Оқыс оқиғалар мен табиғи апаттар, әлем жаңалықтар топтамасы [18.12.2023]

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • Аспан7 арнасы 18желтоқсан дүйсенбі күніне арналған, әлемдегі #табиғат апаттары мен оқыс оқиғалар топтамасын ұсынады,..
    Испанияның оңтүстүгінде Малуга провинциясында екі жолаушылар пойызы қақтығысқап апат болды. Инцидент жергілікті уақыт бойынша кешкі 8жарымда болған, Севилия малуга, және Малуга Севилия бағытында поездардың қақтығысуынан 13адам зардап шеккен, олардың 3еуі бала, екі поезда жалпы саны 253адам болған, жолаушылардың бақытына орай аударылған 1 вагон бос болған екен...
    #Түркия жағалауында 4.1балдық бірнеше жер сілкінісі болды. Түркия төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша алғашқы дүмпу Стамбулдың оңтүстүгінде Ялова правинциясында болған, ал содан соң ченарджик қаласынан 8км жерде және, эпи центрі Стамбулдан 20км қашықтықта,14км тереңдіңте тағы дүмпу болған, қала тұрғындарына әр түрлі аудандарға бұл сілкініс сезілген. ғимараттарға зақым келмеген. Стамбулдағы соңғы жер сілкінісі 2апта бұрын 4желтоқсан күні тіркелген, ол кезде қаланың батыс аудандары дүмпуді қатты сезген болатын...
    Австралияда Квинслендте рекордты деңгейде су тасқыны болып жатыр, осы өңірдің кей аудандарында соңғы 1тәулікте 500мм #жауын шашын жауған. Премер министр Нью Квинслендтте болып жатқан оқиғаны, төтенше жағдац деп жариялады, циклон әсерінен 40мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Джаспер циклоны әсерінен әуежай жұмысын тоқтатты, ал жолдар су тасқынынан соң жабылды. Өзендегі су деңгейі көтеріліп елді мекендер мен егін алқаптарына жайылуда, бұл су деңгейі 1977жылғы наурыз айында тіркелген рекордты жаңартып отыр... Метеорологтар нөсер жауын сейсенбі күні тоқтайды деп сендіруде...
    Қытайдың #солтүстік бөлігінде күн суытып, қар боратып елді мекендерді қарға көміп тастады. Шанси провинциясында жолдар жабылған, қар тазалау жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, Шандунь провинциясында шаруалар өз агротехникасымен, қар тазалаушыларға көмек көрсетіп жатыр, дәл осы өңірде ең көп мөлшердегі #қар жауған, волонтерлер мен құтқарушылар жұмысы қызған,,, ал ел астанасы Бейжіңде қауіптіліктің сары деңгейі жарияланды.
    Үндістанның Тамильнанд провинциясында нөсер жауын соңы су тасқынына ұласқан, жергілікті билік төтенше жағдай жариялап, барлық жұмыс тоқтатылды, #18желтоқсан демалыс күн деп белгіленді. Жеке жеке мемлекеттік сектордағы балрлық қызмет тоқтатылған, адамдар қауіпсіздік талаптары бойынша үйлерінде қалуы тиіс. Соңғы 15сағатта 600мм жауын шашын жауған, ал бұл осы өлке үшін шамамен жылдық норма болып саналады. Елдің басқа өңірлерінен мемлекеттік құтқару қызметі келіп, адамдарды құтқару эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде...
    Белгісіз адам көлігімен АқШ президенті Байденнің картежімен қақтығысқан, бұл жол көлік оқиғасы американың Деливер штатында болған, ол жерде президент әйелімен демалуға барған. Деливер штатында Уильмингтон қаласында президент авто калоннасының бір жол талғамайтын көлігін белгісіз адам келіп өз көлігімен соққан. Президенттің күзет қызметі жылдам әрекет етіп жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қару кезенген. Кешкі сағат сегізде болған оқиғадан президент зардап шеккен жоқ...
    Якутияда бұғыларды автобусқа отырғызған виде желіде желдей есуде. Бұғылар ереже бойынша автобустың артқы есігінен кіріп жатыр, Бұл көрініске таң қалған желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда, ал бұл туралы сіз не ойлайсыз...
    Ал енді еліміздің табиғиат жағдайы жайлы. Астанадан 180км қашықтықта Ақмола облысының Ерементау ауданында орналасқан қызғылт түсті Көбейтұз көлі адамдардың табиғатқа деген селқостығынан зардап шегуде. Көбейтұз бұл қызыл судан яғни қар суынан жиналған көл. Кей жылдары тартылып кетеді, суы өте сұзды балық жоқ, жауын шашынды болған жылдары, суы қызғылт түске боялып кім кімді болсын таң тамаша етеді. Әлеуметтік желіде көбейтұз көлінің суреттері көптеп таралғаны себептен, мұнда келушілердің саны артқан, олар өздерін тым салақ ұстайды дейді табиғат сақшылары, көліктерімен көлге кіріп қызғылт суда қымбат көлікпен тек мақтану үшін суретке түседі екен, соның салдарынан көл жағалауы бүлінген, одан бөлек соңында қоқыстар қалыпдырып эко жүйеге кері әсер етуде. Кей адамдар бұл суды қасиетті, ал енді бірі судың және тұздың емдік қасиеті бар деген қауесетке сеніп су мен тұзды алып кетуді әдетке айналдырған соң, бұл жерден су мен тұзды әкетуге тыйым салынған. Мамандар бұл жай ғана тұзды су екенін айтуда... Күнделікті табиғаттың алапат ашу ызасына қарамастан адамдар өздерін бұл көгілдір планетаның қожайыны деп санауын қояр емес...
    Аспанжеті арнасының күнделікті әлемдік жаңалықтар топтамасын жіберіп алмаңыз, видеоға лайк басып Арнамызға тіркеліңіз. 7қат аспан астындағы айтулы оқиғалар аспан 7арнасында...

Комментарии • 4

  • @user-pj6jc1xu2u
    @user-pj6jc1xu2u 9 месяцев назад +3

    Әлемдегі бәрін, және елімізді түрлі апаттардан сақтасын, от пен судан аман болайық, бәріміз, осы видеоны көріп отырған адам тәубесіне келер, табиғатты сақтау керек

  • @anelgoanel
    @anelgoanel 9 месяцев назад +1

    Жаңа бейненіңізді күтім қарапайым аға

  • @abdualikidirbai159
    @abdualikidirbai159 8 месяцев назад

    Неге эканомика жайлы түсірмей кеттіңіз