Кітаптар әлемі

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 15 окт 2024
  • 23-сәуір Еңбекші ауылдық кітапханасында "Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық қорғау" күніне орай "Кітаптар әлемі" тақырыбындағы кітап көрме топтамаларын ұсынамын.
    Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітаптарды күтіп ұстауға үйрету.
    "Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге",- деп Ұлы ақын Абай атамыз айтқандай ерінбей білім алуға асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба алатынымызды ұмытпайық.
    "Кітап маған тақтан да қымбат" ,- деп көрсеткен Шекспир. Бұл сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы бола білетін-кітап. Сол себепті оның орны тақтан да жоғары.
    "Наданмен қас болғанша, кітаппен дос бол",- дейді Баус. Кітап- сенің асып-таспайтын асыл досың. Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып тәрбиеленері сөзсіз.
    Білімнің көзін ашып, ең алғаш ғылым саласын танытқан, оқып-үйреткен-кітап.
    Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара-жігін айнытпай танытып білуге үйретеді.
    #кітапкүні
    #кітапхана

Комментарии •