Құмдағы Қойшының тағдыры 2-бөлім

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 сен 2024
  • Садықбек үй жанында құмда ойнап жүрген үш баланың қасына барды. Кеше шешелері кеткенде «енді келмейді» деп жылап жүр еді, енді мүлде ұмытқандай үшеуі де құмды сызып ойнап жүр.
    - Не істеп жатырсыңдар? - деп сұрады Садықбек оларға сәл қызықтап қарап тұрып.
    - Жазу жазып жатырмыз, - деді үлкені Азат қолындағы таяқшамен жерді шимайлай түсіп.
    - Қане, қандай әріп білесің, жазшы, - деді қызыға.
    Азат борпылдақ құмның бетіне ұзын сызықша сызды да басына кішкентай дөңгелек салды.
    - Бұл қандай әріп?
    - А!
    Садықбек жасы он бірге келсе де әлі күнге әріп танымайтын мына баланы аяды. Ертеңі не болмақ?!
    - Мектепке барғансың ба? - деді балаға аянышты көзбен.
    - Ия, бірақ мені оқытпай қойды. Әйгерімді де, - деді асығып. Садықбек ойланып қалды. Үй жанында түскі тамақты әзірлеп жүрген Халимаға келіп:
    - Мына балаларды жақсылап жуындыр. Ертең ауылға алып кетемін. Мектепке беріп сауаттарын ашайық, обал-ды - деді.
    Ертеңіне таңертенмен үш баланы көлігіне салып ауылға қарай тартты. Алдымен орталыққа келіп үшеуіне қос-қостан киім алды. Сонсоң үйіне келді. Келін-баласы қуанып, енді екіге толатын немересі мәз болып қарсы алды. Шәйдан соң ұлы мен келініне келген жайдың мәнісін түсіндірді.
    - Ал, келін мына үшеуін де өзіңнің балдарындай көріп тамағын бересің, үсті-басын тазалап, сабағына қарарсың, - деді. Келіні үнсіз бас изеп келіскен сыңай танытты. Ұлы қарсылық көрсетпеді. Түстен кейін үш баланы мектепке алып барды.
    - Ал, Жәке, мына үш баланы сізге әкелдім. Қолымдағы қойшының балалары, маған жақында келді. Үшеуі де хат танымайды. Мектепке қабылдасаңыз деп едім. Сауатын ашсаңыз, сауабын алар едіңіз.
    - Ия, айтқаныңыз орынды. Сауатын ашу сауап іс. Бірақ, не себепті мектепке бармаған бұл балалар? Қайда жүрген?
    - Ол жағы маған да белгісіз, Жәке.
    - Әрине, кез-келген Қазақстан азаматы білім алуға құқылы. Біздің елдегі әр бір бала мектепке баруы, білім нәрімен сусындауы тиіс. Оқимын деп келген баланы қабылдамауға құқымыз жоқ. Құжаттары бар ма?
    - Әңгіме сонда болып тұр ғой. Үшеуінің де ешқандай құжаты жоқ. / @san_turli_tagdir
    Құрметті менің тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар алдын ала размет🥰😘
    #аудиокітап #әсерліәңгіме #тағдыр әңгімелер жинағы

Комментарии • 1

  • @user-vp4kk1jl5v
    @user-vp4kk1jl5v Месяц назад +2

    Ақымақ болмаса астында көлігі бар,үиіне апарып тастамады ма екен. Бұндайлар көп екі қоиы бір сомдар