ВЫСТАВКА ОТКРЫТИЯ. ОРАЛ қаласы 19.06.2022.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 24 июн 2022
  • Орал қаласындағы "Сұлулық әлемді құтқарады" атты халықаралық суретшілер симпозиумы мәресіне жетті.
    Аталған шараны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «BatikKami» мәдени қоры ұйымдастырды. Симпозиум аясында суретшілер көрмесінің ашылу рәсіміне қатысқан ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтің атап өткеніндей, халықаралық деңгейдегі бұл іс-шара 2018 жылдан бері өткізіліп келеді. «Осы жолы Еуропа мен Азияны жалғап жатқан Ақ Жайық өңірінде ұйымдастырылған симпозиумға 20-ға жуық суретші қатысты. Олар бес күн бойы Оралда суреттер салды, өз тәжірибелерімен бөлісіп, өнер жолын таңдаған жергілікті жастар үшін шеберлік дәрістерін өткізді. Жалпы, еліміздің тарихы мен мәдениетін бедерлеп, мәңгілікке қалдыруда сурет өнерінің маңызы зор», деді Н.Дәуешов. БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов өнері мен мәдениеті өркендеген өңірде халықаралық іс-шараның өтуі суретшілерге тың серпін беретінін жеткізді. «BatikKami» мәдени қорының директоры, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, мәдениет қайраткері Камила Жапалованың айтуынша, дәстүрлі симпозиумға шетелдіктермен қатар әр өңірден суретшілер шақырылды. «Авторлық жобам аясында шара бір жыл бұрын жоспарланғандықтан, пандемия да өз әсерін тигізді. Әйтпесе қатысушылар саны бұдан да көп болар ма еді. Дегенмен соның өзінде әр тараптан келген суретшілер Орал қаласының бай тарихы мен мәдениетімен танысып, керемет туындылар салып үлгерді. Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігі алдағы уақытта да қолдау білдіріп, симпозиум тұрақты өтіп тұрады деген ойдамыз», деді К.Жапалова. Оралға алыстан ат сабылтып келгендер арасында Түркияның Анкара қаласында тұратын Замира Шахин, Әзербайжаннан Рамина Саадатхан, Өзбекстаннан Сардор Аллабергенов болды. Сондай-ақ Жеңіс Молдабеков, Сембіғали Смағұлов, Дәуренбек Бекназаров, Бақытнұр Бердісбеков, Айнабек Оспанов, Оралдан Нұрбек Жәрдемов секілді қылқалам шеберлері қатысты. «Бұл - Орал қаласына алғаш келуім. Музейлер мен тарихи орындарды аралап, Жайық өзені жағасында суреттер салдық. Алған әсеріміз ерекше!
    www.inform.kz/...
    #орал #красотаспасетмир #batikkami #мәдениетжәнеспортминистрлігі #атамекен

Комментарии •