Біреуге ренжіп, кешіре алмай жүрсіз бе?

Поделиться
HTML-код
  • Опубликовано: 20 июл 2020
  • Пенде болған соң, әрине, кей кездері біреуді ренжітіп немесе өзіміз ренжитін сәттер аз болмайды. Неге кейде біреуді ренжіте салу оп-оңай да, ал кешіру соншалықты қиын болып көрінеді? Әрине, ол біздің тәкаппарлығымыздың, қаталдығымыздың, менмендігіміздің, яғни нәпсінің құлына айналғанымыздың белгісі.
    Бір адамға ренжісек, өкпеміз қара қазандай болып, айтылған сөз - атылған оқпен тең дегендей, сөзі көкірегімізге оқтай қадалып, не ол оқты алып тастауға әл-дәрменіміз жетпей, не жатсақ та тұрсақ та ойымыздан кетпей әуреге түсетініміз бар. Өкпе кейде кекке айналып кеткенін өзіміз де аңғармай қаламыз. Қазіргі таңда көбіне ұнайтын сөз, орысша айтқанда «нервничать етіп», сол адамға «жынданып» жүреміз. Ал бұл ісіміз дұрыс па?
    Біріншіден, тәнімізге жақсылап «жайғасып» алған реніш, өкпе, ашу-ыза, кек сынды теріс қасиеттер ең алдымен жүрегіміз бен санамызды «әбден кеміріп» болған соң басқа мүшелерімізге көшеді. Өкпелегіш, соны ұзақ уақыт бойы ұмытпай жүретін кек сақтағыш жандардың жүйке жүйесі мен жүрек ауруларына жиі шалдығатынын медицина да дәлелдеген. Жүрек пен сана сау болмаса, басқа мүшелеріміз де, жанымыз да сау болмайды.
    Екіншіден, кешіру дінімізде маңызды орын алады. Оңай кешіретін кеңпейіл, ақкөңіл болу, күлімсіреу - сауапты істер.
    Алла тағала Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!): Сен сонда да кешірімді бол, жақсылықты бұйыр, сауапты һәм пайдалы істер істегін. Ондай надандардан сырт айнал, олардың қылықтары мен сөздерін көңіліңе алма, (наданмен надан болма)», - деп бұйырған («Ағраф» сүресі, 199-аят).
    «Мұсылманға өзі сияқты мұсылман бауырымен ренжісіп, үш күннен артық қатынаспай қоюына болмайды. Екеуінің жолы түйісіп, жолығыса қалса, бір-бірін көргісі келмей теріс айналады. Ал шынтуайттап келгенде, қайсысы бірінші болып сәлем берсе, сол қайырлы», - деген Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде (Бұхари, әдәб 62; Муслим, бирр 23).
    Кейбіреулер кешіре салу өзін-өзі сыйламайтын, әлсіз адамдардың ісі деп ойлайды. Ол үлкен қателік. Керісінше, кешіре білу - мықты жандардың әрекеті.
    Міне, сондықтан жүрегімізге өкпе-реніш толтырғанша, оны жақсылықпен, мейірімділік пен ізгі амалдарға толтырып, әрі денсаулығымызды да құртпай, әрі сауап алып, әрі Алланың ризашылығына бөленейік!
    #Көңіл #кешірім #өпке_реніш #QaiyrgaliOrdabekOff #KaiyrgaliOrdabekOff #kaiyrgaliOrdabek #kaiyrgali_ordabek

Комментарии • 132

  • @assalamualeikum6178
    @assalamualeikum6178 Год назад +14

    Аллаһым жүрегімізге иман мен сабыр берші

  • @QAQPANKZ
    @QAQPANKZ 4 года назад +20

    Тамаша, кешірімді болайық

  • @METALLKZ
    @METALLKZ 4 года назад +16

    Керемет👍

  • @degtiarevdegtiarev7631
    @degtiarevdegtiarev7631 3 года назад +19

    Умыттым дегеннин озинде иштен жеи береды Аллах разылыгы ушын гана умытасын баскаша умыта алмаисын

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +3

      Пенде болғансоң барлығы болады, әр адам өзімен күресе білсе, барлығын жеңіп шығуға болады деп ойлаймын.

    • @degtiarevdegtiarev7631
      @degtiarevdegtiarev7631 3 года назад +3

      Иа болады

    • @AkumitIbraimova
      @AkumitIbraimova 5 месяцев назад

      Ол адам кеширим сурамайынша Кешире алмайсың,Көптин козинше пазор кылса

  • @FishingAseke
    @FishingAseke 4 года назад +24

    😔😔😔 көп адамдар қатыгез

  • @user-dr4dr3lz4y
    @user-dr4dr3lz4y 2 года назад +8

    Куйеуиннен конилин калса болды,омир кызыксыз отип жатады екен.Бурын оны суйген кезинди ансайды екенсин.Махаббаттары сакталган отбасын корсен кызыгасын...Вроде кеширген сиякты боласын.Бирак жаксы коре алмайсын бурынгыдай. Сол ушин еркектер айелдерди унеми сыйлап,ауыр соз айтпай журсегой.Келмесе екен деп турган киын екен.Балаларга жаксы болсыншы тек деп журе беруди бакыт деп калдыккой.Барине Шукур Алла деуден баска амал жок.Одан кетсен барар жерин болмагасын.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад

      Құдай тағала сабырлық берсін сізге, ия оңай емес, енді өсіп келе жатқан ұл қыздарыңның бақыттары үшін кешіріп, қолдан келгенше өткен күндерді ұмытып, алдағы уақытта бақытты өмір сүріңіздер!!! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

    • @user-nk9qe5tm4v
      @user-nk9qe5tm4v Год назад +1

      Я менде осылай тек барар жерім болмағансон айтеуір осылар аман болсыншы деп калдымғой

  • @user-xp1xt9te7q
    @user-xp1xt9te7q 3 года назад +37

    Жүрегіңде имандылығы бар адам кешіреді. Ренжіткен адам Алланың алдында өзі жауап береді. Главный дұрыс ниет, сабырлық!

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +4

      Дұрыс айтасыз

    • @hsus-ys62
      @hsus-ys62 Год назад

      Асалаумағалейкум Уа Рахматуллаһи Уа Барракатух, егер адам мені көрген сайын ренжітсе не істеймін?

    • @user-xp1xt9te7q
      @user-xp1xt9te7q Год назад +2

      @@hsus-ys62 ол адамнан алыс болыңыз.ол сізге дұшпан адам...

    • @hsus-ys62
      @hsus-ys62 Год назад

      @@user-xp1xt9te7q жауға қалай қарау керек?

    • @user-xp1xt9te7q
      @user-xp1xt9te7q Год назад +1

      @@hsus-ys62 саған қалай қараса,солай...Аллаға табыста

  • @user-wt6ez1qb6b
    @user-wt6ez1qb6b 5 месяцев назад +4

    Маған бір ғана адам жамандық жасаған жоқ.Сырттай кешірдім дегенмен жүрегімде өшіре алмай келемін.Олардың менің өміріме араласып мені жабық ортаға жауып өмірімді быт-шыт еткендері ...😢

    • @user-kg2ch2up2s
      @user-kg2ch2up2s 4 месяца назад +1

      Кешырды бол Аллах сені кешыредыгой қанша күнә жасанда

  • @user-wn2im3xr1m
    @user-wn2im3xr1m 2 года назад +7

    Оте дурыс айтасыз.Омирде барлык нарсе болады.Кеширимди болган дурыс.Сизге рахмет!!!

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +2

      Әп бәрекелді! Сабыр түбі сары алтын дейді, кешірімді болу керек!

    • @user-op7ro5ms8x
      @user-op7ro5ms8x 2 года назад

      Ия дурыс кой бирак, айтуга онай балан сатып кетсе ишинен шыккан, бирге жаткан куеуин сатып кетсе не кулип дым билмеген кусап журе алмаймын, адам болгасын рениш болады, бирак онменинен отип суекке кетсе, егер мен ренжитсем онда ангиме баскаша кешируге болады

  • @missxaua
    @missxaua 2 года назад +3

    Керемет айтылған

  • @AkumitIbraimova
    @AkumitIbraimova 5 месяцев назад +1

    Мен Алладан жазасын сураймын,Өте қатты жаза

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  5 месяцев назад +1

      Кешірімді болуға жақсы болады, әр адам, өзінің жасаған күнәсінан қашып құтыла алмайды

    • @user-ip9cm9je7z
      @user-ip9cm9je7z 2 месяца назад

      Seninjazandibersin

  • @zhahantv2594
    @zhahantv2594 Год назад +2

    👍👍👍👍👍👍👍

  • @fgggttvxxfg4355
    @fgggttvxxfg4355 4 месяца назад +2

    Басканы кайдам,мен озим бир тал калмакка катты ренжидим.
    Букил казакты жалгыз ози корага тыгып тайрандап рахат омир сурип жатыр.
    Бул биздин жуастыгымыздын кесири.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  4 месяца назад +1

      Түсіндім кімді айтып отырғаныңызды

  • @user-cc4ks3us2i
    @user-cc4ks3us2i 2 месяца назад +1

    Мені де,Ренжеткен Адамдар бар,Менде Кешеремын,Аллага оздеры жауап береді, откеның барен умитып,кайта ба ка омер бастасам дым,Ренешты сактап керек жок екен,Барен Кешерсі,Аллада Кешереді,Мен Оларды Кешердым🙏🙏🙏😢😢😢😢

  • @user-uy1sh5px7s
    @user-uy1sh5px7s Год назад +5

    Мен кешіремін жамандықта ойламайм,бірақ араласпауга тырсам.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      Дұрыс, сіздің өміріңізге зиянын келтіретін, сіз жайлы жаман ойлайтындардан алыс жүрген дұрыс...

  • @klife6024
    @klife6024 2 года назад +5

    Жақсы адамның өкпесі, жібек мата кепкенше. Жаман адамның өкпесі , басы жерге жеткенше👏👍💪керемет!

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +1

      Дұрыс айтасын

    • @diasdias7272
      @diasdias7272 2 года назад +2

      Түсіндіріп айтып жіберіңізші?
      2ші сөздің мағынасын түсінгенім жоқ

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +2

      @@diasdias7272 басы көрге кіргенше.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +1

      @@diasdias7272 өлгенше кешірмей кетеді деген

    • @diasdias7272
      @diasdias7272 2 года назад +1

      @@OrdabekKaiyrgali Рақмет!

  • @user-ob2ox5uc3p
    @user-ob2ox5uc3p 7 месяцев назад +1

    Рахмет айтқаныңызға рахмет рахмет!😭

  • @user-uy1sh5px7s
    @user-uy1sh5px7s Год назад +5

    Ия сабыр сақтап үндемей қоясыңғой,бірақ не бір жаман адамдар бар үндемегеніңе де қоймай қыр соңыңнан қалмайды,сосын ол жаманнан қашуга тура келеды.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +2

      Көңіл бөлмеу керек екен ондай адамдарға, ЖАМАН ИТ ҮРЕДІ, ҮРЕДІ СОСЫН ҚОЯДЫ, ОНЫҢ ЖАМАНДЫҒЫН БАСҚА АДАМДАР КӨРЕДІ...

    • @GeneralDirector9034
      @GeneralDirector9034 Год назад

      Менің де басымнан өткен!

    • @user-ip9cm9je7z
      @user-ip9cm9je7z 2 месяца назад

      Sol jamanadamozin.shigarsineldinbarinshagistirip.kirlistirip ozinjaksi.bop.jyretin Alla.barinretteidi

  • @qazaq2721
    @qazaq2721 3 года назад +6

    🤔🤔🤔😔😔😔

  • @user-kf7sj7kq8s
    @user-kf7sj7kq8s 2 года назад +16

    Мен ол адамды кешіре алмаймын 😭😭

  • @user-cd9mu7uc6j
    @user-cd9mu7uc6j Год назад +1

    Алла бар естиди,кореди,Адам баласын жамандамандар .Жаман адам жок кеширесалындар ренжитсе.Алланын кудирети куштигой👍

  • @user-jg7xi4kb9k
    @user-jg7xi4kb9k 3 года назад +3

    😔😔

  • @user-zw8jw2ig3b
    @user-zw8jw2ig3b 2 года назад +2

    Ия дурыс айтасыз

  • @nurabdi8350
    @nurabdi8350 2 года назад +4

    Мінездің жаманы қырсық, кекшіл,тәкәппар. Бұл жерде үлкен шатақ бар. Уақытша өмірде тәубеңе келіп, Кешіріммен мейіріммен ахіретіңе сауап жинап қал.

  • @user-oo1vy5du8t
    @user-oo1vy5du8t 2 года назад +1

    Өте дұрыс.

  • @user-rd9hq6gd9u
    @user-rd9hq6gd9u 2 года назад +1

    дурыс айтады

  • @ayansuzakbaev
    @ayansuzakbaev Год назад +2

    Бул создерди иманы берик адамдар тусинеди такапарлык кырсыктык адамды тоздырады

  • @ainakurmanova4086
    @ainakurmanova4086 2 года назад +10

    Өзім жақсы силайтын жақсы көретін адамның мені сыртымнан жамандап тұрғанын өз құлағыңмен естіген қандай ауыр адамға қатты ренжіп жыладым көпке дейін басыла алмады аузым ораза болған соң сабыр сақтадым кей адамдар силағанды басқаша түсінеді екен мен соны білдім Өзім кешірсем де жүрегім кешіре алмайды ойыма түсе жылаймын Мен не жамандық жасадым сонша деп

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +1

      Ия, оңай емес, бірақ Құдай тағала барлығын реттейді, оразаңыз қабыл болсын! 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

    • @ainakurmanova4086
      @ainakurmanova4086 2 года назад +1

      Əумин!!!Алла бəрімізге жеңілдігін берсін

    • @ainakurmanova4086
      @ainakurmanova4086 2 года назад

      Əумин !!!

    • @user-bv7kx7ew1l
      @user-bv7kx7ew1l 2 года назад

      Алла берді, өзі шешеді екеен, бізден сабыр

    • @mainkz2608
      @mainkz2608 2 года назад

      Мендеде осы жагдай

  • @nauryzabzal782
    @nauryzabzal782 11 месяцев назад +1

    Генератор ❤

  • @user-fi3od3hu6i
    @user-fi3od3hu6i 2 года назад +1

    Alla razi.bolsin

  • @karlionnurgali7355
    @karlionnurgali7355 3 года назад +13

    Сени алдаган куйеуинди калай кеширесин? Ол маган опасыздык жасады ешкашан кеширмеймин умыта алмай журмин

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +3

      Записьті тағы бір тындап көріңізші.

    • @karlionnurgali7355
      @karlionnurgali7355 3 года назад +2

      Мени тусине алмайсыз бул оте ауыр омирим тубегейли озгерди ешкимим жок ешкимге сенбеймин типти омир суру енди маган киын

    • @karlionnurgali7355
      @karlionnurgali7355 3 года назад +1

      @@OrdabekKaiyrgali оте ауыр соккы болды маган оны кешире алмаймын

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +2

      @@karlionnurgali7355 Сабырға келіңіз, Барлығы жақсы болады әлі.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +2

      @@karlionnurgali7355 Барлық қиындықты жеңуге болады. Сабырға келіп, ақылмен шешкен дұрыс болар.

  • @user-ud5kk3yo8z
    @user-ud5kk3yo8z 3 года назад +3

    Менд ренжітім анамд ренжіткен адамд ойлап ренжітім

  • @brokenwings3493
    @brokenwings3493 3 года назад +10

    Мені біреу ренжетсе 1 күн ренжим болды сосын ұмытам 😅

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +1

      Өте дұрыс, кешірімді болған жақсы. 👍👍👍

    • @user-oo5os4cg1m
      @user-oo5os4cg1m Год назад +1

      Жақсы адамның реніші - шәйі орамал кепкенше, жаман адамның реніші басы жерге(көрге) жеткенше. Сіз жақсы адам болғансыз ғой, мен өкінішке орай... ұмыта алмайды екенмін, аллам өзі кешірсін мені

  • @user-jo2qo8gs2f
    @user-jo2qo8gs2f 8 месяцев назад +1

    Мен де мени ренжиткен адамдарды кеширдим,олар оздери
    Аллага жауап беред

  • @user-sb3os8op2g
    @user-sb3os8op2g 8 месяцев назад +1

    Мен Бектай деген кісіні ренжіттім, кешірім сұраймын. 🙏

  • @qaseqeabeke6191
    @qaseqeabeke6191 Год назад +3

    Кешіргенмен көңлің қалады екен суып қала берді

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      Иә, оңай емес. Жалпы әрекет жасап көру керек сияқты...

  • @nauryzabzal782
    @nauryzabzal782 11 месяцев назад +1

    😂

  • @user-ht3kn8rw6w
    @user-ht3kn8rw6w 2 года назад +1

    "ЭКСПЕРИМЕНТ", "ТРАССА -60", "ПЛАТФОРМА", "ПОДМЕНА", "ВРЕМЯ", "МОЙ МИР "ТУРЕЦКИЙ КИНО. "ИГРА В КАЛМАРЕ" КИНО

  • @nurlanaidarbaev2705
    @nurlanaidarbaev2705 3 года назад +5

    Негізі бұл нәпсі

  • @user-nh8jv8yu2z
    @user-nh8jv8yu2z 10 месяцев назад +1

    Кешірдімммм барын

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  10 месяцев назад +1

      Жарайсың, жүрегің кең адамсың...

  • @nauryzabzal782
    @nauryzabzal782 11 месяцев назад

    Гулжа спиньтд😅

  • @user-bj1dw7ye7n
    @user-bj1dw7ye7n 2 года назад +2

    Осындай ангиме естисем коркамын Аллах сактасын өз басым ешкимге ренжимемин мен биреуди ренжиткен болсам кеширим сураймын биз жайгана пендемиз!

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +1

      Міне керемет, кешірімді болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. ✊🏻✊🏻✊🏻

    • @honorfgjfe5908
      @honorfgjfe5908 2 года назад +1

      Туура соз

  • @user-tf5fd4ym7v
    @user-tf5fd4ym7v 2 года назад +1

    Сілкініп,дірілдеп турган адамга не істеу керек?

  • @Nurik_nurjan_00
    @Nurik_nurjan_00 3 месяца назад +1

    Оларда аяуда жоққо😢

  • @dimashalimhanuly413
    @dimashalimhanuly413 Год назад +1

    Жок оны кешірейн дисің ғо Ол қайттан сол әдетін қайталайды 😭

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      Өз өміріңізге қауіп төніп тұрғанын сезсеңіз, оның өзгермейтініне көзіңіз жетсе, уақытты созбай жібергеніңіз дұрыс болады...

    • @dimashalimhanuly413
      @dimashalimhanuly413 Год назад +1

      @@OrdabekKaiyrgali Жок ол менің бара бара психологически қанымды соның кесірінен дене шығаратын жаттығу істеп сол адамнан кек алу үшін істеп жүрм милі оны қазір кешірмен бәрібір ол мені ертең де солай қайталайды олай болмас үшін бір рет сабасына түскенше аямай талдырып ұрам деген ой бар бұл дұрыс па мен оған кек сақтап қалғам қанша жылдар болды мүлде қойар емес 😭

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      @@dimashalimhanuly413 жоқ олай жасамағаның абаз болады, ертең өз өміріңе зияны тиеді, қазіргі заманда кек алу деген ойдан арылғаның дұрыс, ол адамнан аулақ кеткенің дұрыс болады...

    • @dimashalimhanuly413
      @dimashalimhanuly413 Год назад

      @@OrdabekKaiyrgali ол менің кластасм өзіммен өзім отсам артта ұстап кетет шешеден боқтайт 😑

    • @dimashalimhanuly413
      @dimashalimhanuly413 Год назад

      @@OrdabekKaiyrgali бірдеңе істесе болды апайға мына бала деп жаба салады өз кінәсін маған артып талай менің аузымды жыртқан қан деген бұрқырап күн бермиді

  • @aimandaylet4198
    @aimandaylet4198 2 года назад +4

    ӨМІРДЕ КЕШІРГЕН САЙЫН ЖАСЫ ҮЛКЕН,САУЛЫҒЫ КЕМ МҮГЕДЕК АДАМДЫ БАСЫНЫП, КЕМІТУДІ ӘДЕТКЕ АЙНАЛДЫРЫП, ҰРЫП СОҒАТЫН ТУҒАНЫҢ ДА БАР.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +2

      Құдай тағала барлығын реттейді барлығын, аман болыңыз ✊🏻✊🏻✊🏻

    • @user-rv9yi2iu5w
      @user-rv9yi2iu5w 2 года назад +2

      Дұрыс айтасыз

  • @LimpopoTomi-eh3bj
    @LimpopoTomi-eh3bj 10 месяцев назад +1

    Кешіру тек құдайдың қолына келеді. Біз кудай емеспіз

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  10 месяцев назад +1

      Біз Құдайдың құлықсыз, Құдай кешірген де сен кешіре алмайсың ба, әлде айтып отырған Құдайдан дәрежең биік бе???🤔🤔🤔

    • @LimpopoTomi-eh3bj
      @LimpopoTomi-eh3bj 10 месяцев назад

      @@OrdabekKaiyrgali не призывай к тому, что сам не соблюдаешь.Это лицемерие

    • @LimpopoTomi-eh3bj
      @LimpopoTomi-eh3bj 10 месяцев назад

      @@OrdabekKaiyrgali ждем вашу историю прощения. Поделитесь о своем, оценим вашу "доброту".
      Я вижу каждый день: И 1/100 своего ЗЛА не вынесут, и 1/10 великодушия не проявляют (а с других требуют). Злобным шакалам ничем не обязаны

    • @LimpopoTomi-eh3bj
      @LimpopoTomi-eh3bj 10 месяцев назад

      @@OrdabekKaiyrgali айтпакшы, мен ешкімге ренжімеймін, злодеи сами себя простить не могут)). С пеной у рта фигню молотят)))😂

  • @user-tf2dp1bw1k
    @user-tf2dp1bw1k Год назад +1

    Мені топырлап ұрып кеткен балдарды, мен барып кек алсам болмайма?

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      Аяқ - қолың, дене мүшең сау болса, Құдайдың өзіне тапсыр, сабырға кел. Қазір сен олардан кек қайтарам деп жүргеніңде, бір жайсыз жағдайға ұшырап қалуың мүмкін.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  Год назад +1

      Жабылып ұрып кеткендерде еркек деп ойлаймын, ертең үстіңнен жазып жіберсе, бәлеге қаласың...

  • @user-eq7xr9jk2m
    @user-eq7xr9jk2m 3 года назад +6

    Куат ахметжановтан баска адам жок па дауысынын тембры оте жагымсыз дауыс

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  3 года назад +4

      Халыққа ұнайды Қуаттың дауысы.

    • @user-pr6wk3lj9g
      @user-pr6wk3lj9g 2 года назад +1

      Жаксы дауыс. Маган унайды..

    • @user-ry4ue6dq2d
      @user-ry4ue6dq2d 2 года назад +1

      Жагымды коныр дауыс

    • @user-pr6wk3lj9g
      @user-pr6wk3lj9g 2 года назад +2

      @@user-ry4ue6dq2d дурыс аитасыз. Маганда унайды даусы..жагымды дауыс....

  • @user-uv5po8mk6k
    @user-uv5po8mk6k 2 года назад +1

    Не нәрсені мыжи берме.

    • @OrdabekKaiyrgali
      @OrdabekKaiyrgali  2 года назад +1

      Сабырлы бол, басыңызғы келмесін мұндай жағдай, қаншама адамдар жаман мінездің кесірінен өмірлеріне зиянын тигізіп жатады...