Тайлақ АКТЕР ЕМЕС...

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 май 2023
  • «Тақиялы періште» деп фильмнің басты кейіпкері - география пәнінің мұғалімі Тайлақты еркелетіп атайды. Тайлақ - алпамса денелі, періште мінезді, кең пейілді жан. Ол өз анасынан артық шеше жер бетінде жоқ деп санайды. Сонымен қатар, Тайлақ тіпті дастарқан басында өзінің сүйікті тақиясын басынан тастамайды. Ұялшақ «періштенің» бойдақ өміріне балта шапқысы келген анасы Тана ұлына қосақ іздеп Алматыға келеді. «Еркекке жалғыз өмір сүруге болмайды, оның қасында анасы, жоқ дегенде әйелі болуы қажет» - деп пайымдайды.
    Келін іздеу барысында ол, оған өз көңілін білдіре бастаған Нияздың отбасымен танысады. Осы кездерде Тайлақ көрікті Айшамен танысады. «Періштенің» анасы ұлының таңдауын бірден қабыл алмайды. Айшаның әкесі - кезінде Танамен сөз байласып, кейін сөзінен тайқып шыққан Тайыр екені белгілі болады. Мұндай жәйтті ұмыту қиын. «Періштеге» тұрмысқа шығуды сыра сатушы Алтыншаш та аңсайды. Сатушының артынан түсуден құтылған Тайлақ Айшаға үйленуді ұсынады. Нияз болса, Тананың оған әйел болуын қалайды.
    Осы бір көңілді оқиға қос тоймен аяқталады.

Комментарии • 6

  • @user-cv9od4tq6y
    @user-cv9od4tq6y Год назад +2

    Керемет кино , керемет орындау супер 👍🙏

  • @user-fk7rp4mo2g
    @user-fk7rp4mo2g Год назад +1

    Керемет кино

  • @E4natApsamat
    @E4natApsamat Год назад +1

    Урааааа видео шыкты.

  • @Damykazakhstan
    @Damykazakhstan Год назад +2

    😊✋🏻😊😊😊😊😊✋🏻😊

  • @user-yn3cs5oo4v
    @user-yn3cs5oo4v Год назад +1

    60 жыл әлі болған жоқ

  • @user-nf2fc8wg3j
    @user-nf2fc8wg3j Год назад +1

    ТАИЛАҚ АКТЕР БОЛМАСАДА,ҚАТЫРЫП ОИНАДЫ ҒОИ.ӨНЕРЛІ АДАМДАР,ХАЛЫҚ АРАСЫНАН ШЫҒАДЫ.ШЫНАИЫ ТАЗА ӨНЕР ОҚУМЕН КЕЛМЕИДІ.ОЛАР ТУМА ТАЛАНТТАР