Әлемдік мега-жұлдыздарға әуен жазып жүрген қазақстандық мұғалім жайлы білесіз бе?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Бүгінгі шығарылымда:
    Абай облысында биология пәнінің мұғалімі шетелдің әйгілі әншілеріне әуен жазып жүр. Сабақтан тыс уақытта оранжировка жазумен айналысатын Ерқанат Садухановтың музыка саласында есімі танымалдыққа ие. Себебі, мектепте ұстаздық қызмет ететін 27 жастағы жігіт әлемдегі мега-жұлдыздардың әндерін әрлеп берген. Жаңа туындылар шығарып, көпшілікті таңқалдырып жүрген педагог кәсіби музыкаға қалай келді? Қазір ол қандай әншілермен жұмыс істеп жатыр? Жас талантпен өңірдегі әріптесім тілдесіп келді.
    Ерқанат Садуханов Абай ауданы Қарауыл ауылында биология пәнінің мұғалімі. Жас маман өзі түлеп ұшқан мектепке жұмысқа орналасқанына да бір жылдан асқан. Алайда педагог оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай бос уақытында оранжировка жазумен айналысады.
    27 жастағы ұстаз жастайынан музыкаға әуестенгенін айтады. Арнайы білімі болмаса да Ерқанат он жылдан бері осы сүйікті ісімен үйде де түзде де айналысып келеді. Айтуынша оранжировка жасауды өзі үйренген. Eraholic лақап атымен танымал музыкант алғашында отандық өнерпаздардың әндерін әрлеп, кейін ТМД мен шетелдік жұлдыздардың көзіне түскен.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Осы ақырғы бір-екі жыл Қазақстандық әншілерден бөлек АҚШ-тық Лейт Джей, бразилиялық Анита, британдық Дуа Липа деген үлкен-үлкен әртістермен жұмыс жасадым. Осы ақырғы Дуа Липаның «элужн» деген әннің көрсеткіштеріне келе кетсек британияда ол қазір альбом өзі бірінші орында тұр. Одан бөлек 47 мемлекетте бірінші орында тұр.
    Әлемге әйгілі әнші Дуа Липаның жаңа альбомына музыка жазған жас талант соңғы жылдары ұсыныс көп түсетінін жеткізді. Мәселен, мектеп мұғалімі қазір испаниялық мега-жұлдыз Розалиямен бірге жұмыс істеп жатыр екен.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Иә, Розалия атты испан тілінде айтатын әлемге әйгілі әнші. Сол кісі менің әлеуметтік желіге салып отырған жұмысымды байқап, сол жұмысыма жауап қайтарып ұсынысын жасады. Бірге жұмыс жасап көрейік деп. Уже жанрдың жаңағы бағытын анықтап, қазір сол жұмысты жасап жатырмыз.
    Ерқанат соңғы туындым реггетон стилінде жазылады. Мақсатым осы жанрды Қазақстанға әкелу дейді.
    ЕРҚАНАТ САДУХАНОВ, музыкант:
    - Жанр реггетон деп аталады. Ол реггетон деген жанр Қазақстанда әншілер көп қолданбайтын, көп тыңдалмайтын да жанр өкінішке орай. Бірақ әлем бойынша рейтіңгі өте мықты. Енді Сіз топ чарт дейді ғой әндердің первая десятка ол реггетон жанрындағы өлеңдер. Сол жанрда мен осы Қазақстанда орысша айтқанда популяризиовать хочу дамытып, осы Қазақстанға әкелгім келеді.
    Өзге де шетелдің танымал әнші, рэперлерімен келіссөздер жүргізіп жатқан педагог музыкаға хобби ретінде қарайтынын жеткізді. Ал негізгі жұмысым ұстаздық қызмет атқарып, білім саласына еңбек сіңіру деп отыр.
    ---------------------------------------------
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 25