Абайлаңыз! Телефондағы жеке деректерді пайдаланып, өзгенің атына несие рәсімдейтіндер көбейді
HTML-код
- Опубликовано: 29 окт 2024
- Алматыда телефон арқылы жеке деректерді біліп алып, өзге адам атынан несие рәсімдейтіндер азаймай тұр. Тіпті смартфонды қашықтан басқарып, сіздің банк қосымшаңызға дейін кіре алатын жағдайға жеткен. Сөйтіп, электронды цифрлы қолтаңбаны да бұзып алады екен. Жыл басынан бері бір ғана Алматының өзінде 400-ге жуық азамат осындай алаяқтарға алданыпты. Ал, банк өкілдері мұндай жағдайда шарасыз екендерін жеткізді. Жауапкершіліктің барлығы азаматтардың өзінде дейді.
Әсем Лесбекке өзін Халық банк қызметкерімін деп хабарласқан азамат, алаяқтар оның атынан 1 миллион 267 мың теңге несие рәсімдегенін айтыпты. Қай компанияда жұмыс істейтінін, куәлігінің және жеке сәйкестендіру нөмірін айтып, қосымшаға кіруді өтінген. Кейін анықталғандай, телефонға қоңырау шалған адамның өзі алаяқ болып шыққан. Өйткені қосымшаға қайта кірген кезде есепшотым бос болды дейді.
ӘСЕМ ЛЕСБЕК, Жәбірленуші:
- Тағы да түсініксіз көп нәрсе ол телефонымдағы көптеген программалар бұғатталып қалған. Сосын ана приложение өзімен-өзі пайда болған. Сосын жаңағы несиелер рәсімделген.
Яғни, алаяқтар хакерлік бағдарламамен жәбірленушінің телефонын басқарып отырған. Сөйтіп оның атынан екі банктен несие рәсімдеген. 550 мың және 1 миллион 267 мың теңге. Алайда, онлайн алынған кредитте электронды цифрлы қолтаңба арқылы қол қойылу керек. Алаяқтар, мүлде басқа адамның қолтаңбасын пайдаланыпты. Ал банктің қауіпсіздігі халықаралық деңгейде қорғалғанын айтқан қаржы ұйымының өкілі, азаматтар жеке деректерін өздері береді дейді. Маманның сөзінше, алаяқтар арам ойларын іске асыру үшін көбіне энидеск, тимвэйвер сынды қосымшаны пайдаланады екен.
ДОСБОЛ АРЫСТАНБЕКОВ, Halyk bank баспасөз қызметінің маманы:
- Мобильді қосымшаны қолданған кезде ЭЦП-ны қолдану ол автоматты түрде. Яғни ол мобильді қосымшаға тіркелген кезде бірден келісімшартқа дәл солай қол қоятын болады. Яғни, алдағы уақытта бағанағы айтқанымдай қашықтан басқару қандай да қосымшаны қолданған кезде сәйкесінше оның мобильді қосымшадағы ЭЦП солайынан жұмыс істейтін болады.
Ал, полицейлердің ақпарына сай жыл басынан бері 400-ге тарта Алматылықтың атынан алаяқтар несие рәсімдеген. Енді қаржы ұйымдары онлайн несие рәсімдеуді қатаңдатпақшы. Айта кетейік, сан соғып қалған азаматтардың мәселесі банк пен құзырлы орган жүргізген тексеруден кейін бірақ шешіледі. Оған дейін алданып қалғандар өзгенің несиесін төлеулерінен басқа амал жоқ.
Өмір Серікбекұлы, Сергей Шуйский
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
RUclips - / @informburo31kanal
Facebook - / informburo31
Instagram - / informburo31
Vkontakte - informb...
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#онлайн_несие #ЭЦП #алаяқтық #Алматы #кредит
Он лаин кредит мүлдем болмау керек, керек адам өзи барып ақ қажет ақшаны алады.
Онлайн кредит беруді тоқтау керек!
Банк жауаб беру керек барине.Казахстанда бир дурыс зат жок.
Банк қызметкері болмаса, басқа адам жеке мәліметтерді қайдан біледі????🤷♀️🤷♀️🤷♀️
Хакер
Банк қол қоидырып , суретке тұсіріп барып берсеғои кредитті , осындаи машенниктер болмас еді.
Банк базасын берип отыр гой создин кыскасы!
Қалай алады мысалы онлайн берсеңде кот келеді котты терген кезде камераға қарайсын ғой ато бермейді ғой бұны сол банкте отырып алып өздері істеп отыр ато мүмкін емес қой
Адамдардың сыртынан жалған несие рәсімдеп алып жүргендер , олар банкте жұмыс істейтіндер .Жалған рәсімделген несиені төлеуге заң жоқ .Алаяқты табу қиынға соқпайды .Алаяқтарды ату керек .
Банте отыр бәленің бәрі
Банктің адамдарынан басқа кім жасайды мұндайды?
Аитеуир озин кинали боп шыгасын
Осындай алаяқ қа тап болдық, банка, iшki iтерге арыз жаздық аяғын кутем
Банк қызметкерлері барлык операцияларды біледі.Баска адам емес сол банкте отыр таза мощениктер.Кредитті бұрынғыша қолма қол тексеріп төлқұжатпен барлык мəліметтердк муқият тексеріп беру қажет.Сонда адамдар зардап шекпейді.Негізі бұл банктегі алаяактардың ең жаксы құралы телефон аркылы онлайн кредит осыны қыскарту керек.
Бірімен бірі сәйкесіп істеп жатыр
Адалдық қалған жоқ
Дұрыс айтады он лайын несиені тоқтату керек
Үкімет банктерді өз алдына қоймай шарт қойсын. Онлайн кредит берілмесін деп. Қадағалау жоқ. Жоғарыға доля берсе болды банкирлер.
Банк биледи кимдер екенин, бирак айтпайды.
Банктеги Адамдар 100 , процент
Банкте мошенник
Сонда банк торагалары бир шешимин шыгара алмайдыма осы уакытка дейин каншама алданган адамдар бар салгырттык болмаса ала аяктар емес банк кызметкерлери истеп журген болуы да мумкин
Негізінде банкте жұмыс істейтіндер или бұрын істеп кеткендер неде болса банктің қызметкерлері, қалай сөйлеу тәсілін біледі, көп сұраққа ия деп жауап берсең келген кодты да айтып саласың, олар доверие кіріп алып сұрақты жаудырады. Сондықтан таныс емес телефонды котермендер, Я с банка десе, телефонды сөндіріп тастаңдар.
әңгіме банк адамдарында өз қолдарындағои
Мына микро кредит каждый день звонят блока койсан ар турли номер ден звандап мазаны алады гой
Онлайн кредит дегенді ап тастау керекқой вашше.
Сосын бұны жасайтындар банктың өз адамдарығой сол себепті банк дегенге жоламау керек.
Онлайн кредит те картамен есептесу керегі жоқ нәрсе жәй халыққа.Кредит я карта алғанда бәрін тексереді . Кредитті банктен қолма қол беру керек. Онлайн алаяқтарға жақсы болды. Алаяқтармен банк қызметкерлері де байланыста болуы әбден мүмкін.
Банк кызметкелери болмаса буны ешким ала алмаиды.
Абайланыз дид аямай соттау керек калгандарына сабак болад .енд калганы халык жем болума
Мундай жағдай өте көп баримиз алданып отырмыз!!??
Эцп деген қауіпті екенғо қауіпсіз деп жүрсем.Сол арқылы алғанғо.
Банк қызметкерлерінің қатысы бар
Арине бактердинде катеси бул неге халык адамдар арине банктен бри
Оны банк кызметкерлерин ози алад даладан жау жок банк кызметкерлеринин оздери жасап отр абден халыкты тонап битти отрик ауыш болмайаккойсын
Айкумис Нуралиева Алмасовна сотрудница Помощница АЙГУЛЬЯ
Онлайн кредит бермендер. Айналып келгенде халыкты киналамай.
Куалик тексермей ма калай алады тцсиниесиз жагдай банк тегилер замешно болуы мумкин
Ия неше рет хабарласты асыресе Каспи банктен деп айтады ундемесен кутыласын.
Сол Алма атадан швгады
Он лайн кредитти жою керек алатын адам кредитти барып алу керек
оны кім стид сол банкье степ кеткендер жолын блгенекеиін құжат турлап алаяк болад бұның бәрі банк саласнда стегендерден шгад .
Если ты преступник
Стан жертвой чтобы избавиться от подозрение.
Вот и трудно поймать мошенника.
Я бы так поступил.
У нас все государства так поступает мошенники научилась у них, вот и не могут поймать их.....
Балык басынан ширеит деген осыгои бари жемкор аитеуир
Баныкке сенбендер казакстанда.
Неге полиция жумыс ыстемеиды колыктердын котынен англаганша оздерыннын тексты ысерынды ыстендер.
Онлайн болмау керек
банк адамдары кінәлі суретке он түсред неге суретін сұрамаит
ОНЫ КИМ ИСТЕЙДИ БАНКТА ИСТЕЙИН БУРЫН ИСТЕП ШЫГЫП КЕТКЕН АДАМДАР ИСТЕЙД
ХАКЕРОВ НЕ НАДО САЖАТЬ, ПУСТЬ ПОМОГАЮТ ПОЙМАТЬ АФЕРИСТОВ.ОНИ ПРЕКРАСНО ВЛАДЕЮТ. В БАНКАХ СИДЯТ ГОЛОЖОПЫЕ ЛЮДИ И ВОРОВСТВОМ ЗАНИМАЮТСЯ,КОЛЛЕКТОРОВ ПОСАДИТЬ НА 100% ШТРАФОВ И СОТРУДНИКОВ КТО ВЫДАЛ, ТОЖЕ ВЗАИМО СВЯЗАНЫ
Руководитель банка в 100кратномШТРАФ ПУСТЬ ПЛАТЯТ.
Осындаи алданып калатын надандарга тусинбим
Сен мыктысн
Онлайн кредит берып,алаяктарга жол ашып берып жатыр
Байканыз, бәле жоқ демеңіз, бәле аяқ астында, олар әбден майын ішкен, психология атакамен жұмыс істейді.
Сол банктын кызметкерлери баска ким болсын?
Гос ДУМА И ПРАВИТЕЛЬСТВА АНТИКОР СОЕДЕНЯЙТЕС
яа осы қазақстанда не болмаи жатыр
Маганда канша рет 4 номер сураган басымды ауыртпа дегенмин
Сонда неге жауап береласындар Уяат болсып отыр ма сонда
Банк сенин акшанды коркламса онда не кереги бар