QyzPU Ғылыми кітапханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 11 ноя 2024
  • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
    Жаңа кітапхана жобасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстары бірнеше бағыт бойынша жасалады: ғимараттың қасбеті, жаңа дизайн бойынша ішкі және сыртқы жұмыстар. Сондай-ақ компьютерлік кабинеттер мен студенттердің жеке және топтық жұмыстар жүргізуіне арналған орындар, демалуға арналған орындар, коворкинг орталығы, асхана, заманауи технологиялармен жабдықталған оқу залдарын жасау жоспарланған.
    Кітапхана Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының бірінші директоры Құрманғали Оспановтың 1944 жылы 6 қыркүйектегі №4 бұйрығымен құрылды. 1500 данаға жуық кітап қорымен 1945 жылдан бастап институт кітапханасы жұмыс істей бастады. Дизайн жобасын жасау барысында университет басшылығы, кітапхана қызметкерлері мен студенттердің пікірлері негізге алынып, кітапхананың тарихымен байланыстыра отырып, әр бөлігін ыңғайлы әрі жайлы жасауға бағытталып отыр.
    Кітап әр адамның рухани жан азығы, ал кітапхана - білім мекені. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті студенттері және кітапхана қолданушылары заман талабына сай жаңартылған әрі жарық кітапханада білім нәрімен сусындайды.
    В научной библиотеке QyzPU проводится капитальный ремонт
    Капитальный ремонт по проекту новой библиотеки проводится по нескольким направлениям: фасад здания, внутренние и наружные работы по новому дизайну.
    Также планируется создание компьютерных кабинетов, мест для индивидуальной и групповой работы студентов, мест для отдыха, коворкинг-центра, столовой, читальных залов оснащенных современными технологиями.
    Библиотека была создана приказом первого директора Казахского государственного женского педагогического института Курмангали Оспанова №4 от 6 сентября 1944 года. С 1945 года начал работать с книжным фондом около 1500 экземпляров. В ходе разработки Дизайн-проекта были взяты за основу мнения руководства университета, сотрудников библиотеки и студентов. Связывая историю библиотеки, планируется сделать каждую ее часть более удобной и функциональной.
    Студенты QyzPU и пользователи библиотеки получат знания в обновленной и современной библиотеке

Комментарии •