Саранасына шық қонған... Парасат Отан "Ата қоныс" толғау🎶

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 8 сен 2024
  • Ата қоныс
    Созы: орал бөкбай ұлы
    Мозикасы: қапан қабден ұлы
    Саранасына шық қонған,
    Сарымсағынан сүт тамған.
    Жайлауда өстік, әкеміз
    Сар бауыр атпен жұрт шалған.
    Ағаларымды көргенмін,
    Найзамен шәншіп ет жеген
    Қарғалдақтарын тергенмін,
    Қар астынан көктеген.
    ҚАЙЫРМА
    Тегіне тартып байырғы,
    Қанжардың жүзін қайырды.
    Бақанмен соққан анамыз,
    Баспалап келген аиюды.
    Қасқырларын қасқа айғыр,
    Жанарымен жасқайтын.
    Суыры да ін қазса,
    Суырып алтын тастайтын.
    …………………………
    Ауасы жұмақ саумалы,
    Перілер қонған аумағы.
    Төбесіне булыт уиған.
    Тым такапар таулары.
    Алсып аққан өзені,
    Дариа көлдің өзегі.
    толқыны урып жағаны.
    Көшіріп жерді кезеді.
    Қайырмасы:
    Төскейден шұбап бұғы өріп,
    Беткейден құлап мың елік.
    жамырап шулап төлдері.
    шубырып арттан жур еріп.
    Бабамның қалған тұмары,
    Санамның жанған шырағы.
    Шаңырағымнан ай қарап.
    Шайымнан ұрттап тұрады.
    …………………………
    Көк көйлекті көк белдер,
    ғашыққа куа тек сендер.
    Керегенің көзінен,
    Керіліп келіп өпкен жел.
    Тау десе жасым саулайды,
    Тау көрмей жаным жаурайды.
    Тасыңды жарған самырсын,
    Тағдырымнан аумайды.
    Сағыныш әттең нөсер ғой,
    Үздігіп жүрек кетердей.
    Қарақатың да Қайран жер,
    Қарашығым екен ғой.
    Сағыныш әттең нөсер ғой,
    Үздігіп жүрек кетердей.
    Қайырлы болсын сіздерге,
    Бізден қалған мекен ғой…

Комментарии • 23