Барсакелмес киіктері

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 17 дек 2019
  • Ақбөкен немесе киік/Сайгак (Saiga tatarica) - жұптұяқтылар отрядының нағыз бөкендер туысына жататын сүтқоректі жануар.
    Бұл мамонт фаунасы деп аталатын оның ежелгі өкілі. Салыстырмалы түрде ұсақ жұптұяқты жануарар, денесінің ұзындығы 110-146 см, құйрығы 8-12 см, шоқтығына дейінгі биіктігі 60-79 см, салмағы 23-40 кг. Денесі ұзартылған, аяқтары жіңішке, салыстырмалы түрде қысқа. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді. Басты жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ақбөкендер сағатына 80 км-ге дейін жылдамдықпен жүгіре алады.
    Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді. Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық. Ақбөкендердің басына қаншама зобалаң заман туғанмен, миллиондаған жылдар бойы тұқымын сақтап қала алды. Осының өзі ақбөкендердің өмірге өте бейімділігін, өсімталдығын аңғартады. Егер ақбөкендердің басқа түз тағыларынан ерекшеліктері болмаса, ежелгі мамонттармен бірге құрып кетер еді.
    Әлемде ақбөкен популяциясының 90%-ы Қазақстанда өмір сүретінін атап өткені жөн.
    Қызылорда облысы, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығында түсірілген.
    «Арал теңізі» фильмінен алынды (Қазақфильм, 1963) • Аральское море (Казахф...
  • ЖивотныеЖивотные

Комментарии • 2

  • @alpamys1465
    @alpamys1465  3 года назад

    Арнаны қолдау (WebMoney KZT): K063845456046
    Поддержать канал (WebMoney KZT): K063845456046
    Support the channel (WebMoney USD): Z113935057561

  • @user-gj8yy9vc4y
    @user-gj8yy9vc4y 4 года назад +2

    Интересно, как им жилось в крохотном островке?) Ведь они же привыкли жить на больших просторах с разными травами