ЖҮРЕК ҚАЛАЙ ТЫНЫШТЫҚ ТАБАДЫ? ұстаз Ерсін Әміре

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 3 окт 2024
  • ұстаз Ерсін Әміре
    Біз сөзімізді айтпас бұрын мынандай бәр хикаяны айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Баяғыда бір қатыгез патша әрі бай болыпты. Оның алмаған жұрты, елі қалмаған екен. Бірақ ол патша сондай ауырады екен. Жүрегі қобалжып, тынбай дірілдеп тұратын дертке шалдығыпты. Сол дертінен айығу үшін көптеген емшілерді де алдырыпты. Солардың барлығыда ол патшаның дертін емдей алмай басынан айрылыпты. Бір күні әлгі патшаға бір оташы-емші келіп:
    - Мен сенің дертіңді емдеймін, сен менің айтқанымды қыла алсаң - депті. Патша:
    -Талай-талай сен сияқты емшілер емдеймін деп басынан айырылды. Сен не айтсаңда ауруымнан айығу үшін жасаймын. Бірақ сенде емдей алмасаң басыңнан айырыласың, емдесең ат басындай алтын берем - депті. Сонда оташы-дәрігер:
    -Бір сұлу жап-жас 15-16 жастағы жігіттің қанын жылыдай ішсең дертіңнен құлан таза айығып кетесің,-депті. Патша:
    -Ол оңай ғой, - деп қызметкерлеріне сұлу жас жігіт тауып әкелуді бұйырыпты. Қызметкерлері ертеңінде-ақ бір кедей шал мен кемпірдің 16 жасар баласын алып келіпті. Шал мен кемпір жалғыз ұлдарын босатуын өтініп соңынан ере келген екен. Патша шал мен кемпірге:
    Мен ауруымнан айығуым үшін сендердің ұлдарыңнын қанын ішуім керек, екі қап алтын берем, разысыңдар ма? деп сұрапты. Шал мен кемпір патшанын зұлымдығынан қорқып разылықтарын білдіріпті. Кейін патша қазыны шақырып:
    -Мен мына жігіттің қанын ішпекпін, мұның дініміздегі пәтуасы қалай -деп сұрапты. Қазы:
    -Әміршім, сіз үшін бұл адал ғой, мұндайдың мыңының қанын ішсеңіз де болады деп - пәтуәсын беріпті. Сөйтіп қасапшыны шақырып жігітті алып кетейін деп жатса жас жігіт жоғары қарап сондай егіліп жылап тұр екен. Патша:
    -Әй, жігіт сонша неге егіліп жылап тұрсың,-деп сұрапты. Жігіт:
    -Әй, хан ием бұл жалғанда адамның адам алдында шыбынның қанаты құрлы қадірі болмаса қиын екен. Мен ана шал мен кемпірдің құдайдан тілеп алған жалғызы едім. Олар менен кейін енді перзент көрмейді. Бірақ олар мені екі қап алтынға сатып жіберді. Енді мұңымды кімге айтамын. Адам баласы жер бетінде мұңын айтып әділдікті қазыдан күтеді. Бірақ мына қазы сізден қорқып менің қанымды ішуіңізді адал деп пәтуә берді. Ол Құдайдан қорқып пәтуә берген жоқ ол сізден қорқып әрі мансабынан айырылып қалмау үшін жалған пәтуә берді. Адам мұңын патшаға айтады бірақ сіз менен гөрі өз жаныңызды артық көріп тұрсыз. Сол себепті мен бүкіл әлемдерің Раббысына мұңымды айтып жылап тұрмын, - дейді. Сонда патшаның жүрегі жібіп:
    -Бара бер боссың, екі қап алтынды сендерге берген садақам болсын - деп айналып кете бергенде жүрегінің соғуы әдеттегі соғуынан өзгеріп, қобалжуы, дірілі жоғалып тынышталып қалыпты. Патша дереу әлгі емшіні шақыртып:
    -Менің жүрегімнің ауруы басылды сондай тынышталып қалдым, сен бұлай емдеуді қалай білдің деп сұрапты. Сонда емші:
    Патшам, сенің осы уақытқа дейін өзгеге мейрімің мен садақаң жоқ еді. Садақа мен жақсылық жүректі тыныштандырады. Мен соған амал жасадым, деп, шығып жүре беріпті.
    Рас, адам баласының көбі жүректеріне тыныштық іздейді. Оны музыкадан, әннен, ішімдік ішуден де іздейтіндерді де көріп жүміз, бірақ олар жүрекке тыныштық бермейді. Жүрекке кәміл иман мен әлсізге мейірім таныту, садақа беру тыныштық береді. Көп адам қолында байлығы болған кезде бес тиын садақа қыла алмайды да, бастарына бір қиыншылық келген кезде «аһ» ұрады.
    Ол «аһ» ұруларымен бастарына келген қиыншылығын қайтара алмайды. Пайғамбармыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Садақа - келе жатқан бәлені қайтарады» деген. Сондай қиыншылыққа кез болған кейбір қалталылар дер кезінде садақа мен зекетін берген болса бәлки қиыншылық пен ауру сырқауды көрмеген болар ма еді. Зекет бұл жетім мен жесірдің ақысы. Кімде кім жағдайы бола тұр зекетін бермесе жетім жесірдің ақысын жеп жүр.
    Жанарбек Мағзамұлы

Комментарии • 12

  • @blackwolf8433
    @blackwolf8433 Год назад +6

    Радыйиту билләһи Раббә уә бил-Исләәми диинә уә би Мухаммәдин нәбийә.
    Мағынасы: Раббы ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға және пайғамбар ретінде Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) разы болдым.

  • @ТалғатАбдраманов
    @ТалғатАбдраманов Год назад +2

    Ұлкен рақымет.

  • @Marina-h4o2k
    @Marina-h4o2k Год назад

    МАШААЛЛАҺ!!! Керемет түсіндірді. Алла разы болсын ұстаз Ерсін Әміре. Алла екі дүниенің бақытын, жақсылығын нәсіп етсін Әмин 🤲🤲🤲

  • @УланКасымбек
    @УланКасымбек Год назад

    Ассалаумағалайкум уа рахматуллахи уа баракатух Алла разы болсын ұстазымызға

  • @ГулнараАбеуова-р5ш

    Алхамдуллилаһ Алхамдуллилаһ Алхамдуллилаһ

  • @завсепридетсяотвечать

    Жараткан Устаздарымызга узак ,берекели омир бергей ☝👍👍👍

  • @МаржанЖайке
    @МаржанЖайке Год назад +3

    Алла баршамызды тура жолдан тайдырмасын!!!❤

  • @Тоһа
    @Тоһа Год назад +2

    Алхамду лиллаһ Аллаға шүкір осындай білімді қазақ жігіттері бар болғанына

  • @kuralbektokhmetov-cz3xz
    @kuralbektokhmetov-cz3xz Год назад +3

    Алла разы болсын ұстаз

  • @nauryzbektoktarbayev9845
    @nauryzbektoktarbayev9845 Год назад +2

  • @muhammedqaiyr6658
    @muhammedqaiyr6658 Год назад +3

    Аллаһ тағала разы болсын сізге !!!

  • @nurabi9986
    @nurabi9986 2 месяца назад

    Тілмен айтып, жүрекпен бекіткен соң, жүрегі ауырып жүрегін имансыз адамдікіне ауыстырса, жүрегі бекімей имансыз болып қала ма?
    Жұлынды сигнальный кабель десек, ол тек миға жалғанса, жүрекке жалғанбаса онда жүректен информация шықпайды тек насос қызметінде емес па?
    Ергер жүрек тек насос болса, пайғамбарымыз с.а.а. кішкентай кезінде неге періштелер жүрегін жәнәтын суымен жуды, жүректен информация шықпайтын болса , миын жумады ма?
    Сендерде бір жер бар сол жер жақсарса бәрі жақсарады дейді ол жүрек дейді. Мысалы: Ақшасы көп қылмыскер мешітті жағалап жүрген адамды өлтіріп оның жүрегін өзіне салса, жақсы адамға айнала ма?
    Қызбен жігіт бірін бірін жүрегімен сүйіп, бір күні жүрегін негірдің жүрегіне ауыстырса , негірдің әйелін жақсы көріп қала ма?
    Екінші жағы, Немесе авария болса миы шайқалып еш нәрсе есінде болмаса, жүрегімен сүйген әйелін неге ұмытып қалған жүрегі ауыспады ғой?
    Дінін неге ұмытып қалған? Иманы миындама сонда?