Ақмола облысының оқушысы ақылды аялдама жобасын жасап әкімдікке ұсынды

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 окт 2024
  • БІЗДІҢ RUclips АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ: / @informburo31kanal
    ---------------------------------------------
    Ақмола облысының оқушысы ақылды аялдама жобасын жасап әкімдікке ұсынды. Сұлухан Амангелді тозығы жеткен аялдамаларды жаңарту үшін жаңа жоба ойлап тапқан. Жас ғалым автобус күтетін жерде сенсорлы карта, қоғамдық көліктерді бақылайтын құрылғы бар деп отыр. Айтуынша, ақылды аялдама салу үшін көп қаражат кетпейді.
    Щучинск қаласы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Сұлухан Амангелдінің жобасы жолаушыларға тиімді етіп жасалған. «Ақылды аялдама» ішінде сенсорлы автобустар картасы, қоғамдық көлікті бақылайтын GPS құрылғысы мен онлайн кітапқа дейін бар. Тіпті, кофе ішетін, телефон қуаттайтын орындар, бейнекамералар мен автоматты түрде қосылатын ауа желдеткіш те қарастырылған.
    СҰЛУХАН АМАНГЕЛДІ, 10-сынып оқушысы:
    - Жолаушылардың өмірінің қауіпсіздігін ескердім және олардың ыңғайлы әрі тиімді қызмет етуін ескердім. Яғни жарық диодты свет бар. Түнде адамдар автобустарды күтеді. Қазіргі таңда арнайы бағдарламалар бар. Бірақ үлкен адамдар қолданбайды. Сондықтан осы сенсорлы экран дұрыс шешім болады. Егер жобамды Щучинск қаласында орнатса өте қуанышты болар едім.
    Сұлуханның туындысы ауданда үздік деп танылып, облыстық ғылыми байқауға жолдама алған. Оқушының айтуынша, ақылды аялдаманы салу үшін шамамен 2 миллион теңгедей қаражат қажет. Ал жобаны жергілікті әкімдік өкілдері қолдап, құрылыс барысында жас ғалымның айтқандарын ескереміз деп отыр.
    АЛТЫНБЕК ОМАРОВ, щучинск қаласы әкімінің орынбасары:
    - Біз жобаны көрдік. Бізге ұнады. Енді осы аялдаманы тырысамыз бір жерге орнатуға. Біз дәл осындай аялдамаларды орнатуды жоспарлап отырғанда осы жоба шықты. Десе де, мұндай аялдаманы жасап шығару үшін өндіруші қажет.
    Биыл Щучинск қаласында 4 жылы аялдама орнату жоспарда бар дейді әкімдік өкілдері. Әзірге курортты аймақтың тұрғындары қоғамдық көлікті ұзақ әрі ескі аялдамаларда күтуге мәжбүр. Ал Сұлухан жобасының жүзеге асып, жолаушыларға пайдам тисе деп үміттенеді.
    Айгүл Мырзағалиқызы, Талғат Нугуманов, «Информбюро», Ақмола облысы.
    ------------------------------------------
    Теңдессіз жобамызға көз салыңыз: • Сөздің шыны керек: [жу...
    Бишімбаев ісі - • Бишімбаев ісі
    Су тасқыны бойынша барлық ақпарат - • Су тасқыны // Төтенше ...
    Жұмбақ өлімдер - • Жұмбақ өлім
    Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
    Информбюро 31 / @informburo31kanal
    Informburo kz / @informburokz2022
    Facebook - / informburo31
    Instagram - / informburo31
    WhatApp - whatsapp.com/c...
    TikTok - www.tiktok.com...
    Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz
    #Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии • 2