Әйелдің пірі - Бибібатима

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2024
  • Бибібатима Мұхамбет пайғамбардың сүйікті қызы, Әзіреті Әлидің адал жары болған. Қазақ дүниетанымында үйдің құты, отбасының желеп-жебеушісі деп аталады.
    Аңыз бойынша, Батима анамыз бірде әкесін сахабаларымен бірге қонаққа шақырады. Ол кезде Батима Ер Әлидің адал қосағы екен. Дастарханын жайнатып, аяғынан тік тұрып қызмет көрсетеді. Ешкімнің көңілін қалдырмайды. Бала демей, шаға демей кішкене сәбилерді де риза қылып, көңілін табады. Ер Әлидің осы тойда мерейі үстем болыпты деседі. Барлық сахаба Батиманың қызметіне сүйсінеді. Пайғамбардың да қызына ерекше назары түседі. Мұны Батима анамыз іштей байқап қойыпты.
    Той тарқауға жақындап, пайғамбар қолын жайып, дастарханға бата бермек болады. Сол кезде Батима:
    - Әкешім, бір шартым бар. Мені дұғаңызға қоссаңыз, - дейді.
    - Қандай тілегің бар, - дейді пайғамбар.
    - Үмбетіңіздің ошағының қасынан табылайын, бесігінің басынан табылайын. Әрқашан қызметінде болайын, - дейді. Пайғамбар солай деп бата беріпті. Ұлық Алла оның дұғасын қабыл етеді.
    Содан бастап, Батима анамыз отбасының піріне, әйел затының қорғанына айналады. Қыз-келіншектер қиналса, қандай да бір іс бастаса Батима анамыздан медет тілейді екен. Әжелер кілем тоқығанда, үйді аластағанда «менің қолым емес, Бибібатима анамыздың» қолы деп бастайтын болыпты. Ұлық Алла сүйікті пайғамбарының перзентінің құрметіне «айтқан тілегін қабыл етеді, істі оң етеді» деп сенеді.
    Қиямет қайымда да Бибібатима анамыз әйел затына шапағат етіп, пайғамбардың үмбетіне араша түседі екен. Қазақ арасында Бибібатима анамызды үлгі, өнеге ететін аңыздар өте көп. Күні бүгінге дейін оның атын атып, рухына тағзым етіп іс бастайтын дәстүр үзілмеген.
    #БахаргүлТөлеген #БахаргулТолеген #ютубканалБахаргулТолеген #БибіБәтима #БибиБатима

Комментарии • 4

  • @ТестТест-ц9д
    @ТестТест-ц9д 3 года назад +1

    Бахаргуль манди де кызыкты ангимелеринизге рахмееет

  • @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ
    @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ 3 года назад +1

    Алла Тагалага сыйынайык 🕋 💚💚💚💚 Алла Тагалага сыйынайык 🌏🌏🌏🌏
    Аруакты сыйлайык 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызга Куран багыштайык! Ата-бабаларымызга Куран багыштайык!

  • @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ
    @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ 3 года назад +1

    Алла Тагалага сыйынайык 🕋 💚💚💚💚 Алла Тагалага сыйынайык 🕋 🌏🌏🌏🌏
    Аруакты сыйлайык 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 Ата-бабаларымызга Куран багыштайык! Ата-бабаларымызга Куран багыштайык!

  • @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ
    @ҚОЖААХМЕТЯССАУИ 3 года назад +1

    🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿 История - это учительница!
    Потому что не знать того, что было до твоего рождения, означает навсегда оставаться ребёнком!