OTTEGI podcast #5 | «Адам адамға - оттегі». Қонақта: Әмина қажы Әжібаева және Сағат Дәулетханқызы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 12 апр 2024
  • «OTTEGI» подкастының жаңа шығарылымына қош келдіңіз!
    Қарттар үйінің Инстаграмы: reelC4isJS...
    Мұнда біз өмірімізде оттегідей, тынысың тарылған қиын сәттерде бір жұтым ауадай біз үшін нағыз құтқарушы және қолдау болып жүрген адамдармызды еске алып, және сол адамдармен болған өмірдегі ерекше және әсерлі оқиғалармызбен бөлісеміз!
    Біздің қонақтар достықтың, сүйіспеншіліктің және адамгершіліктің маңыздылығы туралы айтып, өз тәжірибелерімен және эмоцияларымен бөліседі.
    Өмірмізге мағына беретін жандардың жанымызда болуы қаншалықты маңызды екенін дәлелдейтін әдемі подкаст.
    «OTTEGI» атауымен қалың көрерменге жол тартатын бұл толық метрлі қазақша драма (роуд-муви) - 11 сәуірден бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларында!
    Instagram: / ottegi_film
    Модераторлар - Жансерік Қадырбаев, Ғалымжан Жанықұлов
    Қонақтар - Әмина қажы Әжібаева және Сағат Дәулетханқызы
    #оттегі #ottegi #оттегіПодкаст
  • РазвлеченияРазвлечения

Комментарии • 327

  • @qadyrbayev8305
    @qadyrbayev8305  2 месяца назад +5

    Қарттар үйінің Инстаграмы instagram.com/reel/C4isJStCZbd/?igsh=cXY3bjlhNGEwaWd2

  • @user-rt7wz3ji6e
    @user-rt7wz3ji6e 2 месяца назад +205

    Санжардың кім екені қызық боп кеттіғо, демек Санжардың да айтар қызығы көп ау Санжар келсін дегендер лайк басыңдар

    • @user-jv1sk7xh9c
      @user-jv1sk7xh9c 2 месяца назад +3

      Санжар келсін

    • @jako1200
      @jako1200 2 месяца назад +3

      Санжар келсин

    • @user-ec9xu9eg6c
      @user-ec9xu9eg6c 2 месяца назад

      Алгашкы асырап алған баласы

    • @user-lw4rf6nx3z
      @user-lw4rf6nx3z 2 месяца назад +5

      Ия апаның оң қолы ,орынбасары қызметін атқарды ау .Апа аузынан тастамағанына қарағанда

    • @janaiya.91janaiya44
      @janaiya.91janaiya44 2 месяца назад +8

      Ия апанын шәкірті өте еңбеккор жігіт
      Шақырыңыздаршы Санжарды

  • @Mmir-ql8fk
    @Mmir-ql8fk 3 месяца назад +227

    Бүкіл Қазақстандағы подкасттардың ішіндегі ең жасы үлкен кісі қатысқан подкаст

    • @rusyyff6449
      @rusyyff6449 2 месяца назад +1

      Дурыс айтасын

    • @assylzhangoi
      @assylzhangoi 2 месяца назад +1

      Копко издеп карасан

  • @user-in5tn5yw4h
    @user-in5tn5yw4h Месяц назад +21

    Әмина апаны тыңдап отыра бергің келеді екен. Ұзақ ғұмыр тілеймін. Ешқашан ауырмасын. Қазағымыздың маңдайына біткен қасиетті жан ғой. Өмірде тек жақсылық тілеймін.

  • @baqbaq6335
    @baqbaq6335 2 месяца назад +114

    Қияметте Пайғамбардың Мухаммед салаллаһу ғалейкум ассалам қасында болсын осы кісілер.

  • @balsulutileubay5882
    @balsulutileubay5882 2 месяца назад +29

    Қайрат Сатыбалды ағаға Алла разы болсын,Байқоңырға Мешіт салуды бұйырсын❤

  • @balyqmektep_kz
    @balyqmektep_kz 2 месяца назад +81

    Бүкіл үкімет істей алмайтын тірлікті Әмина апамыз істеп отыр👏👏👏

  • @videolivekz
    @videolivekz 3 месяца назад +43

    АПАМ БІР ӨЗІ СӨЙЛЕП ШЫҚТЫҒО😅

  • @ZerdeSlamzhan
    @ZerdeSlamzhan 2 месяца назад +52

    “Байға Жәннәт керек болса өзі келеді “ 💔💔

    • @molyaaimautova9402
      @molyaaimautova9402 2 месяца назад

      Осыны мәтелдер қатарына қосу керек!

    • @user-jk1tk4fd4p
      @user-jk1tk4fd4p 2 месяца назад

      @@molyaaimautova9402нақыл соз бола алады

  • @umit.adilet
    @umit.adilet 2 месяца назад +62

    Әмина апамыз өте өжет, батыл, рухты кісі, Аллаһым ұзақ ғұмыр берсін❤ Ішімдегі бір отымды оятты🔥 Расыменде бұл кісілердің істеп жүрген жұмыстарының бір тамшы бөлігінеде татымайтын өмір сүріп жүргендейміз. Шүкіршіліксіз өмірге ренжіп, ата-анаға ренжіп , депрессия деген ұғымдардан шыға алмай көзіміз байланып жүр ғой!
    Осындай адамдарың еңбегі жарыққа шыға берсінші. Көбірек тарату керек, сонда қолдаушы халықта табылады.
    Нағыз “ОТТЕГІНІ” таратқан подкасть болды 🫶🏻

  • @loveis2131
    @loveis2131 2 месяца назад +28

    Қазақ өз баласын жетім қылып тастап жатқанда, айдалада қазақтың баласын ұйғыр кемпір бауырына басып отырғаны. Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған халықпыз. 70 ке келседе бойында 100 жігіттің күші бар апама Алла Тағалам қуат берсін. Еріксіз көзіме жас алдым. Қайырымдылық жасасаң саған еселеп беретініне көзім тағы бір рет жетіп отыр. Осы кісіден үйренеріміз, үлгі өнеге алатын жеріміз көп екен. Бір рет емес, қайталап көруіміз керек дейтіндей подкаст болды. Қарттарға қатысты басқаша көзқарас қалыптасты, шын мәнінде осындай қарттарымыз бар екенін осы сұхбатта біліп отырмын.

  • @user-qq5is8br2c
    @user-qq5is8br2c 2 месяца назад +73

    Ма ша Аллах. Әмина апама Алла разы болсын. Ғұмырын ұзақ қылсын. Екі дүниенің жақсылығын берсін .

  • @user-lw4rf6nx3z
    @user-lw4rf6nx3z 2 месяца назад +29

    Бірі жетімдерге қорған болса ,бірі жалғыз қалған жандарға демеу болған жандар екен.Алла разы болсын. Бишімбаевты жырлағанша осы осындай батырларды көрсету керек қой

  • @atabeksiranov7435
    @atabeksiranov7435 2 месяца назад +26

    Топ - 1 подкаст болды дер едім Қазақша

  • @user-zz8ep8jq4e
    @user-zz8ep8jq4e 2 месяца назад +10

    Амина апай жаным сизди жаксы корем менде Поселок Абайда турам Мешити касымызда. Пепзент балдар уйы бурыннан бар. Алла разы болсын Амина апай узак гумыр насип етсин сизге Алла тагалам. Еки дуние бакытын берсин. Карттар уйынын жетекшисине де Алла разы болсын коп жасаныз. Истеринизге Береке берсин.

  • @tommy651
    @tommy651 2 месяца назад +47

    Жылап отырып көрдім. Алла осындай адамдарды арамызда көбейтеберсін.

  • @user-rl4en5ve9b
    @user-rl4en5ve9b 3 месяца назад +63

    Қанша миллиардтаған адам бар, күніне неше адаммен көрісеміз, бірақ мынандай адамдар тереңнің түбіндегі тастай ғой тым сирек. Ештеңе жасамағаныңды ұғасың. Пейілдерінің кеңдігіне таңғаласың. Сендерге құдай разы болсын. Сосын менде бір сұрақ: қартайған шақта осындай адам болуымыз үшін не жасауымыз керек?

    • @user-rf2rr5xs8n
      @user-rf2rr5xs8n 2 месяца назад +1

      Қартайғанда емес, қазірден бастау керек шығар

    • @user-bi8zr3jx2l
      @user-bi8zr3jx2l 2 месяца назад +1

      Қартайған шақта осындай адам болу үшін,қазірден бастап жақсылық жасап,әрекет жасау керек!

  • @masterelikazatbek8737
    @masterelikazatbek8737 2 месяца назад +29

    Үздіксіз көрген жалғыз подкастым осы болды өте рухани, іштегі өшіп қалған сезімді оятып жіберді істемей тұрған клеткаларым оянып рух алып есімді жиғандай болдым

  • @user-tk2rv7yj5p
    @user-tk2rv7yj5p 2 месяца назад +11

    Жансерік крававсик айтпай қайырымдылық жасап жүрген екенғой❤

  • @Ais-01
    @Ais-01 2 месяца назад +19

    Соңғы 1 жылда көрген ең өнегелі, ең алары көп зор подкаст❤❤❤

  • @user-uf1wf3xx9n
    @user-uf1wf3xx9n 2 месяца назад +13

    Айтарга созым жок керекмет. Ойланып калдым мен не ыстеп журмын деп.картайсада жыгерлы.машАллах.Амина апамыз сиякты.карттык насып етсын.Акесы жаксы тарбиелеген екен

  • @user-vq8tw6td9r
    @user-vq8tw6td9r 2 месяца назад +17

    Мына Әмина апам суперго боевая ози осындайларды акимшилик презедентте болсаго ширкин

  • @Ai_Uanai
    @Ai_Uanai 2 месяца назад +16

    Әйтеуір күліп ойнап қарнымыз тоқ болып өзіміз өскенге мәз болып жүрміз. Адам өмірінде қаншама нәрсені үлгеруге болатынын көрсетті. Осындай өте мықты дана Иманды үлкендерді көру қандай ғанибет. Ерекше подкаст болды қазіргі танымал жастар үлкен кісілерді көп шақырмайды. Өте мықты кісілер. Ерекше қабылдадым. Алла ғұмырларын ұзақ қылсын.

  • @nnmm7482
    @nnmm7482 2 месяца назад +29

    Сагат апайдын журеги назик екен. Карттар туралы айтканда кози молдиреп, даусы дирилдеп отыр.
    Еки апайдын жасаган тирлиги оте зор. Узак гумыр берсин Алла

    • @qadyrbayev8305
      @qadyrbayev8305  2 месяца назад

      Инстаграм instagram.com/reel/C4isJStCZbd/?igsh=cXY3bjlhNGEwaWd2

  • @GuL_Miraa
    @GuL_Miraa 2 месяца назад +21

    Осы кісілерге Аллаһ разы болсын мыкты денсаулык берсін мыкты екен Әмина әже😘♥️

  • @user-eo5rn3wp6h
    @user-eo5rn3wp6h 3 месяца назад +22

    Окып откан адам 100жасасын❤️

  • @shvmshvdin
    @shvmshvdin 2 месяца назад +10

    Алла осы кісілерге нұрын жаудырып жандарын жәннаттық етсін

  • @anarzhanatkyzy7916
    @anarzhanatkyzy7916 2 месяца назад +4

    Жәнееем апамооу мың жасаңызшы, сөз саптауының өзі бір бөлек қой🎉

  • @khusan6483
    @khusan6483 2 месяца назад +10

    самый лучший подкаст ❤
    Осы кісілер нағыз оттегі болды бізге❤

  • @saduakasoff4177
    @saduakasoff4177 2 месяца назад +9

    Әмина Апаау, Аллаһ екі дүниенің бақытын берсін Сізге🤲 Байқоңырда әлі де мешіт жоқ... қаланың сыртындағы мешітке барамыз жұмаға, Мен сол қалада туылғаннан тұрамын... Аллаһ қалап мешіт салынса екен Байқоңырда 🙌... сау болыңыз Апау, ғұмырлы болыңыз, бар болыңыз, деніңізге саулық болсын🤲🤍

  • @MadinaRuslanxan
    @MadinaRuslanxan 2 месяца назад +4

    Не деген мықты кісі, жақсы ісі көп екен. Ұзақ жасасын, Аллах бұл кісіге арнап улкен жайлы жұмақтан орын дайындап қойған шығар👏

  • @user-gc4ub3ph9m
    @user-gc4ub3ph9m 2 месяца назад +14

    Амина апамды көрсем қатты қуанамын😍😍
    Аллах жар болсынш,ешқашан ауырмай жүріңізші,жүз жасаңызшы❤

  • @user-dt5db1fc8i
    @user-dt5db1fc8i 2 месяца назад +9

    Сағат сіңлім саған Алла разы болсын кандай керемет жансың, карттарымыздың жағдайын жасап , карттарымызға жаныңыз ашып халыққа жеткізіп жатсыз. Кыз балаға кандай мысалдар келтіріп отырсыз карт апаларымыздың басынан өткен .Мен сізбен толық келісемін кыз бала уакыты келгенде куйеуге шығу керек урпак сую керек.Жалғыздык аллаға ғана жараскан. Осы бағып калып отырған карттарымыздың сауабы молынан тисін. Карттары бар уйдің казынасы мол .Карттарымыз аман болсын! Сізге мың алғыс!🙏🙏🙏🙏🙏🙏

    • @qadyrbayev8305
      @qadyrbayev8305  2 месяца назад

      instagram.com/reel/C4isJStCZbd/?igsh=cXY3bjlhNGEwaWd2

  • @user-kq9ho4yl8y
    @user-kq9ho4yl8y 2 месяца назад +9

    Мынадан кейін қандай топ қонақ келеді ал ойланыңдар, мынау паталок енді ағалар ары қарай дами беріңіздер❤

  • @user-ru5ny4su8m
    @user-ru5ny4su8m 2 месяца назад +3

    Әмина апамның энергиясына таң қалдым! Біз әншейін ез екенбіз!

  • @user-pz8ee1ou4c
    @user-pz8ee1ou4c 2 месяца назад +3

    БӘРІМІЗ ТАНЫЙМЫЗ ҒОЙ! АМИНА АПАМЫЗДЫ! АЛЛА АРМАНЫНА ЖЕТКІЗСІН! ҒҰМЫРЫ ҮЗАҚ БОЛСЫН! ӘУМИН

  • @user-ig5pg8sz5g
    @user-ig5pg8sz5g 2 месяца назад +3

    Аллахым мына келіп отырған апайыммен апапызға денсаулық берсін,аман болсыншы Алла Субханәкә Тағала разы болсын,жылап жүрегім жылап қарадым

  • @GulshatNurgali
    @GulshatNurgali 2 месяца назад +4

    Алла разы болсын сіздерге!🌸

  • @user-qv5ux3le3b
    @user-qv5ux3le3b 2 месяца назад +3

    Сағат, Сізге, әріптестеріңізге шексіз алғыс

  • @user-ck7kx5pu4p
    @user-ck7kx5pu4p 2 месяца назад +3

    Әмина апамның әңгімесін тыңдасаң, шүкіршілігің артады ғой, Аллах ұзақ ғұмыр берсін осындай тұлғаларға 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

  • @user-ds2mp8qy6u
    @user-ds2mp8qy6u 2 месяца назад +3

    Керемет адам екен ,Амина апа сөзі де,ісі де ірі екен,шіркін осындай адамдар ел басында болса шіркін👍

  • @user-jc6su3qw1h
    @user-jc6su3qw1h 2 месяца назад +8

    Амина апамызға Алла разы болсын💕. Екі дүниеде де жүзі жарық болсын! Сіз жастарға үлгісіз! Еңбегіңіз ерең! Ер азаматтардың жасай алмайтының жасап жатырсыз! Еліміз-аман жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз, көп тудың ішінде мәңгі желбірей берсін🇰🇿

  • @zhuparova95
    @zhuparova95 3 месяца назад +15

    Магынасы зор подкаст болды.Рахмет ❤Амина апамыз мыкты киси гой👍

  • @makashkhamit714
    @makashkhamit714 2 месяца назад +2

    Жылап отырып көргендер біргеміз😢

  • @maraltetkussizova91
    @maraltetkussizova91 2 месяца назад +14

    Аллах разы болсыншы апаларымызға🤲🏽🤲🏽🤲🏽🤲🏽🤲🏽🤲🏽🤲🏽🤲🏽

  • @user-sc8ki9yv7u
    @user-sc8ki9yv7u 2 месяца назад +3

    Ма күшті болды Аллам сіздерді күш қуаттан айырмасын

  • @perizatussenova
    @perizatussenova 2 месяца назад +3

    Жаныыым апатай Аман болыңызшы.Енелерге,келіндерге жаксы өсиет айттыңыз.Аллахым ұзақ ғұмыр берсін🤲

  • @user-wq4lr4cd2j
    @user-wq4lr4cd2j 2 месяца назад +6

    Сагат апке кандай мейрымды адал жансыз Сызды тындап шын журегынызбен жеткызып жатырсыз Алланын мейрымы жаусын сызге Жансерык баурым осындай мейрамды қайсар батыр аналарымызды халықтың алдында көрсетіп отырсыз Алла разы болсын!!! Быз осы Сагат апкемызден улгі алайык Сагат апке сызге зор денсаулық ысынызге аллам береке берсін Кандай журегыныз нәзік жансыз Алла разы болсын!!!

    • @qadyrbayev8305
      @qadyrbayev8305  2 месяца назад

      instagram.com/reel/C4isJStCZbd/?igsh=cXY3bjlhNGEwaWd2

  • @user-nt4lm7up8w
    @user-nt4lm7up8w Месяц назад +1

    Алла разы болсын! Осындай саналы, зиалы, ауызы дуалы апалар мен аталар, аға бауыр қарындас әпкелеріміз көп болсын. Еліміз аман халқымыз саналы болуды жазсын Аллам

  • @JazZonE_2022
    @JazZonE_2022 2 месяца назад +5

    Байконур да мешит жок дурыс айтасыз 😢
    Алла со кунге жеткизсин 🎉

  • @user-th5ui6nb1h
    @user-th5ui6nb1h 2 месяца назад +9

    Оттегi фильмына бардык. Жанс фильмын мыкты шыккан. Кормегендер болса кинотетрдан барып караныздар ! фильм 10/10

  • @user-cn2qv1zg6r
    @user-cn2qv1zg6r 12 дней назад +1

    Әмина апа 100жасыңыз❤

  • @Meri15226
    @Meri15226 2 месяца назад +7

    Амина апаның сөздери сүйектен өтеді екен👍👍👍👍 Алла Тағала денинизге саулык берсин.

  • @ZhibekNabi_97
    @ZhibekNabi_97 2 месяца назад +6

    Әмина Апам екі жігітті сөйлеттірмеді ау😅.Мықты екен.

  • @user-vb7fm5of9w
    @user-vb7fm5of9w 2 месяца назад +3

    Амина апай жуз жасаныз, керемет подкаст

  • @user-te3no5cb7i
    @user-te3no5cb7i 2 месяца назад +9

    Өте керемет болды
    Уақыт қалай өткенін ұқпадым
    Расында өте құнды қадірлі сөздер айтылды
    Әмина апамыз бен Сағат тәтемізге Алла разы болсын сол кісілердің жолын бізге берсін Алла

  • @Meruert_Zhumasilova
    @Meruert_Zhumasilova 2 месяца назад +3

    Қандай керемет подкаст!!! Қаншама инстайт алдым өзіме❤❤❤❤ тек өзіңді емес Халықты ойлайтын адамдар осындай болады екен. Мен тек өзімді ойлайды екенмін деп қалдым😢 қандай керемет армандары апамның.
    1)
    - жетімдер үйі
    - мешіт
    - сарай
    - мәйітхана
    - мәйіт таситын машина
    - енді сол мәйітті жерлейтін жер-, бәрі халық үшін.
    2) балаларды еңбекке баулу. Қандай тамаша. Энергияны дұрыс пайдалану. Істегені өзіне, жегеніде өзіне жақсы. Тап таза продукты.
    Армандары тек осы өмірді емес келесі өмірді де қамтиды. Алла разы болсын! Өмірді басқа ракурспен қарауға тура келеді екен мына подкаст!!! ❤❤❤❤❤❤ рахмет жүргізушілерге! Сіздер дәл осы жерде мен үшін Оттегі болып тұрсыздар❤❤❤❤❤

  • @suyaa127
    @suyaa127 2 месяца назад +7

    Амина қажы туралы кітап шығарса керемет болар едііі🥹

  • @user-jq3wk4vb4o
    @user-jq3wk4vb4o 2 месяца назад +3

    недеген мықты әйелдер алла қуат берсін ❤️🤲🏻міне айтары бар халыққа берер ақылы бар кісілер осындай кісілерді шақырсаңыздар керемет болар еді🙌🏻

  • @user-bh1se1dc2k
    @user-bh1se1dc2k 2 месяца назад +2

    "Алла әке-шешемнің біліп-білмей жасаған күнәсін кешірші"-😭😭

  • @gulmira.nurs94
    @gulmira.nurs94 2 месяца назад +5

    мықты кісі тыңдап отырғың келе береді👍👍

  • @user-vj6mm3df8w
    @user-vj6mm3df8w 2 месяца назад +3

    Әмина анамызға Аллаһ Тағала разы болсын.Сізге Аллаһ Тағала күш қуат берсін.Аллаһ Тағала қалауымен аман есен болып ,балаларыңыздың қызығын көріңіз.Амин.

  • @user-qv5ux3le3b
    @user-qv5ux3le3b 2 месяца назад +2

    Жаны қиналған жандарға пана болған жандар! Аман болыңыздар!

  • @user-qv5ux3le3b
    @user-qv5ux3le3b 2 месяца назад +2

    Әмина апа, ұзақ ғымыр берсін Сізге Аллам

  • @ruslanseidanov6154
    @ruslanseidanov6154 2 месяца назад +7

    Апамызға Алла разы болсын

  • @AigerimNurzhanova-wj7pr
    @AigerimNurzhanova-wj7pr 2 месяца назад +6

    Алла разы болсын жандарым апаларым 😘

  • @user-fk1rc5lh4z
    @user-fk1rc5lh4z 2 месяца назад +2

    Осы кісінің жолын берсін🤲🏻жасын берсін❤❤❤

  • @Almashka08
    @Almashka08 2 месяца назад +7

    Алла разы болсын, осындай керемет, кең пейілді, жүрегі кеең адамдарға. ❤❤❤

  • @olzhassuleimenov5727
    @olzhassuleimenov5727 2 месяца назад +8

    Әмина апамыз аман болсын МашаАллах🤲🤲🤲

  • @user-ri8xe8il6l
    @user-ri8xe8il6l 2 месяца назад +7

    Аумин апау Аллам еки дуниедеде бакыт берсин

  • @aibar_nurbek
    @aibar_nurbek 2 месяца назад +5

    Жансерік бауырым, "Оттегі" фильмді көрдім. Ерекше кино болды. Әзілі мен драмасы тоғысқан керемет туынды. Командаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Қатты ұнады. Актерлердің құрамы енді мықты, сөз жоқ. Алда талай мағыналы фильмдер түсіруге тілектеспін. Алға қойған арман, мақсатқа жете беріңдер. Алла берекесін берсін 😊☺️

  • @KFBKFB-cy7zb
    @KFBKFB-cy7zb 2 месяца назад +2

    Амина апамызға, денсаулық тілеймін.🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹

  • @user-qt7kt9xl4k
    @user-qt7kt9xl4k 2 месяца назад +5

    Алла разы болсын😍🤲🤲🤲🤲

  • @ferdaussaryeva4815
    @ferdaussaryeva4815 2 месяца назад +5

    Раббым разы босун сизгя🤲🏾♥️

  • @steelovich9707
    @steelovich9707 2 месяца назад +6

    Әмина апаға Алла разы болсын

  • @mirasesniyazov2946
    @mirasesniyazov2946 2 месяца назад +5

    Әмина апаға алла разы болсын сіздерге аллаһтың нұры жаусын

  • @ainuralmenova7050
    @ainuralmenova7050 2 месяца назад +7

    Жаным апау❤️ жүрексіз ғой.

  • @nurgulnurzhanqyzy1168
    @nurgulnurzhanqyzy1168 2 месяца назад +4

    Аллаһ баршаныздан разы болсын🥺🤍

  • @Zhaniraerbol
    @Zhaniraerbol 2 месяца назад +4

    Тәнті болдым апа! Керемет адамсыз, нағыз адамның тіршілігі. Сөзім жоқ❤

  • @user-zr2on4zi1i
    @user-zr2on4zi1i 2 месяца назад +2

    Рахмет сіздерге жастар

  • @user-bh1se1dc2k
    @user-bh1se1dc2k 2 месяца назад +2

    Әмина апамызға Алла разы болсын. Алла өмір жасын ұзақ кылсын

  • @user-lx1dd5iy5w
    @user-lx1dd5iy5w 2 месяца назад +3

    МашАллах Апатай 100 жасаңыз❤

  • @user-xz5wh2wo7n
    @user-xz5wh2wo7n 2 месяца назад +6

    Аллаһ разы болсын🤲🏻

  • @user-mf8ql6bk3u
    @user-mf8ql6bk3u 22 дня назад

    Әмина апаға Алла разы болсын,Алла берекелі ғұмыр берсін🥹🥹🥹🤲🏻🤲🏻

  • @222kz4
    @222kz4 3 месяца назад +7

    Алла разы болсын!

  • @KarlygashBekturgan-et4rt
    @KarlygashBekturgan-et4rt 2 месяца назад +3

    Ең керемет подкаст тыңдағаныма өкінбеймін Алла разы болсын! Батыр аналарымын жасай берсіз! Бірлікте болайық қазағым✊🏼

  • @user-bh1se1dc2k
    @user-bh1se1dc2k 2 месяца назад +1

    Нағыз подкаст болды. Аналарымыздың өмір жасы ұзақ қылсын

  • @ansheingo7611
    @ansheingo7611 2 месяца назад +6

    Әмина апа😍❤️❤️❤️

  • @user-qo9nb1ho6w
    @user-qo9nb1ho6w 2 месяца назад +4

    Ма Ша Аллах не деген керемет ❤❤❤

  • @galiaraiymbekova650
    @galiaraiymbekova650 2 месяца назад +2

    Алла разы болсын сіздерге, сауаптан жазсын

  • @artempetruhin
    @artempetruhin 3 месяца назад +15

    ОО про меня вспомнили😅

    • @sayatbolatuly
      @sayatbolatuly 2 месяца назад

      Вы прораб да?

    • @rosieayayenje
      @rosieayayenje 2 месяца назад

      @@sayatbolatuly Катарлықтарға құран оқып берген Абдрахман қателеспесем 9:29 минутта

    • @artempetruhin
      @artempetruhin 2 месяца назад

      @@sayatbolatuly нет

    • @artempetruhin
      @artempetruhin 2 месяца назад

      @@rosieayayenje ия

  • @zhibek7132
    @zhibek7132 2 месяца назад +3

    Рахмет Әминә апам !!!!!

  • @user-mx3hx9kd7g
    @user-mx3hx9kd7g 2 месяца назад +2

    Алла разы болсын керемет сұхбат

  • @aiymserikbai108
    @aiymserikbai108 2 месяца назад +2

    Әмина апа бірде жылатып, бірде күлдіріп айтқан әңгімелері керемет! Өте әсерлі, мықты подкаст болды. 👏👏👏

  • @user-pk2wd7nd7s
    @user-pk2wd7nd7s 2 месяца назад +1

    Подкаст дегенды кормейьин едим мынау багдарлама оте керемет екен.кобиси сайкы мазак болип кетти гой,мына жерден коп ой туюге брлад екен

  • @user-rc4wi1yr4f
    @user-rc4wi1yr4f 16 дней назад

    Ма керемет ❤❤❤❤❤Жаксыңыз ұзақ болсыншы Әмина апа

  • @user-ew2xz9vo9x
    @user-ew2xz9vo9x 2 месяца назад +2

    Керемет подкаст! Аналарымыз 100 жасасын! Өнегелі жандар ғой рухы биік!!! ❤❤❤

  • @KASSSYMKHAN
    @KASSSYMKHAN 2 месяца назад +1

    Рахмет апа. Сіздің арқаңызда көп нәрсені түсіндім. Бұған дейін көп нәрсенің байыбына бармаған екенмін...

  • @user-kw4wq7qu1f
    @user-kw4wq7qu1f 2 месяца назад +1

    Керемет подсаст болды! Амина апа көп жасасын🤲

  • @quransaqred7870
    @quransaqred7870 2 месяца назад +1

    Подкастқа Елге өнеге бола білген тұлғаларымызды көп шақырсандар екен