Бексұлтан Орынбасаров(Ақтөбе) & Суық сезім

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 6 сен 2024
  • Сенің сорың
    Ескіргенмен, тырналды жараң жаңа,
    Ешкімге мен қимаймын, ғаламға да.
    Сынған айна секілді көңіліңді,
    Мұңға байлап бересің маған ғана.
    Жанарың жағып беріп жырға қайғы,
    Ылғал демің мұнда да құрғамайды.
    Сөзіңнен суып сезім кеткесін бе?
    Көзіңнен суық сулар сырғанайды.
    Қанатың да қырқылып қорғай тұғын,
    Шырылдайды-ау арды айтып торғай тілің.
    Саған ғана көбірек айтушы едім,
    Адамдарға сенуге болмайтынын.
    Басқаға да бермейсің жылуды дым,
    Оңай емес жаныңда тұру мығым.
    Сенім жолын бөгейтін беймезгілде,
    Сенің сорың өзіңнің - сұлулығың.
    Айдар

Комментарии • 8

  • @user-kt4rj2jf8j
    @user-kt4rj2jf8j Месяц назад +1

    Саган тек ак жол тілеймін,алда бол,бакытты бол.. өнерінің өрге домалап, өсе бер өрлей бер.. біздің Актобедегі жастар өте талантты ақын,бакытты бол

  • @NabiraSaparbaeva
    @NabiraSaparbaeva Месяц назад +1

    Бир аллага исенемин

  • @user-fi2qd4fi2m
    @user-fi2qd4fi2m 2 месяца назад +4

    Керемет .

  • @user-wl7ng2os5v
    @user-wl7ng2os5v 2 месяца назад +3

    Керемет ❤

  • @user-fi2qd4fi2m
    @user-fi2qd4fi2m 2 месяца назад +3

    😊🎉

  • @NabiraSaparbaeva
    @NabiraSaparbaeva Месяц назад

    Дуняда хеш кимге исеним калмады хаттеки досинада исеним жок

  • @user-fd5bl8qd7d
    @user-fd5bl8qd7d 2 месяца назад

    Керемет!

  • @user-tb4td1by8g
    @user-tb4td1by8g 2 месяца назад +1

    Алладан басқаға сенім жоқ,
    Дұшпаның тек сынап күлкі етер.
    Сезім суық емес сөзің суық,
    Құлаққа тебер әдеті пенденіңде.