Баламның сабақ оқығысы келмейді?| Сабақты тиімді оқыту

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 дек 2021
  • «Баламның сабақ оқығысы келмейді». Әрбір ата-анаға таныс жағдай.
    Қазіргі заман балаларын әлденемен қызықтыру, сабаққа ынталарын, қызығушылықтарын ашу оңай шаруа емес. Сондықтан мұғалімге де, ата-анаға да біріншіден, сабырлық керек. Дегенмен, баланың оқуға, білімге, сабаққа деген ынтасын тудыратын да мұғалімдер мен ата-аналар екенін ұмытпаған жөн. Тәртіп маңызды болғанымен, мотивация мен құлшыныс баланың ынтасына екі есе жақсы әсер етеді.
    • Балаңызға білім алудың қаншалықты маңызды екенін түсіндіріңіз. Өзіңіздің балалық шағыңыз туралы айтып, сол кезеңнің қиындықтары, қызығы мен шыжығы туралы баяндап беріңіз.
    • Уақытты тиімді пайдалануды үйретіңіз. Балаға үй жұмысының басқа жұмыстарға қарағанда маңызды екенін айтып, телефон, теледидар, ойынға тек бос уақытта көңіл бөлуді дағдыда айналдыру қажет.
    • Баланы қинап оқытпаңыз. Уақыт өте келе бала сабақтан қашып, мүлдем оқуға деген ынтасын жоғалтып алуы мүмкін. «Сабақ оқы!» деп бұйырып, бөлмеге қамап оқыту сияқты әдістерді қолдану тиімді емес. Себебі қысым мен айқай оның оқу ілгеріміне әсер етуі екі талай.
    • Демалыс туралы да ұмытпаңыз. Әрине,есеп шығарудан, кітап оқудан бала жалығатынын түсіну керек. Жалпы адамның миы бір мазмұндағы ақпаратты екі сағаттан артық қабылдай алмайды.
    • Араласатын ортасына мән беріңіз. Баланың достары мен сыныптастары сабаққа баруды ұнатпайтындар қатарынан болса, сіздің балаңыздың да оқуға деген ынтасының жоғалуы ғажап емес. Себебі орта - әдет пен жүріс-тұрыс, мінез-құлыққа қатты әсер етеді. Бұл жағдайда баланың өзімен немесе сыныптас/достарының ата-анасымен сөйлесу керек.
    • Сыйақы беру. Кез келген істелген жұмысқа сыйақы берілетін болса, көп адамдар сол жұмысты тиянақты істеуге тырысатын еді. Сол сияқты егер балаңызға талабы мен еңбегі үшін сыйақы, сый беретін болып келіссеңіз оның сабаққа деген құлшынысы артуы мүмкін. Ол үшін оған не қызық екенін, нені ұнататынын біліп, үй жұмысын немесе тапсырманы орындаған соң қалағанын алатынын айтып мотивация беруге болады. Мысалы, Бүгін бір сағат математиканы оқысаң, 30 минут демаласың, ойын ойнауға немесе теледидар көруге рұқсат беремін» және т.б сынды кішігірім келісім жасау керек.
    Бала логикасын дамытамыз. Балаңыздың үлгерімі төмен болса...
    • Баламның үлгерімі наша...

Комментарии • 28

  • @user-dm9jx7jm3o
    @user-dm9jx7jm3o 15 дней назад

    Супер

  • @araylimpranova
    @araylimpranova 8 месяцев назад

    Рахмет сизге Алла разыболсын

  • @dametken
    @dametken 2 года назад +3

    Ия, дұрыс айтасыз.🌷🌷🌷

    • @Asemnur
      @Asemnur  2 года назад

      Рақмет 🌹🌹🌹

  • @user-zj1rt1dw5d
    @user-zj1rt1dw5d 10 месяцев назад

    Оте керемет рахмет

  • @user-bm8mq2xn8h
    @user-bm8mq2xn8h Год назад

    Рахмет кеңесіңізге 🌹

  • @user-kx8us1vf8z
    @user-kx8us1vf8z Год назад

    Рақмет

  • @user-mj1vd1ny1f
    @user-mj1vd1ny1f Год назад +2

    Алла разы болсын

    • @Asemnur
      @Asemnur  Год назад

      пайдам тисе қканыштымын

  • @user-zy9hk2sp3g
    @user-zy9hk2sp3g 6 месяцев назад

    😊

  • @user-oo7hv7co2p
    @user-oo7hv7co2p 9 месяцев назад

    Өте Асыл митотика👍👍❤️❤️

  • @user-mj1vd1ny1f
    @user-mj1vd1ny1f Год назад +1

    Рахмет

    • @Asemnur
      @Asemnur  Год назад

      😘 кәдеңізге жарасын!

  • @azyka21a
    @azyka21a 4 месяца назад

    Менің ініме арналған екен😂

  • @GoodHealth_2023
    @GoodHealth_2023 4 месяца назад

    Күнде күресеміз ғой оқуға

  • @armianovna1983
    @armianovna1983 3 месяца назад

    Сәлем қинап оқытпаймын баланың ойы басқада сабақ мүлдем оқығысы келмейді неге деп сұрасам мұғалімнен ұяламын дит

  • @aikafood4058
    @aikafood4058 2 года назад +1

    мықты видео нағыз керек ақпарат

    • @Asemnur
      @Asemnur  2 года назад

      Рақмет, Айок. Пайдаңа жарасын!

    • @aikafood4058
      @aikafood4058 2 года назад +1

      @@Asemnur менің қызыма керім болды әне көрдіңба урысуға болмайды деп жатыр

    • @Asemnur
      @Asemnur  2 года назад

      @@aikafood4058 көбірек сырласып, баланың ойында не барын сұраңыз. Қазір заман балдарының психикасы өте әлсіз. Көп ұрыспауға тырысыңыз. Осы әдістің барлығын қолданып көріңіз. Шыққан нәтижемен де бөлісе отырыңыз

  • @user-sh3wo4go3v
    @user-sh3wo4go3v 5 месяцев назад

    Менің інім сабақ оқығысы келмейді бәрін интернеттен көшіреді өзі есеп шығармайды😅

  • @user-zn9ql1lz5k
    @user-zn9ql1lz5k 3 месяца назад

    Дым окыгысы келмиді

  • @MuratDimash
    @MuratDimash 2 года назад +2

    Бала мулдем укпасаше

    • @Asemnur
      @Asemnur  2 года назад

      Бірінші себебін білуге тырысыңыз. Себебін білсеңіз, мәселені шешу жеңілдей түседі

  • @GoodHealth_2023
    @GoodHealth_2023 4 месяца назад

    Дым ынтасы жоқ

  • @user-vh2vb8rl3u
    @user-vh2vb8rl3u 7 месяцев назад

    Сәлеметсіз бе! 3 әдіс бойынша - Сонда қалай оқы деп айту керек? Сіз әдіс емес кеңес айтып кеткен сияқтысыз. Құр интернеттен алынған шаблондар.

  • @nasibavaxapova1213
    @nasibavaxapova1213 3 месяца назад

    Барин истедик пайдасы жок