Гималай асқан қазақтар | Түркия қазақтары қалай ас береді | Түркиядағы шынайы өмір

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 янв 2025

Комментарии • 679

  • @ГульжанКойшибаева
    @ГульжанКойшибаева Месяц назад +149

    Рақмет,осы "Жалғыз жолаушыны" қолдаған компанияға да рақмет❤❤❤

  • @БакынСалихан
    @БакынСалихан Месяц назад +112

    жарайсың бауырым дунйедегі қазақты. таныттың рахмет саған

  • @ЕрболатЕрболат-в8я
    @ЕрболатЕрболат-в8я Месяц назад +219

    Қазақстаннан барған қазақтар жарты сөзі орысша. Басқа қандастар таза қазақша сөйлейді. Біздікілерге ұят.

    • @Bach-iu9fz
      @Bach-iu9fz Месяц назад +24

      Біздікілер "ұят" деген сөзді түсінбейді!! Әбден орыс болып кеткен!! Қазақстанда да толып жүр мәңгүрттер!!

    • @Айман-в8ш
      @Айман-в8ш Месяц назад

      КЕМП|Р ШАЛДАР БАР ҚАЗАҚША ТУС|НБЕЙТ|Н. ОЛАР БАЛДАРҒА, НЕМЕРЕ ГЕ ҚАЙДАН УЙРЕТЕД| ҚАЗАҚША. ӨЗДЕР|НДЕ ЖОҚ АНА Т|Л|Н ҚАЙДАН АЛАДЫ😢

    • @Нагимаш-и8з
      @Нагимаш-и8з Месяц назад +7

      Ия ол шындық.Менің ойымша ата ананың салғырттығы ма ,бала тəрбиесінде?Не ьіздің халықтың аңқылдаған ақ көңілі ме ,өкімет сөйлемеңдер дегенге сеніп сөйлемей қойған?Анығын ғалымдар зерттеп білмесе ,біліп болмайды.Өзіме балалар бала бақшаға барып жүргенде тəрбиешілер ылғи айтатын ол туралы.Бірақ біз ешқашан үйде орысша сөйлеген емеспіз.Əкелері де ылғи тойтарып отыратын.Бəріміз орыс мектебінде оқып,жұмысты солармен.бірге істедік.Бірақ ныспымызды сатып олардың атына көшпедік.Ия орыс жолдастарымыз əлі.де бар .араласамыз.Олар да сенікі дұрыс емес деген емес.Бəріміз дастарханда бірге отырсақ та біз өз тілімізде сөйлей береміз.Олар ұғады.Ұқпағанын сұрап алады.Əдейі істемейміз.Сірағысы сол.

    • @МукарамУсипбаева-с1ф
      @МукарамУсипбаева-с1ф Месяц назад +6

      Жараисың.

    • @СаулеСауле-я8у
      @СаулеСауле-я8у Месяц назад +1

      кайта Аллаға шүкір, шокынып кетпегенімзге ,

  • @КобланДжанабаев-ч1п
    @КобланДжанабаев-ч1п Месяц назад +144

    Жалгыз жолаушы сен мыктысын!

  • @НурланАлпысбаев-к4ж
    @НурланАлпысбаев-к4ж Месяц назад +71

    Ойлап қарасам бауырларымыз аса жырақта жүр деп айта алмайтын. Өйткені Түркия, түріктер бізбен тілі бір, діні бір, тегі бір халықпыз. Сондықтан да оларға амандық пен сәттілік тілеймін. Көкше жерінен дұғай сәлем!

  • @ТалгатЕсимжанов-к4с
    @ТалгатЕсимжанов-к4с Месяц назад +55

    Қандай тамаша! Қазағым мықты ғой! Қайда болсада аман болсын!

  • @ГалияИбрагимова-м3ж
    @ГалияИбрагимова-м3ж Месяц назад +75

    "Жалғыз жолаушы" каналыңа алғыс. 🎉❤🙏🇰🇿👍♥💋🤗🌹👍

  • @Bakytnur-w9c
    @Bakytnur-w9c Месяц назад +54

    Раміл мырзаға Алла разы болсын Жалғыз жолаушыға да Алла амандығын берсін❤

  • @Hit8c
    @Hit8c Месяц назад +79

    Осы ұлттық киімдерді біздің моделерлер қайтадан жаңартып тіксе, қайтадан тарихымыз жаңарар еді!

  • @ТокмагамбетТокмагамбет

    Санат,сен үкен жолдың үстіндесің.
    Жортқанда жолың болсын !
    Өте жақсы аша білдің,ел тағдырын,қазақтардың тұрмыс-тіршілігін.
    Әр елдің,өздеріне тән тәртібі бар,заңы бар,кім болсада,ел заңының айасында өмір сүріуге тйісті.Туркия мемілекетінің,еңбек адамына деген,көзқарасы адамгершіліктен,тұратынын байқадық.
    Жақсы бір,түсірілім болыпты.
    Жасасын,Түрік Қазақ, ,ел бірлігі.❤❤❤❤❤❤

  • @DaurenSeilkadyrov
    @DaurenSeilkadyrov Месяц назад +57

    Санат інім жарайсың еліміздің көк байрағын желбіреткенің үшін ана бағанаға шығудың өзі үлкен еңбек Жолың ашық болсын еңбегіңе береке берсін Бағдарламаң ғұмырлы болсын өсе бер өне бер жанұяңда бақыт дәулет денсаулық болсын Үлкен рахмет

  • @manataivazova4892
    @manataivazova4892 Месяц назад +79

    қандай ауыз біршілік қазақ бауырларымыз! қанша жылдар,ғасырлар бойы жырықта жүрсе де өз тілдерін ұмытпай сақтаған қандай мықты кісілер ! сондай ырза болып көріп отырмын ! Санат балам саған көп рахмет ! 👍👍👍🙏🙏🙏

    • @SanjarAbduraximov-hj2ji
      @SanjarAbduraximov-hj2ji Месяц назад

      @@manataivazova4892 рахмет журегіміз қашанда қазағым деп соғады

  • @bagilasaylaubayeva4232
    @bagilasaylaubayeva4232 Месяц назад +39

    Ең бастысы, кеңес қазақтары ұмытқан тәуба мен қанағатты, иманды ұмытпаған! Алла әрқашан қорғап жүрсін қазағымның шеттегі бір бөлшегін!

  • @НурланАлпысбаев-к4ж
    @НурланАлпысбаев-к4ж Месяц назад +39

    Санат бауырым осы шығарылым өте сәтті шыққан. Әсіресе көк ту тіккенің көңілге қонымды. Ал бауырларымыз елге келе ме, келмей ме, ол өздерінің қалауы. Ең бастысы тілімізді, салт-дәстүрімізді сақтап, елмен байланысты үзбесе болғаны.

  • @EldosAlmatov
    @EldosAlmatov Месяц назад +56

    Айналайын қазақтарым

  • @mataikudaisugyr2359
    @mataikudaisugyr2359 Месяц назад +124

    Жолың болсын бауырым! Қытай жерінен көшті бастаған Елісхан батыр Әліп ұлы ғой. Батыр 1943 ж Ол кезде Индия қазіргі Пакистан жері Пешавар Жандауыл кентіндегі Мешіттің қасына жерленген. Елісхан қытайша оқыған,әскери соғыс тәсілдерін білген, жауына бас имеген қазағым деп өткен еразамат. Батырдың жаны жәннәттің төрінде болсын

    • @kkorbendallass
      @kkorbendallass Месяц назад +2

      Аумин Аумин Аумин ИНШа АЛЛАХ

    • @kkorbendallass
      @kkorbendallass Месяц назад +2

      ИНШа АЛЛАХ

  • @saryarqabalasy
    @saryarqabalasy Месяц назад +75

    Сүтпен, ақ шай ішеміз, қазақпыз ғой! - деді. 😘

  • @toktamyskoszhanov3544
    @toktamyskoszhanov3544 Месяц назад +98

    Тағдырдың тәлкегіне ұшырып тарыдай шашылған ҚАЗАҒЫМ қайда жүрсеңде аман жүр! Тілін,салт-дәстүрін сақтаған басқа елде жүрседе жұтылып кетпеген, тамаша деп тамсануға болады.

    • @ЕрболШакетай
      @ЕрболШакетай Месяц назад +5

      Айналайын бауырым өркенін өссін бакытты бол косагынмен коса картай сенің жанашырынбыз сакболып аман жүр айналәйын ❤🎉

  • @АйкенКурмангалиева
    @АйкенКурмангалиева Месяц назад +59

    Осы екі ту мәңгі желбіресін!🇰🇿🇹🇷

  • @МуратАкимов-л4й
    @МуратАкимов-л4й Месяц назад +56

    Кайда болсада Аман бол Казактар🤲

  • @ГуляимОйнар
    @ГуляимОйнар Месяц назад +27

    Турция казактары бакытты гой Афганистан казактары киын жагдайда аш жаланаш кошсе екен,президент комектессе гой.😢😢😢😢😢❤❤❤❤

  • @Uaikhanchik
    @Uaikhanchik Месяц назад +42

    Жарайсындар казагым, казакылыгын сактап журген ❤ Жалгыз жолаушы арнасына улкен рахмет

  • @ӨМІРБЕКСАЙЛАУБЕКҰЛЫ-ш2э

    Алла әрқашанда қолдаушың, қорғаушың болсын бауырым.

  • @ДикоМусаев
    @ДикоМусаев Месяц назад +36

    Рамил мырзаға Алла разы болсын Жалғыз жолаушыға көмектесіп жатыр екен.

  • @KBKB-n1r
    @KBKB-n1r Месяц назад +25

    Балам, рақмет, көп жаса, отбасыңа денсаулық, аманшылық, нәрестелерің көбейіп, мықты ел азаматы болсын. Алла разы болсын, видеоларың керемет! Демеуші ағаңа да көп рақмет!

  • @ЛяззатТореханова-з2б
    @ЛяззатТореханова-з2б Месяц назад +30

    Көп Рахмет Санат інім.Алла разы болсын.Жолың болсын жолаушы.

  • @Гульнара-п8х
    @Гульнара-п8х Месяц назад +28

    Айналайын балам Бақытты бол! Айналайын Қандас Қазақтарым көбейе беріңіздер! Әр Қазағым жалғызым деген Бабаларымыз Аман болыңыздар! Қазақтарымды көріп қуанып қалдым!

  • @ФатимаЖумаканова
    @ФатимаЖумаканова Месяц назад +29

    13.37 Апаның сөзі жүрек тебірентті...Тастаған дастарханмен берекеміз, дәстүріміз кетіп барады...деп...😢

    • @DinarBoranbekkyzy597
      @DinarBoranbekkyzy597 Месяц назад

      Иә. Ыңғайсыз екен. Ол біздің әдетте жоқ қой. Апаға жаным ашыды. Қазақ болған соң кең көсіліп, майлығыңды ұстап, дастарханыңа бата жасап, асықпай шай ішкенге не жетсін!

  • @АсимаУргешпаева
    @АсимаУргешпаева Месяц назад +23

    Куй шерткен саусагыннан айналайын, балапан. Аман болыныздар, барлык азаматтар

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Месяц назад

      Кіп-кішкентай балапан өзі тәп-тәтті,мына шәк-шәкті шешем жасаған дейді,былдырлаған тілінен.🥰😍

  • @ХаншайымЖауканова
    @ХаншайымЖауканова Месяц назад +11

    Көк тудың желбірегені жаныма қуат береді деп әнде айтылғандай өрмелеп шығып көк байрағымызды желбіретіп іліп кеткенің үшін саған мың алғыс Санат балам ❤ Әрқашан жортқанда жолың болсын болсын , жолдасың Қыдыр болсын 🙏

  • @EldosAlmatov
    @EldosAlmatov Месяц назад +29

    Айналайын рақмет бауырым

  • @Hit8c
    @Hit8c Месяц назад +145

    Осыларды көргенде қайран Мұстафа Өзтүрік ағамыз есіме түседі елім деп келіп қаскөйлердің қолынан қаза тапты😢😢😢

    • @revankhazar
      @revankhazar Месяц назад +1

      Мұстафа Өзтүрік атамызды Қазақ елінің дамуын қолға алып, билікке келем деген сөздерінен кейін өлтіріп кеткен болатын…

    • @kkorbendallass
      @kkorbendallass Месяц назад +6

      Мустафа маркумнын жаткан жери торка жаны жаннатта Болсын.Ия дал Солай елим Жерим Казагым деп келген Казахстанга.

    • @МммКкк-д9и
      @МммКкк-д9и Месяц назад +4

      Коп жаса енбеғің жана берсын

    • @МәкенАбиева
      @МәкенАбиева Месяц назад +2

      Не деген мықты.Бізде түкте қалған жоқ.Қазақстанда болды түскиіз,сырмақ,алаша,текемет,киім жапқыш,кесте,шашағымен,бәрі тоқитын кезінде.

    • @АсылбекТурганбаев-м9д
      @АсылбекТурганбаев-м9д 5 дней назад +1

      Керемет🎉жаналыктар🎉РАХМЕТ🎉

  • @aidin701
    @aidin701 Месяц назад +12

    Күшті шығарылымы, бір-ақ түркі мәдениеті жақын болғасын қазақтар сіңіп кетуі мүмкін ,

  • @ХоджаеваНурбаням
    @ХоджаеваНурбаням Месяц назад +53

    Назыз мусылман деп осыны айт керемет

    • @Rihanna5023
      @Rihanna5023 Месяц назад +2

      Қусыңба Қазаққой . мусылман пусылмандеп былжырай бермеңдерші осы

    • @Қ.Ә.Қ
      @Қ.Ә.Қ Месяц назад

      ​@@Rihanna5023сен өзің мұсылман емессіңба ақымақ

    • @sssvcxgh
      @sssvcxgh Месяц назад +1

      ​@@Rihanna5023сен қалмақ сияқтысың ғой

    • @Kghj139
      @Kghj139 Месяц назад

      @@Rihanna5023куран окып орамал мен отрган биринши мусылмандар бул кисилер

  • @ДикоМусаев
    @ДикоМусаев Месяц назад +30

    Жалғыз жолаушы бауырым қайда жүрсеңде Алла қолдып жүрсін. Түркия мекендеп тұрсада өз ана тілінде сөйлеу қазақ бауырларымыз Алла разы болсын. Тарыдай шашылып кеткен қазағымай аман болыңдар

  • @АйгүлОралбай-в8п
    @АйгүлОралбай-в8п Месяц назад +13

    Керемет. Жолың болсын жалғыз жолаушым. Рахмет ❤

  • @АлмагүлНұртаза
    @АлмагүлНұртаза Месяц назад +13

    Керемет. Түрік еліне барып ту тігіп келгенің жарады. Керемет 🎉

  • @Bach-iu9fz
    @Bach-iu9fz Месяц назад +10

    Қайда жүрсе де қазақтарымыз көөп болсын, қазақ тілін, мәдениетін дамытсын!! Беделді болсын деп тілейміз!!

  • @МиуаХалмуратова
    @МиуаХалмуратова Месяц назад +18

    Мықты қазақтар

  • @Ермухан-ь6щ
    @Ермухан-ь6щ Месяц назад +14

    Рақмет балам, жолдасың көбейіп, көсегең көгере берсін Әумин ! ❤👍🙏🤲🇰🇿

  • @huseyinek4803
    @huseyinek4803 Месяц назад +17

    Біз өзімізді Йөрүк (Көшпенді) түрікмен дейміз. Ата-бабаларымыз Түркияның оңтүстігіндегі Мерсин провинциясының (бұрынғы аты Ичел) Таур тауын мекендеген. Физикалық жағынан Орта Азия түріктеріне (қазақтарға, қырғыздарға) ұқсаспыз. Біз сөйлейтін түрік тілі фонетикалық және грамматикалық жағынан қазақ тіліне өте ұқсас. Сол себепті қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытып, алға жылжыдым. 2010 жылдан бастап түрік елдеріне саяхат жасай бастадым. Белоруссиядағы татар ауылдарынан Туваға дейін бардым. Соңғы рет Қазақстанға өткен Жаңа жыл түнінде бардым. Жақында тағы барамын деп үміттенемін. Егер сіз Мерсинге келсеңіз, маған хабарлаңыз. Өзіміздің қазақ болмаса да қазаққа ұқсайтын түріктерге апарып қонақ қылайын.

    • @ЫрысдаулетМухитдин-я7е
      @ЫрысдаулетМухитдин-я7е Месяц назад

      Ассалаумағалейкум бауырым

    • @mataikudaisugyr2359
      @mataikudaisugyr2359 Месяц назад

      @@huseyinek4803 Ассалаумағалейкум бауырым, атың барда жер таны желіп жүріп, асың барда ел таны беріп жүріп деген дана Қазақ.Сіздің де деніңіз сау болсын

    • @gulsaraserjanova3265
      @gulsaraserjanova3265 26 дней назад

      huseyinbek 4803
      Ассалаума алейкум, бизин Каракалпаклар, бурынгы дауирлеринде, бабаларымыз, озлерин туркпиз деп айткан, мумкин сизлерде бизлердин жакынларымыз шыгарсыз, уруыныз не? Сизлердин бабаларыныз туркияга кашан барган?
      Бизлердин тилимиз, казахларга, кыргызларга, ногайларга, татарларга жакын.
      9-асирде Украина да атлары калган "Черные клобуки" бизлердин бабаларымыз.
      Мумкин бизлерге жакын шыгарсызлар.

  • @Багаби
    @Багаби Месяц назад +9

    Ең алдымен түрік басшысына рахмет! Туыс санап,жер беріп,үй беріп жұмыс беріп қамқорлық жасағандығына. 37:38 . Бауырлас елекендігін көрсеткендігіне.

  • @Qoloner_print_DIY
    @Qoloner_print_DIY Месяц назад +15

    Керемет екен, сау болыныздар, бізде дәл осылай дастархан жайсақ бір қолданыс ыдыс аякпен, білмим, айталмацмын😢

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Месяц назад

      Апалар дұрыс айтты,дастарханды тастамайды,құт кетіп қалады деп,ондағы қазақтар,дәл түріктер құсап,қағаз дастархан,пластмасса ыдыстарды бір рет қана қолданып,қалғанын тамағыменен қосып,қоқысқа ұмаждап тастап жатыр,құт-берекені ысырап жасап,дастарханның,үйдің,
      әулеттің құты,береке-байлығы қоқысқа лақтырылып жатқаны дұрыс емес.
      Бізде дастарханның шетін де бастырмайды,киесі бар,киесі ұрады деп,дастарханды аса қадір тұтады,бала кезде үйде қызыл дастархан және қоржын болатын, шахмат болып өрнектелген,әр шәй,тамақ ішерде жайып,алдыменен нан тағамын,сосын май,тары-талқан,қгрт-жент,
      қант-мәмпәси,тәтті тоқаш қоятын,тәтті тағамдар қоржында ілініп тұратын.

  • @ZainyiKuttybaeva
    @ZainyiKuttybaeva Месяц назад +7

    Есілхан атамыздын жаны жәнәттә жүрсін, Асыл жаным, қазағым.

  • @pubgpubg9841
    @pubgpubg9841 Месяц назад +18

    Жарайсың бауырым осындай дүниелерді түсір. Әйтпесе соңғы видеоларың Тайланд, Вьетнам, Бали жақсы болмады.

  • @Нагима-д4й
    @Нагима-д4й Месяц назад +18

    Оте тамаша!Барлигы кызык 🎉

  • @КайратИлеуп-ц3в
    @КайратИлеуп-ц3в Месяц назад +33

    Айналайын сәттілік тілеймін

  • @ДинараАсанова-к6о
    @ДинараАсанова-к6о Месяц назад +12

    Азамат Санат ишине ийгилик.Дуйнодогу казактардын башын бириктирип журо бер.Уй булоолук бакыт каалаймын!

  • @Гулзиира-э1ф
    @Гулзиира-э1ф Месяц назад +6

    Қай жерде жүрсе де қазағым аман-есен жүрсін❤❤❤.Санат бауырым Алла разы болсын саған,шет жерде өмір сүріп жатқан қазақтар жөнінде түсірілімдерің көп болсын.❤❤❤

  • @ErkinBatan
    @ErkinBatan Месяц назад +6

    Рамил мырзаға көп көп рахмет!

  • @А.Бейсенғали
    @А.Бейсенғали Месяц назад +18

    Машалла керемет ағаларымыз.Кәсіптері керемет екен

  • @mukhtara.4945
    @mukhtara.4945 Месяц назад +12

    Рамильге үлкен Рахмет, барша қазақтан. ❤❤❤

  • @Өнерлі.Дара
    @Өнерлі.Дара Месяц назад +6

    Қазақстан мен Түркияның туын бір саябаққа қатар іліп, тарихи іс тындырған екенсізлер. Көк туымызды жасап берген Мехмед мырзаға мың алғыс ❤❤❤❤

  • @МайрашМухаметжанова-э3с

    ЖАЛҒЫЗ ЖОЛАУШЫҒА МЫҢ АЛҒЫС❤ АТА МЕКЕНДІ ҰМЫТПАҒАН ТІЛДЕРІ ТАЗА .❤БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМ ЕСІМЕ ТҮСІП ОТЫР АТА АПАЛАРЫМЫЗ ОСЫНДАИ ЕДІ .

  • @NickName-p9x
    @NickName-p9x Месяц назад +12

    Жарайсын бауырым мын алгыс саган Жолын ашык табыс мол болсын От басына береке бакыт тилеймын

  • @АнараАманжол
    @АнараАманжол Месяц назад +20

    Қазақстан алға

  • @GulnaraKamenova-m5k
    @GulnaraKamenova-m5k Месяц назад +23

    Әже дұрыс айтып отыр

  • @EldosAlmatov
    @EldosAlmatov Месяц назад +19

    Рахмет бәріңе

  • @Mirasqor
    @Mirasqor Месяц назад +25

    Түркиеде тұрған соң, түріктің мәдениеті, салт-дәстүрі сіңген екен

  • @Aigulsun-c4f
    @Aigulsun-c4f Месяц назад +5

    Қарапайым қазағымның баласы,сондай орасан зор еңбек жасап жүрсің Әр қазақтың кеудесіне сәуле салып ,отанға деген махаббатын оятудасың.Аман бол бауырым

  • @ДарханБайгенжин
    @ДарханБайгенжин Месяц назад +10

    Жолың болсын жолаушы

  • @AzamatTansykbayev
    @AzamatTansykbayev Месяц назад +4

    Оркенын оссын бауырым,Алланын Нуры жаусын,ыстеген ыстерын жемысты болсын.

  • @Еркебұлан-ы3и
    @Еркебұлан-ы3и Месяц назад +31

    Озбыр саясат ,қазақты тары дай шашып жіберген,.Еліміз жақсы болса ,барлығы келер еді ғой.

    • @DinarBoranbekkyzy597
      @DinarBoranbekkyzy597 Месяц назад

      Еліміз жаман дегенде жақсы Отанды кім береді?! Келсін қайта, бірге жақсартсын. Ұрпағы түріктеніп кетті ғой олардың. Алла кешірсін, расы солай.

    • @gulginakusman6341
      @gulginakusman6341 Месяц назад

      ​@@DinarBoranbekkyzy597иә, дұрыс айтасыз.

  • @ШуглаКозжанова-э9ь
    @ШуглаКозжанова-э9ь Месяц назад +3

    Тамаша бағдарлама 😍💯Қазақ қандастарымыз мықты, аман есен болыңыздар!!!

  • @EldosAlmatov
    @EldosAlmatov Месяц назад +15

    Рахмет Рамилге

  • @Hit8c
    @Hit8c Месяц назад +27

    Біздерден сәлем айт Атыраудан қай жерде жүрсе де аман болсын қазағымыз!

    • @alpamys1465
      @alpamys1465 Месяц назад +1

      ❤❤ нағашыларым Атыраудан болады

  • @ekowaliev863
    @ekowaliev863 Месяц назад +11

    Керемет, жаксы шыгарылым, Алла аркашан колдасын.❤❤❤

  • @Калипа-ъ7т
    @Калипа-ъ7т Месяц назад +13

    Керемет!!!!!!!❤❤❤

  • @ГулназМаксутова-ф3ю
    @ГулназМаксутова-ф3ю 26 дней назад +1

    Жолаушы балам саған көп рақмет алла жолыңды ашсын аман жүр осылай биіктерден көрін үлкен жетістіктерге жет👍👍

  • @mayraongalbekova6378
    @mayraongalbekova6378 Месяц назад +3

    Казагым, кайда болсангда аман бол, Ташкенттен жалынды салем, Жалгыз жолаушы ыныме рахмет, сыздерды танытканы ушын Аман, есен журынгыз, сау болынгыз 🤲🤲👍👍

    • @SanjarAbduraximov-hj2ji
      @SanjarAbduraximov-hj2ji Месяц назад +1

      @@mayraongalbekova6378 ТАШКЕНТЕН СІЗДЕРГЕДЕ ҮЛКЕН СӘЛЕМ ЖОЛДАЙМЫЗ

  • @MuratMumin-r6k
    @MuratMumin-r6k Месяц назад +15

    Жасасын қазах

  • @ГаухарКайырбекова-о3и

    Недеген тарихты айтты мына ақсақал , керемет , қазағым аман болсын ! Жарайсың Санат бауырым

  • @ГалияТурдыбекова-у9б
    @ГалияТурдыбекова-у9б Месяц назад +4

    Жолың болсын айналайын, кішкентай балапан аман болсын, Өскемен қаласы, Шыгыс Қазақстаннан

  • @ФаридаБегимханова
    @ФаридаБегимханова Месяц назад +5

    Жалғыз жолаушы арнасы жарайсың ,қайда барсаңда жолың ашық болсын . Каналыңды арықарай қызықты ғылып дамыта бер 😁👍

  • @АрдакАлимбаева-л8х
    @АрдакАлимбаева-л8х Месяц назад +6

    Нағыз қазақтың ұлттық киімдері.кере ет екен.

  • @АйболганБалмаганбетова-г9о

    Түркия үкіметіне мың алғыс!.❤❤❤

  • @БабекКуджанов
    @БабекКуджанов Месяц назад +15

    Бірінші қарап отырмын

  • @raygulrambergenova1113
    @raygulrambergenova1113 Месяц назад +6

    Рахмет сизге каракалпакстандагы казакларга да келиниз. Мен каракалпак кызымын бизде сизлерди кутип каламыз.

  • @АсемАлматы
    @АсемАлматы Месяц назад +7

    Қайранда қайран қазағым.Мықты қазақтар екен.

  • @tyrsunutegenova9144
    @tyrsunutegenova9144 Месяц назад +13

    Керемет

  • @kadlbekbaimurat3060
    @kadlbekbaimurat3060 Месяц назад +20

    Керемет аман болсын Қазағым

  • @SanjarAbduraximov-hj2ji
    @SanjarAbduraximov-hj2ji Месяц назад +184

    БІЗ ТАШКЕНТ УЗБЕКИСТАН ҚАЗАҚТАРЫМЫЗ АКЕМ ҚЫЗЫЛ ОДАНЫҢ ҚЫПШАҒЫ АНАШЫМ ЖЕТЫСАЙДЫҢ АЛҒИ ҚОҢЫРАТЫ СОЛ БАЯҒЫДА СОҒЫС БОЛҒАН ЖЫЛДАРЫ КЕЛІП ҚАЛҒАНҒОЙ

    • @Адам-г4ч
      @Адам-г4ч Месяц назад +28

      Тошкент қоңыраттар жері ғой негізі .

    • @АрманАлаш-л2е
      @АрманАлаш-л2е Месяц назад +13

      Бауырым отанға келіңдер!

    • @SanjarAbduraximov-hj2ji
      @SanjarAbduraximov-hj2ji Месяц назад +8

      @@АрманАлаш-л2е Сәлем бердік қалайсыз бұйрса

    • @ГулнурАбдраймова-ф5ь
      @ГулнурАбдраймова-ф5ь Месяц назад +14

      Қай жүрсеңіздер де аман болыңыздар

    • @Bata1964-w8d
      @Bata1964-w8d Месяц назад +15

      ​@@Адам-г4ч, иә қазақ жері. Тек қоңырат емес ежелден ол жерде қаңлы, сіргелі, дулат, қыпшақ, кіші жүз рулары, құрамалар тұрады. М. Тынышпаев дерегі бойынша 1917 жылы халықтың 77% қазақтар құраған. Әлемдік шекараларды мойындаймыз, қазіргі тұрғындарға құт мекен болсын!

  • @НурланУалиева
    @НурланУалиева Месяц назад +2

    Керемет. Рақмет. Өнеріңіз үстем болсын

  • @keikibatir1496
    @keikibatir1496 Месяц назад +43

    айналайын қандастар аман болыңдар

  • @Раушан-л2п
    @Раушан-л2п Месяц назад +3

    Жарайсың ,Санат балам!Қазақстанның туын тіккен ,азаматтығыңа

  • @АЛГА-г8я
    @АЛГА-г8я Месяц назад +10

    Ташкент обль Ангрен Каласынан салем болсын Кандастар Алим Торткара рууым аман сау болында.

    • @SanjarAbduraximov-hj2ji
      @SanjarAbduraximov-hj2ji Месяц назад +1

      @@АЛГА-г8я МЕНДЕ ТАШКЕНТ ҚАЛАСЫ НАЗАРБЕК АУЛЫНДА ТҰРМЫН ЭПАДРОМ БАЗАРЫНА ЖАХЫН ЖЕРДЕ СӘЛЕМ БЕРДІК СІЗГЕДЕ

    • @PassatccRline-kc2cc
      @PassatccRline-kc2cc Месяц назад +2

      Мен де Әлім төрт қара боламын Хорезм нен көшіп келгенбіз 20 жыл болды Қазақстанның тараз деген қаласында тұрамыз 🙋🙋

    • @АЛГА-г8я
      @АЛГА-г8я Месяц назад +1

      @@PassatccRline-kc2cc 2 жыл бурын болганмын Тараз каласында 15 мекрарайонда дом ремонт жумыстарында.Ауылбереке базарында кордим.👍

    • @PassatccRline-kc2cc
      @PassatccRline-kc2cc Месяц назад +1

      @АЛГА-г8я Сарыкемер деген Ауыл бар таразға 12 км жерде сол жерде көп Өзбекстан нан Түркменстан Тәжікстан Иран Қарақалпақстан нан келген қазақтар

  • @GaukharQassymbay
    @GaukharQassymbay Месяц назад +9

    Ілияс балам саған қатты ризамыз, отбасымен аман бол.

  • @СахыпжамалПалымбетова-и5п

    Рамил мырзаға мыңдабір рахмет

  • @ТорегалиКосаманов
    @ТорегалиКосаманов Месяц назад +14

    Айналайын дархан қазағымай

  • @Yoschi-n9l
    @Yoschi-n9l Месяц назад +8

    Амандық тілейміз шеттегі қазақтарға. Найман таңбасын көріп алыңдар, қайдағы жоқты шимайлай бермей...❤

  • @DinarBoranbekkyzy597
    @DinarBoranbekkyzy597 Месяц назад +3

    Рақмет Санат, келіншегің мен бөпеңе де алғыс! ❤🎉 Қанаттарың талмасын.🥰

  • @sweetpie8026
    @sweetpie8026 Месяц назад +1

    Жалғыз жолаушының әр шығарылымын үзбей қызығушылықпен қараймын. Ұнайды👍👍👍Жалғыз жолаушыға және осы жобаның жарыққа шығуына үлкен үлесін қосып жатқан Равиль мырзаға Алла разы болсын🙏🏻 Істеріңізге сәттілік! Қызықты шығарылымдар көп болсын!

  • @ЖазирагфравашейпоКасенова

    Нагыз Иманды адамдар Казактар Рахмет 🎉

  • @ЕржанКалдыбаев-и7х
    @ЕржанКалдыбаев-и7х Месяц назад +7

    Сізге рахмет Ерекше қатты қуанып қалдым.

  • @Алекс2020-я7ы
    @Алекс2020-я7ы Месяц назад +15

    Алла жар болсын саган жарайсын

  • @ekowaliev863
    @ekowaliev863 Месяц назад +9

    Керемет, жарайсын.

  • @АкботаМырзабекова-ы7н

    Жолың болсын айналайын қайда жүрсеңде аман бол аман бол мен саған ризамын

  • @Мақсаттыңқызы
    @Мақсаттыңқызы Месяц назад +3

    Жауырынға тіс тигізбеу, кертіп қою деген бізде де бар. Олар да ұмытпаған екен, атасына рақмет!

  • @KyzyrAnuarbek
    @KyzyrAnuarbek Месяц назад +4

    Рахмет бауырым қайда барсаңда жолың болсын, Түркия Қазақтары туралы тағы бір бөлім түсірсең жақсы болар еді ...

  • @ЖанылДжанкулова-т4р
    @ЖанылДжанкулова-т4р Месяц назад +1

    Санат балам жарайсын,Казакстаннын туын котергенде журегим елжиреп, козиме жас келди,Алгысым шексиз!!!Туды жасап берген турик агайынга да мын алгыс🎉🎉🎉❤❤❤