XV Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 7 фев 2025
  • 21 тамыз күні Көкшетау қаласында алғаш рет XV Ұлттық Дельфий ойындарының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараны «Көкшетау» және «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдерінің, «Тұмар» халықтық заманауи би ансамблінің қатысушылары жарқын хореографиялық суретпен ашты. “SILK WAY CREATIVE GAMES” XV Ұлттық Дельфий ойындарында Ақмола облысын “Полянка” үлгілі хореографиялық ұжымы таныстырады.
    Концерттік бағдарламаға Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары «Көкшетау» және «Он алты қыз» халықтық би ансамбльдері, “Полянка” үлгілі хореографиялық ұжымы қатысты.
    “SILK WAY CREATIVE GAMES” XV Дельфий ойындарының туын көтеру құрметті құқығы Германия, Испания, Латвия, Әзірбайжан Республикаларындағы, Астана, Алматы, Көкшетау, Қызылорда, Атырау қалаларындағы аспаптық өнер бойынша (домбыра) Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының «Көркемтау» домбырашылар ансамблінің солисі - Әмірәлі Азаматұлына берілді.

Комментарии •