7cынып заттардың тасмалдау маңызы
HTML-код
- Опубликовано: 13 дек 2024
- Заттар тасымалдануының тірі ағзалардың тіршілік әрекеті үшін маңызы. Заттардың тасымалдануына қатысатын тірі ағзалардың мүшелері мен мүшелер жүйесі туралы акпараттар түсіндіріледі. Бұл тақырыпты оқушыларға заттар тасымалдануының тірі ағзалар тіршілігіндегі рөлін түсіндіру. Ағзадағы заттардың тасымалдануына қатысатын мүшелер мен мүшелер жүйесін сипаттау.
Теорияны күнделікті өмірдегі мысалдармен байланыстыра отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру және заттардың тасымалдануы дегеніміз не? (Мысалы, оттегінің тасымалдануы, тағамнан алынатын қоректік заттардың бүкіл ағзаға жеткізілуі). Тасымалдау ағза тіршілігі үшін неге маңызды? деген сұрақтарға жауап алады.
Адам және жануарлар: қан айналымы жүйесінің көмегімен (гемоглобиннің рөлі).
Өсімдіктер: судың және минералдардың тамырдан жапырақтарға көтерілуі (ксилема).
Қоректік заттар мен энергия тасымалы:
Қоректік заттардың ағзаға сіңірілуі (ішек және қан тамырларының рөлі).
Энергияның барлық жасушаларға жеткізілуі.
b) Тасымалдауға қатысатын мүшелер мен жүйелер
Адамдар мен жануарлар:
Жүрек (қан айналымының негізгі "қозғаушысы").
Қан тамырлары (артериялар, капиллярлар, веналар).
Лимфа жүйесі.
Өсімдіктер:
Тамыр жүйесі (су мен минералдарды сіңіру).
Сабақ пен жапырақ (ксилема мен флоэма арқылы заттардың тасымалдануы).
Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Жапырақ арқылы минералды заттардың тасымалдануына осы тәжірибені орындауға болады.
Мақсаты:
Өсімдіктерде минералды заттардың жапырақтарға қалай жететінін бақылау.
Өсімдік тамырынан минералды заттардың жапыраққа тасымалдану механизмін түсіну.
Құрал-жабдықтар:
Бірнеше жаңа кесілген өсімдік бұтақшалары (гүлдер немесе жапырақты бұтақтар).
Су құйылған мөлдір ыдыстар (стакан немесе пробирка).
Тамақ бояғышы (қызыл, көк немесе жасыл).
Қайшы немесе өткір пышақ.
Лупа немесе микроскоп.
Күнтізбе немесе сағат (уақытты белгілеу үшін).
Жұмыстың барысы:
1. Дайындық:
Өсімдік бұтақшаларын дайындаңыз: бұтақтардың төменгі ұшын өткір қайшымен немесе пышақпен жаңадан кесіңіз. Бұл судың жақсы сіңуіне мүмкіндік береді.
Әр мөлдір ыдысқа шамамен 2/3 бөлігіне дейін таза су құйыңыз.
2. Бояу қосу:
Су құйылған ыдыстардың әрқайсысына тамақ бояғышының бірнеше тамшысын қосыңыз. Судың түсі анық көрінетін болуы керек.
3. Бұтақтарды орналастыру:
Әр бұтақшаны боялған су құйылған ыдысқа төменгі жағын суға тигізіп салыңыз.
Ыдыстарды жарық түскен жерге қойыңыз (жарық фотосинтезге әсер етеді).
4. Бақылау:
2-3 сағат сайын бұтақтардың өзгерісін бақылаңыз.
Боялған су жапырақтарға немесе гүлдерге көтерілгенін байқауға тырысыңыз.
Бақылау нәтижелері:
Лупа немесе микроскоп көмегімен боялған судың өсімдіктің қандай бөліктерінен өткенін анықтаңыз.
Жапырақтардың түсінің өзгерісін, су жолдарын немесе бояу іздерін сипаттаңыз.
Сұрақтар мен талқылау:
Минералды заттар өсімдіктің қай мүшелері арқылы жапырақтарға жеткізіледі?
Судың көтерілуінде қандай күштер маңызды (мысалы, капиллярлық күш, булану)?
Бұл эксперимент минералды заттардың өсімдікте тасымалдануын қалай көрсетеді?
Қорытынды:
Өсімдіктерде судың және минералды заттардың тасымалдануы ксилема арқылы жүзеге асатынын анықтау. Заттардың жапырақтарға жеткізілуінің өсімдіктің тіршілігі үшін маңыздылығын түсіндіру арқылы әр оқушы өздері қоытынды жасайды.
👍🏻👍🏻👍🏻