Өзімді ажырасқандардың қатарына қоспаймын | Айнұр Көпбасарова | Әйгерім Сейфолланың сырласуы

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 25 дек 2024

Комментарии • 107

  • @Dinara-w4w
    @Dinara-w4w Месяц назад +8

    Ашылып ештеңе айтпай отыр мысалы ажыраспадым деп бірақ ажыраскан калай түсінуге болады?журналистке де байланысты "Менің өмірімдегі" журналист Айгул ханым мыкты.Кызыксыз болды мына интервью

  • @АқжамалАташқызы
    @АқжамалАташқызы Месяц назад +16

    Қанағаттанбадық!..
    Ажырасып отырған әйел қалай ажыраспаған болады, ажыраспаса армандаған ұлын туып алмады ма? Бостан бос бір қыздың бетіне қарап отырғанша.Әйгерімнің көп сұрағын сипай қамшылап жауапсыз қалдырды-ау!😮
    Бірақ өте сұлу әйел екен, білімді, ойлы.., пендешіліктен таза,біреуді жамандап қоймауға тырысып.., көп сұрақтан аттап кетті. Өз ойым!

  • @Sana_jurek
    @Sana_jurek 29 дней назад +1

    Адам белгілі бір рухани даму сатысына аяқ басқанда шағымдануды, жазғыруды, кінә артуды тоқтатады. Тағдырын өзгертуге тырысады,өзгерте алмаса толығымен қабылдайды,тыныштық кезеңіне жан тыныштығына жетеді. Бәрін кешіреді. Өйткені өзгенің орнында, өзгенің көзқарасымен қарай алады.

  • @GUW_ATY
    @GUW_ATY Месяц назад +17

    Қазақстанда ел алдында жүрген танымал тұлғалардың ішінде құрметке лайықты, өз атын абыроймен ұстап жүрген аз адамдардың қатарында Айнұр Көпбасарова. Сөйлеген сөзі, әдебі, мінезінің жайлылығы, мәдениеті, парасаты бір бөлек, киінудегі стилі қандай десеңізші, бойына сұлулықтың қуатын молынан жиған сұлу жаратылыс, сұлу болмыс. Өзіне де, қызына да барлықты да, байлықты да өзіндегі жайлылықпен, әдемі ішкі күйімен тартқан адам😊 Құдірет барлық дүниені адамдағы ниетке байлап қойған ғой - ниетке өтеее бай адам екен🙏 Бауырыңыз бүтін, төрт құбылаңыз түгел, әдемі ғұмырыңыз әдемі жалғасын таба берсін Айнұр ханым🙌

  • @BahytgulDauletbakova
    @BahytgulDauletbakova Месяц назад +7

    Қазақша сөз саптауы ,мәдениеті мықты көрінгенімен бір сырғақтық бар сияқты,бәрі жақсы дей беруі таң қалдырды

  • @ЖулдызТулеутаева-з9ч
    @ЖулдызТулеутаева-з9ч Месяц назад +16

    Керемет сұхбат. Мәдениетті, харизмасы өте керемет. Ата-анасының, әжесінің махаббатына шомылып өскен екен, адам ұяда не көрсе, ұшқанда соны жасайды. Өте мәдениетті басшы болып тұр, ешкімге дауыс көтермесе. Бір деммен қарап шықтым, Айнұр ханымның әңгімесі сағаттап тыңдауға болады екен, мақтаншақтық, өр көкіректік қасиеттен ада, үлкен тұлға деп айтуға болады. Бақытты болыңыз Айнур ханым.

  • @Динара_АЖ
    @Динара_АЖ Месяц назад +3

    Ішкі жан дүниесін ашпайды екен. Толығымен жабық.

  • @wsr4qmjan_175
    @wsr4qmjan_175 Месяц назад +29

    Маған көп сұрақтарыңыз жауапсыз сырласу біржақты өткен сияқты өтті.Мен өзімше көпті көргендеймін деп жүрсем осындайда өмірде пенделер бар екеніне таңқалумен тыңдадыи.Кейіпкер Сізбен сырласпады тек бетінде сылап сипап өте шықты менің көкірегімде жауапсыз сұрақтар көп болып қалды.Дегенмен ойланатын кейәпкерді түсінуге тырысатын із қалдырды.
    Сырласу өз мақсатына жетті деп ойлай алмадым.Кешірім өтінемін.

    • @БибигульАхмадиева-ф9в
      @БибигульАхмадиева-ф9в Месяц назад +2

      Ияя, мен де осы ойда отыр едім. Сұхбат біржақты болды деп ойлаймын.

    • @Пиндуодуо-ю4ю
      @Пиндуодуо-ю4ю Месяц назад +6

      Басынан бастап ұнамады. Ажырасып, "ажырастым деп айтпаймын"- дегеннен -ақ тыңдағым келмеді уақытым зая. 😢😢😢 Анау Қалаулымдағылар осылай айтып отырады. Жә, олар оқымаған 😅, мына адам ше? 😢

    • @Арай-с8ш1ж
      @Арай-с8ш1ж Месяц назад +5

      Сырласу болмады, адеми создер гана болды

    • @Пиндуодуо-ю4ю
      @Пиндуодуо-ю4ю Месяц назад +5

      @Арай-с8ш1ж сол сөйлеген сөздері мағынасыз, түсініксіз болды. Ажырасып, "ажырастым" -деп санамаймын деген жерінен кетіп қалдым. Уакытым зая кетер.

    • @Gusi.774
      @Gusi.774 Месяц назад +3

      Актрисагой буларга сенуге болмайды😂🤣 образда отырган шыгар😂

  • @sayakenzhe5387
    @sayakenzhe5387 Месяц назад +7

    Бұл сұқбат келісілген сияқты. Кезінде дау болған көп млн сомаға құрған “Бөрте” қойылымы, Опера театрына басшы болып барғанда сырт келбеті сай келмегені үшін кей қызметкерлерді жұмыстан шығарғаны ашып айтылмады

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Месяц назад

      Сол 345-миллион теңге ме,Бөрте спектакльіне кеткен,тағы да сондай ақылға қонымсыз қаражат бөлінген,соны тексерсін,зуылдатпай,бәрін ертегі қылып,өзін бір періште ме,соның ар жақ,бер жағы ма,сылап-сипалап,ауызды керді дерсің,кім сенді ертегіге.

  • @ainur8968
    @ainur8968 Месяц назад +6

    Сыпайы, мәдениетті, тәрбиелі,ар-ұятты, обал -сауапты білетін адам сияқты. Керемет,тамаша!
    Енді жеке өмірі,ол жеке өмірі. Тағдыры ма, басқа ма, оны үлгі қып айтып отырған жоқ ғой бастысы. Мүмкін күйеуінің тарапынан опасыздық болған соң ажырасқан шығар, білмейміз ғой. Ал, оның бәрін жамандап айтуға міндетті емес.

  • @anaraakynbaeva8918
    @anaraakynbaeva8918 Месяц назад +2

    Айнұр ханымды түгел аша алмады деп ойлаймын. Көп сұрақтарыңыз жауапсыз қалды. Сатқындық туралы кімді айтқаны да белгісіз. Сұхбат үшін рақмет Әйгерім ханым!

  • @gulfairus8507
    @gulfairus8507 Месяц назад +20

    Непонятная личность….
    Много вопросов, которые понятны и без ее откровения!

  • @ЖұлдызАйКүн
    @ЖұлдызАйКүн Месяц назад +48

    Белгілі бір рамканың ішінде ғана жүрген әйел сияқты,дым эмоция,еркіндік жоқ,тек "синдром отличницы"типажын көрдім,түк реніш болмасын ,комментарий әркім өзінің ойын жазуға арналған шығар.Тек әдемі сөйлеп өзінің жақсы жағын ғана көрсетем деп барынша тырысып бақты

    • @РымтайЖарова
      @РымтайЖарова Месяц назад +7

      Менің ойымша барынша ашық сұхбат болды,сіздер қазіргі подкастадан адамның ішкі дүниесін ішек қарын ақтарғандай айтқанын көріп үйреніп қалғансыздар адамдардың өз ішкі дүниесін ақтарып айта бергені де ешкімге қызық емес,ал бүгінгі сұхбатта Айнұрдың ішкі дүниесі ақ, мәдениеті мен тәбиесі жоғары адамды көріп отырмын,жақсы сұхбат болды.

    • @dinarashakhtyken1393
      @dinarashakhtyken1393 Месяц назад

      ⁠@@РымтайЖарова
      Олар үйткенде сүйткен деп өзін жертва қылып айтып отыратын кейіпкерге үйреніп алған болар😢

    • @asel3512
      @asel3512 Месяц назад +4

      Бети бари ботокс кой эмоция жок

    • @АйжанАлимова-с1п
      @АйжанАлимова-с1п Месяц назад +1

      Менің ойымша өте керемет сұқбат болды, сондай мықты әйелді көрдім ер мінезді, мінезі өте керемет енді артық сөз айталмайым! Мәдениетті
      Және қатты сұлу екенн,

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Месяц назад +1

      Эфирге шыққаннан соң,келісілген бе,шынайы ма,сұхбат бергеннен соң,сын пікірге де дайын болуы керек,үрлеп қойған шар емес,үф,десе,жарылып кететін десе.

  • @LeilaT-r5m
    @LeilaT-r5m Месяц назад +13

    Нет искренности, наигранность присутствует

  • @sarahbame2791
    @sarahbame2791 Месяц назад +2

    Арманшыл, қиял әйел адам екені көрініп тұр. Ертегіні өз қолымен жалғастырып келе жатырған сияқты😁🫶

  • @oneid5817
    @oneid5817 Месяц назад +4

    Айнұрдың сөз саптауы, өрелі ой қозғау әдісі керемет 👍 Сонымен қатар елең еткізетін сөйлем: мен ажырасқан әйел емеспін, тек бөлек тұрамыз,- дегені арқылы қаншама пікір меНазар аударту қадамы болуы мүмкін деп ойлаймын 🥰
    Иә, күйеуі қайтыс болса - жесір, ажырасып кетсе - бойдақ деген сөздер айтылады емес пе?! Әжелер тәрбиесінің өзі өмір мектебінің бастауыш сыныбы сияқты. Жасында көргені жоқтың қартайғандАйтары жоқ 🙋
    Жүрегінде иманы бар перзент болуы ұжыммен жұмыста керегіне жаратып, ұйымдаса білген ұтатынын үлгі тұтқан басшы екені байқалды. Сұхбатқа жан-жақты даярлықпен келгені көрініп тұр. Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысты. Сол үшін де риза болдым ❤ Айтқысы келмейді екен, оны қазбаламау керектігін әдемі де әсерлі жеткізді✊👍

  • @Пиндуодуо-ю4ю
    @Пиндуодуо-ю4ю Месяц назад +5

    Бұл адамның бұлай айтқаны өте өкінішті болды... 😮

  • @Клара-т9я
    @Клара-т9я 25 дней назад +1

    Керемет сұхбат. Бақытты болыңыз Айнұр ханым.

  • @РозаМолдабекова
    @РозаМолдабекова Месяц назад +2

    Өте керемет мәдениеті жоғары қазақтың қызы👍
    Сұхбат ұнады👏
    Айгерім ханым сізге үлкен алғыс

  • @КанатАнуарбеков-ц1л
    @КанатАнуарбеков-ц1л Месяц назад +2

    Оте кызыксыздау интервью болды..

  • @ПарахатоваЖасмина
    @ПарахатоваЖасмина Месяц назад +2

    Екі аяқты пендеде,өкінішсіз өмір мүлде жоқ.

  • @PerizatBerikkaiyrova
    @PerizatBerikkaiyrova Месяц назад +16

    Бақытсыз екенің бетіңізге шығып тұр 😅, бірақ осындай өмір туралы бізден жақсы білеміз деп ойлайтын адамдарға таң қаламын 😊 , мына сіздің өмір салтыңыз ешкімге үлгі болмасыншы 😊

    • @GUW_ATY
      @GUW_ATY Месяц назад +2

      @@PerizatBerikkaiyrova бақытты болуды, әр сәттен рахат көруді қазақтың әйелдер қауымы осы кісіден үйренуі керек шығар. Мұндай аз адамдарды ‘Құдайдың өзі маңдайынан сүйген’ деуші еді ғой. Неге бұл кісінің бойынан мін іздегенше, мінезінің-әдебінің-парасатының тек жақсысын алмасқа?! Мен бұл кісіні танымаймын, бірақ ең алғаш әлеуметтік желіге қосылған кезде Мадина Садуақасова кезінде аты дүрілдеген Ұят болмасын бағдарламасының продюсері деп таныстырған сәттен қараймын. Сол сәттен бері қарай қарттыққа да әдемі келе жатыр (егер салыстырмалы түрде айтатын болсам). Сұлулықтың қуатын бойына молынан жинаған кісі - киім киісі, сөйлеудегі манерасы, мінезінің жайлылығы, жүрген жерінде, айналасында, үйінде барлық дүниені таза-таза, жып-жинақы, биік талғаммен ұйымдастыра алу қабілетіне тәнтімін. Өмірімізде әрбір кездескен адам болсын, оқиға болсын, сәт болсын бізге сабақ алу үшін беріледі емес пе..

  • @ЖумабикеЕралиева
    @ЖумабикеЕралиева Месяц назад +9

    Түсініксіз сұхбат👎👎👎

  • @СалтанатАлина-е2н
    @СалтанатАлина-е2н Месяц назад +7

    Аталарының жасаған тірлігін құлағымен естіп ұялып отырмын ..Әжелері бақытсыз болғандықтан , немерелері бақытсыз болып отырғандай.

    • @Пиндуодуо-ю4ю
      @Пиндуодуо-ю4ю Месяц назад +4

      Карма деген болады. Негізі шын болатын жағдай. Өзім бұл сұқбатты тыңдамадым. Басынан ұнамаған соң қоя салдым.

  • @АлтынСаркулова-к5и
    @АлтынСаркулова-к5и Месяц назад +4

    Көп ойланып сөз саптауы түсініксіз әлде біз дұрыс астарын түсінбей отырмызба неде болса жолы ашық болсын

  • @sayauak
    @sayauak Месяц назад +1

    Айнура как всегда зың зың❤️❤️❤️❤️

  • @GlzMKK
    @GlzMKK Месяц назад +2

    Сұхбат үстіртін болды, алдағы жоспар қайда?!

  • @АйгеримКузембаева-д5м

    Рухани адам екенсіз әрбір сөзіңізде улкен мағана бар ұзақ өмір суріңіз❤

  • @qwaseditz7
    @qwaseditz7 Месяц назад +1

    Көп сұрақтарға түсіньей нақты жауап бермеді.

  • @ЖанарУсенова-м4з
    @ЖанарУсенова-м4з Месяц назад +4

    Масканызды шешсениз, Айнур ханым! Мойынданызшы, ажырастым деп, кайгырдым деп

    • @user-nenny123
      @user-nenny123 Месяц назад +1

      Бақытты болып қаласыз ба ажырастым, қайғырдым десе?

  • @Gusi.774
    @Gusi.774 Месяц назад +5

    Жолдасымен бир жастыкта жатпаса ажырасу или жесир калу деген созго. Туыскандарымен араласу корек Ол дурыс енди 😂

  • @АлмаАбылханова
    @АлмаАбылханова Месяц назад +8

    Кандай керемет жан 👍 Бакыт тыледым сызге Айнур!🤲⚘️

  • @ЕдилБалыкбаев
    @ЕдилБалыкбаев Месяц назад +7

    Керемет сырласу. Қазақымның батыр қызын көрдім .

  • @ГаухарТашенова-ц7ъ
    @ГаухарТашенова-ц7ъ Месяц назад +9

    Қандай керемет сұхбат болды. Ертегі тыңдағандай болдым. Рахмет сізге.Көп нәрсені білмейді екенмін соны естідім.👍

  • @АкмаралЫдырысова-к3ь
    @АкмаралЫдырысова-к3ь Месяц назад +5

    Керемет сырласу , Айнұр тәрбиелі , өте мәдениетті әйел , мықты актриса

  • @РауияМаутканова
    @РауияМаутканова Месяц назад +7

    Какая то странная Актриса, не дает Слово вставить, вся такая правильная, но разведеная, как Это!И почему Внуков воспитывать Она будет, это не её Внуки,у них свои есть Апашки,Она ведь Нағашы Апа!! Ничего не поняла....

  • @Aliya_ospankyzyy
    @Aliya_ospankyzyy Месяц назад +4

    Көзіме жас келіп көрдім, қандай риясыз көңілді адам, Айнұр ханым, қазақтың талдырмаш қайсар қызы, аман болыңыз, Әйгерім ханым, кейіпкерді барлық қырынан аша алдыңыз деп ойлаймын, сәттілік, осындай көреген кейіпкерлеріңіз көп болсын🙏

  • @ЖанарУсенова-м4з
    @ЖанарУсенова-м4з Месяц назад +3

    Идеализация жасап алгансыз омирди

  • @ГульдерайДуманқызы
    @ГульдерайДуманқызы Месяц назад +1

    Әр кімнің өз шындығы бар😊. Біреуді сынап мін іздегенше. Өзімізге қарайық. Бұл кісінің өз шындығы, өз тағдыры бар😊

  • @АйналайынҚазақ
    @АйналайынҚазақ Месяц назад +4

    Кандай керемет келіншек. Қадирин билмейтин еркектер көбейіп кеткен ба қазақстанда .

  • @РозаМахмет-г8б
    @РозаМахмет-г8б Месяц назад +3

    Оте тамаша сухбат болды акылды жан екенсиз Айнур ханым омиринизге саттилик

  • @nursulumom
    @nursulumom 17 дней назад

    Иднальная болып жүрсеңде еркекке жақпайды екенсіңғой.Сондай керемет болсада куйеуі кеткен.Значит өмірде ешкімге жақсы көрінудің қажеті жоқ.Ажырастым деп айтуға да ұялып отыр жұрттан.

  • @ПарахатоваЖасмина
    @ПарахатоваЖасмина Месяц назад

    Тары көже таң атқанша деген туралы түсіндіріп бере аласызба?.

    • @GUW_ATY
      @GUW_ATY Месяц назад +3

      @@ПарахатоваЖасмина тары көжені ішсеңіз келесі таңға дейін тоқ жүресіз, өйткені тары қуаты көп тағамдардың қатарына жатады. Неге кішкентай бөпелі болған келіншектерге шайға тары салып іш деп кеңес береді, өйткені тары қосып шай ішкен ананың сүті де балаға тойымды болады

    • @ПарахатоваЖасмина
      @ПарахатоваЖасмина Месяц назад

      @@GUW_ATY рақмет

    • @ПарахатоваЖасмина
      @ПарахатоваЖасмина Месяц назад

      Ал,бидай көже бел буғанша дегенді қалай түсіндіресіз?.

  • @InjuErzhankyzy
    @InjuErzhankyzy Месяц назад +6

    Какая приятная женщина ❤ Женственная,нежная😘😘😘

  • @СандугашДарибаева-84
    @СандугашДарибаева-84 Месяц назад +2

    Әдемі сұхбат болды, рақмет Әйгерім ❤

  • @ЭльзираШуренбаева-ч8о

    Ажырасқаны рас.. Не деп отыр жаңылтпаш айтып

    • @GulnurShakenova-wd3dt
      @GulnurShakenova-wd3dt Месяц назад

      Точно, адамдарды жынды қылып отыр. Өтірік айтып сызылып. Гүлнұр Оразымбетова сияқты әжем айтты деп.

  • @АйнурАбешова-к1р
    @АйнурАбешова-к1р Месяц назад +2

    Айгуль Иманбаева сияқты екен, идеализирует все, 😅

  • @moldir2315
    @moldir2315 Месяц назад +1

    Керемет сұхбат болды әдемі мөзіде өзін ұстауы да. Құлаққа жағымды әнгімелері

  • @assylokapova8083
    @assylokapova8083 Месяц назад +4

    Обажаю вас , Айнұр ханым😇

  • @Пиндуодуо-ю4ю
    @Пиндуодуо-ю4ю Месяц назад +17

    "Өзімді ажырасқандар қатарына қоспаймын" -дегендерді түсінбей өтетін шығармын. Қыз ақ босаға аттап,кері қайтып келді ма, болды. Бұл қыз ажырасқандар қатарына жатады. Не үшін АҚ БОСАҒА деп айтамыз??? 😮😮😮 Кей қыздар 2-3 күн сол босағада тұрып, ата -анасы алып кетсе, "мен ажыраспағанмын" -деп санайды. Қыз сол жігітпен бір күн түнеді ма, болды, ол қыз ажырасқан болып есептеледі. Бұл жерде қыздың АБЫРОЙЫ роль ойнайды😢. Кез келген жігіт босаға аттамаған, абыройы бойында сақталған пәк қыз алуды армандайды. ❤

    • @Dilzhad
      @Dilzhad Месяц назад +2

      👍🏽👍🏽👍🏽

    • @AraiN-yr1of
      @AraiN-yr1of Месяц назад +3

      Әйел адамсыз ғой. Бұл кісінің өмір жолын білмей жатып, артық сөз айтпаған жөн. Сұхбатта жүз пайыз сырын ақтармады ол деген сөз, бұл кісінің ақыл тоқтатып кемелдікке айналғандығын белгісі. Жеке өмірін ашып айтпаса, демек айтқысы келмегені. Оның да бір себебі бар шығар. Жалпы қыз бала өсіріп отырған әйел адамдары асылық сөйлемеген жөн. Өмір деген сондай кімнің өмірін сөз қылсан, өз басынан келмей өмірден өтпейсін!

    • @AraiN-yr1of
      @AraiN-yr1of Месяц назад +3

      Өз басым ақылды, мықты өмірден түйгені мен көргені бар адамның сұхбатын көрдім.

    • @ЛюбаМиралиева-с8т
      @ЛюбаМиралиева-с8т Месяц назад +1

      Керемет ❤️

    • @GulnurShakenova-wd3dt
      @GulnurShakenova-wd3dt Месяц назад +1

      Айнұр ханымның жауабы мүлдем ұнамады. Әйгерімнің сұрақтарына нақты жауаптары жоқ. Әйгерім не деді, Айнұр не деді??? Ғылым кандидаты, үлкен ұжымды басқаратын адамға ұқсамайды. Айнұрдан 6- сынып оқушысы деңгейін көрдім. Басқа ештеңе жоқ. Өкінішке орай.

  • @ОразтайБерикболова
    @ОразтайБерикболова Месяц назад +2

    БҮГІНГІ СҰХБАТ ТА ҰНАДЫ,КЕЙІПКЕР СОНДАЙ ҚАРАПАЙЫМ, ҮЛКЕН КОЛЛЕКТИВТІ (600 АДАМ) БАСҚАРУДЫҢ ТЕТІГІ ОСЫ ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚТА , ӘЙГЕРІМ СІЗГЕ КӨП РАХМЕТ, СҰХБАТТАСАТЫН КЕЙІПКЕРІҢІЗ КӨБЕЙЕ БЕРСІН.

  • @sarahbame2791
    @sarahbame2791 Месяц назад +1

    Мен бұл кісінің әжесімен кездескім келіп кетті🥹

    • @АскатСметов
      @АскатСметов 18 дней назад

      Әжесі өте текті кісі болған АЛЛА Рахымына алсын

  • @kzoldboy3347
    @kzoldboy3347 Месяц назад +1

    😂😂😂

  • @СандугашАрипбаева-ц4ч

    Көзі мұңды екен. Бірақ білімді екен сөз саптауы керемет. Өсек-өтірік пен жұмысы жоқ, өзімен өзі ғой мына ханым. Қалай ондай болуға болады, ешкімге ренжімей өмір сүруді.?

  • @kaabd9877
    @kaabd9877 29 дней назад +1

    5 әженің қасында жүріп жаңылтпаш жаттап,аңыз, жыр-дастан, қисса тыңдап,рухани-отбасылық, ұлттық құндылықпен өскені үлкен ұжымды басқаруға үлкеен септігін тигізетінене сенемін. Кезінде тау тұлға Темірбек Жүргенов соққан үлкен өнер ордасын басқару да оңай емес! Сөз саптауы, біз естімеген мақалдары қандай?
    Әженің көзін көрген мұндай адамдар қоғамға пайдасы тимесе зияны тимейді ау.
    Әр адамның жеке өмірі көпшілік алдында қозғалу міндетті емес!

  • @ГульнарЕркебаева-г9й

    А+

  • @moldir2315
    @moldir2315 Месяц назад +2

    Куштііі❤

  • @zh.zh888
    @zh.zh888 Месяц назад

    Әңгімесі түсініксіз...

  • @gulziralibaikyzy
    @gulziralibaikyzy Месяц назад

    Айгерім сізбен сырласуға мен де барғым келеді🥰

  • @БагилаБурибаева-д1с
    @БагилаБурибаева-д1с Месяц назад +1

    Өзіміз Түркістан театрына барып тұрамыз. Қатты ұнайды.

  • @Marzhan87
    @Marzhan87 Месяц назад

    Рухани биік Жан, аман жүріңіз!❤

  • @ЗулфияАширбаева
    @ЗулфияАширбаева Месяц назад +2

    Всем удачи 👍

  • @dinarashakhtyken1393
    @dinarashakhtyken1393 Месяц назад

    Жаны сұлу жандар🤩🤩🤩🤩🤩

  • @КамшатСейдахметова-т9о

    Итервью қызықсыз

  • @Salta527
    @Salta527 Месяц назад +1

    Қандай ақылды әйел😊

  • @rustemmuxanov9279
    @rustemmuxanov9279 Месяц назад +2

    Айнур ханым 👍💪

  • @ДинараКожабаева-п5в

    Айнур ханым мықты менеджер!

  • @naomieharris3986
    @naomieharris3986 Месяц назад

    Айнұрка ғашықпын ғой❤❤❤сондай сүйкімдііііі

  • @MeyramgulUmirzakova
    @MeyramgulUmirzakova Месяц назад

    Ажыраспадым дегені күейеуімен ажырассам да оның ата-анасымен қайын жұртыммен жақсы қарым қатынастамын деген ойы шығар

  • @moldir2315
    @moldir2315 Месяц назад +4

    50 жасқа ұқсамайды өте адемі

    • @AaaAaa-vj3fc
      @AaaAaa-vj3fc Месяц назад

      Сөзі де,өзі де,түрі де,бәрі жасанды,айнұр тұрсынбаеваның подругасы,осылар ана бір салафит тазабекпен бірге бір мектептен өткен,сылдыр сыйпау сөздің шеберлері,бір түйір де,бір мысқал да шынайылық жоқ,ойебай,адамдардың бәрі осы айтқандай идеальный,туыс-туғандары да,айналасы да,неғылған періште жандар,қай планетадан жаралған,😂 сенім жоқ,түк кедергісіз,тақтайдай мансап жолыменен зың-зың келе жатыр екен,спонсор кім,крыша кім,тіреуіш қай жақтан,періштемін,құдай менің жолдасым деген апаңның көкірегі пісіп-ісініп тұр екен.

    • @oneid5817
      @oneid5817 Месяц назад +1

      "Өзіңнің ішіңе сыймаған сыр, өзгенің де ішіне сыймайды".

  • @АлмагульКаюпова-б3е
    @АлмагульКаюпова-б3е Месяц назад +1

    Мына журналист сөзін бөле бергені дұрыс емес

  • @АружанЕрлан-о7щ
    @АружанЕрлан-о7щ Месяц назад

    Так ждала этот эфир.супер.очень мало.готова слушать долго Копбасарову.

  • @Аида-д9н
    @Аида-д9н Месяц назад

    Красивая

  • @Bekovna2000
    @Bekovna2000 Месяц назад

    👍👍👍

  • @БахытАлимбаева-у3ы
    @БахытАлимбаева-у3ы Месяц назад

    .Айнур очень умная красивая но скользкая где гордость муж который привел семью которую она любит и уважает предал ее оставил с ребенком