Олардың деңгейі Алдараспан мен Шаншар - Талғат Теменов

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 2 июн 2024
  • Талғат Теменов бізге “Қоғам қандай болса, өнер сондай”, - деген ойын айтты. Өнердің жағдайын білеміз. Киномыз оңбады, қанша жерден миссиясын орындады десе де “Көшпенділердің” түрі анау. Театр ол, Қыз Жібек сияқты асылдарымызды джинсы, футболкамен сахнаға шығарады. Сонда қазақ қоғамын өнерге теңегені қалай болды?
    00:00 Анонс
    01:50 “Сәлем беріп, бәрінің алдынан шықсам не құным қалады”
    03:20 “Қостанайдың суға кеткені, қоғамның суға кеткені”
    04:50 “Кеңесшілері Президентімізді ыңғайсыз жағдайға қалдырғандай”
    06:50 “Мемлекеттік деңгейдегі үлкен катастрофа”
    09:30 “Әр тетардың өзінің бет-бейнесі болмай, өнер алға дамымайды”
    12:30 “Театрлар ырду-дырдудың соңында, қызылды-жасылды болып барады”
    15:20 “Эксперимент деген желеумен ұлттық дүниелерді қалай болса солай көрсетіп жатырмыз”
    20:00 “Театр, мәдениеттің миссиясы өзгеріп тұрады”
    22:00 “Руханият-жүрегіміз, ғылым, техника, билік-ақылымыз”
    23:15 “Революциядан көз ашпай келеміз”
    28:00 “Жалтақ, жемқор, жауапкершіліктен қашатын ұрпақ тәрбиелеппіз”
    29:00 “Қоғам қандай болса өнер сондай”
    31:00 “Қаңтарға қатысты фильм түсірмеймін”
    32:00 М. Әуезовтың “Қарагөзін” қоямын деп еркінсіп кеткен жоқсыз ба?
    35:40 “Өзге салада Димаштай таланттар аз”
    37:15 “Әуезовтер өз дүниелерін беріп-беріп кетті”
    40:10 “Спектакль нашар болатын болса, режиссердің рухани дүниесі таяздау деген сөз”
    40:45 “Мұны жазған адамның білімі төмен болғаны ғой”
    42:10 “Небір пысықайлар импровизация жасаған болып, не болса соны қоса береді”
    43:00 “Олардың деңгейі Алдараспан мен Шаншардың деңгейі”
    47:00 “20 жылда басқа кино таппадыңдар ма?”
    48:45 “Көшпенділер - бұл тәжірибе”
    50:30 “Болды енді, Көшпенділерді айтпай-ақ қояйықшы”
    51:50 “Ауылдағының аузы сасық, актерлеріміз топас, ұйықтап жатады”
    52:50 “Қазақтың киносы бизнеске айналып болды”
    56:10 “Руханиятымызға тигізген зиянымыздың бірі, біз көп заңдар қабылдадық”
    57:10 “Руханият ауылында екі ит жатыр…”
    59:00 “Қазақфильм не үшін керек дегендер, руханиятқа жаны ашымас безбүйректер”
    01:02:25 “Ұлтшылдардан қорықпауымыз керек, діншілдерден қорқуымыз керек”
    01:03:40 “Діншілдіктің белгісін қаңтарда көрдіңіздер”
    01:05:00 “Діннің дозасын жоғалтып алдық”
    01:06:25 “Халықтың бағасы бар, биліктің бағасы бар”
    #ТалғатТеменов #ҚасқаЖол #ҚазақКино #Театр #Көшпенділер

Комментарии • 85

  • @user-ew5io3hx7t
    @user-ew5io3hx7t 2 месяца назад +10

    "Қыз-Жібекті"- бір ғасырда бір туатын тұлғалар- Сұлтан Қоджықов, Гульфайруз Мансұрқызы Исмаилова, Нұрғиса Тлендиев жасады!!!❤❤❤❤❤❤❤❤❤

  • @user-pk8tc2pc4i
    @user-pk8tc2pc4i 2 месяца назад +12

    Талғат Ағамыздың түсірген фильмдерінде не деген мән мағына бар. Қызғыш құс фильмі нағыз кеңес өкіметінің қылышынан қан тамып тұрған шағында түсірген. Жылап тұрып көресің. Арасында астарлы көрсеткен сюжеттер бар түсінген адамға. Мысалы үшін атарбамен кетіп бара жатқан ешқандай елі,жері жоқ басқа ұлт өкілдерін көрсеткен. Адамдар арасындағы бөлтірік фильімінде Арал қақырап, қайранда қалған кемелерді алып кетіп жатқаны, нағыз қаны қызу, қазақтың аптал азаматтарының ауған еліне соғыс ошағына кетіп бара жатқаны не деген эпизодтар. Міне нағыз талант деп айтар едім. Әрине ол көзі қарақты көрермен ғана түсініп ойлана алатын дүние. Өнеріңіз өрге домаласын. Тағыда Сізден сондай жақсы дүниелер күтеміз.

  • @eldaraerisdauletova4695
    @eldaraerisdauletova4695 2 месяца назад +26

    Талгат мырза сизге биз акыл айтудан аулакпыз, бирак бабалардан калган макалды ескерсениз, журналист инимиз дурыс айтты; Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстагы кария салем беред деген, жастар сизге карап бой тузеиди дегимиз келеди!!!

  • @batimaasanova
    @batimaasanova 2 месяца назад +17

    Жылуды бюджетте істейтіндерлен емес, олигархтардан жинау керек

  • @bagdatseisenbekuly155
    @bagdatseisenbekuly155 2 месяца назад +17

    Ермек Турсуновтан сукбат алыныздаршы.Ол кисинин айтары коп.Керемет сатиралык кештер берип жур.

    • @Qazaqqazaq65
      @Qazaqqazaq65 2 месяца назад +1

      Ол қазақша білмейді орысқұл

  • @user-ow4xb9zy6l
    @user-ow4xb9zy6l 2 месяца назад +25

    Өз өзін өте биікке қоятын адам екен!
    Алларспан мен Шаншардың деңгейі қандай екен?!
    Менсінбегенде де олай айтпауы керек!
    Теменовтың қойылымдары мен Шаншар,Алдараспан театрларының көрермендер санын салыстырып көрсек,деңгей белгілі болады!
    Асылық сөйлемеу керек!
    Әуелі Атабаевтың деңгейіне жетіп ал!

  • @k.alax7524
    @k.alax7524 2 месяца назад +4

    Сұрақты қоя білу мен жауапты түсіне білуде үлкен жауапкершілік!

  • @abaieskendirov3096
    @abaieskendirov3096 2 месяца назад +12

    Корифей деген артық. Ешқандай құнды фильмі жоқ. Нашар дүниелерін ғана білеміз. корифей болмай ақ өмірден өткен Шәкен АҒАМ ай..... Мына кісі тіпті орнынан тұрып сәлем бергенін пұлдап отыр ғой ой масқар ай.... Көргім келмей кетті құрысын. Көруге татымайтын сұхбат деп ойладым уже....Құрысын....Көрмей ақ қойыңдар өзін сыйлайтын ҚАЗАҒЫМ!

    • @Jambobai
      @Jambobai 2 месяца назад +2

      Ол журналистің қателігі

    • @user-fc7rb3dl4n
      @user-fc7rb3dl4n Месяц назад

      артық жазасыздар..түртіп.Мықты адам ғой Талғат.Теменов- алтын адам.Болған су тасқыныа жүргегім ауырды.Тірі малдың шыңғырып суға кеткені.Жылқы малын аядым..қыста қырылып қарға батып өліп жатқанын.

  • @AlmaKaddarya
    @AlmaKaddarya 2 месяца назад +7

    Осындай бағдарламалар көп болса.Кейде азып,рухани тоқырағандаймыз.

  • @user-kn4gm2gw9n
    @user-kn4gm2gw9n 2 месяца назад +5

    Шаншар мен алдараспан деңгейі төмен...Теменовтың айтуы орынды. Алдараспанда Туканың еңбегі бар..азды көпті. Халық санымен деңгейін өлшемеңдер..екі театрды. Халық рухани нашарлап кетті , ақ пен қараны айырудан қалды. Халық дүбәрә әндермен қойылымдарға әуес болып кетті...

  • @user-ev7ln1ls8u
    @user-ev7ln1ls8u 2 месяца назад +9

    Не үшін халық жылу жинау керек сөгіс алған әкімдер премияларын аударсын, акыры орындарында қалды ғой жарты Қазақстанды су шайып кетсе де.

    • @tim1t112
      @tim1t112 2 месяца назад +2

      Осы әкімдерді орнынан неге алмайды?Қыс бойы тасқынға дайынбыз деп безектейді,ал көктем келіп масқара болды емес пе?Сол әкімдер шығынды толтырсын,бәрінің жағдайы өте жақсы,халық бәрін біліп,көріп отыр.Неге осындай кезде байлар ,олигархтар шетте қалады?Баяғы заманның байлары өзінің әулетін,ауылын қамқорлығына алған.Теменов мықты болса сол олигархтарға үндеу тастасын.

  • @user-dk9jy4zl7i
    @user-dk9jy4zl7i 2 месяца назад +26

    ҚҰРМЕТТІ! ТАЛҒАТ! МЫРЗА, АДАМНЫҢ АЛДЫНАН ЖҮГІРІП ШЫҒУ МІНДЕТ ЕМЕС ШЫҒАР, КЕЛГЕН ҚОНАҚ, БІРІНШІ АМАНДАСЫП КІРУ КЕРЕК. БІРАҚ КЕЛГЕН ҚОНАҚТЫ ОРНЫНАН ТҰРЫП ҚАРСЫ АЛУ, МӘДЕНИЕТТІЛІККЕ ЖАТАДЫ

    • @NuralimNurtilek
      @NuralimNurtilek 2 месяца назад +1

      Талғат мырза қандай киноға тұсіп жатырсыз

    • @user-ow4xb9zy6l
      @user-ow4xb9zy6l Месяц назад

      Теменов "корифей",орнынан тұруға болмайды,кеудесіндегі піскен наны тұрғызбайды!

  • @zaitunazeinullina9850
    @zaitunazeinullina9850 2 месяца назад +3

    Ашық сұхбат👍жақсы

  • @user-ej8oz7vj8n
    @user-ej8oz7vj8n Месяц назад

    Қанша адам болса,сонша ой-пікір.Мына астаң-кестең заманда біреуге бір нәрсе деудің өзі қиын.Біреулер бағып,біреулер қағып сөйлейтін болды ғой.Әркім өз ойынан кім,қандай адам екенінен сыр беруде.70жыл Алып империяның қойнауында өмір сүріп, бостандыққа шықтық па деп едік, солардың тірбиесінен шыққан дұбәрәлардың бодауына түсіп, жалтақтап кім екенімізді ұмытып қалдық қой.Талғат ағаны сыйлаймын.Ол кісі қазақша сөйлейтін айтар жеке ойы бар режиссер1977,1982жылдары Алматыда оқыдым.Театр,кино,оқу залдары, Қастеев галереяларында ылғи болдым.Кино,театр қайраткерлерінің көбінің кездесулерінде болып, рухани байлығымды дамыттым басқалар той-томалақ,туған күн,жігіт деп жүргенімде.Солар өмірде оқушылармен,студенттермен жұмыс істеуіме көп көмегін тигізді.Театр жанымызда болған соң айына кем дегенде екі рет баратынмын.Орыс тілін үйренемін деп Лермонтов театрына да баратынбыз.Қазіргі қазақ фильмдерін көрмеймін.актерлар ұнамайды.Талғат ағадан тағы да тарихи туындылар күтеміз.Мемлекетіміз болашақта өркениетті елдер қатарына енеді деп ойлаймын.Талантты жастар қазір көп.Рахмет Сәттілік тілеймін Талғат аға мен журналисткн.Осылай, осылай журналист ысылып кетеді.

  • @Rihanna5023
    @Rihanna5023 2 месяца назад +4

    Пиятырлар әлеміндегі қыйалй періштелер.

  • @jalgastemir2496
    @jalgastemir2496 2 месяца назад +5

    Қазақтың жайы бұрыннан да оңып тұрған жоқ еді, енді 50%.қазақ тақыр кедей болып қалды. Мемлекеттен қайран жоқ, бөлінген ақшаны ұрлап жеуден басқа. Бұл кісі дұрыс айтып жатыр. Қазаққа қазақ қана жаны ашиды.

  • @user-nx5mv3yc2f
    @user-nx5mv3yc2f 2 месяца назад +7

    Құрметті ТАЛҒАТ ТЕМЕНОВ МЫРЗА 🇰🇿❤👍 НАР ТҰЛҒА. Адамгершілік қасиеті ұшан-теңіз, парасат пайымы телегей теңіз, шоқтығы биік Халық Қаһарманы деп айтуға болады. Жанашыр Жүрегі кең, Өте АҚЫЛДЫ ӨЖЕТ ҚАЙСАР ҚАСҚЫР МІНЕЗДІ Нағыз Ер Азамат

  • @user-ld6im5dx3r
    @user-ld6im5dx3r 2 месяца назад +3

    Елдің жіберген ақша қарапаиым халыққа жетсе жақсы ғой, алаяқтарға түспей, казр алаяқтар көбеип кетті ғой.

  • @user-yu5qu5mb1f
    @user-yu5qu5mb1f 2 месяца назад +9

    Өзін жоғары ұстайды.

    • @user-mq1kn3rq2s
      @user-mq1kn3rq2s Месяц назад

      Көрініп тұр жастау кезінде дұрыстау еді .Негізі қазақтың ауруы бұл.

  • @meyirzhansydykov713
    @meyirzhansydykov713 2 месяца назад +11

    Елден ақша жинау дұрыс емес. Әрине одан кейін бөлінген ақшаны жейді, Арамтамақ, жемқорлар.

    • @user-pz3ux8qq8y
      @user-pz3ux8qq8y 2 месяца назад +3

      Өте дұрыс айтасың жемқорлар жеудіғана біледі.

    • @anuarkerymbai4860
      @anuarkerymbai4860 2 месяца назад +2

      Теменов мырза өте дүрс аитады осы жолы бауырларымызға бермеген көмегімізді каи уакытта береміз баспанаасынан дүние мүлкінен малынан аиырылыпп калдыгои

  • @user-dk9jy4zl7i
    @user-dk9jy4zl7i 2 месяца назад +4

    ӨКІНІШКЕ ОРАЙ ҚАЗІР, НЕ КӨП ЖУРНАЛИСТ КӨП, БІРАҚ ОЛАРДЫҢ КӨБІСІНІҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ, ЖОҒАРҒЫ ДЕҢГЕЙДЕ ЕМЕС, СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТТЕРІ, ТӨМЕН, ӨТЕ ӨКІНІШТІ. БІЛІМСІЗДІКТІ, ХАЛЫҚ КӨРІП ОТЫР, ЗИЯЛЫ, ҚАУЫМ НЕГЕ ҮНСІЗ ОТЫРМАЙ, ҚАЗАҚ ТІЛІН ДҰРЫС СӨЙЛЕУ ҮШІН, ҮЛЕС ҚОССА ЕКЕН

  • @user-oh2yd5em3p
    @user-oh2yd5em3p 2 месяца назад +10

    Байқағаным,өзін басқалардан жоғары санайтын адам,сәлемінің өзі келген адамға байланысты ау деймін,өзі айтып отыр ғой,орнымнан тұрып бара беремін ба?деп

  • @user-ps2ps1qv6e
    @user-ps2ps1qv6e 2 месяца назад +15

    Мынау режиссёр жауап бере алмайды гой Атабаев кандай еди...

  • @user-qr5to2fx5f
    @user-qr5to2fx5f Месяц назад +3

    😂😂😂😂😂 әй тәкәпар боқ көтерген боқтың қаптары қалақпен қарындарың қампаиып жүргенін үмытбаңдар

  • @user-gs8ti1tr7d
    @user-gs8ti1tr7d Месяц назад

    Алдараспан мен Шаншар көрерменнің көңілінен орын тапқан, қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жайтарды әзіл-қалжыңмен шебер жеткізе алатын бірден-бір талантты шығармашылық ұжым

  • @ainurmakhazhanova7643
    @ainurmakhazhanova7643 2 месяца назад +6

    Талгат Агамыздын Рухани Карны Ашып,Шын Жыласа Сокыр Козден Жас Шыгар-деген Ышы Толган Маржандай Ангымелерын Есытып Быр Жасап Калдык ау🙏Рахмет Сызге Журналист Жыгыт оте Керемет Сухбат Болды✊

  • @user-wu9ol5tb4l
    @user-wu9ol5tb4l 2 месяца назад +14

    Қонаев Д.А. ,Назарбаев Н.А. ,Тоқаев Қ.К. осы адамдар Қазақ Елін басқарған жылдарда. Үш кезең болса бұл Талғат Теменовте үш түрлі болған азамат!!?.....

  • @user-mq1kn3rq2s
    @user-mq1kn3rq2s Месяц назад

    Журналист мықты 👍

  • @user-yf4bl3ev6o
    @user-yf4bl3ev6o 2 месяца назад +12

    Талғат қазаққа жаны ашитын азамат деп бағалаймын

  • @AlmaKaddarya
    @AlmaKaddarya 2 месяца назад +3

    Талғат көп жасаңыз

  • @user-sz6uw4ge2b
    @user-sz6uw4ge2b 2 месяца назад +7

    Талғат екі жүзді адам ғо

    • @user-pp2iz7gh5n
      @user-pp2iz7gh5n 2 месяца назад +1

      Лай катты кетпе.Ішіне кіріп шыкпадын

  • @user-qj5vz3hb1g
    @user-qj5vz3hb1g 2 месяца назад +4

    Дұрыс ✊✊✊

  • @Nur-xw8fi
    @Nur-xw8fi 2 месяца назад +4

    Жүргізуші кей сұрактары таяздау, орынсыздау болды...

  • @musabekserikbaev2948
    @musabekserikbaev2948 Месяц назад

    Адамның киген киіміне қарап, Қадамы қандай екенін білуге болады. Ер азамат, мойнында қыз орамал, Ар -намыс
    қорғанама.. Мен мен дейтін тек, Алла тағала ғана. Көркем мінез, кішпейліктік, Иман байлық қана. Тәкаппарлық, мақтаншақтық, Сән қойлық, Мәні жоқтық.

  • @Damykazakhstan
    @Damykazakhstan 2 месяца назад +2

    Дін туралы өз мамандары қозғасын🤔🤔🤔⚖️

  • @user-bp3gn4rv1i
    @user-bp3gn4rv1i Месяц назад +2

    Коян жылынын кысы еди гой?......

  • @user-sn3zm3fw2l
    @user-sn3zm3fw2l 2 месяца назад +3

    Сурактын денгейы томен деп ойламаймын.

  • @Rihanna5023
    @Rihanna5023 2 месяца назад +2

    😂😂😂😂😂😂 былжарақ езгенді менде жақсы көрем

  • @user-ko8jm6pn9i
    @user-ko8jm6pn9i 2 месяца назад +2

    Жасанды адам

  • @user-rn9ee7ew1p
    @user-rn9ee7ew1p 2 месяца назад +7

    Талғат Теменов жаксы жігіт. Адамгершілігі жоғары. Жамбыл оте жаксы журналист. Ком сандала бермендер

  • @sundet_pazyl
    @sundet_pazyl 2 месяца назад +2

    Бұл кісі кім!?

  • @user-pd3mb2xy4l
    @user-pd3mb2xy4l 2 месяца назад +2

    Іліп алар дүние аз болды. Ой салмады,қозғамады

  • @user-bh2yi4nl7f
    @user-bh2yi4nl7f Месяц назад

    Не деген тәкаппар

  • @kalieva60
    @kalieva60 Месяц назад

    Рахмееет❤❤

  • @Raushan-gu3mq
    @Raushan-gu3mq 2 месяца назад +3

    Талгат ага мыкты режиссер , дара кайталанбас тулга .

  • @user-bb2gr3zi1y
    @user-bb2gr3zi1y 2 месяца назад +2

    Сүбелі әңгіме болған жоқ, халықтан сұрамайды да, бір күндік жалақысынвн аударып жатыр. Ұлттық қордан неге бөлмейді көмекті?

  • @user-ht9zv6pm2k
    @user-ht9zv6pm2k 2 месяца назад +2

    Журналистің Теменовқа қойылған кей бір сұрақтары,сын пікірі дұрыс болмады.Шынымен есіктен кірген барлығына жүгіріп барып,қолын ала беру шарт емес.Оның үстіне қонақ Теменовтің үйіне келіп тұрған жоққой,бұл кеңсе.Екіншіден Теменов емес журналист өзін жоғары ұстап тұрған секілді"мен кіргенде неге құрақ ұшып сәлем бермедің дегендей"сыңай танытқаны.Теменов өнер,творчество адамы.Бұлардың санасы,түсінігі басқаша болады.Тереңінен түсінеді.Сондықтан көп адам творчество адамын түсіне бермейді.Сосын бұлар тіке сөйлеп,шорт кесе салады терең мән беріп түсінбесең қиын.Сосын Алдараспан,Шаншар театрының деңгейңде деген сөзді дұрыс түсіну керек.Ол кісі бұл театрларды төмендетіп тұрған жоқ,жай ғана айтқасы келгені:класикалық театрмен,сатиралық театрды шатастырмау,теңестірмеу керек деген мағынада айтып отыр.Бірінші сөздің мағынасына терең мән беріп барып,пікірлеріңізді білдіру керек.Бірден ой қорытбай пікірлеріңізді жапа-тармағай жаза бермей.

  • @zhunisbekakmoldayev4746
    @zhunisbekakmoldayev4746 2 месяца назад +3

    Бос былжырақ сөз.... қазақ деген бейбақ халықтың маңдайына бір жетіскен режиссер бұйырмапты, ах дейтін ешнәрсе жоқ.... Талғат "Көшпенділерді" қатырмады, сонша ақша кетті....түк жоқ. Шет елден қазақты ойнайтын әртіс шақыру ол мәңгүрттік... Қазақ рөлін тек қазақ болмысын білетін қазақ ойнау керек.
    Шет елден келген әртіс ойнаған фильмді байкот жасап көрмей қойдым....қатырмайтынын білдім...өзіме өзім жаным ашып.
    Отырып алып көлгірсу ( Теменов, Жаманқұлов, Жолжақсынов т.б) шынтуайтында ештеңе бітірмеді, тек сөз, ақыл айту.... қазақ драматургиясы тоқырау үстінде.
    Қайран кетіп жатқан қаражат...талантсыздар....есеп сұрамайтын өкімет....

  • @user-lk9ci2km6x
    @user-lk9ci2km6x 2 месяца назад +10

    Билікке кілең южандар отырып алған.
    Шимкентский вариант.
    Деңгейлері сайқымазақ шаншар театры.

  • @user-yd6gq9ir2k
    @user-yd6gq9ir2k 2 месяца назад +1

    Бір сенари бойынша

  • @user-dk9jy4zl7i
    @user-dk9jy4zl7i 2 месяца назад +3

    ҚҰРМЕТТІ ҚАУЫМ, ТАЛҒАТ! МЫРЗА! ШАНШАР МЕН, АЛДАР- АСПАН ТЕАТРЫН, МЕНСІНБЕЙ ОТЫРҒАН' ЖОҚ, ОЛ КІСІ, ОЛАРДЫҢ МИССИЯСЫ БАСҚА, ЕКЕНІН , АЙТЫП ОТЫР, ӨТЕ ДҰРЫС АЙТАДЫ, ТҮСІНГЕН АДАМҒА

  • @Aj-he5gq
    @Aj-he5gq 2 месяца назад +4

    Ұнамайды осының кинолары

  • @Play-gz7er
    @Play-gz7er 2 месяца назад +2

    Батарейкаларды дурыс дамамаган!?

  • @user-we8yp1pe7v
    @user-we8yp1pe7v 2 месяца назад +3

    Президентен бастап министер әкім су қойма башылары бір айлық ақшаларын аударсын.Халыққа қол жайя бергенше.

  • @user-mk4yn1ht2g
    @user-mk4yn1ht2g 2 месяца назад +1

    😮

  • @MtmggMtmggg
    @MtmggMtmggg 2 месяца назад +1

    8:53

  • @user-cz9ws6un3v
    @user-cz9ws6un3v Месяц назад

    Тайм код неге жоқ

  • @user-xk1np7fs9l
    @user-xk1np7fs9l Месяц назад

    Шаншар мен Алдараспан кемшілікті, күлдіре отырып жылатып жеткізетін бірден-бір қаймағы бұзылмаған әзіл-ысқақ театры. Олардың әрбір шығарылымдары әлі күнге дейін өзекті мәселе. Алматы облысы, Талдықорғандықтар-Шымкент, оңтүстік-,десе іштері жиырылып қалады, бәрі емес әрине,

  • @user-vr6zt8pp9p
    @user-vr6zt8pp9p Месяц назад

    Халық жылу жинап бастап кетті қазақ халқына ырзамыз ал мына әңгімеден есте қалатын әңгіме жоқ құры қасық ауыз жыртады талғат өз саласында жақсы маман шығар оған баға бере алмаимын

  • @user-pp2iz7gh5n
    @user-pp2iz7gh5n 2 месяца назад +1

    Талгат мырзанікі дурыской.Бул жумыс орны.Куніне каншама адам келіп кетеді.Кайсы бірінің алдынан жугіріп шыга береді.70ке келіп калган аксакалгой.Сухбат алуга келсең озин ушингой журналист.Келгенинди олай миндетсинбе.Келдинба,ассалаумагалейкум деп кіріп бар.Сонда ол кісіде риза боп калады

  • @alemalipbaev3451
    @alemalipbaev3451 2 месяца назад +5

    Менын ойымша откеннин мадени кодына кадалып калуда дурыс емес. Заманмен Бирге адамда озгеру керек

  • @Jambobai
    @Jambobai 2 месяца назад +1

    Журналист интервьюер бездарный дұрыс сауал қоя алмады менде испанский стыд.

  • @user-dd3rp6wt4z
    @user-dd3rp6wt4z Месяц назад

    мынау босанатын қатын құсап не боғын,езіп отыр,жағадан алатын кезде

  • @user-ok4cp9ng1h
    @user-ok4cp9ng1h 2 месяца назад +8

    Екеуініңде деңгейі төмен адамдар. Біреуі ойы тайяз режиссер болса екіншісі, білімі төмен журалис.

    • @Ospanov_Aset_Turabaiuli_08
      @Ospanov_Aset_Turabaiuli_08 2 месяца назад +2

      Неге олай айттыңыз😂

    • @Jambobai
      @Jambobai 2 месяца назад +1

      Сіз қате жазатын адамсыз журналис емес журналист

  • @nuketaipaizuldinovna6583
    @nuketaipaizuldinovna6583 Месяц назад +1

    Дұрыс қой, сіздер келдіңіздер, рұқсат сұрап кіресыз, сәлем бересіз

  • @user-dh4ff6pb1i
    @user-dh4ff6pb1i 2 месяца назад +3

    Талгат денгейи томен азамат емес азаматты кемситпендерт талгат биздин улы сонгы даналардын козин корген азамат екендигин мына сухбаттан корип отырмын бурынгыдан сахаланыпты. Соз саптауы болек бундай терен ойлайтын азаматтар аттен казир азайып бара жатыр казир бизде халык бирте бирте рухани азып барады

  • @user-xs8wb4jm5f
    @user-xs8wb4jm5f 2 месяца назад +2

    Я ненавижу Казахстан и г.Костанай не о чем у меня от этого города отвращение