"Сені ешкімге бермеймін!"

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 19 сен 2024
  • Өлеңді оқыған: Рустем Қожабердіұлы
    Өлең авторы: Ақберген Елгезек
    Музыка: Инструментальная Тема-Конец
    Монтаж жасаған: Айгерім Жәнібекқызы
    Сені ешкімге бермеймін!
    Сұрамасын!
    Сұрамасын, жанымның мұнарасын!
    Маған сені Тәңірдің өзі берген,
    Пейіште періштелер жылағасын!
    Мен сені көкте Күннен қызғанамын!
    Сезіле ме жүректің мұздағаны?
    Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ,
    Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз!
    Мен сені сүюден жалықпаймын,
    Қанатсыз-ақ қасында қалықтаймын!
    Сен қасымда болғанда жұмақтаймын,
    Сен жоғалсаң, алаулы тамұқтаймын!
    Мен сені сағынудан азап шегем,
    Азап шегем..
    Бұл азап ғажап неге?!
    Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң,
    Аяз болып көрінер тозақ деген!
    Құлағыма еш сөзді іле алмаймын,
    Себебі мен сезімсіз жүре алмаймын.
    Өзгелерсіз күн кешсем, өкінбеймін,
    Ал, өзіңсіз өмірді сүре алмаймын!
    Instagramm: @rustemkosai
    ...
    Взрыв от Арыса Арыстағы жарылыс Ірі жарылыс Арыс

Комментарии • 3