадан шыққан - жау қиын,
- Таусылмайтын - дау қиын.
- Шанышқылаған - сөз қиын,
- Жазылмаса - дерт қиын.
- Іске аспаған - серт қиын,
- Ақылыңнан - адасып.
- Өзің түскен - өрт қиын
- Не істеріңді біле алмай,
- Ашиды сонда бас миың.
Ерекше қорғалатын өзге бір жануардан айырмашылығы неде екенін көрсетеді де өз әсерін тигізді да бар еді бір бөлігі болған қ ол әр әр түрлі астық пен. Жолдыбек. Сәлем. Қаланың 🤲🤲🤲🤲🤲
Айналайын -ай осыны мың рет тыңдасамда тоймаймын. Рухани күш алам
Мааа кушти создер .осыны тындап жаным рахаттанып калады .рахмет
Осы өлеңді 2008 ден бері қайта-қайта тыңдап келем, не деген мағыналы сөздер! Осы өлеңнен өмірде өзіме көп үлгі алғанмын.
АЛЛАҺ еліме тыныштық бер,ұрпағымызға жарқын болашақ бер,соғыстан сақта ,әр бір адам баласына мейлі ол қазақ болсын өзбек немесе орыс болсын жүректеріне иман берші,жер бетіне жақсы мейрімді адамдарды көбейтші.
Даусы оте адеми журекти тербейди❤
Əлхамдүлиллаһ Аллаһу Акбар
Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық... 😔😔😔
100% манызды тусингенднрге Алла разы болсын баршага Амин ИншАллах
Алла разы болсын агатай сиз сиакты аксакалымыз барына Аллага шукир
Алла разы болсын бул олен коп мусылманды намазга жыктыгой
Себеп болды деңіз
Ия.Аллахтын калауы мен менда коп тындап келгемин.осыны
Аллах разы болсун сизге ото манилуу создор.
Ассалому Алекум Аллахым ыраазы болсун Рамазан айы куттуу болсун мусульман бир туугандарым
бирге болсын бауырым
23.11.2024 тыңдағандар, зейіндеріңіз ашылсын
29,11,2024: дынй,маденй руханй,Аркашанда Биык Болсын,калын ельым ,казагым Устемын?
Тама берсе тамшы да тас теседі дейді ғой мүмкін бүгін ойланбаса ертең ойланар қандас бауырларың алтын,ақылды балам Мұқаметжан. Өмірлі бол.
Каймагы бузылмаган кайран жастар, кайда кетіп барады мың кұбылып. Шынымен солай екен.
2021 де отырмыз тыңдап Аллаға шүкір
Ага Алла разы болсын
Жүрмізау жүзді білмей бірді біліп, Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық 👍
Ма ша Аллаһ керемет өлен екен 😢😢😢😢😢😢😢😢
Осындай оленнен кейин калай жамандайды осы кисини😞
Алла га шукир адем айтылган Алла намазхан адамлардын санын кобейтегор
Tesekkurler Allah razi olsun guzel insan
Өте күшті Алла разы болсын жастарымыз иманды болыр өссін инша Алла
Алла разы болсын ага тындаган сайын журекке иман орнайды
Қазақтың береке бірлігі жасасын 👍👍Иманды жақсы адамдар көп болсын ♥♥
Машша Аллах Алла мүсылмандардын иманын өшірмесін Инша Аллаа
Алла разы болсын! 2012- жылдары шығар қателеспесем, осы сөздерді тыңдап намаз бастап едік. Өзбекстан да жүріп.
Алла разы болсын ага Алла куналарымызды кеширсин рахмет Алла разы болсын сизге
Үйде DVD болатығұн Серік Қалиевтің манологтарын көп естетін едім 2010 жылдар болатығун .Қәзір мағанасын тереңнен түсініп жатырмын 😢😢
Аллах жар болсын Агаиындар аман есен болаиык
Осындай Мұхамеджандай замандасымыз барына тәубәшылық жасайық, Алла жар болсын дейік. Иә ала-құла халқымыз бар, бірі олай, бірі бұлай, Бірі қазақ, бірі орыс, бірі дұрыс дінде, бірі бұрыс дінде, бірі дұрыс, бірі бұрыс, яғни әрқайсының көксегені әртүрлі. Егер біз іргелі жұртпен терезесі тең ел болғымыз келсе, біздің көксегеніміз бір болу керек, діннің де, тілдің де, саясаттың да, тәрбиенің де мақсаты бір арнаға тоғысу керек сонда мүддемізге тез жетеміз деп ойлаймын.
2007 жылы достарымызбен тыңдайтынбыз ұйып, блютузбен жиберип,
Алланың сүйікті құлы иманды ақын адамның әулиесі сізге сондай ризамын!🙏🙏🙏
Кайталап коре бергин келеди💞💞
өмыр жасың үзақ болсын. баұырым
Алла Разы болсын өте əсерлі Тусінген адамға ашы болсада бул шындық
Иа шындық АЛЛА Разы болсын
11.11.2019 тыңдап отрым 🙏😊
Руханияттарды Осы олендi коп тындаушы ем!Иманым Бекип тура жолыма келуiмеде себеп десем артык айттым демейм!Алла разы болсын
Ауылда осы өлеңді радиодан тындап жүруші еді. Мархум Ағаля армияда болғанда кайтыс боп кетіпті.
Маш аллах.алла разы болсын
АЛЛАГА ШУКУР САНСЫЗ АЛЛАГА САНСЫЗ МАДАКТАР БОЛСЫН АЛЛА УЛЛЫК АЛЛАДАН БАСКА ЖОК ТАНЫР МУХАММЕД АЛЛАНЫН ЕЛШЫСЫ 18ГАЛАМДЫ ЖАРАТУШЫ БИР АЛЛА АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН АЛЛА АЛЕМДЕРДЫН АЛЕМНЫН РАБЫСЫ БИР АЛЛА КУДЫРЕТЫ КУШТЫ ШЕКСЫЗ БИР АЛЛА АЛЛАГА ШУКУР САНСЫЗ
Адалдың аспанында бұлт болмайды
Арамның ауласына құт қонбайды
Жүрегінде иманы жоқ адамның
Жүрген кезде табаны нық болмайды
Аллада адамдарды алалау жоқ
Сауап қылсаң, тәубә қылсаң
Күнәңнан түк қалмайды
Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен
Пейіштің есігінде құлып болмайды
Қай қазақ өз иманын тірнектемес
Қай мұсылман өз дінін құрметтемес
Шапаның қырық жамау болса дағы
Ибалы ел иманыңды кірлетпе еш
Адамдар пейіш баққа бару үшін
Меккеде өмір сүру міндетті емес
Желісін ғасырларда жел үзбеген
Тарих пен тағылымды егіз көрем
Кешегі Кенесары тұлпарына
Доңыздың басқан шөбін жегізбеген
Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз
Құнанбайды дәретсіз емізбеген
Атаның бойындағы тазалықтан
Абай туды тектілік негізбенен
Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін
Торқа киіп мінсе де семіз дөнен
Былғанған бұлақтар кеп құйғанменен
Кінә артпаймын халықтай теңізге мен
Осынау аурудан айықса деп
Пайғамбардың баршасы ем іздеген
Туыңды түсірмесін Тәңір қолдан
Тарихқа көз салайық сағымданған
Қараханид дәуірінде һақ ислам
Мемлекеттік дін болып қабылданған
Сол иманды кезеңде кең даламыз
Күркіреп тұрды емес пе дарындардан
Фараби, Баласағұн, Игінүки
Құраннан қуат алып тамырланған
Ибн - Сина, Хорезми, Бухарилар
Шариғаттан нәр алып шамың жанған
Ғылымының негізін діннен тауып
Сақтаныпты сан тарау ағымдардан
Бейбарыс бекер намаз оқымапты
Көне Мысыр елінде әмір болған.
Самарқанды салдырған Жалаңтөс те
Намаз үсті қаза боп дамылдаған
Солардың барлығы да шариғатпен
Жұртты бастап жолынан жаңылмаған
Солардың ұрпағы-ек деп мақтанамыз
Парыз бен сүннетің жоқ орындалған
Аталарға тартып туған ұрпақ болып
Тілегің көп болса екен қабыл болған
Кешегі Құнанбайлар бұрқасындай
Салмақты болған екен кір тасындай
Арсызға қатал қатты болғанменен
Халқына болған құстың ұлпасындай
Қазыналы қарттарым бар ма қазір
Қасиеті сақталған құлпы ашылмай
Ақсақалдық өнегесі болса егер де
Қалмас еді қыз қысылмай, ұл тосылмай
Ермегі елге бөліп, жерге бөліп
Жүзшілдігін және де жүр жасырмай
Сауап емес іздегені сауна болып
Алла емес арақ-шарап шын досындай.
Балық өстіп басынан шіріп жатса
Қала ма ұлт басылмай, жұрт жасымай
Үлкенге үлгі, кішіге демеу болар
Бүгінгі кей қарияның сиқы осындай
Даналар даламыздың кемесі еді
Еліктейтін ел-жұрттың ересегі
Алланың өзі сөзі рас деген
Ұлы Абай үлкен сенім егесі еді
Дін исламды діңгегім деп білмесе
Қара сөз жазып қайғы жемес еді
Алтынсарин сиынып бір Аллаға
Кел балалар оқылық демес еді
Ал Шәкәрім құрбан боп құдай үшін
Кітап боп қалған артта берешегі
Исламға таң қалған Толстоймен
Талай мәрте хат жазып кеңеседі.
Жәкең де Кремльде намаз оқып,
Ысқырған Сталинмен егеседі
Жұмысын иншалласыз бастамаған
Әлкей Марғұлан ғалымның төресі еді
Жұма намаз оқыған Қонаев та
Дін дегенде езілген емешегі.
Дін ғылымның атасы деп жырлаған
Мұқағали ақылсыз емес еді.
Солардың да барлығын толғандырған
Соңындағы ұрпақтың келешегі.
Тарихтан алар болсақ тағылымды
Қашан да құдай деген ел өседі.
Ата діннен ақиқат тапсақ қана
Терезе өзге жұртпен теңеседі
Алланың һақ жолымен жүрсе ғана
Халықтың айдарынан жел еседі
Жалқаулық жаратқанға ұнамайды
Қамсыз қазақ қартайтқан Ұлы Абайды
Балақ түріп қарекет қылғандардың
Бақыт келіп есігінен сығалайды
Еріншектің етігі көлеңкеде
Соқасы күн астында тұралайды
Көршіңіз байып жатса қуаныңыз
Қуанғаннан намысың құламайды
Өйткені сізге бөліп бермесе де
Қол жайып ештеңкеңді сұрамайды
Әріден түсінейік әрбір жайды
Ешкім келіп шамыңды жандырмайды
Аузыңа әкеп ақ майды салмаса да
Өкімет өзегіңді талдырмайды
Пейілің мен ниетің тарылмасын
Сабырлы адам ашуға алдырмайды
Адамдарға ауызды берген құдай
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды
Көбейіп күнә менен күпіріміз
Азайды тәуба менен шүкіріміз
Ертеңгі нанды қалай табамыз деп
Күрт кеміп кетті кейде күтіміміз
Сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен
Рухани жағынан жұпынымыз
Барыс болам деп жатыр кейбір жандар
Оған біз ой қосуға құқылымыз
Азғындықтан халықты құтқармайды
Азайса ар - ұят, қытығымыз
Намысқа тырыспасақ түк өнбейді
Барысқа ұқсаса да бітіміміз
Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма
Іште өлсе иман менен пікіріміз
Өмірде өшу оңай, өсу қиын
Аллаға айтылмаса зікіріміз
Тауда жүріп таусылған барыс құсап
Кеміп кетіп жүрмесін тұқымымыз...
Ватсапқа текстін жібере аласыз ба?
@@mobilplus85 болады, тел. номер?
01023218699 номерге жіберіңізші өтінем 🙏
@@АйдынАбдуллиев-г7п 87476727132
Әссәләму алейкум!!! Ватцаптан тексті жібере аласыз ба?
Мұсылман мұсыламанның бауыры. Бір бірмізден айып іздемей. Бір бірімізге үзір іздейік
Қазақ иманды ел.Тәңір жарылқасын.Аруақ қолдасын.
Аруак колдамайды олай айтуга болмайды
2024 тындап отқандар қайдасындар
Бармыз ,мен кыргызмын .