ҚЫЗДАР ЖАЙЛЫ КЕРЕМЕТ УАҒЫЗ

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 28 авг 2024
  • Бала - Алланың адамзатқа берген аманаты. Ата-бабаларымыз баланы өмірінің мәні санаған. Иманды ұл, ибалы қыз тәрбиелеуді өз өмірінің басты қағидасына, міндетіне жатқызған. Бала - отбасы дәнекері, ата-ананың ізін жалғастырар тұяғы. Халқымыздың ұрпаққа деген даналық сөздерінде «Адамның бақыты - балада», «Адам ұрпағымен мың жасайды» - деп тегін айтпаса керек. Алла Тағала былай деген: «Сендердегі қандай да бір нығмет - Алладан» (Нахыл, 53). Адами тұлғада әдепті де инабатты, имани адамгершілігі мол, сыпайы қыз тәрбиелеу қазіргі қоғамда ең өзекті мәселі десек те болар. Ислам діні қыз баланы тәрбиелеп өсірген адамға ерекше артықшылықтар береді. Жахилия дәуіріндегі адамдардың көзқарасына қарағанда, қыз баланы жек көріп, қыздар дүниеге келгенде қайғыратын болған еді. Ал қазіргі кездегі кейбір білімсіз мұсылмандардың әрекеттері қоғам сол жахилия (надандық) заманынан арылмағандай күйге бөлейді. Алла Тағала Құран Кәрімде осы надандықты былайша баян еткен: «Егер, олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Ал, олар, нендей жаман үкім береді.» (Нахыл сүресі, 58-59 аяттары) Адамзатқа рақым боп жіберілген Алла Елшісі Мұхаммедтің (с.ғ.с) әкелген көптеген өзгерістерінің бірі қыздарға деген мұндай қарым-қатынастан бас тартқызу және олардың деңгейін көтермелеу болды. Мүмін ата-аналардың жүрегін қуанту үшін қыз тәрбиелеудің маңыздылығы туралы көптеген хадистер бар. Мысалы, «кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Алла тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» (Әбу Дәуіт, Әдеп). Тағы бір хадисте «дүниеге қыз келген уақытта, Алла Тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын», - дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады» (Набит бин Шурайттан Табарани риуаят еткен). Шындығында қыз тәрбиесінде абыройы мен ар-ұяттын сақталуы, келешек өміріне даярлығы ата-анаға оңай болмайтынының дәлелі. Қазағымыздың дана сөздерінде «ұл тәрбиелесең әулетті тәрбиелегенің, қыз тәрбиелесең ұрпақты тәрбиелегенің» деп айтқан. Халқымыздың өткеніне көз жүгіртсек, дара, батыр ана-қыздарымыз болғаны ақиқат. Имани тұлғалы бойына қарапайымдылық, сыпайылық, инабаттылық, ұяңдық, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, имандылық сияқты қасиеттерді сіңірген Домалақ ана, Айша Бибі сияқты арулар нағыз ата-ана тәрбиесімен өсіп өнген емес пе?! Ата-ананың бойында тазалық, имандылық болса, дүниеге келген ұрпақ та саналы болады. Тәрбие тек дүниеге келгенде емес, ана құрсағынан басталары анық, Бірде бір кісі жасқа толған баласын алып, данышпан кісінің алдына келеді де: «Баламды, қалай тәрбиелесем болады?» деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: «Сен бір жыл, тоғыз айға кешіктің» деген екен. Ал тәй-тәй басқан баланың бойына мұсылман әдептерін, ислам қағидаларын сіңіруден кеш қалмауға тырысуымыз қажет. Қазағымызда бала тәрбиесін құрсақтан бастаған асыл аналарымыз дана Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжеміз, дәретсіз баласына жоламаған анасы Ұлжанды қалайша ескеріп кетпеске. Жоғарғыдан көргеніміздей бала тәрбиесі соның ішіндегі қыз бала тәрбиесінің моральдық және тұлғалық тәрбиесі міне, ата-ананың нағыз атқаруы тиіс миссиясы. «Ұл бұзылса отбасының бұзылғаны, қыз бұзылса - ұлттың бұзылғаны» деп қыз бала тәрбиесінің салмақты екенін аңғартады. Әрбір ата-ана мынаны білуі керек. Неліктен Алла Елшісі (с.ғ.с.) біздің назарымызды қыз тәрбиесіне аударады? Бұл кездейсоқ емес. Неге? Себебі сіз қыз өсірсеңіз, ұрпақ өсірдіңіз. Егер сіз қызыңызды сеніммен, Алла Тағалаға мойынсұнумен нағыз тәрбие берсеңіз, бұл оның бүкіл бір ұрпақты иманды тәрбиелейтінін білдіреді. Қыз тәрбиелеу арқылы сіз бүкіл ұрпақ тәрбиесіне негіз қалап отырсыз. Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырып, әдептілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелесек, онда нұр үстіне нұр болар еді. Алла баршамызға Ислам дінімен өмір сүріп, салихалы ұрпақ тәрбиелеуімізді нәсіп еткей.
    © ummet.kz Толығырақ: ummet.kz/makal...

Комментарии • 44

  • @user-jr9ze8kr1l
    @user-jr9ze8kr1l 3 года назад +11

    Әмин Әмин өте әсерлы уагыз

  • @gulnaraserikova27
    @gulnaraserikova27 3 года назад +14

    Альхамдулильлях,сиздерге Аллах разы болсын

  • @user-ot5lm3su4j
    @user-ot5lm3su4j 3 года назад +6

    Болады гои. Акылды,зыиынды
    Кыздар баршылык.

  • @karimestybaev9107
    @karimestybaev9107 3 года назад +18

    Алла разы болсын сізге

  • @user-rd4mt8yc5z
    @user-rd4mt8yc5z 2 года назад +5

    Сізді есітіп өзіме керекті ақыл алдым сізге Алла Тағаланың нұры жаусын

  • @user-jx4ep9kx5n
    @user-jx4ep9kx5n 3 года назад +5

    Алла тағала разы болсын

  • @Cinnamoroll_1414
    @Cinnamoroll_1414 3 года назад +9

    керемет уағыз 👍

  • @MobileLegends-sx9wj
    @MobileLegends-sx9wj 3 года назад +7

    Тамаша

  • @user-rb3dz5ty6o
    @user-rb3dz5ty6o 2 года назад +1

    Сизге алла разы болсын өте керемет ұрпақтарымызды адал ұрпақтардан ете гөр🙏👍👍

  • @user-zc3ni2xe2z
    @user-zc3ni2xe2z 3 года назад +9

    Өте дұрыс сөздер

  • @user-ox5cg5ow7f
    @user-ox5cg5ow7f 3 года назад +11

    Аллаһ Тағалам сізден разы болсын!, Недеген тамаша ғибратты уағыз!....

  • @user-zc3ni2xe2z
    @user-zc3ni2xe2z 3 года назад +14

    Осы видеоны тарата жүрейік ағайын

  • @user-ot5lm3su4j
    @user-ot5lm3su4j 3 года назад +15

    Гажап,керемет мига куиып алатын.
    Тындайтын кулак болса.

    • @user-dz1qi9ox5j
      @user-dz1qi9ox5j 3 года назад

      Бахытты бол!Аллаға сансыз шүкір! Алла разы болсын күшті уағыз.

  • @user-vi7pp3dw3m
    @user-vi7pp3dw3m 2 года назад +2

    АЛЛАҒ ТАҒАЛАМ РАЗЫ БОЛСЫН...

  • @madin_brt6488
    @madin_brt6488 2 года назад +2

    Өте керемет уағыз.

  • @Ayala-lx3il
    @Ayala-lx3il 4 месяца назад

    Керемет уағыз маған өте әсерлі болды керемет😊❤

  • @user-nf9nd9ok3g
    @user-nf9nd9ok3g 2 года назад +1

    Тамаша Рахмет.

  • @user-fw1js6cb3n
    @user-fw1js6cb3n Год назад

    Альхамдулилляһ
    Астағифируллаһ
    Ля иляһа ильАллаһ Мухаммад Расул Аллаһ 🤲

  • @erkinaierkinai1340
    @erkinaierkinai1340 2 года назад

    Алла Тағала ози колдагаи аман есен босангаимын

  • @nazgulserikbolova1079
    @nazgulserikbolova1079 2 года назад +1

    АЛЛАҺ РАЗЫ БОЛСЫН

  • @user-cu4tv8iv3d
    @user-cu4tv8iv3d 9 месяцев назад

    👏🏻

  • @user-cu4tv8iv3d
    @user-cu4tv8iv3d 9 месяцев назад

  • @Kunsulu94
    @Kunsulu94 Год назад

    Allahim irazi bolsin ❤szge kop duga etiniz bzge asirese magan 😅

  • @gulzatdosaly258
    @gulzatdosaly258 2 года назад

    Алла разы болсын!

  • @balnuraajubathanova3788
    @balnuraajubathanova3788 2 года назад

    Алла разы болсын 🌸

  • @arai0008
    @arai0008 Год назад +3

    өзімді, мынезымды өзгерте алмай жүрмын. сіздің уагыныз көмегін берер деп ойлаймын. Алла разы болсын сіздерге

    • @eseevaadi
      @eseevaadi Год назад

      озгердыма 6ай отыпты

    • @arai0008
      @arai0008 Год назад

      иа жақсы

  • @user-sf9cc6rv1y
    @user-sf9cc6rv1y 2 года назад

    Аллаға Шүкір

  • @nazgulserikbolova1079
    @nazgulserikbolova1079 2 года назад +3

    Ащы да болса шындық

  • @bakakz8565
    @bakakz8565 3 года назад +6

    Заман соны талап етеді,сениң ақшаң болмаса ешкім араласпайды,өкиништи ақ қатты уайымдаймын Ұл қыздарының болашағын ойласам....

  • @user-bx1ju9cr2y
    @user-bx1ju9cr2y Год назад

    Өте дұрыс айтылған

  • @zhanatlesbekova9623
    @zhanatlesbekova9623 2 года назад

    Аллах тагалам сізге разы болсын🤲🏻

  • @user-rb3dz5ty6o
    @user-rb3dz5ty6o 2 года назад

    🤲🤲🤲🤲

  • @nazgulserikbolova1079
    @nazgulserikbolova1079 2 года назад +2

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ ҚАТТЫ АЙТТЫҢЫЗ ӨТЕ ДҰРЫС БАУЫРЫМ

  • @user-uh6fl7fh6e
    @user-uh6fl7fh6e 2 года назад +1

    Дурыс айтасыз шеше тарбйесй ен бйрйншй шешесй тарбйелй болу керек

  • @aizere-kc4sn
    @aizere-kc4sn Год назад

    Дұрыс қой негізі....

  • @user-ys9nn7vx7u
    @user-ys9nn7vx7u 2 года назад +1

    Дұрыс

  • @user-iu9bb8ig4x
    @user-iu9bb8ig4x 2 года назад

    😍😍😍😍