Қарттар - қазынамыз.

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 16 дек 2024
  • Қарттар - қазынамыз.
    Даналықтың бастау, ұлылықтың биік өлшемі болған олар біздің өміріміздегі адастырмас, жарық бағдаршамы, ақыл - ойдың таусылмас кені. "Кімнің қазыналы қарты болса, жазулы тұрған хатпен тең" деп дана халқымыз өте керемет айтқан. Оларды құрметтеу, даналығын, үйрену, қажет болса қамқорлық көрсету- жастардың басты парызы.
    Осы мақсатты ту еткен Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің жастары, оқу орнындағы жастар ісінің инспекторы Д. Абишеваның басшылығымен 1- қазан - халқаралық қарттар күніне орай Жетісай қаласында тұратын қазыналы қарт кісілердің шаңырағында болып, өмірлік ұлағатын тыңдап, үй- іші шаруаларына қолғабыс жасап қайтты. "Ата сыйласаң, алдыңа келеді" деген. Өз кезегінде дана қарт кісілеріміз жастардың қайрымды істеріне алғысын жаудырып, ақ батасын берді. "Баталы ұл арымас" демекші, жастарымыз үлкендеріміздің батасын алса, болашақтарының баянды болатыны, хақ.

Комментарии •