Мақта қыз мультфильм

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 29 сен 2024
  • Мақта қыз бен мысық ертегісі
    Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да мысықты шақырады. Мысық, келмейді. Қыз:
    - Келмесең келме! - деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң, мысық келіп:
    - Неге шақырдың? - деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сонан соң мысық:
    - Ендеше қатығыңды төгем! - дейді.
    Мақта қыз:
    - Мен құйрығыңды кесіп аламын! - дейді.
    Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық:
    - Апа, апа, құйрығымды берші! - дейді.
    Мақта қыз:
    - Менің қатығымды төле! - дейді. Мысық сиырға барады.
    - Сиыр, маған қатық берші! - дейді.
    Сиыр:
    - Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! - дейді.
    Мысық ағашқа барып:
    - Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! - дейді.
    Ағаш:
    - Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, - дейді. Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.
    - Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! - дейді.
    Қыздар оған:
    - Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді. Мысық дүкенге барады.
    - Әй, дүкенші, маған сағыз берші! - дейді.
    Дүкенші:
    - Маған жұмыртқа бер, - дейді. Мысық тауыққа барады.
    - Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! - дейді.
    Тауықтар:
    - Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді.
    Мысық: «Енді не қыламын?» - деп, бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.
    - Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? - дейді.
    Тышқан қорыққанынан:
    - Үйімде бір табақ тарым бар, - дейді.
    Мысық:
    - Маған бір уыс тары бер, - дейді.
    Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырағын береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Комментарии •