Психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинет

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 23 сен 2021
  • 📢 Назар аударыңыздар!
    Alikhan Bokeikhan University педагогика және психология кафедрасының жанынан ашылған тілдік дамуына тежелуі бар балалармен жұмыс жасауға арналған Психологиялық-педагогикалық коррекция кабинеті жұмыс істейді.
    🗣️ Кабинет мектеп жасына дейінгі (4-7 жас) тілдік дамуында тежелісі бар балаларға дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға диагностикалық және коррекциялық тұрғыдан білікті көмек беруге арналған. Оның ішінде:
    - сөйлеуі фонетикалық тұрғыдан дамымаған,
    - жай және күрделі дислалиялы фонетикалық-фонематикалық тежелуі бар,
    - дизартрияның қажалған формасындағы ауытқулары бар балаларға;
    сондай-ақ тілдік дамуында тежелісі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және бейімдеу мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық-әдістемелік көмек беру.
    🎧 Кабинет соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталған, түзету, дамыту компоненттерінен құралған оқыту ортасы жасақталған, білім беру процесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамсыздандыру жүйесі жолға қойылған.
    📌 Кабинеттің негізгі мақсаты - балалардың тиімді дамуына қажетті психологиялық-педагогикалық қызметтер көрсету, оның ішінде:
    - сөйлеудегі ауытқуларды ерте жастан анықтау және түзеу;
    - тілдік даму деңгейі мен динамикасын зерттеу;
    - бүлдіршіндерге сөйлеу нормаларын толық игерту: туған тілінің барлық дыбыстарын жас ерекшелігіне сәйкес, толыққанды қолдануына қол жеткізу,
    - дыбыстарды артикуляциялық және акустикалық белгілеріне қарай ажырата білуін, көп буынды сөздерді өз бетімен құрап айтуын қамтамасыз ету;
    - балаларды ересектермен және өз құрдастарымен еркін қарым-қатынасқа түсуге үйрету, баланы дұрыс әлеуметтенуіне жол ашу: барлық сөз таптарын қолдануды меңгерту, өз ойын еркін әрі түсінікті етіп жеткізуге, түрлі құрылымдық бірліктерді пайдалануға үйрету.
    👩 Бүлдіршіндер мен ата аналарды қабылдау және коррекциялық жұмыстарды жүргізу ісін педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, психолог әрі логопед маман, «Мектепалды балаларының тілін дамыту», «Медициналық психология», «Коррекциялық психология», «Ауытқушылық әрекет - қылық психодиагностикасы мен психокоррекциясы» және т.б. оқу құралдарының авторы Абдуллина Гульнара Қабдышейітқызы бастаған мамандар жүргізеді.
    Консультациялық-әдістемелік көмек көрсету алдын ала жазылу негізінде жүргізіледі. Байланыс телефоны:
    +7 775 703 7594 (Назкен Қайратқызы)
    Кабинет мекенжайы:
    Семей қаласы, Шмидт к-сі, 44, 3-каб.

Комментарии •