Мұғалімдер министрдің бұйрығына қарсы шықты

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 окт 2024
  • Оқу жылы әлі басталған жоқ. Бірақ әр өңірде «Сағатымыз азайып, жалақымыз қысқарғалы жатыр» деген жанайқайымен ұстаздар жиі жиналып жатыр. Соңғы бір аптада әр өңірден «дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері, «министр бұрынғы білім беру жүйесін қалпына келтірсін» деген талаптарын айтып, наразылыққа шыққан еді. Енді бұл топқа орыс тілі және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері қосылды. Ұстаздар, оқу жылының басталуына санаулы ғана күн қалғанда, сағатымызды азайтқандар, ертерек ескертуі керек еді дейді. Бірнеше жылдан бері мұғалімдер мәселесіне қатысты ойын ашық айтып жүрген ұстаз Айман Сағидолла болса, «Мектепте Аймағамбетов отырған жоқ, отырған біз білеміз сағаттардың қысқарып жатқанын» деп сұхбат берді. Ал, осындай шағыммен күн сайын көптеген мұғалімдер өзінен қолдау күтіп хабарласып жатқанын айтқан депутат Ирина Смирнова, «егер шенеуніктер, ұстаздың айлығы көбейіп кетті деп сағатын қысқартып жатса, өздері де айлықтарынан бас тартсын» дейді. Алдымен, қордаланған мәселені мұғалімдердің өздері баяндасын.
    Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
    RUclips - / @informburo31kanal
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    Vkontakte - informb...
    TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
    WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
    #СөздіңШыныКерек #ИринаСоветжанқызы

Комментарии • 1,1 тыс.