Бүкірейіп жүргендерге ЛАЙФХАК

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 июн 2024
  • Декреттегі ана бос отыр, күйеуіңнің бір жағына шықпайсың ба?! Курс оқып, үйден торт пісіріп ақша таппайсың ба ? - деп айтатын адамдарға дым түсінбеймін. Сол адамға өзің баламен 24/7 сағат отырғызу керек шығар. Балаға қарап, 3 мезгіл тамақ пісіріп, дамыту ойындарын ұйымдастырып, жаттығу жасату керек, оны ойната жүріп қызықтырып беру керек. Бүгін 4 баламен менің бір күнім қалай өтетіні, бір күннің өзінде қаншама эмоция бастан өтеді. Таңертең қыздар ұйқылары қанбай, көңілсіз тұрды, теледидардан көңілді әуен қосып, жаттығу жасадық. Қыздар бүкірейіп жүретін сияқты көрінді,сол үшін орамалмен жауырындарын тартып қақитып байлап қойдым, бастарына кітап қойып біраз түзу жүргіздім. Біздің бала кезімізде солай жасайтын еді ғой. Бала тәрбиелеу тек жақсы киім мен жақсы тағамдар әперу емес екен . Баланың әдептігі мен тазалығы, дене бітімінің дұрыс дамуы екеен.

Комментарии •