Сара Амангелді - Мен сені сағындым (сөзі, текст, lyrics)

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 9 май 2024
  • Сара Амангелді - Мен сені сағындым (сөзі, текст, lyrics)
    Текст - Сара Амангелді - Мен сені сағындым
    Қарғам-ау, хат-хабарсыз қайда кеттің?
    Сен бәлкім бұлттан асып, айға жеттің!
    Өзіңді аңсауменен,
    Бақытты болсам деген,
    Ойымды ойда жоқта ойран еттің.
    Ұзатпай келуші еді құс-хаттарың,
    Ұштың да қарлығаштай ұстатпадың.
    Күн өтті сағат бойлап,
    Арқама қанат байлап,
    Артыңнан қуып жетер күш таппадым.
    Қайырмасы:
    Мен сені сағындым!
    Келмей ме қасымнан табылғың?
    Көркіңді көруге зәрумін!
    Көрінбей кетердей неә қылдым?
    Мен сені сағындым,
    Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
    Кешегі күндермен ауырдым,
    Ертеңгі күндерден тәуірмін.
    Ал өзің сағындың ба?
    2. Айнала шомылғанда ай нұрына,
    Аққудай қонбайсың ба айдыныңа?
    Мен сені сүйер едім,
    Сен мені дүниенің,
    Кетсең де айырбастап байлығына!
    Көзіңнен түпсіз терең теңіз көрем,
    Өзіңнен үмітімді мен үзбегем.
    Шөлдесең тілегіме,
    Ұядай жүрегіме,
    Келерсің көгершіндей жем іздеген.
    Қайырмасы:
    Мен сені сағындым!
    Келмей ме қасымнан табылғың?
    Көркіңді көруге зәрумін!
    Көрінбей кетердей неә қылдым?
    Мен сені сағындым,
    Сарсаңға салдың-ау, қадірлім!
    Кешегі күндермен ауырдым,
    Ертеңгі күндерден тәуірмін.
    Ал өзің сағындың ба?
  • ВидеоклипыВидеоклипы

Комментарии • 7

  • @user-uv6nj4zd5n
    @user-uv6nj4zd5n 21 день назад +1

    Сағындың ба? Деген жері бөлек қой ее❤😊

  • @user-nr8kv8fk7x
    @user-nr8kv8fk7x Месяц назад

    Керемет ән

  • @user-ql1lf8ps3e
    @user-ql1lf8ps3e Месяц назад

    Класная песня❤❤
    Голос Сары вообще огонь

  • @user-yd8rt4it1n
    @user-yd8rt4it1n 21 день назад

    Мағыналы өлең кеше жақын адамым жіберіп енді танысып жатырмын

  • @user-nr8kv8fk7x
    @user-nr8kv8fk7x Месяц назад +1

    Керемет ән ❤❤

  • @i-vn8gr
    @i-vn8gr 24 дня назад

    ❤❤❤❤❤

  • @Gloria_22
    @Gloria_22 25 дней назад

    ❤❤❤