Бізді отқа тастап жіберіңіз. Саясат Нұрбек Тоқаевтың алдында ашына сөйледі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 10 сен 2024
  • Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтті.
    "Менің жеке кумирім - 1972-92 жылдары Финляндияның білім жөніндегі ұлттық кеңесін басқарған, білім саласын дамытуда өздерін тарихтың отына тастап жіберген буынның жарқын өкілі Эркки Ахо болды. Сондықтан біздің энергиямызды пайдаланыңыздаршы. Біз де өзімізді тарихтың отына тастауға дайынбыз. Себебі, Қазақстанда басқа жол жоқ»,
    Саясат Нұрбек -Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің Атласы» жобаның жетекшісі, BTS Education компаниясының басшысы
    Саясат Нұрбек - Маршаллтаун колледжін (Айова штаты, АҚШ, 2001), саясаттанушы мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2004) халықаралық заңгер мамандығы бойынша үздік; La Sapienza университетін (Рим қаласы, 2006) «Геосаясат және халықаралық қауіпсіздік» мамандығы бойынша үздік; «Көкше» академиясын (Көкшетау қаласы, 2010) психология бакалавры дәрежесімен бітірген.
    Қазақ, орыс, ағылшын, түрік, итальян (еркін), испан (орта деңгейде), жапон және латын (тіл негізі) тілдерін біледі.
    #НартайАралбайұлы #Ұлттықкеңес #СаясатНұрбек

Комментарии • 720